Қазақстан Республикасы Президентiнiң Баспасөз қызметi құрамында телерадио кешенi құрылсын;
Телерадио кешенiнiң жауапты және техникалық қызметкерлерiнiң
қосымша штат саны тиiсiнше 7 және 28 адам болып, ал олардың лауазымдық жалақысы қосымшаға сәйкес анықталсын. Телерадио кешенi адам құрамының лауазымдық жалақысына ерекше жұмыс режимi үшiн 30 процент мөлшерiнде үстемақы белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратын ұстауға қосымша қаржы бөлсiн. Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысы штат кестесiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 ақпандағы N 2204 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Баспасөз қызметi телерадио кешенiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ және оның қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы ------------------------------------------------------------------- N | Лауазым атауы | штат |лауазымдық рс| | саны | жалақы | | | (теңге) ------------------------------------------------------------------- 1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Баспасөз қызметi басшысының орынбасары телерадио кешенiнiң басшысы 1 4300 2. Телерадио кешенi басшысының орынбасары 1 3900 3. Сектор меңгерушiсi 5 3750 4. Жетекшi инженер 9 3300 5. I санаттағы инженер 4 3125 6. Бейнережиссер 3 3000 7. Дыбыс режиссерi 3 3000 8. Телеоператор 4 3000 9. Әкiм 2 2600 10.Бейне фонотека меңгерушiсi 1 3000 11.Аға маман 1 2250 12.Аға маман - қойма меңгерушiсi 1 2250