Қазақстан Республикасының шет ел кредиттерi бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi төтенше шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 16 шiлде N 1814. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Шет ел кредиттерi бойынша төлемдердiң өтелмеуi салдарынан қалыптасқан қиын жағдайға байланысты қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Шымкент кондитер фабрикасын жекешелендiруден алынған валюта түсiмдерiнiң бұрынғы бөлiнiсiн жойсын және оларды толық көлемiнде негiзгi берешектi, кредит үшiн проценттер мен шетелдiк кредиторларға мерзiмi өтiп кеткен берешектер бойынша басқа да мiндеттi төлемдердi қайтару жөнiндегi Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауға жұмсайтын болсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Үкiметiне сыртқы кредиттер бойынша /есептелетiн проценттер мен басқа да мiндеттi төлемдердi ескере отырып/ iс жүзiнде мерзiмi өтiп кеткен берешектiң және осы қаулының 1-тармағына сәйкес валюта түсiмдерiнiң сомасы арасындағы айырмасын өтеудi қамтамасыз ететiн мөлшерде үш айдың iшiнде өтеу мерзiмiмен қосымша кредит берсiн. 
      3. Үстiмiздегi жылдың соңына дейiн жаңа жеке-дара кредит келiсiмдерiне қол қоюға және шет ел кредиттерiне байланысты /халықаралық қаржы ұйымдары беретiн кредиттен басқасына/ жаңа үкiметтiк /мемлекеттiк/ кепiлдiктер беруге мораторий қойылсын. 
      4. Қазақстан Республикасының министрлер Кабинетi: 
      - шет ел кредиттерi есебiнен қаржыландырылатын жобалар  бойынша берешектi өтеудiң нақты көздерiн iздестiруге  шаралар қолдансын;
      - Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiретiн болсын.     

      Қазақстан Республикасының
      Президентi 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады