1. "Тұранбанк", "Кредәлеуметбанк", "Қазақстан Әлем банкi", "Қазагроөнеркәсiпбанк" және "Қазжинақбанк" акционерлiк-коммерциялық банктерi акционерлiк банктер етiп қайта құрылып, акциялардың мемлекеттiк пакетiне иелiк ету құқы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне барлық акционерлiк, коммерциялық және кооперативтiк банктердi олардың жарғылық қорындағы мемлекеттiк қаржының үлесiн анықтау мақсатымен үш ай мерзiм iшiнде қатаң түрде жеке-дара қайта тiркеу жүргiзiп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ақпар беру тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бiртұтас кредит-қаржы саясатын жүргiзу үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару құқын табыстасын.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мемлекеттiк және мақсатты бағдарламаларды орындаушы кәсiпорындар мен ұйымдарға қаржы-кредит жағынан қолдау көрсетудiң тәртiбiн анықтасын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi банктердегi депозит есеп-шоттарына қаржы аударған жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың мүлкiн бағалау кезiнде осы сомаға банктiң проценттiк ставкаларына тең коэффициенттер қолдана отырып бағалау жүргiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бұрынғы акционерлiк-коммерциялық және кооперативтiк банктер бюджет қаржысын пайдаланудан алған дивидендтердi белгiленген ретпен бюджет кiрiсiне алу туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын. Қазақстан Республикасының Президентi