1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА БОЙЫНША БАСТЫ КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім.

      ЗҚАИ ескертпесі!
      Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.

      1. 1994 жылғы тарифтер мен сауда бойынша басты келісімге ("ГАТТ 1994") келесілер енеді:

      (а) ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін күшіне енген құқықтық актілер қағидаларының негізінде енгізілген нақтылаулар және түзетулермен немесе өзгерістермен сауда және жұмыспен қамту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының Дайындық комитетінің Екінші сессиясының аяқталуы бойынша қабылданған (Уақытша қолдану туралы хаттаманы қоспағанда) Қорытынды актіге қоса берілген 1947 ж. 30 қазандағы тарифтер мен сауда бойынша басты келісімнің қағидалары;

      (b) ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін ГАТТ 1947 аясында күшіне енген төменде көрсетілген құқықтық актілердің қағидалары:

      (i) тарифтік жеңілдіктерге жататын хаттамалар мен растаулар;

      (ii) (а) қосылу туралы хаттамалар (уақытша қолдануға немесе уақытша қолдануды қайтарып алуға қатысты, және (b) Хаттама жасалған күнге қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін ГАТТ 1947 ІІ бөлімін анағұрлым толық көлемде уақытша қолдануды қарастыратын қағидаларды қоспағанда);

      (iii) ГАТТ 1947 XXV бабының негізінде қабылданған және ДСҰ туралы келесім күшіне енген күнге әрекет еткен міндеттемелерден босату туралы шешім;1

      (iv) ГАТТ 1947 КЕЛІСІМГЕ КЕЛЕТІН ТАРАПТАРЫНЫҢ басқа шешімдері;

      (с) Төменде көрсетілген келесімдер:

      (i) II бапты түсіндіру туралы келісім: 1 (b) 1994 ж. тарифтер мен сауда бойынша басты келісімдер;

      (ii) 1994 ж. тарифтер мен сауда бойынша басты келісімнің XVII бабын түсіндіру туралы келісім;

      (iii) 1994 ж. тарифтер мен сауда бойынша басты келісімдердің төлем балансы туралы қағидаларға қатысты келісім;

      (iv) 1994 ж. тарифтер мен сауда бойынша басты келісімнің XXIV бабын түсіндіру туралы келісім;

      (v) 1994 ж. тарифтер мен сауда бойынша басты келісім бойынша міндеттемелерден босатуға қатысты келісім;

      (vi) 1994 ж. тарифтер мен сауда бойынша басты келісімнің ХXVIII бабын түсіндіру туралы келісім;

      (d) ГАТТ 1994 қатысты Марракеш хаттамасы.

      2. Түсіндірме ескерту

      (а) ГАТТ 1994 қағидаларында қолданылатын "келісім жасайтын тарап" сөздері "мүше" дегенді білдіреді. "Аз дамыған келісім жасайтын тарап" және "дамыған келісім жасайтын тарап" сөздері "дамып келе жатқан ел-мүше" және "дамыған ел-мүше" дегенді білдіреді. "Атқарушы хатшы" сөзі "ДСҰ басты директоры" дегенді білдіреді.

      (b) XV:1, XV:2, XV:8, XXXVIII баптарында және XII және XVII баптарына қосымша қағидаларда; сондай-ақ арнайы валюталық келісімдердің XV:2, XV:3, XV:6, XV:7 және ГАТТ 1994 XV: 9 баптарында бірлесіп әрекет ететін КЕЛІСІМ ЖАСАЙТЫН ТАРАПТАРҒА сілтемелер ДСТ сілтемелерді білдіреді. ГАТТ 1994 қағидалары бірлесіп әрекет ететін КЕЛІСІМ ЖАСАЙТЫН ТАРАПТАРҒА жатқызатын басқа қызметтер Министрлердің конференциясымен беріледі.

      (с) (i) ГАТТ 1994 мәтіні ағылшын, испан және француз тілдерінде бірдей.

      (ii) Француз тіліндегі ГАТТ 1994 мәтінін MTN.TNC/41 құжаттың А қосымшасында көрсетілген терминологияны түзетуді талап етеді.

      (iii) MTN.TNC/41 құжатының В қосымшасында көрсетілгендей терминдерді түзеткен жағдайда Негізгі құқықтық құралдар мен таңдамалы құжаттардың IV томындаға испан тіліндегі ГАТТ 1994 мәтіні бірдей болып табылады.

      3. а) ГАТТ 1994 ІІ бөлімінің қағидалары осындай мүше ГАТТ 1947 келісім жасайтын тарап болғанға дейін ұлттық суларда немесе айрықша экономикалық аймақтарда пунктер арасында коммерциялық пайдалану үшін шетелде салынған немесе жөнделген кемелерді пайдалануға, сатуға немесе жалға алуға тыйым салатын арнайы императивтік заңнама негізінде қабылдаған шараларға қатысты қолданылмайды.

      Бұндай тартып алу: (а) іс-әрекетті жалғастыру немесе осындай заңнаманың сәйкес келмейтін қағидаларын тез арада қайта қарастыру; және (в) бұл өзгеріс ГАТТ 1947 ІІ бөлімінің қағидасының сәйкес келуін кемітпейтін жағдайда осындай шекте осындай заңнаманың сәйкес келмейтін қағидасын өзгерту. Бұл тартып алу ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін ескертулер мен нақтылаулар жасалатынға қатысты жоғары көрсетілген заңнама аясында қабылданған шаралармен шектеледі. Егер бұндай заңнама нәтижесінде ГАТТ 1994 ІІ бөлімінің сәйкес келуі азаю жағына қарай өзгеретін болса, ол осы тармақтың әрекет ету аясына енбейді.

      (b) Министрлер конференциясы бұндай тартып алуларды ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін бес жылдан кейіннен кешіктірмей, ал содан кейін екі жыл сайын осы тартып алуға қажеттілікті туындатқан жағдайлар бұрынғысынша сақталып қалатынын не қалмайтынын зерделеу мақсаттары үшін күшінде қалғанға дейін қарастырады.

      (c) Шаралары осы тартып алуға қатысты болатын мүше жыл сайын бес жыл бойынша сәйкес кемелерді жеткізулердің орташа нақты және болжамды көрсеткіштері бар статистикасы бар толық ескерту, сондай-ақ осы тартып алуларға қатысты болатын сәйкес кемелерді пайдалану, сату, жалға алу немесе жөндеу бойынша қосымша ақпаратты ұсынады.

      (d) Бұл тартып алу осы тартып алуға жүгінетін мүше аумағында салынған кемелерді пайдалануды, сатуды, жалға алуды немесе жөндеуді өзара және пропорционалды шектеуді ақтайтындай етіп жүзеге асырылады деп есептейтін мүше Министрлердің конференциясын алдын ала ескерткен жағдайда осындай шектеу енгізе алады.

      (е) Бұндай тартып алу салалық келісімдерде немесе басқа да форумдарда қарастырылған тартып алуларға қатысты болатын заңнаманың арнайы аспектілеріне қатысты болатын шешімдерді кемітпейді.

      __________________________

      1 Көрсетілген қағида қатысты болатын міндеттемелерден босатулар 1993 жылғы 15 желтоқсандағы MTN/FA құжатының және 1994 жылғы 21 наурыздағы MTN/FA құжатының ІІ бөлімінің 11 және 12 беттеріндегі 7 сілтемеде көрсетілген. Министрлер конференциясы өзінің бірінші сессиясында 1993 жылғы 15 желтоқсаннан кейін және ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін және ол уақытқа дейін мерзімі өтетін міндеттемелерден босатуларды қарастырмайтын ГАТТ 1947 аясында ұсынылған міндеттемелерден кез келген босатулармен толықтырылған осы қағида қатысты болатын міндеттемелерден босатулардың қарастырылған тізілімін белгілейді.

      Мүшелер төмендегілер туралы келісім жасайды:

      1. ІІ баптың 1 (b) тармағынан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерге қатысты транспаренттікті қамтамасыз ету мақсатында осы қағидада сөз болып отырған байланысты тарифтік ұстанымдар бойынша алынатын кез келген "басқа төлемдер немесе жиындардың" сипаты мен деңгейі ГАТТ 1994 қоса берілген жеңілдіктер тізілімінде олар қолданылатын тарифтік ұстанымдардың әрқайсысы бойынша белгіленеді. Сонымен бірге бұндай белгілеу "басқа төлемдер немесе жиындардың" құқықтық мәртебесін өзгертпейді.

      2. ІІ баптың мақсатында "басқа төлемдер немесе жиындар" 1994 жылдың 15 сәуірінен бастап байланысты болып табылады. Сондықтан "басқа төлемдер немесе жиындар" Жеңілдіктер тізілімінде осы күнге қолданылатынның деңгейінде белгіленеді. Жаңа жеңілдік туралы жеңілдіктерді немесе келіссөздерді одан әрі қайта қарастырудың әрбір жағдайында аталмыш тарифтік ұстаным бойынша әрекет ететін күн ретінде жаңа жеңілдікті Жеңілдіктер тізіліміне енгізу күні болып табылады. Алайда қандай да бір нақты тарифтік ұстаным бойынша ГАТТ 1947 немесе ГАТТ 1994 алғаш рет жеңілдік енгізілген құжаттың күні ауыстырылатын парақтармен Тізілімнің 6 бағанында көрсетіле береді.

      3. "Басқа төлемдер немесе жиындар" барлық байланысты тарифтер бойынша белгіленеді.

      4. Тарифтік ұстаным бұдан бұрын жеңілдіктің мәні болған жағдайларда, сәйкес Тізілімде белгіленген "басқа төлемдер немесе жиындардың" деңгейі жеңілдікті Тізілімдерге алғаш рет енгізген сәтте әрекет еткен деңгейден артық бола алмайды. Кез келген мүше осындай "басқа төлем немесе басқа жиын" осы ұстаным бойынша бастапқы "байланыс" сәтінде болмағанының негізінде, сондай-ақ бұдан бұрынғы "басқа төлем немесе басқа жиын" байланысты деңгеймен тіркелген деңгейдің ұқсастығына қатысты қандай да "басқа төлемдер немесе жиындарға" қатысты өзінің күмәнін айта алады. Бұл құқық ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде немесе соңғы күн кеші болған жағдайда ГАТТ 1994 сәйкес Тізілімін енгізу туралы құжат ДСҰ бас директорына сақтауға берілген күннен үш жыл ішінде әрекет етеді.

      5. "Басқа төлем немесе жиындарды" Тізілімдерде белгілеу 4 тармақта қозғалатындарда басқа ГАТТ 1994 бойынша құқықтар және міндеттемелермен сәйкестіктерін шешепейді. Барлық мүшелер кез келген "басқа төлем немесе басқа жиынның" осындай міндеттемелермен сәйкестігіне күмән туғызу құқығын сақтайды.

      6. Осы Келісім жасаудың мақсатында ГАТТ 1994 XXII және XXIII баптарының қағидалары оларға енгізілген өзгерістер мен қолдану тәжірибесін есепке ала отырып, дауларды шешу туралы Келісім аясында қолданылады.

      7. ГАТТ 1947 КЕЛІСІМ ЖАСАЙТЫН ТАРАПТАРДЫҢ бас директорына сақтауға беретін күні Тізілімге енгізілмеген "басқа төлем немесе жиындар", егер бұл ДСҰ туралы Келісім күшіне енгенге дейін немесе ГАТТ 1994 сәйкес тізіліміне енгізу туралы құжатты ДСҰ бас директорына сақтауға беру күшіне енгеннен кейін орын алған жағдайда, одан әрі бұл Тізілімге қосылмауы тиіс, және қолданылатын күнге орын алған деңгейден төмен деңгейде белгіленген кез келген "басқа төлем немесе басқа жиын" құжат сақтауға берілген күннен бастап алты ай ішінде бұндай толықтырулар немесе өзгерістер болмаған жағдайда осы деңгейге дейін жіберілмейді.

      8. ГАТТ 1994 ІІ баптың 1 (b) тармағының мақсатында 2 тармақта көрсетілген әрбір жеңілдікке қатысты қолданылатын күнге қатысты шешім 1980 ж. 26 наурызда қабылданған қолданылатын күнге қатысты шешімді алмастырады. (ВISD 27 S/24).

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА БОЙЫНША БАСТЫ КЕЛІСІМНІҢ XVII БАБЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Мүшелер,

      XVII бап мүшелердің жеке коммерсанттар жүзеге асыратын импорт пен экспортқа қатысты болатын үкіметтік шаралар үшін ГАТТ 1994 көрсетілген дискриминациялық емес режимнің жалпы қағидаттарына сәйкес келуі тиіс XVII баптың 1 тармағында көрсетілген мемлекеттік сауда кәсіпорындардың қызметіне қатысты міндеттерін қарастыратынын көрсете отырып,

      одан әрі мүшелер мемлекеттік сауда кәсіпорындарына қатысты үкіметтік шараларға қатысты ГАТТ 1994 бойынша міндеттемелерді орындайтынын көрсете отырып;

      бұл Келісім XVII бапта қарастырылған негізгі ұйғарымдарға залал келтірмейтінін мойындай отыра;

      төмендегі туралы келесім жасайды:

      1. Мемлекеттік сауда кәсіпорындары қызметінің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында мүшелер бұндай кәсіпорындар туралы осындай кәсіпорындардың келесі жұмыс анықтамасына байланысты 5 тармақтың қағидаларына сәйкес құрылатын жұмыс тобын қарастыру мақсатында тауарлар саудасы бойынша Кеңесті ескертеді:      

      "Заңнамалық немесе конституциялық өкілеттіктерді қоса алғанда, айрықша немесе арнайы құқықтар немесе басымдықтар берілген маркетинг бойынша органдарды енгізгенде үкіметтік және үкіметтік емес кәсіпорындар, оларды жүзеге асыра отырып, олар өздерінің сатып алулары мен сатылымдары арқылы импорттың немесе экспорттың деңгейіне немесе бағытына әсер етеді".

      Ескерту туралы көрсетілген талап жоғарыда көрсетілгендей кәсіпорынның қолданылуы үшін немесе үкіметтің қолданылуы үшін жедел немесе ақырғы тұтыну үшін тауарлардың импортына қолданылмайды, сату үшін тауарлар қолданысында қайта сату немесе пайдалану үшін қолданылмайды.

      2. Әрбір мүше осы Келісімнің қағидасын назарға ала отырып, тауарлар саудасы жөніндегі Кеңеске мемлекеттік сауда кәсіпорындары туралы ескертулерді ұсынуға қатысты өзінің саясатын қарастырады. Бұндай қарастыруды жүргізе отырып, әрбір мүше көрсетілген кәсіпорындар қызметінің сипатын және олардың қызметінің халықаралық саудаға әсерін нақты бағалауды қамтамасыз ету қажеттілігін есепке алуы тиіс.

      3. Ескертулер 1960 ж. 24 мамырда қабылданған (BISD 9S/184-185), мемлекеттік сауда туралы сауалнамаға сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар мүшелер нақты импортты немесе экспортты жүзеге асырғанына немесе асырмағанына қарамастан, 1 тармақта көрсетілген кәсіпорындар туралы ескертеді.

      4. Басқа мүше ескерту бойынша өзінің міндеттерін жеткіліксіз дәрежеді орындамағаны туралы негіздемесі болатын кез келген мүше бұл сұрақты сәйкес мүшегнің алдына қоя алады. Егер сұрақ оң шешімін таппаған жағдайда, ол мүдделі мүшені бір мезгілде хабардар ете отырып, 5 тармаққа сәйкес құрылған жұмыс тобына қарастыру үшін тауарлар саудасы жөніндегі Кеңеске жауап ескерту жібере алады.

      5. Ескертулер мен қарсы ескертулерді қарастыру үшін тауарлардың саудасы жөніндегі Кеңес жұмыс тобын құрайды. Осындай қарастырулардың нәтижелерін есепке ала отырып және XVII баптың 4 (с) тармағының ережелері үшін зиянсыз, тауарлардың саудасы жөніндегі Кеңес жасалған ескертулердің реттілігіне қатысты және қосымша ақпараттың қажеттілігі туралы ұсыныстар бере алады. Жұмыс тобы, сонымен бірге алынған ескертулерді есепке ала отырып, мемлекеттік сауда және 1 тармаққа сәйкес ескертілуі тиіс мемлекеттік сауда кәсіпорындарын қамту бойынша жоғарыда көрсетілген сауалнаманың орындылығы туралы сұрақты қарастырады. Ол сонымен бірге XVII бап мақсатында қарастырыла алатын осы кәсіпорындар жүзеге асыратын қызметтердің түрлері және үкіметтер мен кәсіпорында арасындағы өзара қарым-қатынастардың болжамды тізілімін әзірлейді. Сонымен бірге Хатшылық жұмыс тобы үшінхалықаралық саудамен байланысты мемлекеттік сауда кәсіпорындарының қызметтері туралы жалпы қосымша құжат әзірлейді дегенді білдіреді. Жұмыс тобына қатысу онда жұмыс істеуге ниет білдірген барлық мүшелер үшін ашық болып табылады. Ол өзінің отырысын ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін бір жылдан кешіктірмей өткізеді және одан әрі жылына бір реттен кем жиналып отырады. Жыл сайын жұмыс тобы тауарлар саудасы жөніндегі Кеңеске баяндамалар ұсынады.1

      ________________________

      1 Бұл жұмыс тобының қызметі 1994 ж. 15 сәуірі қабылданған ескертулер рәсімдері туралы министрлердің шешімінің ІІІ бөлімімен қарастырылған жұмыс тобының қызметімен үйлестіріледі.

      Мүшелер, ГАТТ 1994 XII және XVIII:B баптарының және 1979 ж. 28 қарашада қабылданған төлем балансының түсінігі бойынша қабылданған (BISD 26S/205-209, және осы Келісімде "1979 ж. Декларация" ретінде атап өтелетін) сауда шаралары бойынша Декларацияның қағидаларын мойындай отыра және осы қағидаларды нақтылау мақсатында1,

      төмендегі туралы келісім жасайды:

      Шараларды қолдану

      1. Мүшелер қысқа мерзім ішінде төлем балансының түсініктері бойынша өздері қабылдаған импортты шектеу бойынша шаралардың күшін жоюдың кестесін көпшілікке жариялаудағы өзінің міндетін растайды. Бұл кестелертөлем балансының жағдайындағы өзгерістерді есепке ала отырып өзгеруі мүмкін дегенді білдіреді. Егер бұндай кестені мүше көпшілікке жарияламаған жағдайда, мұндай мүше оның себептерін көрсете отырып түсініктеме ұсынады.

      2. Мүшелер саудаға ең аз көлемде қиратушы әсер ететін шараларға басымдық берудегі өзінің міндеттемесін растайды. Бұндай шараларға (осы Келісімде "бағаға негізделген шаралар" деп көрсетілген) қосымша импорттық жиындар, импорттық депозиттерге қатысты талаптар, сондай-ақ импортталатын тауарлардың бағаларына әсер ететін ұқсас сауда шаралары енеді дегенді білдіреді. ІІ баптың қағидаларына қарамастан, төлем балансының түсініктері бойынша бағаға негізделген шараларды мүше оның Жеңілдіктер тізілімінде белгіленген баж салығына қосымша қолдана алады. Оған қоса, мұндай мүше осы Келісіммен қарастырылған ескерту рәсіміне сәйкес байланысты баж салығынан артық шараның бағасына негізделген соманы нақты және бөлек көрсетуге міндетті.

      3. Мүшелер бағаға негізделген шаралардың төлем балансының сыни жағдайына қарай сыртқы есептеулермен жағдайдың күрт ушығуын тоқтата алмаса, төлем балансының түсініктері бойынша жаңа сандық шектеулер енгізуден қашқақтауға тырысады. Мүше сандық шектеулерді қолданған жағдайларда, ол неліктен бағаға негізделгеншаралар төлем балансын реттеу үшін жеткілікті құрал болып табылмайтынының себебін көрсете отырып, түсініктеме береді. Сандық шектеулерді сақтап қалатын мүше одан арғы кеңес беру барысында ондай шаралар мен олардың шектеуші әсерін айтарлықтай қысқартуға қалайша қол жеткізілгені туралы хабарлайды. Бұл дегеніміз бір тауарға төлем балансының түсініктері бойынша шектеуші импорттыңбіреуден артық шаралары қолданылмайды дегенді білдіреді.

      4. Мүшелер төлем балансы түсініктері бойынша қабылданатын импортты шектеу бойынша шаралар импорттың жалпы деңгейін шектеу мақсатында ғана қолданала алатынын, және төлем балансының жағдайына байланысты қажеттілік аясынан шыға алмайтынын растайды. Теріс қорғаныс әсерді аз мөлшерге жеткізу мақсатында мүше транспаренттік жағдайларында шектеулерді қолданады. Импорттайтын мүшенің құзыретті органдары шектеулерге қатысты болатын тауарларды таңдау үшін қолданылатын белгілердің жеткілікті негіздемесін ұсынады. ХІІ баптың 3 тармағына және XVIII баптың 10 тармағына сәйкес мүшелер алғашқы қажеттіліктің кейбір маңызды тауарларына қатысты барлық импортқа қолданылатын қосымша жиындарды немесе төлем балансының түсініктері бойынша қолданылатын басқа шаралардыңқолданылуын алып тастай алады немесе шектей алады. "Алғашқы қажеттіліктің маңызды тауарлары" терминін тұтынудың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған тауарларды немесе өндіріс құралдары немесе өндірістік мақсаттағы тауарлар сияқты төлем балансымен жағдайды жақсарту бойынша мүшенің күш салуларына жағдай жасайтын тауарлар ретінде түсіну қажет. Сандық шектеулерді қолдана отырып, мүше импортты шектеуші лицензиялауды өз қарауына қарай оның күшін жоя отырып, болдырмау мүмкін болмаған жағдайда қоладана алады. Импорттауға рұқсат етілген тауарлардың санын немесе құнын анықтау үшін қолданылатын белгілерге қатысты сәйкес негіздемелер ұсынылады.

      Төлем балансымен байланысты шаралар бойынша кеңес беру рәсімдері.

      5. Шектеулер бойынша комитет төлем балансына байланысты (осы Келісімде "Комитет" ретінде көрсетілген) төлем балансының түсініктері бойынша қолданылатын барлық шектеуші импорттық шараларды қарастыру мақсатында кеңес беруді жүргізеді. Комитеттегі мүшелік оның жұмысына қатысамын деп ниет білдірген барлық мүшелер ашық. Комитет төменде берілген ережелерді есепке ала отырып, 1970 ж. 28 сәуірі мақұлданған төлем балансының түсініктері бойынша шектеулер сұрақтары бойынша кеңес беру рәсімін қолданады (BISD 18S/48-53, осы Келісімде одан әрі "кеңес берулердің толық рәсімі" ретінде көрсетілген).

      6. Жаңа шектеулерді қолданатын немесе осындай шараларды айтарлықтай күшейту арқылы өзінің қолда бар шектеулерінің жалпы деңгейін арттыратын мүше Комитетпен кеңестерге осындай шаралар қабылданған сәттен бастап төрт ай ішінде кіріседі. Осындай шараларды қабылдайтын мүше кеңес берулер ХІІ баптың 4 (а) тармағына және XVIII баптың 12 (а) тармағына сәйкес жүргізілгені туралы сұрай алады. Егер мұндай өтініш жасалмаған жағдайда Комитеттің төрағасы бұл мүшеге кеңес беруге кірісуге ұсыныс жасайды. Кеңес берулер барысында inter alia, төлем балансының түсініктері бойынша шектеу шараларының жаңа түрлерін енгізу немесе шектеулер деңгейін немесе олар қамтитын тауарлардың шеңберін арттыру сияқты факторлар қарастырылуы мүмкін.

      7. Төлем балансының түсініктері бойынша қолданылатын барлық шектеулер кеңес беретін мүшемен келісім бойынша кеңес берулердің мерзімділігін өзгерту мүмкіндігімен немесе Басты кеңес тарапынан ұсынылуы мүмкін қарастырудың арнайы рәсімінің негізінде XII баптың 4 (b) тармағына немесе XXVIII баптың 12 (b) тармағына сәйкес Комитеттің мерзімді қарастыруына жатады.

      8. Кеңес берулерді аз дамыған елдер-мүшелер жағдайында немесе Комитет бұдан бұрын болған кеңестерде ұсынған кестеге сәйкес ырықтандыру бойынша күш салатын дамып келе жатқан елдер-мүшелер жағдайында 1972 ж. 19 желтоқсаны қабылданған жеңілдетілген рәсім бойынша жүргізуге болады (BISD 20S/47-49, осы Келісімде одан әрі "кеңес берулердің жеңілдетілген рәсімі" деп аталатын). Кеңес берулердің жеңілдетілген рәсімін дамып келе жатқан мүше-елдің сауда саясатының шолуы және онымен кеңес жүргізу бірдей күнтізбелік жылға белгіленген жағдайларда қолдануға болады. Бұндай жағдайларда кеңес берудің толық рәсімін пайдалану туралы шешім 1979 ж. Декларацияның 8 тармағында көрсетілген факторлардың негізінде қабылданады. Аз дамыған мүше-елдерді қоспағанда жеңілдетілген рәсімдер бойынша қатарынан екі кеңес беруден артық жүргізуге болмайды.

      ___________________________

      1 Осы Келісімдегі еш нәрсе ГАТТ 1994XII немесе XVIII баптарындағы мүшелердің құқықтары мен міндеттемелерін өзгерту мақсатын көздемейді. Дауларды шешу туралы КЕлісім аясында әзірленген және қолданылатын ГАТТ 1994 XХII және XХIII баптарының қағидалары төлем баланстарының түсініктері бойынша қабылданған шектеуші импорттық шараларды қолданумен байланысты туындайтын кез келген мәселелерге қатысты қолданылуы мүмкін.

Ескерту мен құжаттама

      9. Мүшелер Басты кеңесті олар енгізген төлем балансының түсініктері бойынша қабылданған импортқа қатысты шектеу шараларын қолданудағы кез келген өзгерістер, сондай-ақ 1 тармаққа сәйкес жарияланған осындай шаралардың күшін жою кестесіндегі кез келген өзгерістер туралы немесе кез келген ескертеді. Айтарлықтай өзгерістер туралы ескертулер Басты кеңеске жарияланғаннан кейін немесе осындай хабарландырудан кейін 30 күннен кешіктірмей берілуі тиіс. Жыл сайын әрбір мүше Хатшылыққа мүшелердің қарастыруы үшін заңдардағы, қаулылардағы, бағдарламалық өтініштердегі және жарияланған ресми хабарламалардағы барлық қзгерістерді қоса ала отырып, еркін ескерту ұсынады. Ескертулерге, мүмкіндігінше, олардың жүзеге асырылуының белгілерінде қолданылатын шаралардың сипаттары, қамтылған тауарлардың шеңбері және қозғалған тауар ағындары туралы тарифтік орындардың деңгейінде толық ақпарат енеді.

      10. Кез келген мүшенің өтініші бойынша ескертулерді Комитет қарастыруы мүмкін. Бұндай қарастыруларескертуде көтерілген нақты сұрақтарды анықтаумен немесе ХІІ баптың 4 (а) тармағының немесе XVIII баптың 12 (а) бабының негізіндегі кеңес берулердің қажеттілігі туралы сұрақты зерделеумен шектеледі. Басқа мүше қолданатын импортқа қатысты шектеу шарасы төлем балансының түсініктері бойынша қабылданған деп есептеуге негіздемесі бар мүшелер бұл сұрақты Комитеттің алданда көтере алады. Сонымен бірге Комиеттің төрағасы бұл шара туралы ақпаратты сұратады және ол туралы барлық мүшелерге хабарлайды. Кеңес беру барысында сәйкес түсініктемелерге қол жеткізудегі Комиеттің кез келген мүшесінің құқықы үшін залалсыз кеңес беретін мүшіне қарастыруы үшін сұрақтар алдын ала берілуі мүмкін.

      11. Кеңес беретін мүше кеңес берулерге негізгі құжатты дайындайды, оның пікірі бойынша, іске қатысты кез келген ақпаратқа қосымша ретінде келесілер енеді: (а) төлем балансының жағдайына және оның болашағына шолу, соның ішінде төлем балансының жағдайына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды қарастыру, сондай-ақ салауатты және ұзақ уақытты негізде тепе-теңдікті қалыптастыру мақсатында қабылданған ішкі саясаттың шаралары; (b) төлем балансының түсініктері бойынша қабылданған шектеу шараларының, олардың құқықтық негіздерінің және теріс қорғаныс әсерін босаңсыту үшін қабылданған шаралардың толық сипаттамасы; (с) Комитет қорытындыларының аясында импортты ырықтандыру мақсатында соңғы кеңес беру уақытынан қабылданған шаралар; (d) қалған шектеулердің күшін жою және біртіндеп босаңсыту жоспары. Сәйкес жағдайларда ДСҰ ұсынылған басқа да ескертулер немесе баяндамаларда болатын ақпаратқа сілтеме жасалынуы мүмкін. Кеңес берудің жеңілдетілген рәсімі жағдайында кеңес беретін мүше негізгі құжатта берілген сұрақтар бойынша айтарлықтай маңызды ақпарат болатын жазбаша өтінішті ұсынады.

      12. Комитетте кеңес берулерге көмек беру мақсатында Хатшылық кеңес берулер жоспарының әр түрлі аспектілері бойынша фактілеріне негізделген анықтамалық құжат дайындайды. Дамып келе жатқан мүше-ел жағдайында хатшылық іске қатысты анықтамалық ақпаратты және сыртқы сауда жағдайының кеңес алатын мүшенің төлем балансының жағдайы мен болашағына әсері туралы талдамалық материалды енгізеді. Хатшылықтың техникалық әсер ету қызметі дамып келе жатқан ел-мүшенің өтініші бойынша кеңес берулерге құжаттар дайындауда көмек көрсетеді.

Кеңес берулердің қорытындысы бойынша және төлем балансы бойынша қорытындылар

      13. Комитет өзінің кеңес берулерінің қорытындысы бойынша басты кеңеске баяндама ұсынады. Кеңес берулердің толық рәсімдері қолданылған жағдайда баяндамаға кеңес беру жоспарының әр түрлі сұрақтары бойынша Комитеттің қорытындысы, сондай-ақ олар негізделген фактілер мен мотивтер енеді. Комитет өзінің қорытындыларына XII және XVIII:В баптарын, 1979 ж. Декларацияны және осы Келісімді орындауда көмек көрсетуге бағытталған ұсыныстар туралы болжамдарды енгізуге тырысуы тиіс. Төлем балансының түсініктері бойынша қолданылатын шектеу шараларының күшін жою кестесі ұсынылған жағдайларда, Басты кеңес осындай кестені сақтайтын мүше ГАТТ 1994 бойынша өзінің міндеттерін орындайтын ретінде қарастырылатыны туралы ұсыныстар енгізе алады. Егер Басты кеңес нақты ұсыныстар енгізген болса, мүшелердің құқықтары мен міндеттері осындай ұсыныстардың шеңберінде қарастырылады. Басты кеңестің ұсыныстары туралы нақты ұсыныстар болмағанда, Комитеттің қорытындысында оның жұмысының барысында айтылған әр түрлі пікірлер бейнеленеді. Кеңес берулердің жеңілдетілген рәсімі қолданылған жағдайда баяндамаға Комитет қарастырған негізгі сұрақтардың түйіндемесі мен кеңес берулердің толық рәсімін қолданудың мақсатқа қонымдылығы туралы шешім енгізіледі.

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА БОЙЫНША БАСТЫ КЕЛІСІМНІҢ XXIV БАБЫН ТҮСІНДІРУ КЕЛІСІМ

      Мүшелер,

      ГАТТ 1994 XXIV бабының қағидаларын назарға ала отырып;

      ГАТТ 1947 құрылған уақыттан бастап кедендік одақтардың және еркін сауда аймақтарының саны мен мағынасы айтарлықтай артқанын, және қазіргі уақытта олардың үлесіне әлемдік сауданың айтарлықтай бөлігі келетінін мойындай отыра;

      осындай келісімдер қатысушыларын экономикалық ықпалдастырудың арқасында енгізілуі мүмкін әлемдік сауданы кеңейтудегі үлесті мойындай отыра;

      бұндай салым құрамдас аймақтардың арасындағы барлық саудаға баж салығын алып тастау және сауданы реттеудің басқа да шектеу шараларын таратуды қолға алған жағдайда артатынын және сауданың қандай да бір маңызды секторын алып тастау жағдайында азаятынын мойындай отыра;

      бұндай келісімдердің мақсаты осындай аймақтары бар басқа мүшелердің саудадағы кедергілерін арттыру емес; және оларды қалыптастырған немесе кеңейткен жағдайда олардың қатысушылары ең жоғары деңгейдегі мүмкін дәрежеде басқа мүшелердің саудасына қолайсыз әсер етуден қашқақтайды, құрамдас аймақтар арасындағы сауданы жеңілдету болып табылатынын тағы да растай отыра;

      жаңа немесе кеңейтілген бағалау белгілері мен үдерістерін нақтылау, сондай-ақ XXIV баптың барлық баптарына қатысты болатын барлық келісімдер бойынша транспаренттікті қамтамасыз ету арқылы XXIV баптың негізінде ескертулер жүргізілген келісімдерді қарастыруда тауарлар саудасы бойынша Кеңестің әрекетті рөлін күшейту қажеттігіне көз жеткізе отырып;

      XXIV баптың 12 тармағына сәйкес мүшелердің міндеттемелерін жалпы түсіну қажеттігін мойындай отыра;

      төмендегі туралы келісім жасады:

      1. Кеден одақтары, еркін сауда аймақтары және кеден одақтарын немесе еркін сауда аймақтарын құруға әкелетін уақытша келісімдер XXIV бапқа сәйкес келу мақсатында inter alia, көрсетілген баптың 5, 6, 7 және 8 тармақтарының қағидаларын қанағаттандыруы тиіс.

XXIV-БАП:5

      2. XXIV баптың 5 (а) тармағына сәйкес бағалау кеден одағы құрылғанға дейін және кейін қолданылған баж салықтары мен сауданы реттеудің басқа шараларының әсер ету дәрежесінің жалпы әсер етуі, баж салығы мен жиындарға қатысты орташа бағамдалған тарифтік мөлшерлемелер мен алынатын кедендік баж салықтарының толық бағасына негізделеді. Бұл баға тарифтік ұстанымдар бойынша кеден одағының тарапынан ұсынылған бұдан бұрынға өкілеттік мерзімдегі импорттың статистикасына ДСҰ мүшелері болып табылатын елдердің шығу тегі бойынша бөлінуде бағалық және сандық мағынада негізделеді. Хатшылық орташа бағамдалған тарифтік мөлшерлемелере мен өндіріп алынған кедендік баж салықтарын көп тараптық сауда келіссөздерінің Уругвайлық раундының барысында тарифтік ұсыныстар бағасында қолданылған әдіснамаға сәйкес есептейді. Осы мақсатта назарға алынатын бажсалықтары мен жиындары қолданылатын баж салықтары болып табылады. Сандық мөлшері мен біріктіру күрделі болып табылатын сауданы реттеудің басқа шараларының әсерін толықтай бағалау үшін жеке шараларды, қаулыларды, қозғалған тауарлар мен тауар ағындарының шеңберін зерделеу қажет болуы мүмкін екені мойындалады.

      3. XXIV баптың 5 (с) тармағында көрсетілген "Уақтыттың қисынды мерзімі" тек айрықша жағдайларда ғана 10 жылдан артық болуы мүмкін. Мүшелер уақытша келісімнің тараптары болып табылатын жағдайларда он жылдық мерзім жеткіліксіз деп есептеледі, олар тауарлар саудасы бойынша Кеңеске салыстырмалы түрде одан да ұзақ мерзімнің қажет екені туралы түсініктеме ұсынады.

XXIV-БАП:6

      4. XXIV баптың 6 тармағы кеден одағын құратын мүше баж салығының байланысты мөлшерлемесін арттыруға ниет білдірген жағдайлар үшін рәсімді белгілейді. Осыған байланысты мүшелер 1980 ж. 10 қарашасында қабылданған ұсыныстар (ВISD 27S/26-28) және ГАТТ 1994 XXVIII бап туралы Келісім негізінде әзірленген XXVIII белгіленген рәсім кеден одағының құрылуына байланысты немесе кеден одағының құрылуына әкелетін уақытша келісімнің жасалуына байланысты тарифтік жеңілдіктерді өзгертуге немесе қайтарып алғанға дейін басталуы тиіс екенін растайды.

      5. Бұндай келіссөздер жәрдемақыға қатысты өзара жарамды реттеуге қол жеткізу мақсатында еркін қалау түрінде жүргізілетін болады. Осындай келіссөздер барысында XXIV баптың 6 тармағында қарастырылғандай, құрылғаннан кейін кедендік одақтың басқа қатысушылары жүзеге асырған тарифтік ұстаным бойынша баж салығын төмендету қажетті деңгейде есепке алынады. Егер бұндай төмендетулер қажетті жәрдемақыны ұсыну үшін жеткіліксіз болса, кеден одағы басқа тарифтік ұстанымдар бойынша баж салығын төмендету түрінде жәрдемақы ұсынуға міндетті. Бұндай ұсыныстарды байланысты тарифтердің өзгеруіне немесе қайтарып алынуына байланысты осындай келіссөздер жүргізуге құқығы бар мүшелердің назарына алынады. Егер ұсынылатын жәрдемақы тиімсіз болып табылса, келіссөздерді жалғастыру қажет. ГАТТ 1994 XXVIII бабын түсіндіру туралы Келісімнің қағидаларын есепке ала отыра, XXVIII бап бойынша жәрдемақы ұсыну туралы келіссөздер барысында жұмылдырылған барлық тырысуларға қарамастан, келіссөздер басталған уақыттан уақыттың қисынды мерзімі ішінде келісімге қол жеткізілмесе, кеден одағының, жеңілдіктерді өзгертуге немесе күшін жоюға құқығы болады; мүдделері қозғалған мүшелер, бұл жағдайда XXVIII бапқа сәйкес мәні жағынан тең болып келетін жеңілдіктерді қайта шақыртып алуға құқығы болады.

      6. ГАТТ 1994 оның аумақтарын құрайтын жәрдемақы ұсынатын кеденді одақтың құрылуына әкелетін кедендік одақты немесе уақтыша келісімді құрудың нәтижесінде баж салығын төмендетуден пайда табатын мүшелерге міндеттемелер артпайды.

Кедендік одақтар мен еркін сауда аймақтарын қарастыру

      7. XXIV баптың 7 (а) тармағына сәйкес жасалған барлық ескертулерді ГАТТ 1994 қағидаларына және осы Келісімнің 1 тармағына сәйкес келетін жұмыс тобы қарастырады. Жұмыс тобы өзінің қорытындыларымен тауарлар саудасы бойынша Кеңеске баяндама ұсынады. Тауарлар саудасы бойынша Кеңес өзі қажет деп есептейтін мүшелерге осындай ұсыныстар бере алады.

      8. Уақытша келісімдер бойынша жұмыс тобы өзінің баяндамасында кедендік одақты немесе еркін сауда аймақтарын құруды аяқтау үшін қажетті шаралар мен болжамды кестеге сәйкес ұсыныстар енгізе алады. Қажет болған жағдайда ол келісімді қарастырудың рәсімін ұзарта алады.

      9. Уақытша келісімнің тараптары болып табылатын мүшелер тауарлар саудасы бойынша Кеңесті келісімге енгізілген жоспар мен кестедегі айтарлықтай өзгерістер туралы ескерте алады, ал Кеңес сәйкес өтініш келіп түскен жағдайда осындай өзгерістерді қарастырады.

      10. Егер ескерту ұсынылған уақытша келісім XXIV баптың 7 (а) тармағына сәйкес, XXIV баптың 5 (а) тармағының ережелеріне қарамастан, жоспар мен кесте енгізілмесе, жұмыс тобы өзінің баяндамасында осындай жоспар мен кестені құруға ұсыныс жасайды. Бұл жағдайда қатысушылар бұндай келісімді күшінде қалдыра алмайды немесе енгізе алмайды, егер көрсетілген ұсыныстарға сәйкес оны өзгертуге келісім бермеген жағдайда. Нәтижесінде көрсетілген ұсыныстардың орындалуын одан әрі қарастыру қажет.

      11. Кеден одақтары және еркін сауда аймақтарын құрайтын аумақтар ГАТТ 1947 КЕЛІСІМ ЖАСАЙТЫН ТАРАПТАРМЕН олардың өңірлік келісімдер туралы баяндамаларға қатысты (ВISD 18S/38) ГАТТ 1947 Кеңесінің нұсқаулығында қарастырылғандай, мерзімді түрде тауарлар саудасы бойынша Кеңесті сәйкес келісімнің әрекеті туралы хабарлап отырады. Келісімге енгізілетін кез келген айтарлықтай түзетулер және/немесе қосымшалар олар енгізілгенге қарай хабарланып отырады.

Дауларды реттеу

      12. ГАТТ 1994 XXII және XXIII баптарының қағидалары, дауларды шешу туралы Келісімнің ережелерін есепке ала отырып, кедендік одақтарғ, еркін сауда аймақтарына немесе кедендік одақты немесе еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімдерге қатысты XXIV баптың қағидаларын қолдануға байланысты туындайтын кез келген сұрақтарға қатысты пайдаланылуы мүмкін.

XXIV-БАП:12

      13. ДСҰ әрбір мүшесі ГАТТ 1994 бойынша оның барлық ережелерінің сақталуына толық жауапты болады өңірлік және жергілікті өкілдер және өзінің аумағының аясында биліктер сақтауды қамтамасыз ету үшін оның өкімінде болатын барлық қисынды шараларды қабылдайды.

      14. ГАТТ 1994 XXII және XXIII баптарының қағидалары, дауларды шешу туралы Келісімнің ережелерін есепке ала отырып, өңірлік және жергілікті өкілдер және өзінің аумағының аясында биліктер қабылданған сақтауларға қатысты болатын шараларға қатысты қолданылуы мүмкін. Егер Дауларды шешу жөніндегі орган ГАТТ 1994 қағидаларын сақтамау фактісін белгілесе, бұл жағдай қатысты болатын мүше, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін оның өкіміндегі барлық қисынды шараларды қабылдайды. Жәрдемақы мен жеңілдіктер немесе басқа міндеттемелердің әрекетін уақытша тоқтатуға қатысты қағидалар көрсетілген міндеттемелерді сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады.

      15. Әрбір мүше ерікті түрде оның аумағының аясында қабылданған ГАТТ 1994 әрекетіне қатысты болатын шараларға қатысты басқа мүше жасаған ұсыныстарды қарастыра отырып, кеңестер беруге назар аударуға және жеткілікті мүмкіндіктер ұсынуды міндетіне алады.

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА БОЙЫНША БАСТЫ КЕЛІСІМ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН БОСАТУҒА ҚАТЫСТЫ КЕЛІСІМ

      Мүшелер төмендегілер туралы келісім жасайды:

      1. Міндеттемелерден уақытша босату немесе қолданыстағы босатуды ұзарту туралы өтінішке мүше қабылдауды көздейтін шаралардың сипаттамасы, мүше орындауды көздейтін нақты саяси мақсаттар және мүше ГАТТ 1994 бойынша оның міндеттемелерімен үйлесімді шаралардың өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданбауы бойынша себептер енуі тиіс.

      2. ДСҰ туралы Келісімнің күшіне ену күніне әрекет ететін міндеттемелерден кез келген босату әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ДСҰ туралы Келісім күшіне енгеннен кейін екі жылдан кейін, осы екі мерзімнің қайсысы бұрын болатынына байланысты, өзінің әрекет етуін тоқтатады (егер ол жоғарыда келтірілген рәсімге сәйкес және ДСҰ туралы Келісімның ІХ бабының ережелеріне сәйкес ұзартылмаса).

      3. Басымдықтар ГАТТ 1994 бойынша алынған деп есептейтін кез келген мүше төмендегілердің нәтижесінде жойылады немесе азайтылады:

      (а) міндеттемелерден босату ұсынылған мүшенің осы шарттарды орындаудағы қабілетсіздігі, немесе

      (b) міндеттемелерден босатуды ұсынудың шарттарына сәйкес келетін шараларды қолдану,

      Дауларды шешу туралы Келісімге сәйкес толықтырылған және қолданылатын ГАТТ 1994 ХХІІІ бабының қағидаларына жүгіне алады.

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА БОЙЫНША БАСТЫ КЕЛІСІМНІҢ XXVIII БАБЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Мүшелер төмендегілер туралы келісім жасайды:

      1. Жеңілдікті өзгерту немесе күшін жою мақсаттары үшін жеңілдікпен қамтылған экспорттың ең жоғары үлесі бар мүше (яғни, жеңілдікті өзгертетін немесе күшін жоятын мүшенің нарығына тауар экспорты) оның жалпы экспортында бастапқы келіссөздер құқықтары болмаса, немесе XXVIII баптың 1 тармағының негізінде негізгі мүдделі жеткізушіболып табылмаса, ол негізгі мүдделі жеткізуші болып есептеледі. Сонымен қатар көрсетілген тармақты шағын және орташа экспорттаушы-елдердің пайдасына келіссөздерді қайта бөлуді қамтамасыз ету бойынша осы белгінің әрекетін қанағаттандыру сұрағын шешу үшін ДСҰ туралы Келісім күшіне енгеннен кейін бес жылдан кейін тауарлар саудасы Кеңесі қайта қарастырады деп келісілген. Егер оның әрекеті қанағаттанғысыз болып танылса, мүмкін жақсартулар туралы ұсыныстар дайындалатын болады, соның ішінде сәйкес ақпарат болған кезде, жеңілдікке қатысты экспорттың үлесіне негізделген белгіні қабылдау, барлық нарықтарға берілген тауарлардың экспорты.

      2. Егер мүше 1 тармақтың негізінде өзін негізгі мүдделі жеткізуші деп есептеген жағдайда, ол өзінің талаптарын жазбаша түрде сәйкес дәлелдемелермен жеңілдікті өзгертуге немесе алып тастауға ниетті мүшеге жібереді және бір уақытта бұл туралы Хатшылықты хабардар етеді. Бұндай жағдайларда 1980 ж. 10 қарашасы қабылданған "XXVIII бабы бойынша келіссөздер рәсімдері" 4 тармағы қолданылады (BISD 27S/26-28).

      3. Қандай мүшелер негізгі мүдделі жеткізушілер (жоғарыда көрсетілген 1 тармақтың немесе XXVIII баптың 1 тармағының негізінде) , ал қандайлары – айтарлықтай мүдделі жеткізушілер болып табылатыны туралы сұрақты шешу кезінде қозғалатын тауарлар саудасы және РНБ негізінде жүзеге асырылатын саудасы ғана есепке алынады. Алайда келісімді емес преференция негізіндегі аталмыш тауардың саудасы сонымен бірге осындай саудада преференциалды режимнің басымдығы әрекет етуін тоқтатқан жағдайда және ол ең жоғары деңгейдегі қолайлылық режиміне қайтып келген жағдайда, жеңілдікті өзгерту немесе қайтып алу туралы келіссөздер уақытында есепке алынады немесе бұл осы келіссөздер аяқталған сәтте жүргізіледі.

      4. Жаңа тауарға (яғни үш жылдық мерзімде саудалық статистикасы жоқ тауар) тарифтік жеңілдік өзгерген немесе қайтарып алынған жағдайда тауар жіктеліп отырған немесе бұдан бұрын жіктелген тауар бойынша тарифтік ұстаным бойынша бастапқы келіссөздер жүргізу құқығы бар мүше осы жеңілдік бойынша келіссөз жүргізу құқығы бар ретінде қарастырылады. Негізгі мүдделі және айтарлықтай мүдделі жеткізушілерді анықтау кезінде жәрдемақыны есепке алу кезінде, атап айтқанда, өндірістік қуаттылықтар және экспорттаушы-мүшенің сөз болған тауар бойынша инвестициялары; экспорт өсуінің бағасы, осы тауарға деген сұранысының болжамы; сондай-ақ импорттаушы-мүшенің осы тауарға деген сұранысының болжамы есепке алынады. Осы тармақтың мақсаттары үшін "жаңа тауар" қолданыстағы тарифтік ұстанымнан бөліп алу жолымен қалыптастырылған жаңа тарифтік ұстаным дегенді білдіреді.

      5. Егер мүше өзін 4 тармақ қағидаларының негізінде негізгі мүдделі немесе айтарлықтай мүдделі жеткізуші болып табыламын деп есептесе, ол жазбаша түрде сәйкес дәлелдерімен жеңілдікті өзгертуге немесе қайтарып алуға ниетті мүшеге талап жібереді және бір уақытта бұл туралы Хатшылықты хабардар етеді. Бұндай жағдайларда "XXVIII бабы бойынша келіссөздер рәсімдері" 4 тармағы қолданылады.

      6. Егер шектелмеген тарифтік жеңілдік тарифтік квотамен алмастырылған жағдайда, жәрдемақының қарастырылған сомасы жеңілдікті өзгертумен нақты қозғалған сауданың көлемінен артық болуы тиіс. Жәрдемақыны есептеу үшін негіз ретінде болашаққа болжанатын сауда квотаның деңгейінен артық болатын көлем болуы тиіс. Сонымен бірге болжанатын сауданың есебі келесі көлемдердің ішіндегі үлкенінің негізінде жасалуы тиіс екенін түсінікті:

      (а) көлемдердің қайсысы үлкен болып келетініне байланысты сол мерзімге немесе 10 пайызға импорттың орташа жылдық өсуіне көбейтілген ең жақын арадағы өкілдік үш жылдық мерзімдегі орташа жылдық сауда; немесе

      (b) 10 пайызға көбейтілген ең жақын жылдық мерзім ішіндегі сауда.

      Жәрдемақы бойынша мүшенің міндеттемесінің деңгейі жеңілдіктің толықтай күшін жою нәтижесінде туындауы мүмкін деңгейден артық болуы мүмкін емес.

      7. Негізгі мүдделі жеткізуші болып табылатын кез келген мүшеге (немесе 1 тармақтың негізінде, немесе XXVIII баптың 1 тармағының негізінде) өзгерту немесе күшін жоюдың мәні болып табылатын жеңілдікке қатысты жәрдемақының басқа нысаны сәйкес мүшелердің арасында келісілмеген жағдайда жәрдемақы жеңілдіктері бойынша бастапқы келіссөз жүргізу құқығы ұсынылады.

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА БОЙЫНША БАСТЫ КЕЛІСІМНІҢ МАРРАКЕШ ХАТТАМАСЫ

      Мүшелер,

      Уругвай раунды туралы министрлердің декларациясына сәйкес ГАТТ 1947 аясында келіссөздер жүргізіп,

      төмендегілер туралы келісім жасайды:

      1. Осы Хаттамаға қоса берліген және қандай да бір мүшеге қатысты болатын тізілімосы мүше үшін ДСҰ туралы Келісім күшіне енетін күні осы мүшеге жататын ГАТТ 1994 Тізілім болып табылады. Аз дамыған елдердің пайдасына шаралар туралы министрлердің шешімдеріне сәйкес ұсынылған кез келген Тізілім осы Хаттамаға қоса берілді деп есептеледі.

      2. Әрбір мүше мақұлдаған тарифтерді төмендету мүшенің Тізілімінде басқа қарастырылмаса, тең үлестердің бесеуімен жүргізіледі. Бірінші бұндай төмендету ДСҰ туралы Келісім күшіне енген күнге, әрбір келесі төмендету әрбір келесі жылдың 1 қаңтары күні жүргізіледі, ал соңғысы нақты мүшенің тізілімінде басқасы қарастырылған жағдайларды қоспағанда ДСҰ туралы Келісім күшіне енген күннен бастап төрт жылдан кешіктірмей жүргізіледі. Басқасы Тізілімде көрсетілмесе, ДСҰ туралы Келісімді қабылдайтын мүше ол күшіне енгеннен кейін көрсетілген Келісім күшіне енген күнге жүргізеді, сондай-ақ келесі жылдың 1 қаңтарына жүргізуге міндетті төмендету, және бұдан бұрынғы ұсынысқа сәйкес Тізілімде қарастырылған барлық төмендетулерді жүргізеді. Әрбір дәрежедегі төмендету мөлшерлемесі ондық үлеске дейін жинақталады. Ауыл шаруашылық өнімдер бойынша, ауыл шаруашылығы бойынша Келісімнің 2 бабында анықталғандай, төмендетулердің кезеңділігі тізілімдердің сәйкес бөліктерінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Осы Хаттамаға қоса берілген тізілімдердегі жеңілдіктер мен міндеттемелерді жүзеге асыру сәйкес өтініш жағдайында мүшелердің жан жақты қарастыруының мәні бола алады. Бұндай қарастыру ДСҰ туралы КЕлісімнің 1 А қосымшасындағы Келісімдер бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттемелеріне шек қоймай жүргізіледі.

      4. Қандай да бір мүшеге қатысты және осы Хататмаға қоса берліген тізілім 1 тармақтың қағидаларына сәйкес ГАТТ 1994 Тізіліміне айналғаннан кейін бұл мүше ГАТТ 1994 тізіліміне әлі де айнала қоймаған Уругвай раундының кез келген қатысушысы болып табылатын негізгі жеткізуші кез келген тауарға қатысты осындай Тізілімде болатын жеңілдікті толығымен немесе ішінара уақытын кейінге шегере немесе қайтарып ала алады. Бұндай іс-әрекет, алайда, тауарлармен сауда бойынша Кеңеске жеңілдікті кез келген кейінге қалдыру немесе қайтарып алу туралы жазбаша ескерту жолдағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін, және кеңес беру жүргізілгеннен кейін өтініш белдірілгеннен кейін кез келген мүше ГАТТ 1994 тізілімі болып табылатын сәйкес тізілім және осы тауарға деген айтарлықтай қызығушылығы бар. Осылайша мерзімге кейінге шегерілген немесе қайтарып алынған кез келген жеңілдіктер негізгі жеткізуші болып табылатын мүшенің тізілімі ГАТТ 1994 Тізіліміне айналатын күннен қолданылады.

      5. (а) Ауыл шаруашылығы бойынша Келісімнің 4 бабы 2 тармағының қағидалары үшін зиянсыз, осы Хаттамаға қоса берілген жеңілдіктердің тізілімінде қарастырылған жеңілдіктің мәні болып табылатын әрбір тауарға қатысты қолданылатын күн ГАТТ 1994 ІІ бабының 1 (b) және 1 (с) тармақтарында көрсетілген Келісімнің күніне сілтеме мақсатында осы Хаттаманың күні болып табылады.

      (b) Осы Хаттамаға қоса берілген жеңілдіктердің тізіліміне қатысты қолданылатын күн ГАТТ 1994 ІІ бабының 6 (а) тармағында көрсетілген Келісімнің күніне сілтеме мақсатында осы Хаттаманың күні болып табылады.

      6. Тізілімдердің ІІІ бөлігіндегі тарифтік емес шараларға жататын жеңілдіктерді өзгерткен немесе қайтарып алған жағдайда, ГАТТ 1994 XXVIII бабының қағидалары және 1980 ж. 10 қарашасы қабылданған "XXVIII бап бойынша келіссөздер рәсімдері" қолданылады. Бұндай қолдану ГАТТ 1994 бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттемелеріне шек қоймауы тиіс.

      7. Осы Хаттамаға қоса берілген тізілім қандай да бір тауарға қатысты қолайсыз режим туындатқан жағдайлардың әрқайсысында осы тізілім қатысты болатын мүше XXVIII ГАТТ 1947 немесе ГАТТ 1994 бабына сәйкес қажетті болуы мүмкін сәйкес іс-әрекетті орындады дегенді білдіреді. Бұл тармақтың қағидалары тек мысырға, перуге, Уругвайға және Оңтүстік Африкаға ғана қатысты қолданылады.

      8. Осы Хаттамаға қоса берілген Тізілімдер әрбір Тізілімде көрсетілгендей ағылшын, испан және француз тілдерінде бірдей болып табылады.

      9. Осы Хаттаманың күні 1994 ж. 15 сәуір болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады