1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi /ҰЖМБМ/ құрылсын. Бұл мақсат үшiн Қазақстанның Менеджмент, Экономика және Болжамдау Иниститутының /ҚМЭБИ/ материалдық-техникалық базасын пайдалануға рұқсат етiлсiн. <*>
Ескерту. 1-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
1995.05.19. N 2289 Қаулысымен. K952289_
2. Қазақстан мен Франция мемлекттерi басшыларының уағдаласуына сәйкес француз тарапынан аталған Мектептi ұйымдастыруда және тиiстi әдiстемелiк, кадр жағынан әрi материалдық көмек көрсетуде Француз Ұлттық Әкiмшiлiк ету Мектебiнiң /ҰӘМ/ қатысатыны туралы Қазақстан Республикасындағы Франция Елшiлiгiнiң ұсынысы еске алынсын.
3. ҰЖМБМ директорын Қазақстан Республикасының Президенi тағайындайды деп белгiленсiн. <*>
Ескерту. 3-тармақтың 1 абзацы және сөздер алынып тасталды -
ҚР Президентiнiң 1996.06.19. N 3041 жарлығымен. U963041_
4. Қамқоршылар Кеңесi Француз ҰӘМ-нiң мамандарымен бiрлесе отырып 1994 жылғы 1 қазанға дейiн Француз Ұлттық Әкiмшiлiк ету Мектебiнiң және басқа осындай шет ел оқу орындарының бағдарламалары негiзiнде екi жылдық академиялық бағдарлама әзiрлейтiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының министрлер Кабинетi /Ә.М.Қажыгелдин/ 1994 жылғы 10 қыркүйекке дейiн қабылдау комиссиясын құрып, осы Мектепке жоғары бiлiмi бар 35 жасқа дейiнгi Қазақстан Республикасының азаматтарынан 15 адам тыңдаушы қабылдайтынын жарияласын. Бұл орайда 7 тыңдаушы министрлiктердiң басшыларынан /басқарма бастығынан төмен емес деңгейдегi/, облыстық және қалалық деңгейдегi басшылардан тиiстi министрлiктердiң /ведомстволардың/ және облыстық әкiмшiлiктердiң кепiлдемесiмен қабылдансын. Тыңдаушылардың барлық санатын қабылдау Француз Ұлттық Әкiмшiлiк ету Мектебi мамандарының қатысуымен конкурстық негiзде жүзеге асырылсын.
6. Конкурстан ойдағыдай өткен және ҰЖМБ Мектебiне қабылданған адамдарға бұрынғы жұмыс орнындағы жалақысы мөлшерiнде, жоғары оқу орындарының аспиранттарына арналып белгiленген стипендия мөлшерiнен төмен болмайтындай стипендия тағайындалсын. Оқуды бiтiргеннен кейiн тыңдаушы оқуға түскенге дейiн атқарған қызметiнен төмен болмайтын жұмысқа орналастырылатынына кепiлдiк берiлсiн.
Облыстық әкiмшiлiктердiң, орталық мемлекеттiк органдардың кепiлдемесiмен оқуға түскен адамдардың қабылдау емтихандарын тапсыруға байланысты iссапары мен көлiк шығыны жолдап отырған ұйымдардың қаражаты есебiнен төленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 15 қыркүйекке дейiн аталған Мектепке бюджеттiк, валюталық және басқа материалдық қаражат бөлуге байланысты мәселелердi қарайтын болсын.
Мектепке материалдық қолдау көрсету мiндетi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жүктелсiн.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстанның шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi осындай академиялық ұйымдармен, атап айтқанда, дипломатиялық оқу орындарымен халықаралық байланыс орнатуға барынша көмектессiн, сондай-ақ
1994 жылғы 1 қарашаға дейiн Мектеп тыңдаушыларын мамандығы бойынша тағлымдама алу үшiн шет елге жiберу және Мектепте дәрiс оқуға шет ел мамандары мен профессорларын шақыру туралы шет елдердiң сыртқы iстер министрлiктерiмен және халықаралық ұйымдармен тиiстi келiссөз жүргiзсiн. Қазақстан Республикасының Президентi