Қазақстан Республикасының астанасын көшiру жөнiндегi дайындық шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 15 шiлде 1994 ж. N 1801. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.20. N 2585 Жарлығымен.


     Республиканың экономикасын мемлекеттiк реттеу, Қазақстанның
өндiргiш күштерiн орналастыруды жетiлдiру мен интеллектуалдық
әлеуетiн дамыту мақсатында және Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының астанасын көшiру туралы"
1994 жылғы 6 шiлдедегi N 106 - XII қаулысының негiзiнде
қаулы етемiн:
     1. Қазақстан астанасын Ақмола қаласына көшiруге дайындық
жөнiнде мына құрамда мемлекеттiк комиссия құрылсын:
Макиевский Н.М.   - комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасының
                    Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк 
                    комиссиясының төрағасы.

     Комиссия мүшелерi:
Браун А.Г.        - Ақмола облысының әкiмi
Бектемiсов Ә.И.   - Қазақстан Республикасы Сыртқыiсминiнiң бас 
                    қаржы - әкiмшiлiк басқармасының бастығы
Бөлекбаев А.К.    - Ақмола қаласының әкiмi
Досмағанбетов Б.Ф.- Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын
                    үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң
                    бiрiншi орынбасары
Қалмырзаев С.С.   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк
                    жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                    орынбасары
Поляков Р.Н.      - Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты
                    және Министрлер Кабинетiнiң Шаруашылық 
                    басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары
     2. Астананы көшiруге дайындық жөнiндегi мемлекеттiк комиссия:


      - техникалық-экономикалық негiздеменiң және қажеттi жобалау-жоспарлау мен басқа да құжаттама пакетiнiң жасалуын ұйымдастыруға кiрiссiн;
      - Ақмола қаласына және оның төңiрегiне құрылыс салу мен дамытудың тұжырымдамасын және кешендi жоспарын әзiрлесiн;
      - болашақ астананы жайғастыру кезеңдерiн, шет ел инвестицияларын қатыстырудың нақты нышандары мен ауқымын анықтап, оларды тартудың келешектегi салдарын бағамдайтын болсын;
      - уақытша схема бойынша Ақмола қаласына мемлекеттiк органдарды қайта орналастыру мүмкiндiгi туралы кешендi ұсыныстар енгiзсiн.
      3. Астананы көшiруге дайындық жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға құрамына тұрақты негiзде республиканың қажеттi министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының және Ақмола қаласы әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiн енгiзе отырып, жиынтық жұмыс тобы мен жекелеген бағыттар бойынша топтар құру, астананы көшiру проблемаларын пысықтау үшiн аймақтардың дамуын жоспарлау жөнiнде ғалымдарды, отандық және шет ел сарапшыларын тарту, қажет болған жағдайда тәуелсiз шығармашылық ұжымдар құру және халықаралық конкурс өткiзу құқығы берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi күнтiзбе жағынан үстiмiздегi жылға келетiн әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге қажеттi қаржы бөлу туралы Құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс үй салу министрлiгiнiң өтiнiмiн қарастыратын болсын.
      5. Құпия.
      6. Министрлер Кабинетi мен Алматы қалалық әкiмшiлiгi бiр ай

мерзiмде "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңның 
жобасын дайындасын және үстiмiздегi жылғы 15 қарашадан
көшiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзсiн.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
            Қазақстан Республикасының
                  Президентi
            Алматы. 1994 жылғы 15 шiлде
                   N 1801
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады