Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2025 жылға арналған тарифтік квотаның көлемдерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 тамыздағы № 100 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-тарауына және Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және Келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2025 жылға арналған тарифтік квотаның көлемі (бұдан әрі тиісінше – ұзын дәнді күріш, тарифтік квота) белгіленсін.

      2. Тарифтік квота ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын ұзын дәнді күрішке қатысты қолданылады деп белгіленсін.

      3. Мүше мемлекеттер:

      осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квотаның көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асырсын;

      атқарушы биліктің уәкілетті органдарына ұзын дәнді күріштің импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруды тапсырсын.

      4. Мүше мемлекеттерден:

      осы Шешімге мүше мемлекеттер арасында тарифтік квоталар көлемін белгілеудің таңдалмаған бөлігін бөлу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қажет болуына қарай 2025 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына ұсыну;

      осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген таңдалған бөлік туралы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижелері бойынша, сондай-ақ 2025 жылдың аяғына дейін тарифтік квотаның белгіленген көлемдерін таңдау жөніндегі болжамдар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 100 шешіміне
ҚОСЫМША

Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2025 жылға арналған тарифтік квота КӨЛЕМДЕРІ

Тауардың атауы

ЕАЭО
СЭҚ ТН коды

Тарифтік квота көлемі (тонна)

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Ресей Федерациясы

Ұзындығының еніне қатысы 3-ке тең немесе одан астам толығымен қауызданған буланған ұзын дәнді күріш

1006 30 670 1

150

2447

0

0

7403

Ұзындығының еніне қатысы 3-ке тең немесе одан астам толығымен қауызданған өзге де ұзын дәнді күріш

1006 30 980 1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады