АРНАЙЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім.

      ЗҚАИ ескертпесі!
      Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.

      Мүшелер,

      Мүшелердің ортақ мақсатын - ГАТТ 1994 негізделген халықаралық сауда жүйесін жақсарту мен нығайтуды есепке ала отырып;

      ГАТТ 1994 ережелеріне айқындықты енгізудің және оларды нығайтудың, әсіресе ХІХ баптың (кейбір тауарларды импорттаудағы төтенше шаралар) ережелерін, арнайы қорғау шараларын көпжақты басқаруды қайта орнатудың және осындай басқарудан қашатын шараларды жоюдың қажеттілігін мойындай отырып;

      Құрылымдық өзгерістердің маңыздылығын және халықаралық нарықта бәсекелестікті шектеу емес, күшейтудің қажеттілігін мойындай отырып; және

      Сонымен қатар, осы мақсаттар үшін барлық мүшелермен қолданылатын және ГАТТ 1994 негізгі қағидаларына сүйенетін тегіс қамтитын келісім жасаудың қажеттілігін мойындай отырып;

      Осылармен келесі туралы келісім жасайды:

1-БАП Жалпы ережелер

      Осы келісім ГАТТ 1994 XIX бабында қарастырылған шаралар болып түсінетін арнайы қорғау шараларын қолданудың ережелерін орнатады.

2-БАП Шарттары

      1. Әрбір мүше1 қандай да бір тауарға арнайы қорғау шарасын қолдана алады, егер бұл мүше төмендегі көрсетілген қағидаларға сәйкесінше осындай тауарлар, оның ұлттық өндірісіне салыстырмалы немесе абсолюттік түрде өскен мөлшерлерде, оның аумағына импортталғанын, және ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарларды өндіретін ұлттық өндірістің саласына маңызды залал тигізгенін немесе тигізу қатері барын орнатқан жағдайда ғана.

      2. Арнайы қорғау шаралары импортталатын тауарға, оның қайнар көзіне тәуелсіз, қолданады.

      1Кедендік одақ арнайы қорғау шарасын біртұтас бірлестік сияқты немесе оның мүше-мемлекеті атынан қолдана алады. Кедендік одақ арнайы қорғау шарасын біртұтас бірлестік сияқты қолданғанда, маңызды залалды анықтау туралы барлық талаптары немесе маңызды залалдың қатері осы Келісіммен сәйкес кедендік одақта тұтасымен болатын шарттарда негізделеді. Арнайы қорғау шарасы мүше-мемлекет атынан қолданылғанда, маңызды залалды анықтау туралы барлық талаптар немесе осындай залалдың қатері бұл мемлекеттегі шарттарда негізделеді, және шараны қолдану тек қана осы мемлекетпен шектеледі.Осы келісімде ГАТТ 1994ж. ХІХ бап пен ХХІV бабының 8 тармақшасымен аралығындағы байланысты түсінікті алдын ала анықтамайды.

3-БАП Тергеу

      1. Әрбір мүше арнайы қорғау шарасын осы мүшенің құзырлы органдары арқылы ГАТТ 1994 Х бабымен сәйкес алдын ала орнатылған және жарияланған рәсімдер негізінде тергеу жүргізіліп болған соң ғана қолдана алады. Мұндай тергеу барлық мүдделі тараптарға ашық жариялауды, сонымен бірге жария тыңдауларды немесе импорттаушыларға, экспорттаушыларға және басқа да мүдделі тараптарға дәлелдер мен өз пікірлерін ұсынуды, басқа тараптардың өтініштеріне жауап беру және өз ойларын баяндау мүмкіндіктерін қосқанда, inter alia, арнайы қорғау шараларын қолдану қоғамдық мүдделерге қызмет етеді ме, жоқ па мәселесі бойынша, басқа да тиісті құралдарды қамтиды. Құзырлы органдар іске қатысты барлық факт түріндегі және заңдық аспектілер бойынша өздерімен жасалған дәлелді қорытындылар мен алынған мағұлматтар мазмұндалған баяндаманы жарялайды.

      2. Құпия сипатына ие немесе құпия негізінде ұсынылған кез келген ақпарат құпия деп танылуы үшін, құпиялықтың себептерін көрсеткен жағдайда құзырлы органдармен қаралады. Ақпаратты қамтамасыз еткен тараптың келісімінсіз мұндай ақпарат ашылмайды. Құпия ақпаратты ұсынған тараптарға құпия емес түйіндемемен қамтамасыз етуді ұсынуы мүмкін, немесе, егер де осы тараптар ақпаратты мұндай жалпылауға келмейді деп хабарласа, онда түйіндемемен қамтамасыз етіле алмауының себептерін көрсетеді. Бірақ, егер құзырлы органдар құпиялықты сақтау жөніндегі талап ақталмады, және бұл тарап осы ақпаратты жариялығысы келмейді, немесе оны жалпы немесе түйіндеме түрде де ашқысы келмейді деп тапса, егер тек олар ақпарат сенімді деген иланымды растауды тиісті көздерден алмаса, онда құзырлы органдар мұндай ақпаратқа назар аудармауы мүмкін.

4-БАП Маңызды залал немесе маңызды залалдың қатерін анықтау

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:

      (а) отандық өндіріс саласының жағдайы жалпы елулі түрде төмендеуі "маңызды залал" деп түсіндіріледі;

      (b) 2 пункттің ережелерімен сәйкесінше, маңызды залалдың айқын шарасыздығы "маңызды залалдың қатері" деп түсіндіріледі. Маңызды залалдың барын немесе маңызды залал қатерін анықтау негізсіз пікірлерге, болжамдарға немесе оқшау мүмкіндіктерге емес, деректерге негізделеді.

      (с) залалдың барын немесе залалдың қатерін анықтау мақсаты үшін "отандық өндіріс саласы" мүшенің аумағында әрекеттегі тікелей бәсекелесетін немесе ұқсас тауарлардың өндірушілерінің жиынтығы, немесе осы тауардың жалпы отандық өндірісінің үлкен бөлігін құрайтын тікелей бәсекелесетін немесе ұқсас тауарлардың ұжымдық өндірісінің өндірушілері.

      2. (а) Осы Келісімнің қағидаларына сай өсуші импорт отандық өндіріс саласына маңызды залал тигізді ме әлде тигізу қатері бар ма мәселесін шешу үшін, құзырлы органдар тергеу барысында осы саланың жағдайына әсерін тигізетін барлық сәйкес объективтілік және сандық сипаттағы факторларды бағалайды, соның ішінде осы тауардың импортының абсолюттік немесе салыстырмалы түрдегі өсу қарқыны мен көлемі, ұлттық нарықтағы өсуші импорттың үлесі, сату деңгейінің өзгеруі, өндіріс, өнімділік, қуаттылықты қолдану, пайда мен шығын, және жұмысбастылық.

      (b) Егер тек тергеу бұл тауардың өсуші импорты мен маңызды залалдың немесе маңызды залалдың қатері арасындағы себепті байланыстың объективті мәліметтер негізде көрсетпесе, (а) тармақшасында ескертілген шешім қабылданбайды. Өсуші импорттан басқа факторлар сол уақытта ұлттық өндірістің саласына залал келтірсе, онда мұндай залал өсуші импортқа тіркелмеу керек.

      (с) Құзырлы органдар тергеу ісінің егжей-тегжейлі сарапталған нәтижесін, сонымен бірге зерттелген факторлар осы іске қатысы бар екеніне дәлелдерді, 3 баптың қағидаларына сәйкес, қысқа мерзімде жариялайды.

5-БАП Арнайы қорғау шараларын қолдану

      1. Мүше арнайы қорғау шараларын тек мынадай маңызды залалды болдырмау немесе жою үшін және экономикалық бейімделу үдерісін жеңілдету үшін, қажет болған көлемде, қолданады. Егер сандық шектеулік қолданса, онда мұндай шара импорттың мөлшерін статистикалық мәліметтері бар соңғы үш жылға импорттың орташа көлемі алынған алдыңғы кезеңнің деңгейінен, егер тек маңызды залалды болдырмау немесе жою үшін басқа деңгейді орнату қажеттілігі нақты болмаса, азайтпау керек. Мүшелер осы мақсаттарға жету үшін ең оңтайлы келетін шараларды таңдауы қажет.

      2. (а) Квота тауармен қамтамасыз етуші елдер арасында бөлінген жағдайда, шектеулерді қолданатын мүше осы тауармен қамтамасыз етуде қызығушылығы бар барлық басқа да мүшелерімен квота үлесінің бөліну мәселесі бойынша келісімдерге жетуге тырысады. Мұндай әдіс, тәжірибелік түсінік бойынша іске аспайтын жағдайда, бұл мүше осы тауармен қамтамасыз етуге квотаны үлестерге сәйкесінше, осы мүшелердің алдыңғы өкілдік кезеңде қамтамасыз еткен жалпы санымен немесе тауардың импортының құнымен сәйкес, елеулі қызығушылығы бар мүшелері арасында бөледі; сонымен бірге, осы тауардың саудасына әсер ететін немесе әсер ете алатын кез келген арнайы факторлар ескеріледі.

      (b) Мүше (а) тармақшасының ережесінен ауытқи отырып, 12 баптың 3 тармақшасының негізіндегі консультациялар, 13 баптың 1 тармақшасында қаралғандай, Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетінің ықпалымен өткізіледі және Комитетке (i) бірнеше мүшелерден импорттың үлесі, өкілдік кезеңде осы тауардың импортының жалпы өсуіне қатысты, пропорциялы емес түрде көбейгендігі, (ii) (а) тармақшасындағы ережеден ауытқу себептері ақталғаны, және (iii) мұндай ауытқудың шарты барлық осы тауармен қамтамасыз етушілерге тең болғандығы жайлы нақты дәлелдер ұсынылады. Кез келген мұндай шараның әрекетінің ұзақтығы, 7 баптың 1 тармақшасында көрсетілгендей, бастапқы кезеңнен аспау керек. Маңызды залал қатері кезінде жоғарыда көрсетілген ережелерді қолдануға рұқсат етілмейді.

6-БАП Уақытша арнайы қорғау шаралары

      Қиын-қыстау жағдайларда, кейінге қалдыру салдарынан жою қиынға түсетін зардап тигізілгенде, өсуші импорт маңызды залал тигізуі мүмкін немесе тигізді деген нақты дәлелдері болатын алдын-ала анықтауларға сәйкес, кез келген мүше уақытша арнайы қорғау шараларын қабылдай алады. Уақытша шараның әрекетінің мерзімі 200 күннен аспау керек, бұл мерзімде 2-7 мен 12 баптарының тиісті талаптары сақталады. Мұндай шараларды тарифті көтеру түрінде қолдану қажет, және 4 баптың 2 тармақшасында көрсетілгендей, егер кезекті тергеу өсуші импорт отандық өндірістің саласына маңызды залал тигізді немесе тигізу қатері бар деп тапса, ондай тарифтік көтерілу дереу өтелуі қажет. Кез келген мұндай уақытша шараның әрекетінің ұзақтығы 7 баптың 1, 2 және 3 тармақшаларында ескерткендей, бастапқы кезеңде және кез келген мерзімін ұзартудың бөлшегі ретінде есептеледі.

7-БАП Арнайы қорғау шараларының қолдану мерзімі және қайта қарау

      1. Кез келген мүше арнайы қорғау шараларын тек маңызды залалды алдын алу немесе жою үшін және экономикалық бейімделу үдерісін жеңілдету үшін қажетті уақыт кезеңінде қолданады. Бұл кезең, тек 2 тармақшаға сәйкес ұзартылмаса, төрт жылдан аспау керек.

      2. Импорттаушы мүшенің құзырлы органдары 2,3,4 және 5 баптарда қарастырылған рәсімдермен сәйкесінше осындай арнайы қорғау шарасы маңызды залалды алдын алу немесе жою үшін әлі де қажетті деп және 8 және 12 баптардың ережелерімен сәйкестігін сақтаған жағдайда, осындай өндіріс саласы экономикалық бейімделу үдерісінде болып табылуына дәлелдер бар деп тапса, 1 тармақшада ескертілген кезең ұзартылуы мүмкін.

      3. Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы кезеңі кез келген уақытша шарасын қолдану кезеңі, бастапқы қолдану және кез келген оның мерзімін ұзатуды қосқанда сегіз жылдан аспау керек.

      4. Арнайы қорғау шараларының күткен қолдану мерзімі экономикалық бейімделу үдерісін жеңілдету үшін, 12 баптың 1 тармақшасының ережесімен сәйкес ескерткендей, бір жылдан асады, бұл шараны қолданушы мүше қолдану кезеңіне тең интервал арқылы оны біртіндеп ырықтандырады. Егер шараның қолдану мерзімі үш жылдан асса, онда мұндай шараны қолданатын мүше шараны қолдану мерзімінің жартысы өткеннен қалдырмай жағдайды қарайды, егер ол мүмкін болса, оны тоқтатады, немесе ырықтандырудың қарқынын тездетеді. 2 тармақша негізінде ұзартылған шара бастапқы кезеңнің соңында болған шарадан артығырақ шектемеу керек, және оны ырықтандыруды жалғастыру қажет.

      5. Ешқандай арнайы қорғау шарасы ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен соң, қолданылмаған кезеңі кем дегенде 2 жыл болған жағдайда бұрында қолданылған шараның уақыт кезеңіне тең кезеңде, сондай шараға ұшыраған тауар импортына қайтадан қолданылмайды.

      6. 5 тармақшаның ережесіне қарамастан, 180 немесе одан аз күндерде арнайы қорғау шарасы қайтадан тауар импортына қолданылуы мүмкін, егер:

      (а) осы тауардың импортына арнайы қорғау шарасы енгізілген күннен бастап бір жылдан кем емес уақыт өтсе; және

      (b) мұндай арнайы қорғау шарасы бұл тауарға осы шараның енгізілген күнінен тікелей бесжылдық кезеңде екі реттен артық қолданылмаса.

8-БАП Шегінулер деңгейі және басқа міндеттемелер

      1. Арнайы қорғау шарасын қолданғысы келген немесе арнайы қорғау шарасының әрекетін ұзартқысы келген мүше маңызды мөлшерде ГАТТ 1994 бойынша және экспортпен айналысушы мүшелер арасында, 12 баптың 3 тармақшасымен сәйкес қозғалған осындай шаралар арасында шегінулердің және басқа міндеттемелердің эквиваленттік деңгейін сақтап қалуға тырысуы керек. Осы мақсатқа жету үшін, мүшелер, олардың саудасына жағымсыз әсер еткені үшін кез келген адекватты түрдегі сауда өтемақысына келісуі мүмкін.

      2. Егер 12 баптың 3 тармақшасында қарастырылған консультациялар барысында келісімге 30 күн ішінде келмесе, онда аталмыш экспорттаушы мүшелер осы шараны енгізгеннен кейін 90 күннен кеш болмай, Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңестің осындай тоқтатылған туралы жазбаша хабар алғаннан 30 күн өткеннен кейін, егер Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңес мұндай арнайы қорғау шарасына жүгінетін мүшенің саудасына маңызды түрдегі ГАТТ 1994 бойынша эквиваленттік шегінулердің немесе басқа да міндеттерді қолдануын тоқтата тұруға қарсы болмаса, тоқтата тұра алады.

      3. Осы арнайы қорғау шарасы импорттың абсолютті өсуінің нәтижесінде қабылданған және осы Келісімнің ережесіне сәйкес болған жағдайда, 2 тармақшада ескертілгендей, арнайы қорғау шарасын қолдануды тоқтата тұру құқығы алғашқы үш жылда қолданылмауы керек.

9-БАП Дамушы мүше-елдер

      1. Арнайы қорғау шаралары, егер үш пайыздан кем үлесі бар дамушы мүше-елдердің сомалық үлесі осы тауардың импортының жалпы көлемінен тоғыз пайыздан аспаса2 қандай-да бір импорттаушы мүше-елмен осы тауардың имопртының үлесі үш пайыздан артық болмаған жағдайда, дамушы мүше-елдерден шығатын тауарға қарсы қолданылмайды.

      2. Дамушы мүше-ел арнайы қорғау шараларын қолдану кезеңін 7 баптың 5 тармақшасында қаралғандай, ең көп кезеңнен жоғары екі жылға дейін ұзартуға құқы бар. 7 баптың 5 тармақшасының ережесіне қарамастан, дамушы-мүше ел, ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен соң бұл қолдану кезеңі 2 жылдан кем емес уақытты құрағанда, сондай шара бұрында қолданылған мерзімінің жартысына тең кезең өткенде, тауардың имопртына қатысты арнайы қорғау шарасын қайта қолдана алады.

      2Мүше бірден Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитетке 9 баптың 1 тармақшасына сәйкес қабылданған, әрекеттер туралы хабарлама жібереді.

10-БАП Бұрын ГАТТ 1947 ХІХ бап бойынша болған шаралар

      Мүшелер барлық арнайы қорғау шараларын қолдануды, ГАТТ 1947 ХІХ бабымен сәйкес қабылданған ДСҰ Келісімі күшіне енген күнде әрекет етіп жатқанын бірінші қолданған күннен кейін 8 жылдан кеш болмай немесе ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен бес жылдан кейін, қай мерзімнің кеш түсуіне байланысты, тоқтатады.

11-БАП Кейбір шараларға тыйым салу және жою

      1. (а) Мүшелер, ГАТТ 1994 XIX бабында мазмұндалғандай, ешқандай төтенше шараларды нақты тауарлардың импортына қатысты, егер тек мұндай әрекеттер осы Келісімге сәйкесінше қолданып жатқан баптың ережелеріне сай келмесе, қабылдамайды немесе қабылдауға тырыспайды.

      (b) Одан басқа, мүше, экспорттау мен импорттауға қолданып жатқан ешқандай да экспортты ерікті түрде шектеуді, нарықтарды реттеу жөніндегі келісімдерді немесе кез келген осыған ұқсас басқа шараларды қабылдауға тырыспайды, қабылдамайды және сақтамайды34. Бұл бір мүшенің қолданатын әрекетіне де, екі немесе бірнеше мүше қатысатын келісімдер мен уағдаластықтардың әрекеттеріне де қатысты. 2 тармақшаға сәйкесінше, ДСҰ Келісімі күшіне ену күнінде әрекет етіп жатқан кез келген шара осы Келісіммен сәйкес келтіріледі немесе күшін жояды.

      (с) Осы Келісім, мүше, XIX баптың ережесінен басқа ГАТТ 1994 ережелеріне сәйкес, және осы Келісімнен басқа 1А Қосымшада қамтылған Көп жақты сауда келісімдерінің ережелеріне сәйкес, немесе ГАТТ 1994 аясында бекітілген хаттамалар мен келісімдерге немесе уағдаластықтарға сәйкес қолдануға тырысқан, сонымен қатар қолданып жатқан немесе сақтап отырған шараларға қолданылмайды.

      2. 1(b) тармақшасында ескертілген шаралардың күшін жоюы, мүшелермен, ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен кейін 180 күннен кеш болмай Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетке ұсынылатын кестеге сәйкесінше жүзеге асырылады. Бұл кестелер 1 тармақшада ескертілген жойылуы тиіс немесе ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен кейін төрт жылдан аспайтын кезеңде осы Келісіммен сәйкес келтіруі керек барлық шараларды қамтиды. Сонымен бірге әрбір импорттаушы мүше5 1998 жылдың 31 желтоқсанынан кеш болмай қолдану мерзімі аяқталатын, біреуден артық емес нақты шараны сақтай алады. Кез келген мұндай ерекшелік тікелей мүдделі мүшелермен өзара келісуі керек, және ол жайлы хабарлама Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетке ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен кейін 90 күннің ішінде қарауға және мақұлдануға жіберіледі. Осы ерекшелікке түседі деп келісілген шара осы Келісімнің қосымшасында келтірілген.

      3. Мүшелер 1 тармақшада ескертілгендерге баламалы үкіметтік емес шараларды мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қолдануын немесе сақтауын ынталандырмайды және қолдамайды.

      3ГАТТ 1994 ережелерімен және осы Келісіммен сәйкес, арнайы қорғау шарасы ретінде қолданылатын импорттық квотаны қолдану, екі жақты келісіммен, ДСҰ экспорттаушы мүшесі арқылы басқарыла алады.

      4Осындай шараның мысалдарына экспортты тежеу, экспорттық немесе импорттық бағасына қатысты мониторингтің жүйесі, экспортты немесе импортты бақылау, мәжбүрленген импорттық картельі және таңдаулы экспорттық немесе импорттық лицензиялаудың жүйелері, әрқайсысы (шараның) қорғауды қамтамасыз етеді.

      5Жалғыз мұндай ерекшелік Европалық Қоғамдастықтың пайдасына осы Келісімнің Қосымшасында келтірілген.

12-БАП Хабарламалар және консультациялар

      1. Мүше Арнайы қорғау шаралары бойынша комитетке дереу ескертеді:

      (а) маңызды залал мен осындай залалдың қатеріне байланысты тергеу барысының басталғаны мен осындай тергеудің себептері жайында;

      (b өсуші импортқа байланысты маңызды залалдың немесе сондай залалдың қатерін анықталғаны жайында; және

      (с) арнайы қорғау шарасын қолдану немесе қолдану мерзімін создыру жөнінде шешім қабылданғаны жайында.

      2. 1 (b) және 1 (с) тармақшаларында ескертілген хабарламаны жібергенде, арнайы қорғау шарасын қолдануды немесе қолдану мерзімін создыруды ұсынған мүше Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитетке іске қатысты барлық ақпараттарды, өсуші импортқа байланысты маңызды залал немесе сондай залалдың қатерінің дәлелін, осындай тауардың және көзделіп отырған шараның нақты сипаттамасын, жоспарланған оны енгізу күнін, болжанған әрекет ету мерзімін және бірте-бірте ырықтандыру кестесін қосқанда, қамтамасыз етеді. Шараны қолдану мерзімін создырған жағдайда, қозғалған өндіріс саласы экономикалық бейімделу үдерісінде екендігіне дәлелді де көрсетуі тиіс. Тауармен сауда жасау жөніндегі кеңес немесе Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитет, олар қажет деп санаған қосымша ақпаратты шараны енгізуді немесе қолдану мерзімін ұзартуды ұсынып отырған мүшеден сұрата алады.

      3. Шараны енгізуді немесе қолдану мерзімін ұзартуды ұсынып отырған мүше әуелі осы тауардың экспорттаушылары сияқты елеулі мүдделері бар мүшелермен, inter alia, 2 тармақшаға сәйкесінше көрсетілген ақпараттарды қарастыру, 8 баптың 1 тармақшасында баяндалғандай шара жөніндегі пікірлермен алысу және мақсаттарға жету барысы жөніндегі келісімдіктерге қол жеткізу мақсаттары үшін консультациялар жүргізуге адекватты мүмкіндікпен қамтамасыз етеді.

      4. 6 бапта ескертілгендей, мүше уақытша арнайы қорғау шарасын қабылдағанға дейін Арнайы қорғау шаралары бойынша кеңеске хабарлама жібереді. Консультациялар шара қабылданғаннан кейін дереу басталады.

      5. Бұған қатысы бар мүшелер осы бапта айтылғандай, консультациялардың нәтижесі жайында, сонымен қатар 7 баптың 4 тармақшасына сәйкес шараны қолдану мерзімінің ортасындағы қарастырудың нәтижесі жайында, 8 баптың 1 тармақшасында аталғандай, өтемақының кез келген түрі және 8 баптың 2 тармақшасында аталғандай, жоспарланған шегінулерді және басқа да міндеттерді тоқтата тұру жайында Тауармен сауда жасау жөніндегі кеңеске дереу хабарлайды.

      6. Мүшелер, Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитетті өздерінің арнайы қорғау шараларына қатысты заңдары, нормативті актілері және әкімшілік рәсімдері, сонымен қатар оларға кез-келген өзгерістер жөнінде дереу хабарлайды.

      7. 10 бапта және 11 баптың 1 тармақшасында сипатталғандай, ДСҰ Келісімі күшіне ену күнінде әрекет ететін шараларды сақтаған мүшелер, осындай шаралар туралы Арнайы қорғау шаралары бойынша комитетті, ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен кейін 60 күннен қалдырмай, хабарлайды.

      8. Әрбір мүше Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитетті барлық заңдары, нормативтік актілері мен әкімшілік рәсімдері және осы Келісіммен сәйкесінше хабарлама жіберуі тиіс басқа мүшелердің хабардар етпеген, осы Келісімде көрсетілген кез келген шаралары немесе әрекеттері жөнінде хабарлай алады.

      9. Әрбір мүше, 11 баптың 3 тармақшасында ескертілгендей, Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитетті кез келген үкіметтік емес шаралары жөнінде хабарлай алады.

      10. Осы Келісімде ескертілгендей, барлық хабарламалар ереже бойынша, Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңеске Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитет арқылы жіберіледі.

      11. Егер бұл заңды қолдануға немесе басқа жолмен қоғамдық мүдделерге кедергі жасаса немесе нақты мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залал әкелетін болса, осы Келісімнің хабарлама туралы қағидасы қандай да бір мүшеден құпия ақпаратты ашуды талап етпейді.

13-БАП Бақылау

      1. Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитет Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңестің басқаруымен құрылады; ол осында жұмыс істеуге ниеті бар кез келген мүшенің қатысуы үшін ашылған. Комитетке мынадай міндеттерді іске асыру жүктеледі:

      (а) осы Келісімнің жалпы орындалуын бақылау және Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңестің алдында оның орындалу барысы туралы жыл сайынғы есеп беру және жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау;

      (b) кері әсерін алған мүшенің сұрауы бойынша, қорғау шарасына байланысты осы Келісімнің рәсімдік ережелері орындалады ма, жоқ па тексеру;

      (с) мүшелерге, олардың сұрауы бойынша, осы Келісімнің қағидаларына сәйкесінше консультацияларды өткізуге көмектесу;

      (d) 10 бапта және 11 баптың 1 тармақшасында көрсетілгендей, шараларды зерттеу; осындай шараларды жоюды бақылау және осы жайында Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңеске белгіленген тәртіпте баяндаманы ұсыну;

      (е) арнайы қорғау шарасын енгізуші мүшенің сұрауы бойынша, шегінулерді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұру ұсыныстары “ едәуір шамада балама” болады ма, жоқ па жайында сұрақты қарастыру, және осы жайында Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңеске белгіленген тәртіпте баяндаманы ұсыну;

      (f) осы Келісіммен қарастырылған барлық хабарламаларды алу және қарау, және Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңеске белгіленген тәртіпте баяндаманы ұсыну; және

      (g) Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңес анықтай алатын, осы Келісіммен байланысты кез келген басқа міндеттерді орындау.

      2. Комитетке, оның бақылау міндетінің орындалуына көмек көрсету үшін, Хатшылық жылда өзінің құзырында бар хабарламалар базасы мен басқа сенімді ақпараттарға негізделіп, осы Келісімнің жұмыс істеп жатқаны жайлы деректі баяндаманы әзірлейді.

14-БАП Дауларды реттеу

      ГАТТ 1994 ХХІІ және ХХІІІ баптардың қағидалары, Дауларды шешуді реттеу жөніндегі уағдаластықпен әзірленгендей және қолданғандай, консультацияларға және осы Келісіммен шығатын дауларды реттеуге қолданылады.

  ҚОСЫМША

11- БАПТЫҢ 2- ТАРМАҚШАСЫНДА ЕСКЕРТІЛГЕН ЕРЕКШЕЛІК


      Мүдделі Мүшелер            Тауарлар                  Қолданылу мерзімінің аяқталуы     


      ЕО/Жапония                  Жеңіл көліктер,            31 желтоқсан 1999 ж.

                              жүрдек көліктер, жеңіл фургондар,

                              жеңіл жүк көліктері (5 тоннаға дейін)

                              және осы көліктер толығымен

                              бөлшектенген түрде

                              ("СКД" жиынтығы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады