Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудi жеделдету және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 23 маусым N 1288. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.08.13. N 3613 Жарлығымен. ~U973613

      Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын пайдалану тетiгiн одан әрi жетiлдiру және оларды Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге жұмсау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын пайдалану тәртiбi туралы ереже бекiтiлiп, ол 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Жергiлiктi әкiмдер:
      - республика азаматтарына тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын есептеу 1993 жылдың соңына дейiн аяқталуын;
      - Қазақ КСР-i Президентiнiң 1991 жылғы 13 қыркүйектегi N 444 қаулысымен, басқа да нормативтiк актiлермен бекiтiлген "Қазақ КСР-iнде мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң купондық механизм туралы ережеге" сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру жұмысының жеделдетiлуiн және азаматтардың тұрғын үйдi жекешелендiру жөнiндегi өтiнiштерi дер кезiнде қаралуын;
      - тұрғын үйлердi жекешелендiру жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдерге сәйкес қолданылып жүрген ережелердi бұза отырып, мемлекеттiк тұрғын үй қоры тегiн берiлумен қатар халықтың жекелеген санатына тұрғын үйдi жекешелендiру купондары есептелген шешiмдерi қайта қаралуын қамтамасыз ететiн қосымша ұйымдық шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Сәулет және құрылыс жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып 1992 жылғы қаңтардың 1-нен кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру тәртiбiн 1993 жылғы 1 тамызға дейiн белгiлейтiн болсын.
      4. Облыстық, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне тұрғын үйдi жекешелендiруге байланысты шығындарды өтеуге арналған комиссиялық алымның мөлшерiн инфляциялық процестердi ескере отырып белгiлеу құқығы берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Мамандандырылған мемлекеттiк жинақ банкiсiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi әрбiр аймақ бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң барысын және тұрғын үйдi жекешелендiру купондары мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мақсатында пайдаланылуын бақылауға мүмкiндiк беретiн статистикалық есепке түзету енгiзiп, оны 1993 жылғы 1 қазаннан бастап қолданатын болсын.
      6. Жергiлiктi әкiмдердiң жекешелендiрiлген тұрғын үйдi сыйға тарту, сатып алу-сату, жалдау, мұраға қалдыру, айырбастау жөнiндегi меншiк құқығын шектейтiн актiлер қабылдауына жол беруге болмайды деп саналсын.
      7. Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын тұрғын үйдi немесе шағын жекешелендiру бағдарламасы шеңберiнде мүлiктi жекешелендiруге, сондай-ақ қайта құрылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн сатып алу үшiн пайдалана немесе оларды Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын пайдалану тәртiбi туралы ережеге сәйкес сата алады деп белгiленсiн.
      1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн пайдалануға берiлген тұрғын үйлердi жекешелендiру тәртiбi Қазақ КСР-iнде мемлекет меншiгiн жекешелендiрудiң купондық механизмi туралы ережемен реттеледi.
      Азаматтар тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес мемлекеттiк мүлiктi сатып алуға жұмсағысы келсе, олар өздерi отырған пәтерлерiн қолма-қол ақша берiп сатып ала алады. Мұндай жағдайда пәтерлердiң бағасы 1991 жылдың 1 қаңтарындағы құнына қарай, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тоқсан сайын анықтайтын инфляция индексi ескерiле отырып белгiленедi.
      8. Қазақ КСР-iнде мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң

купондық механизмi туралы ереженiң 18-тармағы мынадай редакцияда
жазылсын:
     "Халыққа есептелген купондар арнаулы купон есепшотын
ашу үшiн Қазжинақбанкiнiң бөлiмшелерiне аударылады".
     Осы Ереженiң 16, 19 және 20-тармақтарының күшi жойылған 
деп танылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     Алматы. 1993 жылғы 23 маусым
                 N 1288 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң             
                                       1993 жылғы 23 маусымдағы
                                           N 1288 қаулысымен
                                             Бекiтiлген 
     
            Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын
                пайдаланудың тәртiбi туралы
                          Ереже 
     


      Осы ереже Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақ КСР-iнде мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң купондық механизмi туралы Ережеге" сәйкес есептелген және мемлекеттiк тұрғын үй қоры сатып алынғаннан кейiн қалған немесе пәтерлердi (үйлердi) жекешелендiруге пайдаланылмаған тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын (бұдан әрi - тұрғын үй) пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
      1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй купондары, тұрғын үйдi жекешелендiру кезiнде төлем құралы ретiнде қолданылумен қатар, шағын жекешелендiру объектiлерi мен қайта құрылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн аукциондық және конкурстық сату процесiндегi мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру кезiнде пайдаланылады.
      2. Тұрғын үй купондары республиканың Меммүлiккомы
      органдары шағын жекешелендiру шеңберiнде аукциондар мен конкурстар өткiзген кезде төлем құралы ретiнде мiндеттi тәртiппен қабылданады. Бұл орайда аукционда немесе конкурста сатып алынған мүлiк үшiн сатып алушы төлейтiн соманың 50 процентi ақша қаражаты және 50 процентi тұрғын үй купоны болады.
      3. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекелеген қызметкерлер немесе олар құрған шаруашылық серiктестiктерi сатып алған жағдайда сату бағасының 75 процентiне дейiнiн тұрғын үй купондарымен төлеуге болады.
      Ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлер тұрғын үй купондарын халыққа фирмалық қызмет көрсетудi дамыту үшiн аукциондарда, коммерциялық конкурстарда шағын жекешелендiру объектiлерiн сатып алу үшiн пайдалана алады.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (Меммүлiккомы) органдары шағын жекешелендiру шеңберiнде мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сату жөнiнде мамандандырылған аукциондар өткiзе алады, оларда төлем құралы тек тұрғын үй купондары болып табылады.
      5. Тұрғын үйдi жекешелендiру купондары бар азаматтар оларды жеке тұлғаларға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға шектеусiз емiн - еркiн (сата, тарту ете, мұра етiп қалдыра) алады, сондай-ақ оларды Қазжинақбанк мекемелерiне Меммүлiккомы мен Қазжинақбанкiнiң бiрлескен шешiмiмен белгiленген бағам бойынша сата алады. <*>
      Тұрғын үй купондары сатылған жағдайда оларды беру жөнiндегi операцияларды халықтың тұрғын үй купондарымен есеп айырысу жөнiндегi чек кiтапшасындағы чекпен ресiмделген азаматтардың жазбаша тапсырмалары негiзiнде олардың есеп шотынан Қазжинақбанкiнiң бөлiмшелерi жүргiзедi. <*>
      Тұрғын үй купондарын тарту ету және мұрагерлiк бойынша қалдыру Қазжинақбанк бөлiмшелерi арқылы нотариалдық кеңселер ресiмдеген құжаттар негiзiнде, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй купондарының шотын ашқаны және олар бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшiн Қазжинақбанк белгiлеген мөлшерде және тәртiппен нақтылай ақшамен ақы алынады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1993.11.30. N 1434 қаулысымен.

      6. Қазжинақбанк мекемелерi тұрғын үй купондарын сатып алатын жеке адамдар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдар үшiн купондық шоттар ашады. Купондық шоттары бар жеке адамдар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдар өз қолында бар тұрғын үй купондарын өз қалауына пайдалануға, яғни:
      - оларды шағын жекешелендiру шеңберiнде өткiзiлетiн аукциондарда, коммерциялық конкурстарда мемлекеттiк меншiктi сатып алу үшiн, мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн сатып алу үшiн пайдалануға;
      - оларды басқа адамдарға сатуға құқылы.
      7. Тұрғын үй купондарын мемлекеттiк емес заңды ұйымдарға сату жөнiндегi операциялар осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
      8. Тұрғын үй купондарымен есеп айырысу жөнiндегi чек кiтапшасының иесi оны жоғалтқан жағдайда оны Қазжинақбанк белгiлейтiн тәртiппен қалпына келтiруге құқылы.
      9. Аукциондарда, коммерциялық конкурстарда сатып алған мемлекеттiк мүлiк немесе ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкi үшiн тұрғын үй купондарымен есеп айырысу операциялары Қазжинақбанк бөлiмшелерi арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшiн сатып алушының тұрғын үй купондарымен есеп айырысу жөнiндегi чек кiтапшасындағы чекпен ресiмделген жазбаша тапсырмасы бойынша Қазжинақбанк бөлiмшесi мемлекеттiк мүлiктi сатып алу-сату шартында көрсетiлген сомада сатып алушының купондық шотынан республика Меммүлiккомы органының арнаулы шотына аударады. Сатып алынған мемлекеттiк мүлiктiң құнын тұрғын үй купондарымен төлеу мерзiмi сауда-саттық шартымен айқындалады.
      Тұрғын үй купондарының Меммүлiкком органының арнаулы шотына аударылуы сатып алушының мемлекеттiк мүлiк құнының купондық бөлiгiн төлегенiн бiлдiредi.
      10. Тұрғын үйдi жекешелендiру және мемлекеттiк меншiктi шағын жекешелендiру шеңберiнде реформалау процестерi аяқталғаннан кейiн республиканың Меммүлiкком органдарының шоттарында жинақталған тұрғын үй купондары өтеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады