Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 27 желтоқсан N 1478. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.08.13. N 3615 Жарлығымен. ~U973615


     Бiрыңғай әрi тиiмдi кеден-тариф саясатын әзiрлеу мақсатында
және "Кеден тарифi мен баж салығы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес қаулы етемiн:
     1.
<*>

     
<*>
Ескерту: 1-тармақ алынып тасталған - ҚР Президентiнiң
                 1995.12.01. N 2030 қаулысымен. 
     2. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесi туралы Ереже
(қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
 
     Алматы. 1993 жылғы 27 желтоқсан
                 N 1478 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                     1993 жылғы 12 желтоқсандағы
                                          N 1478 қаулысымен
                                             Бекiтiлген 
     
            Қазақстан Республикасының Кеден-тариф
                        кеңесi туралы
                            Ереже 
     


      Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесi (бұдан былай - Кеңес) республиканың бiрыңғай кеден-тариф саясатын талдап жасау, импорт өнiмдерiн қазақстандық тұтынушылардың және республикада осындай өнiмдердi өндiрушiлердiң өзара мүдделерiн мүмкiндiгiне қарай барынша қанағаттандыру үшiн алғы шарттар жасау, экспорт құрылымын дамыту мен жақсартуға қолайлы жағдай туғызу және отандық өнеркәсiп салаларын қорғау үшiн құрылған үйлестiрушi-кеңесшi орган болып табылады.

                    I. Кеңестiң мақсаттары

      Кеңестiң мақсаттары мыналар:
      1. Мемлекеттiң сауда-саяси мүдделерiн, оның iшiнде кеден баж салығын белгiлеу, жою және өзгерту, тарифтiк жеңiлдiктер мен преференциялар беру туралы, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлер мен оны тұтынушылардың, республикалық бюджеттiң мүдделерiн еске ала отырып Қазақстан Республикасының кеден тарифiнiң номенклатурасын өзгерту туралы ұсыныстарды ескерiп, Қазақстан Республикасының бiрыңғай кеден-тариф саясатын әзiрлеу.
      2. Кеден-тариф саясаты саласында жекелеген елдер мен олардың

одақтарының Қазақстан Республикасына қарсы кемсiтушiлiк 
iс-әрекеттерiне жауап шараларды талдап жасау.
     3. Республиканың кеден аумағына тауарлар әкелудi және оларды
бұл аумақтан әкетудi кеден-тарифтiк реттеудiң тиiстi шараларын
әзiрлеу жолымен Қазақстан Республикасының тұтыну және өнеркәсiп 
нарықтарын қорғау.
     4. Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен халықаралық 
шарттары жобаларының кеден-тарифтiк реттеуге қатысты бөлiгiн қарау
және олардың жобалары бойынша қорытынды дайындау.

                   II. Кеңестiң функциялары 
     
     Кеңестiң функциялары мыналар:
     5. Қазақстан Республикасы Кеден саясатының негiзгi бағыттары,
оның iшiнде:


      а) номенклатурасы Тауарлардың үйлестiрiлген сипаттамасы мен кодирлеу жүйесiне негiзделетiн Қазақстан Республикасының кеден тарифi (бұдан былай - тариф);
      ә) тарифтiң баж салығының, сондай-ақ тауарлардың экспортына немесе импортына байланысты және кедендiк баж салығы сияқты экономикалық тиiмдiлiгi бар өзге де салықтардың, алымдар мен төлемдердiң ставкаларын белгiлеу, жою немесе өзгерту тәртiбi;
      б) тарифтiк жеңiлдiктер мен преферанциялар беру тәртiбi;
      в) демпингке қарсы, өтем жасау және басқа арнаулы кеден баж салықтарын қолдану туралы нормативтi актiлер;
      г) осы бөлiмнiң "в" тармақшасында келтiрiлген кеден баж салықтарын қолдану туралы шешiмдердi қабылдаудан бұрын қажеттi процедураларды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi;
      д) тарифтiк тауар номенклатурасын өзгерту жөнiндегi ұсыныстар;
      е) тарифтiк емес шектеулердi қолдану жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және қарау.
      Кеден-тариф кеңесiнiң ұсыныстары белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне табыс етiледi.
      6. Мыналарды:
      а) Қазақстан Республикасының ресми делегациялары кеден-тарифтiк реттеу мәселелерi және Кеңестiң құзырына жатқызылған басқа да мәселелер бойынша халықаралық келiссөздер жүргiзiп, консультация алысу кезiнде оларға берiлетiн тапсырмаларды;
      ә) Қазақстан Республикасының тұтыну және өнеркәсiп нарықтарын қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу, қарау және бекiту.
      7. Қазақстан Республикасының кеден заңдары халықаралық нормалармен мүмкiндiгiнше неғұрлым жоғары дәрежеде бiрыңғай сипатта және келiсiлген болуына қол жеткiзу жөнiндегi нақты ұсыныстарды талдап жасау мақсатымен халықаралық кеден ынтымақтастығы мәселелерiнiң бүкiл жиынтығын, шет елдердегi кеден iсiнiң техникалық аспектiлерiн зерделеу.
      8. Қазақстан Республикасының бүкiл кеден аумағында:
      а) тауарларды декларациялау мақсатымен оларды жiктеу, кеден тарифiн және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану үшiн, номенклатура мәселелерiн қоса алғанда, қазiргi кеден заңдары;
      ә) кеден статистикасын қалыптастыру процедурасы;
      б) кеден салығын салу және бақылау мақсатымен тауарлар мен өзге де заттар жасалған елдi анықтау ережелерi;
      в) кеден мақсаттары үшiн тауарлар мен өзге де заттардың құнын анықтау ережелерi;
      г) кеден баж салығын белгiлеу, жою және өзгерту тәртiбi;
      д) Қазақстан Республикасы қатысатын кеден iсi саласындағы халықаралық келiсiмдер бiрыңғай түсiнiлiп, қолданылуын қамтамасыз ететiн ұсыныстарды әзiрлеу.
      9. Кеден-тарифтiк реттеудiң процедурасына қатысты ақпаратты, кеден iсi жөнiндегi ұсыныстарды мүдделi жақтарға тарату.
      10. Кеңестiң құзырына енетiн мәселелер бойынша халықаралық экономикалық ұйымдармен ынтымақтасу.
      11. Мынадай:
      а) әкелiнетiн және әкетiлетiн кеден баж салығын, оның iшiнде жеке пайдаланылатын заттарға да, сондай-ақ жеке пайдаланылатын заттарды әкелу мен әкетуге арналған құндық және сандық квоталарды белгiлеу;
      ә) кеден-тарифтiк реттеу мақсатында, сондай-ақ кеден статистикасын жетiлдiру мүдделерi үшiн Қазақстан Республикасының тауар номенклатурасына өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар жасау.
      12. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      а) құрастыру, монтаждау, ұқсату немесе өңдеу үшiн халықаралық өндiрiс кооперациясы шеңберiнде әкелiнген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкеткен, сондай-ақ мұндай тауарлар үшiн баж салығын төлеуден босатылған жағдайда кеден баж салығын қайтару шарттарын анықтайды;
      ә) өз қызметiне қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi республиканың мемлекеттiк басқару органдарынан, заңды ұйымдар мен жеке адамдардан, банк мекемелерiнен алдыруға сұрау салу жiбередi және оларды алады.

                    III. Кеңес мүшелерi

      13. Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      14. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемкомитеттерiнiң және ведомстволарының өкiлдерi немесе Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген, импортталатын немесе экспортталатын тауарларды өндiретiн нендей бiр халық шаруашылығы саласының (кәсiпорындар, ұйымдар, фирмалар, одақтар, бiрлестiктер

және басқалар), сондай-ақ сауда мен тұтынушылар бiрлестiгiнiң өкiлi
болып табылатын заңды тұлға кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.

                   IV. Жұмыс аппараты 
     
     15. Кеңестiң жұмыс аппаратының функциясын Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
     Қажет болған жағдайда Кеңес өз жұмысына жәрдемдесу үшiн 
мамандандырылған техникалық комитеттер құрады.

                   V. Кеңестiң мәжiлiстерi 
     
     16. Кеңестiң мәжiлiстерi қажет болуына қарай өткiзiледi.
     17. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң шамалас күн тәртiбi мен барлық
материалдары алдағы болатын мәжiлiс туралы хабарлай отырып, мәжiлiс
басталарда 15 күн бұрын Кеңес мүшелерiнiң бәрiне жiберiледi.


      18. Күн тәртiбiне қосу үшiн Кеңес мүшелерiне ұсынылатын мәселелер Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнен 15 күнтізбелiк күн бұрын шамалас күн тәртiбi мәселелерiнiң қосымша тiзбесiне енгiзiледi.
      19. Мәжiлiс кезеңiнде Кеңес мәжiлiс ашыларда өзi бекiткен түпкiлiктi күн тәртiбiне кез келген уақытқа өзгерiстер енгiзуге құқылы.
      20. Кеңес мүшелерiнiң кемiнде бесеуi қатысатын болса, мәжiлiс құқылы деп саналады.
      21. Кеңестiң шешiмдерi оның құрамына енетiн адамдар мен мәжiлiсiне қатысып отырғандардың жалпы келiсуiмен қабылданады. Төрт ай iшiнде келiсуге қол жеткiзiлмеген жағдайда шешiм осындай адамдардың көпшiлiк даусымен (үштен екiсiнiң) қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады