Мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1138 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының экономикасында жаңа нарықтық құрылымдардың қалыптасуын жеделдету, жекешелендiру барысында ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету, экономиканы мемлекеттiк реттеудi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы Ереже бекiтiлсiн.
      Мемлекеттiк холдинг компаниялары өтпелi кезеңде экономиканы мемлекеттiк ұтымды реттеуiн жүзеге асыру үшiн жұмыс iстейтiн құрамдар ретiнде жасақталатын болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi холдинг компанияларының өтпелi кезеңге қажет санын анықтасын және оларды құру жөнiнде ұйымдастыру шараларын қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегiмемлекеттiк комитетi:
      - акцияларының мемлекеттiк пакеттерi холдинг компанияларының қорына кiргiзiлетiн кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн, әрi осы қорлардың құралуын қамтамасыз етсiн;
      - холдинг компанияларының қызметiн реттейтiн нормативтi құжаттардың пакетiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

МЕМЛЕКЕТТIК ХОЛДИНГ КОМПАНИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Ереже құрылған кезiнде қаржысының мемлекеттiк үлесi 25 проценттен астам болған мемлекеттiк холдинг компанияларына немесе мемлекет қатысатын холдинг компанияларына /бұдан әрi - холдинг/ қолданылады.
      Мемлекеттiк холдинг компаниялары деп акцияларының мемлекеттiк пакетi 51 және одан да астам процент болатын холдинг компанияларын атайды.
      1.2. Холдинг-қаржы ресурстарын орталықтандырудың жоғары деңгейiн және оларды пайдаланудың мейлiнше табысты болуына жету, холдинг кәсiпорындарын басқару тиiмдiлiгiн арттыру және олардың қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру мақсатында акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн сатып алу жолымен құрылған акционерлiк қоғам болып табылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде әрекет жасайтын кез-келген заңды ұйым мен жеке адамдар, ерiктi негiзде немесе мемлекеттiк басқару органдарының шешiмiмен бiрiккен ұлтаралық компаниялар холдингтiң акционерлерi бола алады.
      1.3. Акциялардың бақылау пакеттерi немесе мүлiктегi мемлекеттiк үлесi холдинг активтерiнiң құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар мен кәсiпорындар бұдан әрi еншiлес кәсiпорындар деп аталады.
      Акциялардың бақылау пакетi немесе еншiлес акционерлiк қоғамдардың немесе кәсiпорындардың мүлкiндегi мемлекеттiк үлесi холдингке осы қоғамдар мен кәсiпорындар басқармасының барлық органдарында /оның iшiнде вето салу құқының және "алтын акциялардың" бары/ белгiлi бiр шешiмдер қабылдау немесе одан бас тарту құқын сөзсiз қамтамасыз ететiндей болуы керек.
      1.4. Холдинг ашық немесе жабық тұрпаттағы акционерлiк қоғамдар түрiнде құрыла алады, бұл жарғыда көрсетiледi. Бұл орайда мемлекеттiк холдингтер үшiн жабық түрi дұрысырақ болады.
      1.5. Қызметiне және орындайтын функцияларына қарай холдингтердiң мынадай түрлерi болады:
      - тек қана акциялар ұстайтын және құнды қағаздармен операция жасайтын таза холдингтер;
      - акция ұстау функциясынан басқа кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын аралас холдингтер.
      1.6. Холдингтер бәсекелесушi компаниялар түрiнде, диверсифицияланған қаржымен құрылады. Егер iшкi нарықта қандай да бiр өнiм түрлерiн, жұмыс пен қызмет өндiру монополияландыруға әкелiп соғатын болса, бiрлестiк негiзiнде мемлекеттiк холдингтер құруға тыйым салынады.
      Әрбiр салада бiрiншi бәсекелесушi холдинг құрылады.
      Мына салаларда холдингтер құруға тиым салынады: өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы тауарлар саудасында, материалдық-техникалық жабдықтауда, тұтыну тауарлары саудасында және қоғамдық тамақтануда, ауыл шаруашылық өндiрiсiнде, ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатуға және ауыл шаруашылығын өндiрiстiк-техникалық қамтамасыз етуде, тұрмыстық қызмет көрсету мен коммуналдық шаруашылықта, көлiкте /темiр жол авиация, труба құбыры және тек қана халықаралық тасымал жасайтын кәсiпорындарынан басқалары/.
      1.7. Холдингтер Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмiмен құрылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсыныстары негiзiнде мемлекеттiк холдинг жарғысында кәсiпкерлiк қызметтiң сипатына және еншiлес кәсiпорындардың қызметiне әсер ететiн шешiмдер қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктер шегiнде шек қоюға хақылы.
      1.8. Мемлекеттiк холдингтерге:
      - холдингке кiретiн акционерлiк қоғамдар мен кәсiпорындардың қызметiнде мемлекеттiк мүдденiң сақталуына бақылау жасау;
      - мемлекеттiк дотацияларды қысқарту, олардың өндiрiстiк-экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру мақсатымен кәсiпорындарды жаңғырту;
      - мемлекеттiк холдингке кiретiн кәсiпорындардың басшыларын тағайындау;
      - еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн шетелдiк және отандық инвесторлар iздеп табу;
      - мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету жүктеледi.
      1.9. Холдинг қызметiнiң негiзгi түрлерi қаржылық, өндiрiстiк, құрылтайшы, инвестициялық, коммерциялық болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге түрлерi болуы мүмкiн.
      1.10. Холдинг қызмет түрлерiне байланысты мынадай функцияларды атқарады:
      - кәсiпорындар меншiк иелерiнiң және басқа мүлiктiк кешендердiң ауысуымен тездетедi;
      - қаржының бiр саладан екiншiлерiне құйылуын оңайлатады;
      - оған қатысушылар өндiрiсiнiң тұрақты табыстылығының қамтамасыз ету жөнiнде жағдай жасайды;
      - қатысушылардың жарғы қорына төлеген жарнасының мөлшерiнде қаржы ресурстарын шоғырландырады, оларды тиiмдi пайдаланудың стратегиясы мен тиiмдi шарттарын анықтайды;
      - өндiрiстiк бағдарламаларды өзгерту, нарықтарды диверсификациялау және инвестициялық саясат жүргiзу кезiнде қызмет көрсетедi;
      - әртүрлi акционерлiк қоғамдар құрады, акциялар және басқа бағалы қағаздар шығарады, оларды iшкi және сыртқы нарықтарда сатады;
      - басқа акционерлiк қоғамдар мен холдингтердiң акцияларын және басқа бағалы қағаздарын айырбастайды, оларды сатып алады және сатады;
      - акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару iсiнде мемлекеттiк органдардың делдалы немесе сенiмдi өкiлi болады;
      - өндiрiстiк, коммерциялық және ғылыми-техникалық қызметке инвестициялау жүргiзедi;
      - қатысушы кәсiпорындарды жақсарту қажет болған кезде қаржылай көмек көрсетедi;
      - холдинг кәсiпорындарының өндiрiстiк бағдарламаларының теңдестiрiлуiн, нарықтық конъюнктураны зерделейдi және талдайды, маркетинг қызметiн жүзеге асырады;
      - ғылыми-техникалық талдамалар, стандарттар, өнiмдi бiрегейлендiру, өндiрiс экологиясы саласының және холдингке қатысушы еңбек ұжымының әлеуметтiк бағдарламаларының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырады;
      - iшкi және сыртқы нарықтарды өндiрiстiң рентабельдiгiн, өнiм мен қызметтiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруды қамтамасыз етедi;
      - жаңа өндiрiстiк, тауарлық, инжинирингтiк, қаржы-кредиттiк ұйымдық құрылымдарды қалыптастырады;
      - қозғалатын және қозғалмайтын мүлiкпен алыс-берiс жасайды, коммерциялық, кредит және өзге де қызметтi жүзеге асырады, төлемдерге, тапсырыстарға, вексельдердi төлеуге кепiлдiк бередi және басқа кепiлдiктердi, оның iшiнде мүлiктiк кепiлдiктi /қолданылып жүрген заңдарға сәйкес/ қамтамасыз етедi;
      - кәсiпорындарды техникалық дамыту, өндiрiстi көп салалы етудiң бағыттарын таңдап алу жөнiнде кепiлдiктер бередi;
      - холдингтiң және еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың мүлкiн мiндеттi сақтандыруды жүргiзедi;
      - сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асырады;
      - қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де қызмет түрлерiн орындайды.

2. Холдингтi қалыптастыру және құру тәртiбi

      2.1. Холдингтер дербес заңды кәсiпорындардың акция пакеттерiн бiрiктiрген және жаңа акционерлiк қоғамдар құрған кезде құрылуы мүмкiн.
      2.2. Жаңа холдингтер құрған кезде оларға акционерлендiру процесiнен өтпеген немесе жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк кәсiпорындарды басқару құқығы берiлуi мүмкiн.
      2.3. Келешекте акционерлендiруге жататын кәсiпорындардың меншiгiн өзгерту холдингтiң жәрдемдесуiмен Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2.4. Холдингке кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлендiру дәрежесiне қарай мемлекетке тиесiлi акциялар пакетi мемлекеттiк холдингтiң иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiледi.
      2.5. Аталған акциялар пакеттерiн нендей бiр холдингке беру мәселесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi шешедi.
      2.6. Мемлекеттiң инвесторларды мемлекеттiк холдингтердiң акционерлерi ретiнде тартуға құқығы бар. Соның өзiнде барлық жағдайда холдинг акцияларының мемлекеттiк пакетi жарғылық капиталдың 51 процентiнен кем бола алмайды.
      2.7. Холдингтердi құру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /екiншi кезең/ арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес қабылдайды.
      2.8. Мемлекет тарапынан холдингтiң құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi болады.
      2.9. Еншiлес қоғамдардың құрылтайшылары холдингтер және /немесе/ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық комитеттерi болып табылады.
      2.10. Холдингке қатысушылардың /акционерлердiң/ саны шектелмейдi. Холдингтiң және оның еншiлес қоғамдарын құрған кезде оларға қатысушылар санына заңды ұйымдар мен жеке адамдар кiруi мүмкiн.
      2.11. Мемлекеттiк холдингтi құрған кезде мемлекеттiң үлесi жарғылық капиталдың кемiнде 51 процентiн құрайды.
      Мемлекет қатысатын холдингтi құрған кезде мемлекеттiк мүлiк иесiнiң атынан өкiлдiк ететiн құрылтайшы барлық жағдайларда да холдингтiң жарғылық капиталының кемiнде 25 процентi сомасындағы акцияларды ұстаушы болуға тиiс.
      2.12. Барлық қатысушыларға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнен басқасына, холдингке қатысу үшiн жарғылық капиталға өзiнiң қаржы немесе мүлiктiк ресурстарын қосу мiндеттi болып табылады.
      2.13. Дербес қоғамдардың акциялар пакетiн бiрiктiру тәртiбiмен холдингтi құрған кезде Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы:
      - холдингке енгiзiлетiн кәсiпорындардың тiзбесiн анықтайды;
      - қосымша инвестициялар тартудың ықтимал тәсiлдерiн қарастырады, қажет болған жағдайда әлеуеттi инвесторларды /оның iшiнде шетелдiк инвесторларды/ холдинг компаниясының қатысушылары санына енгiзу үшiн олардың арасында конкурс өткiзедi;
      - iрi кәсiпорынның құрамынан оның бөлiмшелерiн дербес кәсiпорындар ретiнде бөле отырып, оны холдинг етiп қайта құрған кезде бүкiл кәсiпорынның немесе бөлiнетiн бөлiмшелердiң жарғылық қорын ұлғайту орынды болатын - болмайтынын бағамдайды.
       2.14. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы, холдинг құру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, холдингтiң мына мәселелердi:
      - холдингтiң жарғылық капиталының мөлшерiн, қалыптастыру мен ақы төлеу тәртiбiн;
      - мемлекеттiк жарғылық қорға қосатын үлесiнiң мөлшерiн, құрамын және оны енгiзу тәсiлдерiн;
      - холдингке тиесiлi, оның аппаратын ұстауға жұмсалатын акциялар бойынша холдинг алатын дивидендтерден жасалатын аударымдардың шектi мөлшерлерiн;
      - холдингтi құруға байланысты шығындарды қаржыландыру тәртiбiн бейнелейтiн құрылтай құжаттарын әзiрлейдi.

3. Холдингтi басқару органдары

      3.1. Холдингтi басқару органдары мыналар:
      - холдингтiң Президентi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының экономика, қаржы министрлiктерi өкiлдерiнiң, салалық министрлiктерi өкiлдерiнiң, холдинг акционерлерi өкiлдерiнiң құрамындағы байқаушылар кеңесi;
      - холдинг басқармасы /атқарушы дирекциясы/, оның мүшелерi контракт негiзiнде жұмыс iстейдi.
      Бiр адамның екiден астам холдингтердiң бақылаушылар кеңесiнде өкiлдiк етуiне жол берiлмейдi.
      3.2. Басқарма холдинг атынан iс-әрекет жасайды және холдингтiң ағымдағы қызметiнiң, жарғыға сәйкес тек қана акционерлердiң жалпы жиналысының немесе байқаушылар кеңесiнiң құзырына кiретiнінен басқа барлық мәселелерiн шешедi.
      3.3. Холдинг Президентi жарғыға және осы ережеге сәйкес холдинг қызметiне басшылықты жүзеге асырады.
      Холдинг Президентi басқарманың басшысы болып табылады және лауазымы бойынша байқаушылар кеңесiнiң құрамына кiредi.
      Мемлекеттiк холдинг Президентiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3.4. Холдингтiң байқаушылар кеңесi холдингтiң Президентiмен және басқарма мүшелерiмен контракт жасасады, сондай-ақ еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың байқаушылар кеңесiне өз өкiлдерiн тағайындай алады.
      3.5. Байқаушылар кеңесiн және еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың басшылығын холдингтiң басқармасы қалыптастырады.
      Еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың байқаушылар кеңестерi еншiлес кәсiпорынның немесе қоғамның Президенттерiмен және басқарма /атқарушы дирекция/ мүшелерiмен контракт жасасады.
      3.6. Еншiлес акционерлiк қоғамдардың президенттерiн және еншiлес кәсiпорындардың басшыларын холдингтiң байқаушы кеңесi осы қоғамдардың немесе кәсiпорындардың байқаушылар кеңесiнiң ұсынуы бойынша бекiтедi.
      3.7. Холдингтiң бақылаушы органы "Шаруашылық серiктiктерi және акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын және жұмыс iстейтiн тексеру комиссиясы болып табылады.

4. Холдингтiң қызметiн тоқтату

      4.1. Мемлекеттiк холдингтiң қызметiн тоқтату, оны тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Үкiмет шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      4.2. Мемлекет қатысатын холдингтiң қызметiн тоқтату, оны тарату және қайта ұйымдастыру "Шаруашылық серiктестiктерi және акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 және 27 -баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      5.1. Холдингтер өзiнiң баланстарын, пайдасы мен шығындарының есепшотын, сондай-ақ басқа кәсiпорындардың өздерiне тиесiлi акциялары /капиталға қатысу үлестерi/ туралы толық мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлейтiн нысанда тоқсан сайын жариялап тұруға мiндеттi.
      5.2. Холдингтiң кез келген кәсiпорын /оның iшiнде еншiлес кәсiпорын/ акцияларының 10 проценттен астамын сатып алуы-сатуы туралы мәлiмет мәмiле жасалған сәттен бастап бiр апталық мерзiмде жариялануға тиiс.
      5.3. Еншiлес қоғамның немесе кәсiпорынның өз қызметi, оның iшiнде коммерциялық құпияға жатқызылған қызметi туралы кез келген ақпараттың холдингке ашық болуын ешқандай шектеуге жол берiлмейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады