Алматы қаласында Тәуелсiздiк ескерткiшiн орнату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 3 шiлдедегi N 2355

      Тарихи оқиға - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жариялануын мәңгi есте қалдыру, қоғамды топтастыру, гуманизм, ұлтаралық татулық, қазақстандық патриотизм тәрбиелеу идеяларын көркем бейнелеу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi ескерткiшi орнатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi ескерткiшiнiң Ш.Ы.Уалиханов басқаратын авторлар тобы әзiрлеген жобасы негiзiнен мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Тәуелсiздiк ескерткiшiн жобалау мен орнатуды жүзеге асыруға арналған қаржыландыру көздерiн анықтасын. Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп, қор құрсын, барлық меншiк түрлерi құрылымдарының және азаматтардың құрмалдықтары есебiнен қаражат жинауды ұйымдастырсын.
      4. Алматы қаласының әкiмiне жер учаскесiн бөлу, жұмысты

жобалау кезiнде негiзге алынатын деректердi беру, шығармашылық
топтың жұмыс iстеуiне қажет уақытша үй-жай болу тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi ескерткiшiн
салу жұмыстарын iске асыру "Алматықұрылыс" холдинг компаниясына
жүктелсiн.
     Қазақтан Республикасының
          Президентi
    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады