Республиканың Мектепке дейiнгi мекемелерiнiң жүйесiнде балаларды күтiп-бағу ақысын тәртiпке келтiру және оған қолдау жасау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1992 жылғы 31 наурыз N 712. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Соңғы уақытта республика Үкiметiне, жергiлiктi басқару органдарына бiрқатар министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларының қарамағындағы мектепке дейiнгi мекемелер балаларды күтiп-бағу бағасының өсуiне байланысты шығындарды ата-аналардың өтем жасауы жөнiндегi негiзсiз талаптары туралы еңбекшiлердiң көптеген өтiнiштерi түсуде. Бұл кәсiпорындарда ата-аналары жұмыс iстемейтiн мектепке дейiнгi ведомстволық мекемелерден балаларды шығарып жiберу фактiлерi орын алуда, мұның өзi халықты әлеуметтiк қорғау, балалы отбасыларға көмек көрсету жөнiнде республикада жүргiзiлiп отырған саясатқа қайшы келедi.
     Мектепке дейiнгi мекемелерде балаларды күтiп-бағуға жұмсалатын шығындардың iшiнара орнын жабу және ата-аналардан ақы төлеттiрудi тәртiпке келтiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Халыққа бiлiм беру министрлiгiмен бiрлесiп, 1992 жылғы 1 сәуiрден бастап ведомстволық бағынысына және ата-аналардың жұмыс орнына қарамастан, мектепке дейiнгi мекемелерде балаларды күтiп-бағу үшiн ата-аналардан алынатын ақының мөлшерiн анықтап, көп балалы отбасыларға, дене және мiнез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың ата-аналарына, студенттер отбасыларына және жалғызілiктi аналарға арналған жеңiлдiктер берiлуiн көздейтiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсуiмен алдағы уақытта инфляциялық процестерге және бағаның өсуiне байланысты мектепке дейiнгi мекемелерде балаларды күтiп-бағу үшiн ата-аналардан алынатын ақы мөлшерiн белгiлеу хұқы берiлсiн.
      2. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволарына, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң басшыларына ата-аналардың жұмыс орнына қарамастан қарамағындағы мектепке дейiнгi мекемелерден балаларды шығарып жiберуiне тыйым салынсын, сондай-ақ мектепке дейiнгi мекемелерде балаларды күтiп-бағу үшiн ақы төлеу шоттарын ата-аналарға негiзсiз жiберу тоқтатылсын.
      Республика кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының басшылары сол кәсiпорнында, мекемеде немесе ұйымда ата-анасы жұмыс iстемейтiн балаларды жергiлiктi әкiмшiлiктер олардың тұрғылықты жерлерiндегi жiберуi үшiн қарамағындағы мектепке дейiнгi мекемелердегi орынның 20 процентiне дейiн беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының жергiлiктi әкiмдерi, министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары қазiргi мектепке дейiнгi барлық мекемелердiң жұмыс iстеуi үшiн қалыпты жағдай жасап, олардың тамақ өнiмдерiмен, жұмсақ, қатқыл мүкәммалмен және жабдықтармен жасақталуын жақсарту жөнiнде

қажеттi шаралар қолданатын болсын.
     4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр айлық
мерзiм iшiнде Үкiмет шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн
және оның орындалуы үшiн қатаң бақылау қоятын болсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады