Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының негiзгi мiндеттерiн және жұмыс iстеу тәртiбiн анықтау мақсатында қаулы етемiн: Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы (ҚСЗИ) Ереже Алматы қаласы I. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (бұдан былай - Институт) Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретiндегi iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн болжамдау-талдау жасаумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған үкiметтiк ғылыми-зерттеу мекемесi болып табылады.
Институт қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының ғылымы мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Институт заңды ұйым болып табылады, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылып, дербес заңды ұйымның басқа да реквизиттерi көрсетiлген елтаңбалы мөрi болады.
Институттың орналасқан жерi - Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
II. Институттың мiндеттерi мен функциялары
Институттың негiзгi мiндеттерi мен функциялары мыналар:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы мен ұлттық қауiпсiздiк саласында концептуалдық негiздер мен практикалық ұсыныстарды әзiрлеу;
- шет мемлекеттердiң сыртқы саяси бағытына және әлемдегi және шектес аймақтардағы әскери-стратегиялық ахуалға талдау жасау және болжамдау;
- Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтiк, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуал мен оның даму үрдiсiне талдау жасау және болжамдау;
- Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiк, мемлекеттiк экологиялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру проблемаларын және айналадағы ортасын қорғау мiндеттерiн iс жүзiнде шешуге халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердi тарту жолдарын зерттеу;
- Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының мәселелерi бойынша республиканың басшылығына және мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға талдаулық баяндамалар мен жазбалар, ұсыныстар мен кеңестер, ақпараттық-талдаулық материалдар, сараптық және болжамдық бағамдаулар енгiзу.
III. Институттың құқықтары
Алдына қойылған мақсаттар мен мiндеттердi орындауы үшiн Институттың:
- өзiнiң барлық қызмет түрлерiн дербес жоспарлауға;
- шет елдiң ғалымдары мен мамандарын қоса алғанда қызметкерлердi жалға алудың контракт жүйесiн жүзеге асыруға;
- республикалық мемлекеттiк басқару органдарының өтiнiмдерi бойынша мақсатты ғылыми әзiрлемелердi орындауға, Қазақстан Республикасының тұрақтылығын және қауiпсiз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған сараптық бағамдар мен болжамдау сипатындағы ұсыныстарды енгiзуге;
- уақытша шығармашылық ұжымдар құрудың көмегiмен немесе контракт негiзiнде әзiрленетiн ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға сырт ұйымдар мен мекемелердiң мамандарын, ғылыми қызметкерлерiн тартуға;
- ғылыми форумдар (конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, коллоквиумдар және басқалары) өткiзуге;
- ғылыми еңбектер, мерзiмдi және сериялы басылымдар шығаруға, деректердiң ғылыми-техникалық базаларын қалыптастыруға;
- ғылыми қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеруге, аспирантура және докторантура арқылы мамандар даярлауды жүзеге асыруға;
- ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру жөнiндегi кеңестердi белгiленген тәртiп бойынша құруға;
- бiлiктiлiктi көтеру курстарын ұйымдастыруға;
- өзiнiң алдына қойылған мақсаттар мен мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк басқару органдарынан белгiленген тәртiп бойынша сұрастырып, алуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн кез келген ғылыми, өндiрiстiк, шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
IV. Институттың мүлкi мен қаржысы
Институттың үйлерi, ғимараттары, жабдықтары, мүкаммалдары және басқа мүлкi Институтқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi берген мемлекеттiк меншiктiң оқшауланған бөлiгi болып табылады, олардың құны дербес баланста көрсетiледi.
Институт өзiнiң қызметiн шаруашылық иелену құқығы негiзiнде жүзеге асырады. Мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен Институт сатып алған мүлiк оның жедеғабыл басқаруында, ал шаруашылық қызметтен түскен пайдасы есебiнен сатып алынған мүлiк - оның толық шаруашылық иеленуiнде болады.
Институтты қаржыландыру көздерi:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жөнiндегi шарттар бойынша түсетiн қаржы;
- Институттың шаруашылық қызметiнен түсетiн кiрiс;
- демеушiлiк болып табылады.
Институттың ғылыми, баспа және Қазақстан Республикасының заңдары тыйым салмаған өзге де шаруашылық қызметтен алған бюджеттен тыс барлық қаржысы Институттың негiзгi мiндеттерi мен функцияларына сәйкес пайдаланылады.
V. Институт қызметiн басқару және институттың
құрылымы
Институт Қазақстан Республикасы Президентiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшылығымен жұмыс iстейдi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен мүдделi мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн болжамдау-талдаулық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. <*>
Институтты директор басқарады, ол жеке-дара басшылық принциптерi негiзiнде Институттың жұмысын ұйымдастырады және Институтқа жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн толық жауап бередi. Институттың Ғылыми Кеңесi кеңесшi орган болып табылады.
Институттың штат кестесi мен құрылымын Институт директоры Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген шеңберде анықтайды. Ғылыми бөлiмдер мен секторлардан басқа Институт құрамына ғылыми-қосалқы және өндiрiстiк сипаттағы бөлiмшелер енгiзiледi.
Ғылыми Кеңестiң құрамына директор, директордың бiрiншi орынбасары, ғалым хатшы, Институт құрамына кiретiн бөлiмдердiң меңгерушiлерi, дербес бөлiмшелердiң басшылары кiредi.
Институт директорының ұсынуы бойынша Ғылыми Кеңестiң құрамы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң қарауына енгiзiледi және оны Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. <*>
Ғылыми Кеңес:
- Институттың ғылыми қызметiн ұйымдастырудың барлық мәселелерi
бойынша шешiмдерi қабылдайды; - ғылыми зерттеулердiң ағымдағы және келешектi жоспарларын талқылайды; - бөлiмдердi және басқа ғылыми бөлiмшелердi құру (тарату) мәселелерiн талқылайды; - Институттың ғылыми және ғылыми-ұйымдық қызметi туралы жарты жылдық және жылдық есептердi бекiтедi. Ғылыми Кеңестiң шешiмдерi директор бекiткеннен кейiн күшiне енедi. ЕСКЕРТУ. V-бөлiмнiң 1 және 5 абзацтарына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.04.30. N 3477 жарлығымен. U973477_ VI. Институт басшыларының құқықтары мен мiндеттерi Институт директоры Институт директорын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
Институт директоры Институттың бүкiл қызметiне басшылық жасайды, оның қызметiнiң нәтижелерi, тәртiптiң жайы, құпиялылық режимiнiң қамтамасыз етiлуi үшiн жауап бередi.
Институт директоры мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдарда, барлық ғылыми және басқа мекемелерде оның өкiлi болып табылады, белгiленген тәртiп бойынша Институттың мүлкi мен қаржысына билiк жүргiзедi, Институттың қаржы қорларын құрады және оларды пайдалану тәртiбiн анықтайды, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi, банктерде есепшоттар ашады.
Институт директоры өзiнiң құзыры шегiнде бұйрықтар шығарады, Институттың бөлiмшелерi, филиалдары туралы ережелерi және лауазымдық нұсқауларды бекiтедi, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Институт қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады, Институт құзыры шегiнде қызметтiк және қаржы құжаттамасына қол қояды, Институттың Ғылыми Кеңесiнiң жұмысын және оның қаулыларының орындалуын ұйымдастырады.
Институт директорының бiрiншi орынбасары
Директордың бiрiншi орынбасарын Қазақстан Республикасы
Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсуi бойынша Институттың директоры тағайындайды. <*> Институт директорының бiрiншi орынбасары: - ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және оның тиiмдiлiгi; - Институт қызметiн кадрлармен қамтамасыз ету және қызметкерлердiң ғылыми бiлiктiлiгiн көтеру үшiн жауап бередi. Институт директоры болмаған кезде директордың бiрiншi орынбасары қызметтiк және қаржы құжаттамасына қол қою құқығымен оның орнында қалады және Институт жұмысының режимi үшiн толық жауап бередi. ЕСКЕРТУ. VI-бөлiмнiң 5 абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.04.30. N 3477 жарлығымен. VII. Институттың қызметiн тоқтату Институттың қызметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша тоқтатылады.