1994 ТАРИФТЕР МЕН САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ VI БАБЫН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім.

      ЗҚАИ ескертпесі!
      Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.

      Мүшелер осымен төмендегі туралы келіседі:

I БӨЛІМ

1-БАП
Қағидаттар

      Демпингке қарсы шара ГАТТ 1994 VI бабында қарастырылған жағдайларда ғана және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес басталып1 жүргізілген тергеу нәтижесінде қолданылады. Төмендегі ережелер демпингке қарсы заңнама немесе нормативті актілер негізінде шара қолданғанда ГАТТ 1994 VI бабын қолдануды реттейді.

2-БАП
Демпинг фактісін анықтау

      2.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін тауар демпингтің мәні ретінде, яғни бір елден екінші елге экспортталған тауардың экспорттық бағасы экспорттайтын елде пайдалану үшін арналған ұқсас тауар саудасының әдеттегі жүрісі шеңберінде орнатылатын салыстырмалы бағасынан төмен болса, басқа елдің нарығына оның бір қалыпты құнынан төмен бағамен келіп түскен сияқты қарастырылады.

      2.2 Экспорттайтын елдің ішкі нарығында сауданың әдеттегі жүрісі шеңберінде ұқсас тауар сату болмаған жағдайда, немесе экспорттайтын елдің2 ішкі нарығында ерекше бір нарықтық жағдай немесе сату көлемі төмен болып осы сатулар тиісті салыстыру жүргізуге мүмкіндік бермесе, демпингтік маржа тауар тиісті үшінші елге экспортталған кезде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстыру жолымен анықталады, бірақ бұл баға таныстырмалы немесе шығарылған елдегі әкімшілік, сауда және жалпы шығындары мен пайдасының ақылға қонымды сомасы қосылған өндіріс шығындарымен болу керек.

      1Осы Келісімде қолданылатын “бастамасы” деген термин, мүше 5-ші бапта қарастырылғандай ресми түрде тергеуді бастағандағы рәсімдік әрекетті білдіреді.

      2Экспорттаушы елдің ішкі нарығында тұтынуға арналған ұқсас тауар саудасы әдетте қалыпты құнын анықтауға жеткілікті мөлшерде жүзеге асырылатын болып қарастырылады, егер бұл сауда импортталатын мүшеге осы тауар саудасы бес немесе одан да көп пайыз құраса, онда келесі жағдайда қарастырылады, осындай көрсеткішке сәйкес ішкі нарықтағы сауда тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін айтарлықтай маңызды екенін дәлелдейтін дәлелдемелер болған жағдайда, аса төмен пайыздық көрсеткіште қолайлы болып есептелуі тиіс.

      2.2.1 Экспорттаушы елдің ішкі нарығындағы ұқсас тауарды әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды қосып, өндірістің үлестік (үнемі немесе ауыспалы) шығындарынан төмен бағамен сату немесе үшінші елге сату баға себебі бойынша сауданың әдеттегі жүрісі шеңберінен тыс жүзеге асырылатын болып қарастырылады және қалыпты құнын анықтаған кезде назарға келесі жағдайда алынбайды, егер құзыретті органдар3ондай сауданың ұзаққа созылған уақыт ішінде4 қомақты мөлшерде5 және ақылға қонымды уақыт ішінде барлық шығындардың өтелуін қамтамсыз етпейтін бағалар бойынша жүзеге асырылатынын анықтаса. Егер сауда кезінде үлестік шығындардан төмен бағалар тергеу кезеңінде орташа алынған үлестік шығындардан артса, онда мұндай бағалар ақылға қонымды уақыт ішінде шығындардың өтеуін қамтамасыз ететін болып қарастырылады.

      2.2.1.1 Құжаттар экспорттаушы елде жалпы жұрт қабылдаған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес келіп, осы тауардың өндірісі мен сатылымына байланысты шығындарды айтарлықтай дәл етіп көрсеткен жағдайда 2-тармақ мақсаттары үшін шығындар әдетте қатысты тергеу жүріп жатқан экспорттаушы немесе өндірушінің есеп құжаттары негізінде есептеледі. Құзыретті органдар шығындарды бөлу дұрыстығын растайтын және экспорттаушы немесе өндіруші ұсынатындарын қосқанда барлық дәлелдемелерді мынадай жағдайда назарға алады, егер осылай бөлуді экспорттаушы немесе өндіруші тарихи қолданса, атап айтқанда амортизация мен тозу, қаржы жұмсалымына аударымдар мен өндіріс дамуына кеткен басқа да шығындарды өтеудің тиісті кезеңдерін анықтауға қатысты. Егер бұл осы тармаққа сәйкес шығындарды бөлу кезінде есептелмесе, онда болашақ және/немесе ағымдағы өндірістің6 дамуы үшін арналған шығындардың мерзімсіз баптарын есепке алып немесе шығындарға тергеу кезеңінде өндірістің қалыптаса бастаған кезеңіндегі операциялар әсер ететін жағдайларда шығындар тиісті түрде түзетіледі.

      2.2.2 2-тармақтың мақсаттары үшін әкімшілік, сауда және жалпы шығындар мен пайда сомалары қатысты тергеу жүргізіліп жатқан экспорттаушы немесе өндіруші ұсынатын сауданың әдеттегі жүрісі шеңберіндегі ұқсас тауарды өндіру мен сату туралы нақты мәліметтерге негізделеді. Егер бұл сомалар осы негізде анықталмаса, олар келесі негізде анықталауы мүмкін:

      (i) экспорттаушы не өндіруші төлеген немесе бірдей санатты тауардың шығарылған еліндегі өнідірісі немесе ішкі нарығындағы саудаға байланысты алынған нақты сома;

      (ii) ұқсас тауарды өндіру немесе шығарылған елдің ішкі нарығында саудаға байланысты тергеу жүргізіліп жатқан басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер төлеген не алған орташа алынған нақты сома;

      (iii) қандай да бір басқа да ақылға қонымды әдіс келесі жағдайда ғана қолданылады, осындай әдіспен анықталған пайда сомасы басқа экспорттаушылар мен өндірушілер сол жалпы санаттағы тауарды тауар шығарылатын елдің ішкі нарығында сатқан кезде әдетте алынатын пайдадан аспауы тиіс.

      3Осы Келісімде қолданылатын "құзыретті органдар" термині тиісті жоғары деңгейдегі құзыретті органдарды білдіретінін түсіндіреді.

      4Ұзаққа созылған уақыт кезеңі әдетте бір жыл құрау керек, бірақ қандай да бір жағдай болмасын, алты айдан азырақ болмау керек.

      5 Құзыретті органдар қалыпты құнын анықтаған кезде назарға алатын мәмілелердің орташа алынған сату бағасы орташа алынған үлестік шығындардан төмен екенін немесе үлестік шығындардан төмен бағамен сату көлемі қалыпты құнын анықтаған кезде назарға алынатын мәмілелер бойынша сатулар көлемінен 20 пайыздан кем емес екенін анықтағанда үлестік шығындардан төмен бағамен сату едәуір мөлшерде жүзеге асырылады.

      6Өндірістің қалыптаса бастаған кезеңіндегі операцияларға түзету өндірістің қалыптаса бастаған кезеңінің аяғына келген шығындарды көрсетеді, ал егер бұл кезең тергеу кезеңі шегінен тыс болса, онда тергеу кезінде құзыретті органдармен назарға алынатын ең соңғы шығындарды көрсетеді.

      2.3 Экспорттық баға болмаған жағдайда немесе экспорттаушы мен импорттаушы не үшінші ел арасында байланыс бар немесе өтемақы келісімдеріне байланысты экспорттық баға сенім білдірмесе, экспорттық баға импортталатын тауарлар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылған баға негізінде немесе егер тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса не болмаса импортталынған түрінде қайта сатылмаса құзыретті органдар анықтаған ақылға қонымды негізде құрастырылады.

      2.4 Экспорттық баға мен қалып құн әділетті түрде салыстырылады. Мұндай салыстыру сауда операциясының бірдей сатысында жүргізілуі тиіс, әдетте зауыттан жөнелту кезінде және мүмкіндігінше бір уақытта жүзеге асырылған сатуларға қатысты жүргізіледі. Әрбір жағдайда баға салыстырмалылығы қозғайтын айырмашылығын есепке алатын қажетті тиісінше түзетулер жасалады, оларға сату жағдайлары мен шарттарындағы айырмашылық, салық салу, сауда деңгейі, мөлшері, жеке сипаттамалары, сондай-ақ баға салыстырмалылығына әсер ету дәлелдемелері ұсынылатын басқа да кез келген айырмашылықтар кіреді.7 3-тармақта көрсетілген жағдайларда импорт пен қайта сату арасындағы кезеңде төленген, сондай-ақ алынған пайдаға баждар мен салықты қоса алып, шығындарға түзетулер жасау керек. Егер мұндай жағдайда баға салыстырмалылығы қозғалатын болса, құзыретті органдар экспорттық баға құрастырылған кезеңге баламалы сауда операциясы кезінде қалыпты құнын орнатады немесе осы тармақта рұқсат етілген қажетті түзетулерді енгізеді. Құзыретті органдар мүдделі тараптарға әділетті салыстыруды қамтамасыз етуге қандай ақпарат қажет екенін көрсетеді және де сол тараптарға дәлелдемелерді ұсынуға аса ауыр ауыртпашылықтарды жүктемейді.

      7Жоғарыда аталған факторлардың кейбіреулері жартылай ұқсас болып келетіні және құзыретті органдар осы ережеге сәйкес енгізілген түзетулерді қайталамауға шаралар қабылдайтыны түсіндіріледі.

      2.4.1 Егер салыстыру 4-тармаққа сәйкес бір валютадан екіншіге қайта есептеуді талап етсе, онда қайта есептеу сату күніндегі8 айырбас бағамын пайдаланып жүргізіледі, ал егер шетелдік валютаның мерзімді нарықта сатылуы тиісті экспорттық жеткізіліммен тікелей байланыста болса, онда мерзімге сату кезінде қолданылатын айырбас бағамы пайдаланылады. Айырбас бағамдарының ауытқуы назарға алынбайды, және тергеу кезінде құзыретті органдар тергеу кезеңіндегі айырбас бағамының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, экспорттаушыларға экспорттық бағаларын түзету үшін ең кемінде 60 күн береді.

      2.4.2 Әділ салыстыру жүргізілуін реттейтін 4-тармақ ережелерін ескере отырып, демпингтік маржаның тергеу кезінде бар болуы әдетте барлық салыстырмалы экспорттық мәмілелердің орташа алынған қалыпты құнын орташа алынған бағалармен салыстыру негізінде немесе нақты мәмілелер бойынша қалыпты құнын экспорттық бағалармен салыстыру жолымен анықталады. Егер құзыретті органдар әр түрлі сатып алушылар, аймақтар немесе уақыт кезеңі арасында экспорттық бағалар құрылымында негізгі өзгешілікті белгілесе және нақты мәмілелер бойынша орташа алынған шама немесе бағаға салыстыру жүргізген жағдайда осы өзгешіліктер тиісті түрде есепке алынбайтыны туралы түсініктеме болса, орташа алынған негізде белгіленген қалыпты құнын нақты экспорттық мәмілелердің бағаларымен салыстыруға болады.

      2.5 Тауарлар шығарылған елінен тікелей импортталынбай, екі ортадағы елден импорттаушы мүшеге экспортталған жағдайда, экспорт елінен импорттаушы мүшеге сатылатын тауар бағасы әдетте экспорт елінде салыстырылатын бағамен салыстырылады. Алайда, шығарылған еліндегі бағамен салыстыру жүргізіледі, егер, мысалы, тауар тек қана экспорт елі арқылы қайта жөнелтілсе немесе мұндай тауарлар экспорт елінде шығарылмаса, немесе экспорт елінде оларға салыстыратын баға болмаған жағдайда.

      2.6 Осы Келісім мәтініндегі "ұқсас тауар" термині (“like product”- ағылшын термині; “produit similaire”- француз термині) ұқсас тауарды білдіретін деп түсіндіріледі, яғни осы тауарға барлық жағынан ұқсас немесе мұндай тауар болмаған кезде, барлық жағынан ұқсас болмаса да, осы тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар.

      2.7 Осы бап 1994 ГАТТ I Қосымшасы VI бабының 1-тармақшасының екінші қосымша ережелерінің ережелері үшін залал келтірмейді.

3-БАП
Залалдың бар болуын анықтау9

      3.1 1994 ГАТТ VI бабының мақсаттары үшін залалдың бар болуын анықтау оң дәлелдемелерге негізделеді және (а) демпинг импорт көлемі мен демпинг импортының ішкі нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасына әсерін, және (b) сондай тауарлардың отандық өндірушілеріне осындай импорт әсерінің салдарын объективті түрде зерттеуді қатыстырады.

      8 Сатудың материалдық шарттарын анықтайтын құжатқа байланысты әдетте сату күні болып келісім-шарт , жеткізілімге тапсырыс , тапсырысты растау немесе шот-фактура күні есептеледі.

      9 Басқасы ескертілмесе, осы Келісімдегі "залал" термині отандық саланың материалдық залалы, отандық саланың материалдық залал қатері немесе осындай саланы құрудағы маңызды тежеуді білдіреді деп түсініледі және осы баптың ережелеріне сәйкес түсінік беріледі.

      3.2 Тергеу жүргізетін орган демпингілік импорт көлеміне қатысты демпингілік импорттың импорттаушы мүшенің өндірісіне немесе тұтынуына абсолюттік не болмаса салыстырмалы түрде елеулі жоғарылау болды ма екенін қарастырады. Тергеу жүргізетін орган демпингілік импорттың бағаларға әсеріне қатысты импорттаушы мүшенінің ұқсас тауарының бағасымен салыстырғанда демпингілік импорттың әсерінен бағаның едәуір төмендеуі орын алды ма немесе осындай импорт қандай да бір түрде бағаның едәуір төмендеуіне әкелді ме немесе олай болмаған жағдайда туындайтын бағаның жоғарылауына едәуір деңгейде кедергі келтірді ме екенін қарастырады. Осы факторлардың бір де біреуінің, бірнешесінің де сөзсіз шешуші маңызы жоқ.

      3.3 Егер демпингке қарсы тергеу заты бір уақытта тым болмағанда бір елдің қандай да бір тауарының импорты болып табылса, тергеу жүргізетін органдар (а) әр елдің импортына қатысты белгіленген демпингілік маржа 5-баптың 8-тармағында белгіленгендей de minimis-тен асып кеткенін, ал әр елдің импорт көлемі елеусіз болып табылмайтынын және (b) импорт әсерінің кумулятивті бағасы импортталатын тауарлар арасындағы бәсекелестік жағдайы және импортталатын тауарлар мен ұқсас отандық тауарлар арасындағы бәсекелестік жағдайы аясында орынды болып табылатынын анықтаған жағдайда ғана осындай импорт әсерінің кумулятивті бағалауын жүзеге асыруы мүмкін.

      3.4 Сөз қылған отандық салаға демпингілік импортты зерттеу іске қатысты барлық экономикалық факторларды және осы саланың жағдайына байланысты көрсеткіштерді бағалауды қамтиды, соның ішінде сатуды, пайданы, өнімнің шығарылымын, нарықтағы үлесін, өнімділікті, инвестициялар бойынша пайданы немесе қуаттылықты пайдалануды іс жүзінде немесе әлеуетті қысқарту; ішкі нарық бағаларына әсер ететін факторлар; демпингілік маржа өлшемі; қолма-қол ақшаның қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамтуға, еңбек ақысына, өрлеу қарқынына, капитал немесе инвестицияларды тарту мүмкіндігіне іс жүзінде немесе әлеуетті жағымсыз әсері. Осы тізім толыққанды болып табылмайды, және де осы факторлардың бір де біреуінің, бірнешесінің де сөзсіз шешуші маңызы жоқ.

      3.5 2 және 4 -тармақтарында белгіленгендей, демпинг әсерінен демпингілік импорт осы Келісімнің мағынасы бойынша зиян келтіретінін көрсету керек. Демпингілік импорт пен отандық саланың залалы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың көрсетілуі уәкілетті органдардың қарауындағы барлық іске қатысты дәлелдемелерді зерделеуге негізделеді. Уәкілетті органдар сондай-ақ демпингілік импорттан басқа, сол кезеңде отандық салаға залал келтіретін кез келген басқа да белгілі факторларды зерделейді және осы факторлар келтіретін залал демпингілік импортқа есептелмеуі керек. Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторларға, атап айтқанда демпингілік баға бойынша сатылмаған импорт көлемі мен бағалары, сұраныстың қысқаруы немесе тұтыну құрылымындағы өзгерістер, шектеулі сауда тәжірибесі және шетелдік пен отандық өндірушілер арасындағы бәсекелестік, технологиялық жетістіктер, сондай-ақ отандық саланың экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігі жатады.

      3.6 Егер қолда бар мәліметтер өндірістік процесс, өндірушілердің саудасы және пайда сияқты өлшемдер негізінде осы өндірісті жеке – жеке атап кетуге мүмкіндік беретін болса, онда демпингілік импорт әсері ұқсас тауардың отандық өндірісіне қатысты бағаланады. Егер осындай тауарды осылай жеке – жеке атап кетуге мүмкіндік болмаса, онда демпингілік импорт әсері қажетті ақпарат қамтамасыз етілуі мүмкін ұқсас тауарлар кіретін тауарлардың ең шағын тобының немесе шеңберінің өндірісін зерделеу жолымен бағаланады.

      3.7 Материалдық залал қатерінің бар болуын анықтау жай ғана пікірлерге, болжамдарға немесе болар-болмас мүмкіндіктерге емес, тек фактілерге негізделеді. Демпинг залал келтіруі мүмкін жағдайды туғызатын жағдайлардың өзгеруі нақты болайын деп тұру керек және шарасыз болу керек10. Материалдық залал қатерінің бар болуын анықтаған кезде уәкілетті органдар келесі факторларды есепке алуы тиіс:

      (i) импорттың елеулі ұлғаю мүмкіндігін көрсететін ішкі нарыққа демпингілік импорт ұлғаюының маңызды қарқыны;

      (ii) басқа экспорт нарықтарының кез келген қосымша экспортты билеп алу мүмкіндігін ескере отырып, экспорттаушының жеткілікті экспортты мүмкіндіктерінің бар болуы немесе демпингілік экспорттың импорттаушы мүше нарығына елеулі ұлғаю мүмкіндігін көрсететін экспорттық мүмкіндіктердің шарасыз маңызды ұлғаюы;

      (iii) ішкі бағаға елеулі түсіруші және басым әсер ететін және мүмкін, қосымша импортқа сұраныстың өсуіне әкелетін бағалар бойынша импорттың түсімі; және

      (iv) сол жайында тергеу жүргізіліп жатқан тауарлар қоры.

      Осы факторлардың бір де біреуінің де өзімен өзінің сөзсіз шешуші маңызы жоқ, бірақ қаралған факторлардың жиынтығы алдағы демпингілік экспорттың шарасыз болып табылатынын және қорғау шараларын қабылдамаған жағдайда материалдық залал келтірілетінін қорытуға мүмкіндік береді.

      10Мысалдың бірі, бірақ ол ерекше емес, ол жақын болашақта осы тауардың демпингілік импорт бойынша едәуір көбеюін күтуге дәлелді негіздердің бар болуы болып табылады.

      3.8 Демпингілік импорттан залал қатері бар болған жағдайда демпингке қарсы шараларды қолдану туралы шешімдер ерекше сақтықпен қаралады және қабылданады.

4-БАП
Отандық саланы анықтау

      4.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін "отандық сала" термині барлық ұқсас тауар өндірушілеріне немесе осы тауарлардың жиынтық өндірісі осы тауарлардың барлық отандық өндірісінің негізгі бөлігін құрайтындарға қатысты түсініледі, бірақ келесі ерекшеліктермен:

      (i) өндірушілер болжалды демпинг мәні болып табылатын тауардың экспорттаушыларымен немесе импорттаушыларымен байланыста11 немесе өздері импорттаушылар болып табылған жағдайда "отандық сала" термині қалған өндірушілерге қатысы бар ретінде түсінілуі мүмкін;

      (ii) ерекше жағдайларда мүше аумағы осы өндіріс үшін екі және одан да көп бәсекелі нарықтарға бөлінуі мүмкін, және әрбір нарық ішінде өндірушілер жеке сала ретінде қарастырылуы мүмкін, егер (а) осындай нарық ішіндегі өндірушілер өздерінің өндірілген тауарларының барлығын немесе түгелге жуығын осы нарықта сатса, және (b) осы нарықтағы сұраныс осы аумақтың басқа бөліктерінде тұрған осы тауардың өндірушелерімен соншалықты маңызды деңгейде қанағаттандырылмаса. Мұндай жағдайларда залалдың бар болуы белгіленуі мүмкін тіпті, егер демпингілік импорттың осындай оқшауланған нарықта шоғырлану жағдайында, сондай-ақ демпингілік импорттың осындай нарықтың түгел немесе түгелге жуық өнімнің өндірушілеріне залал келтірген жағдайда барлық отандық саланың негізгі бөлігіне залал келтірілмесе.

      4.2 "Отандық саланың" анықтамасы белгіленген аймақтың, яғни 1(ii)-тармағында белгіленгендей нарықтың өндірушілеріне қатысы бар ретінде түсінілген кезде, демпингке қарсы баждар осы аймақта түпкілікті тұтыну үшін арналған тиісті тауарлардан ғана алынады12. Егер импорттаушы мүшенің конституциялық заңнамасы демпингке қарсы баждарды осындай негізде алуға рұқсат етпесе, импорттаушы мүше келесі жағдайда ғана демпингке қарсы баждарды шектеусіз алуы мүмкін, егер (а) экспорттаушыларға осы аймаққа демпингілік бағалар бойынша экспортты тоқтатуға мүмкіндік берілсе, немесе 8-бапқа сәйкес кепілдіктер берілсе, бірақ бұған қатысты тиісті кепілдіктер дереу берілмесе, және (b) мұндай баждарды осы аймаққа жеткізуді жүзеге асыратын нақты өндірушелердің тауарларынан ғана алуға болмайды.

      4.3 Егер екі немесе одан да көп елдер ГАТТ 1994 ХХIV бабының 8(а) - тармағының ережелеріне сәйкес барлық ықпалдастық аймағында біртұтас, бірлескен сипаттамасы бар ықпалдастықтың деңгейіне қол жеткізсе, барлық ықпалдастықты аймақтағы сала 1 - тармақта көрсетілген отандық сала ретінде қарастырылады.

      11Осы тармақтың мақсаттары үшін өндірушілер экспорттаушылармен немесе импорттаушылармен байланыста екені келесі жағдайда ғана есептеледі, егер (а) олардың біреуі тікелей немесе жанама түрде екіншісін бақылап отырса; немесе (b) олардың екеуін де үшінші тұлға бақылап отырса; немесе (с) осы байланыстың әсері соншалықты, ол осы өндірушіні байланыстағы емес өндірушілерден өзін-өзі ерекше ұстауға мәжбүрлей алатынын болжауға немесе күдіктенуге негіздер болған жағдайда, олар бірге тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлғаны бақылап отырса. Осы тармақтың мақсаттары үшін егер біріншісі заңды немесе іс жүзінде екіншісінің әрекетін шектеуге немесе бағыттауға жағдайы жетсе, біріншісі екіншісін бақылап отырғаны болып есептеледі.

      12Осы Келісімде "алу" термині бажды немесе салықты түпкілікті немесе қорытынды заңды енгізуді немесе өндіруді білдіреді.

      4.4 Осы бапқа 3 баптың 6 - тармағының ережелері қолданылады.

5-БАП
Тергеудің басы және кейінгі жүргізілуі

      5.1 6-тармақта көзделгенді қоспағанда, кез келген болжалды демпингтің бар болуын, деңгейін және әсерін анықтау мақсатында тергеу отандық сала немесе оның атынан берілген жазбаша өтініш бойынша басталады.

      5.2 1-тармаққа сәйкес берілген өтінішке келесі дәлелдемелер кіреді: (а) демпинг, (b) осы Келісімде түсіндірілгендей, ГАТТ 1994 VI бабының мағынасы бойынша залал, және (с) демпингілік импорт пен болжалды залал арасындағы себепті-салдарлық байланыс. Тиісті дәлелдемелерге негізделмеген, жай ғана пікір осы тармақтың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткілікті ретінде қарастырыла алмайды. Өтініштегі ақпарат өтініш берушіге келесі мәселелер бойынша ұғынықты болу керек:

      (i) өтініш берушінің жеке басы және өтініш берушінің ұқсас тауардың отандық өндірісінің көлемі мен құнының сипаттамасы. Егер жазбаша өтініш отандық сала атынан берілсе, онда мұндай өтініште барлық белгілі отандық ұқсас тауар өндірушілерінің (немесе отандық ұқсас тауар өндірушілері қауымдастығының) тізімін және мүмкін болғанша, осындай өндірушілердің үлесіне келетін отандық ұқсас тауар өндірісінің көлемі мен құнының сипаттамасын ұсыну жолымен өтініш берілетін сала айқындалады;

      (ii) болжалды демпинг заты болып табылатын тауардың толық сипаттамасы, оны шығарған немесе экспорттаған елдің немесе елдердің атауы, әрбір белгілі экспорттаушының немесе шетелдік өндірушінің жеке басы және осы тауарды импорттайтын белгілі тұлғалардың тізімі;

      (iii) шығарылған немесе экспорттаған елдің немесе елдердің ішкі нарықтарында тұтыну үшін осы тауар сатылатын бағалар туралы ақпарат (немесе, орынды деген жерлерде, шығарылған немесе экспорттаған елден немесе елдерден үшінші елге немесе елдерге сатылатын тауар бағалары туралы, немесе тауардың құрастырылған құны туралы ақпарат), және экспортты бағалар туралы немесе, орынды деген жерлерде, тауар алғашқы рет импорттаушы мүшенің аумағында тәуелсіз сатып алушыға сатылған бағалар туралы ақпарат;

      (iv) болжалды демпинг заты болып табылатын импорттың серпіні, осы импорттың ішкі нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасына әсері және 3- баптың 2 және 4-тармақтарында аталып кеткен сияқты сондай отандық саланың күйімен байланысты тиісті факторлармен және көрсеткіштермен расталатын отындық сала үшін салдары туралы ақпарат.

      5.3 Уәкілетті органдар тергеуді бастау үшін дәлелдемелердің жеткіліктігін анықтау үшін өтініште берілген дәлелдемелердің нақтылығы мен баламалылығын зерделейді.

      5.4 Тергеу 1-тармаққа сәйкес келесі жағдайда ғана басталады, егер уәкілетті органдар отандық ұқсас тауар өндірушілері айтып кеткен13өтінішті қолдау немесе келіспеу деңгейін зерделеу негізінде өтініштің отандық сала немесе оның атынан14 берілгенін анықтаса. Өтініш "отандық сала немесе оның атынан" берілген болып қаралады, егер оны жиынтық өнімі өтінішті қолдайтын немесе келіспейтін отандық сала бөлігі өндірген ұқсас тауар өндірісінің барлық көлемінің 50 пайыздан астамын құраған отандық өндірушілер қолдаса. Алайда, егер өтінішке қолдау білдіретін отандық өндірушілердің үлесіне отандық сала өндірген ұқсас тауар өндірісінің барлық көлемінің 25 пайызынан кем келсе, тергеу басталмайды.

      13Егер өнеркәсіп салалары өндірушілердің айрықша көп санын қамтыса, уәкілетті органдар статистикалық жарамды іріктеу әдісін пайдалану жолымен қолдау немесе келіспеу деңгейін анықтай алады.

      14Мүшелер кейбір мемлекеттердің аумағында 1-тармаққа сәйкес тергеу туралы өтінішті отандық ұқсас тауар өндірушілері кәсіпорындарының қызметкерлері немесе олардың өкілдері беретіні туралы хабарландырылған.

      5.5 Тергеу бастау туралы шешім қабылдамағанша, уәкілетті органдар тергеу бастау туралы өтінішпен өтініш беру фактісін кез келген жариялаудан аулақ болады. Алайда, тиісті түрде құжаттанған өтінішті алған соң және тергеу басталғанға дейін уәкілетті органдар мүдделі экспорттаушы мүшенің үкіметіне хабарлайды.

      5.6 Егер, ерекше жағдайларда тиісті уәкілетті органдар отандық саладан немесе оның атынан осындай тергеуді бастау туралы өтінішпен өтінішті алмай тұрып тергеу бастау туралы шешім қабылдаса, олар келесі жағдайда ғана оған кіріседі, егер оларда тергеу бастауын негіздеу үшін 2-тармақта сипатталғандай, демпингтің, залалдың және себепті-салдарлық байланыстың бар болуы туралы жеткілікті дәлелдемелері болса.

      5.7 Демпингтің және залалдың бар болуы дәлелдемелері бір уақытта қаралады (а) тергеуді бастау немесе бастаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, және (b) кейін, тергеу барысында, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес уақытша шаралар қолданыла алатын ең ерте келетін күннен кеш болмайтын күннен бастап.

      5.8 Тиісті уәкілетті органдар рәсімнің жалғастыруын ақтайтын жеткілікті дәлелдемелердің немесе демпингтің, немесе залалдың жоқ екеніне көз жеткізген кезден бастап 1-тармаққа сәйкес берілген өтініш қабылдамай тасталады және тергеу дереу тоқтатылады. Уәкілетті органдар демпингілік маржа de minimis болып табылатынын, немесе іс жүзіндегі немесе әлеуетті демпингілік импорт көлемі немесе залал мөлшері елеусіз екенін анықтаған жағдайда тергеу дереу тоқтатылады. Егер осы маржа экспортты бағадан 2 пайыздан кем құраса, демпингілік маржа de minimis ретінде қарастырылады Егер, елдердің жеке үлесі импорттаушы мүшедегі ұқсас тауардың импортынан 3 пайыздан кем құрау және жиынтық үлесі импорттаушы мүшедегі ұқсас тауардың импортынан 7 пайыздан аспау шартымен, белгілі бір елдің демпингілік импорт көлемі импорттаушы мүшедегі ұқсас тауардың импортынан 3 пайыздан кем құрайтыны анықталған жағдайда демпингілік импорт көлемі әдетте елеусіз деп қаралады.

      5.9 Демпингке қарсы рәсімдер кедендік тазарту рәсімдеріне кедергі келтірмейді.

      5.10 Ерекше жағдайларды қоспағанда, тергеу бір жыл ішінде аяқталады және де басталған кезден 18 айдан кешіктірмеу керек.

6-БАП
Дәлелдемелер

      6.1 Демпингке қарсы тергеуде мүдделі барлық тараптар уәкілетті органдар талап еткен ақпарат туралы хабарландырылады және олар осы тергеуге қатысты деп есептеген барлық дәлелдемелерді жазбаша түрде баяндауға тиісті мүмкіндік алады.

      6.1.1 Демпингке қарсы тергеуде қолданылатын сауалнаманы алатын экспорттаушылар мен шетел өндірушілеріне жауап бері үшін кем дегенде 30 күн беріледі15. Осы 30-күндік мерзімді ұзарту туралы өтініш тиісті түрде қаралу керек және негіздер болған жағдайда осындай ұзартуды іс жүзінде жүзеге асыруға болатын барлық жағдайларда ұсыну керек.

      6.1.2 Құпиялы ақпаратты сақтау туралы талаптарды ескере отырып, бір мүдделі тарап жазбаша түрде ұсынған дәлелдемелер дереу тергеуге қатысатын басқа мүдделі тараптардың билігіне беріледі.

      6.1.3 Бірден тергеу қозғаған соң уәкілетті органдар 5 баптың 1 тармағына сәйкес алынған жазбаша өтініштің толық мәтінін белгілі экспорттаушылар16 мен экспорттаушы мүшенің билік органдарына ұсынады және сұраным бойынша оны басқа қатысатын мүдделі тараптардың билігіне ұсынады. Құпиялы ақпаратты сақтау туралы талап 5 тармақта көзделгендей тиісті түрде есепке алынады.

      15Жалпы ережелер ретінде экспорттаушылар үшін мерзімдер сұраныстың алу күнінен бастап есептеледі, ол бұл мақсатта сұратқан тұлғаға жіберілген немесе экспорттаушы мүшенің тиісті дипломаттық өкіліне, немесе, ДСҰ мүшесінің бөлек кедендік аумағы жағдайында – экспорттаушы аумақтың ресми өкіліне жөнелтілгеннен кейін бір апта өткен соң алынған болып есептеледі.

      6.2 Барлық демпингке қарсы тергеу барысында барлық мүдделі тараптар өздерінің мүдделерін қорғауға толық мүмкіндіктері бар. Осы мақсатта уәкілетті органдар сұраным бойынша барлық мүдделі тараптарға қарама-қарсы көзқарасты және жоққа шығаруды ұсыну үшін қарама-қарсы мүдделері бар тараптармен кездесуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндіктер құпиялылық пен тараптардың қолайлылығын сақтау қажеттігін ескере отырып беріледі. Ешқандай да тарап кездесуге қатысуға міндетті емес және қандай да бір тараптың болмауы салдарынан осы тараптың мүддесіне залал келтіруге әкелмейді. Негіздер болған жағдайда, мүдделі тараптар сондай-ақ қосымша ақпаратты ауызша ұсынуға құқығы бар.

      6.3 2-тармаққа сәйкес берілген ауызша ақпарат тергеу жүргізетін органдардың назарына кейін ол жазбаша түрде берілетін және 1.2- тармақшасында қарастырылғандай басқа мүдделі тараптардың билігіне ұсынылатын түрде ғана қабылданады.

      6.4 Бұны іс жүзінде жүзеге асыруға болатын кезде уәкілетті органдар уақытылы барлық мүдделі тараптарға олардың істері бойынша 5-тармақта белгіленгендей, құпиялы болып табылмайтын дәлелдемелерді ұсынуға қатысы бар және уәкілетті органдар демпингке қарсы тергеуде қолданатын барлық ақпаратпен танысуға, сондай-ақ осы ақпарат негізінде дәлелдеме дайындауға мүмкіндік береді.

      6.5 Өзінің сипаттамасы бойынша құпиялы болып табылатын (мысалы, оның жариялануы бәсекелеске елеулі бәсекелестік артықшылық беретіндіктен немесе оның жариялануы ақпарат берген тұлғаға немесе осы тұлға ақпарат алған тұлғаға елеулі қолайсыз салдарлар әкелетіндіктен), немесе тергеу тараптарымен құпиялы негізде ұсынылатын кез келген ақпарат жеткілікті негіздер болған жағдайда уәкілетті органдармен осындай болып қаралады. Мұндай ақпарат оны ұсынған тараптың арнайы рұқсатынсыз жарияланбайды17.

      6.5.1 Уәкілетті органдар құпиялы ақпаратты ұсынатын мүдделі тараптардан оның құпиялы емес түйіндемесін келтіруді талап етеді. Мұндай түйіндемелер құпия түрінде ұсынылған ақпараттың мәнін орынды түсіну үшін жеткілікті болып табылады. Ерекше жағдайларда осындай тараптар мұндай ақпарат қысқаша баяндауға жатпайтынын көрсету керек. Мұндай ерекше жағдайларда түйіндемені жасауға мүмкіндік бермейтін себептер баяндалуы тиіс.

      6.5.2 Егер уәкілетті органдар құпиялылық туралы өтініш негізді болып табылмайтынын мойындаса, немесе егер ақпарат дерекнамасы ақпараттың жариялануын қаламаса, немесе оны қорытылған немесе қысқаша баяндап жариялауға рұқсатын бермесе, уәкілетті органдар, егер оларға тиісті дерекнамалардан ақпараттың дәл екені сендіре дәлелденбесе, мұндай ақпаратты есепке алмауы мүмкін 18.

      6.6 8-тармақта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органдар тергеу барысында мүдделі тараптар ұсынған, олардың қорытындылары негізделетін ақпараттың дәл екеніне көздерін жеткізеді.

      6.7 Осы мүшенің тиісті кәсіпорындарының рұқсатын алған және үкімет өкілдерін хабарландырған жағдайда және егер осы мүше тергеуге қарсы болмаса, ұсынылған ақпаратты тексеру немесе қосымша толық мәліметтер алу мақсатында уәкілетті органдар қажет болған жағдайда басқа мүшелердің аумағында тергеу жүргізе алады. І-Қосымшада суреттелген рәсімдер басқа мүшелердің аумағында жүргізілген тергеулерге қолданылады. Құпиялы ақпаратты қорғау туралы талапты ескере отырып, уәкілетті органдар нәтижелерді ұсынады немесе 9- тармаққа сәйкес, олар қатысы бар және осындай нәтижелерді өтініш берушілердің билігіне бере алатын кәсіпорындарға кез келген осындай тергеулердің негізгі фактілерін ашады.

      16Қатыстырылған экспорттаушылардың саны ерекше маңызды кезде жазбаша өтініштің толық мәтінін тек қана экспорттаушы мүшенің немесе тиісті сауда қауымдастығының билік органдары ұсынатыны түсініледі.

      17Кейбір мүшелердің аумағында жариялау үшін қысқаша тұжырымдалған арнайы өкім талап етілуі мүмкін екені туралы мүшелерге хабарландырылды.

      18Құпиялылық туралы өтініштерден өз бетімен бас тарту керек еместігімен мүшелер келіседі.

      6.8 Кез келген мүдделі тарап қажетті ақпаратқа қол жеткізуден бас тартқан кезде немесе оны ақылға қонымды уақыт ішінде ұсынбаса немесе тергеуді елеулі ауырлатса, алдын ала және түпкілікті, жағымды және жағымсыз анықтамалар қолда бар фактілер негізінде шығарылуы мүмкін. Осы тармақта қолданған кезде ІІ-Қосымшаның ережелері сақталады.

      6.9 Түпкілікті анықтама шығарғанға дейін уәкілетті органдар барлық мүдделі тараптарға соның негізінде түпкілікті шаралардың қолданылуы немесе қолданылмауы туралы шешім қабылданатын негізгі қаралатын фактілер туралы хабарлайды. Мұндай хабарландыру алдын ала жүзеге асырылуы тиіс, себебі тараптардың өздерінің мүдделерін қорғауға мүмкіндіктері болу керек.

      6.10 Әдетте, уәкілетті органдар жеке демпингілік маржаны қатысты тергеу жүргізіліп жатқан әрбір белгілі экспорттаушы немесе тиісті тауар өндіруші үшін белгілейді. Тергеумен қамтылған тауар экспорттаушылары, өндірушілері, импорттаушылары немесе тауардың түрлері санының үлкені соншалықты, тіпті осылай белгілеуге мүмкіндік бермеген жағдайда уәкілетті органдар іріктеу кезінде бар болған ақпараттың базасында статистикалық негізделген іріктеуді пайдаланып, мүдделі тараптардың немесе тауарлардың ақылға қонымды санымен немесе тергеумен орынды қамтылған осы елдің экспорт көлемінің ең үлкен үлесін қарауды шектейді.

      6.10.1 Осы тармаққа сәйкес тауар экспорттаушыларының, өндірушілерінің, импорттаушыларының кез келген іріктеуі мүмкіндігінше тиісті экспорттаушылармен, өндірушілермен немесе импорттаушылармен олардың келісімімен консультациялар негізінде жүзеге асырылады.

      6.10.2 Уәкілетті органдар осы тармақта көзделгендей, қарауды шектеген жағдайда, олар, дегенмен, экспорттаушылар мен өндірушілер санының үлкені соншалықты, жеке қарау уәкілетті органдар үшін дәлелсіз ауыртпалықты және тергеуді уақытылы аяқтауға кедергі болған жағдайды қоспағанда, алғашқы рет іріктеуден өтпеген, бірақ қажетті ақпаратты сол ақпарат назарға алынатын тергеу барысы кезінде ұсынған кез келген экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингілік маржаны белгілейді. Ерікті жауаптардан бас тартылмайды.

      6.11 Осы Келісімнің мақсаттары үшін "мүдделі тараптарға" кіреді:

      (i) тергеу заты болып табылатын тауар экспорттаушы немесе шетелдік өндіруші немесе импорттаушы немесе мүшелерінің көбісі осындай тауардың өндірушілері, экспорттаушылары немесе импорттаушылары болып табылатын сауда немесе кәсіпкерлік қауымдастық;

      (ii) экспорттаушы мүшенінің үкіметі, және

      (iii) импорттайтын мүшедегі ұқсас тауар өндіруші немесе мүшелерінің көбісі импорттайтын мүшенінің аумағында ұқсас тауарды өндіретін сауда және кәсіпкерлік қауымдастық.

      Бұл тізім мүшелерге мүдделі тараптар ретінде жоғарыда аталғандардан басқа, басқа жергілікті және шетелдік тараптарды енгізуге рұқсат етуге кедергі келтірмейді.

      6.12 Уәкілетті органдар тергеу заты болып табылатын тауардың өнеркәсіп тұтынушыларына және тұтынушылар ұйымдарының өкілдеріне тауар әдетте жекелеген саудада сатылған жағдайда тергеуге қатысы бар, демпингке, залал және себепті-салдарлық байланысқа қатысты ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді.

      6.13 Уәкілетті органдар талап етілген ақпаратты ұсынған кезде мүдделі тараптар, әсіресе шағын кампаниялар көретін кез келген ауырлықтарды тиісті түрде назарларына алады және оларға іс жүзінде мүмкіндікті көмек көрсетеді.

      6.14 Жоғарыда аталған рәсімдердің мақсаты мүшенің уәкілетті органдарына тергеуді бастауға, алдын ала немесе түпкілікті, жағымды және жағымсыз анықтамаларды шағыруға, немесе осы Келесімнің тиісті ережелеріне сәйкес уақытша немесе түпкілікті шараларды қолдануға қатысты дереу әрекет етуге кедергі болмау.

7-БАП
Уақытша шаралар

      7.1 Уақытша шаралар тек келесі жағдайда қолданылады, егер:

      (i) тергеу 5-баптың ережелеріне сәйкес басталса, бұл туралы көпшілікке хабарландырылса және барлық мүдделі тараптарға ақпарат ұсынуға және түсініктеме тұжырымдауға тиісті мүмкіндік қамтамасыз етілсе;

      (ii) демпингтің және онымен байланысты отандық сала үшін залалдың бар болуына қатысты алдын ала жағымды анықтамалар шығарылса; және

      (iii) тиісті уәкілетті органдар осындай шараларды тергеу барысында келтірілген залалдың алдын алу үшін қажетті деп есептесе.

      7.2 Уақытша шаралар уақытша баж немесе, артығырақ, алдын ала бағалау демпингке қарсы маржадан көп болмайтын алдын ала бағалау демпингке қарсы баж сомасына тең - ақшалай депозиттің немесе борышқорлық міндеттеменің - кепілі түрінде болуы мүмкін. Әдеттегі баж және демпингке қарсы баждың бағалау сомасы көрсетілсе және бағалау соманы ұстап қалу басқа уақытша шаралар сияқты жағдайларда жүзеге асырылған жағдайда бағалау сомасын ұстап қалу орынды уақытша шара болып табылады.

      7.3 Уақытша шаралар тергеуді бастау күнінен 60 күннен бұрын қолданылмайды.

      7.4 Уақытша шаралардың қолданылуы төрт айдан аспайтын тым қысқа кезеңмен немесе сауданың елеулі бөлігін табыстайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде тиісті уәкілетті органдардың шешімі бойынша алты айдан аспайтын кезеңмен шектеледі. Уәкілетті органдар тергеу барысында баж залалды жою үшін қажетті демпингілік айырымнан аса төмен болып табылады ма екенін қараған кезде бұл кезеңдер сәйкес алты және тоғыз ай құруы мүмкін.

      7.5 Уақытша шараларды қабылдаған кезде 9-баптың тиісті ережелері қолданылады.

8-БАП
Баға міндеттемелері

      8.1 Кез келген экспорттаушының оның бағасын қайта қарау немесе осы аймаққа демпингілік бағалар бойынша экспортты тоқтату туралы қанағаттандырылған ерікті міндеттемелерді алу бойынша уәкілеті органдардың демпингтің зиянды салдары жойылуына көздерін жеткізіп уақытша шараларды немесе демпингке қарсы міндеттемелерді енгізусіз рәсімдерді тоқтатуға немесе аяқтауға болады19 Осындай міндеттемелер бойынша бағалардың өсуі демпингілік маржаны жоюға қажеттіден жоғары болмау керек. Егер осындай жоғарлату отандық салаға келтірілген залалды жоюға жеткілікті болса, бағаның өсуі демпингілік маржадан төмен болғаны жақсы болар еді.

      8.2 Егер импорттайтын мүшенің уәкілетті органдары осындай демпингпен келтірілген демпинг пен залалдың бар болуына қатысты алдын ала жағымды анықтама шығармаса, экспорттаушылардан баға міндеттемелері талап етілмейді және қабылданбайды.

      8.3 Ұсынылған міндеттемелер қабылданбауы мүмкін, егер уәкілетті органдар олардың қабылдануы іс жүзінде жүзеге аспайды деп есептесе, мысалы, егер толық немесе әлеуетті экспорттаушылардың саны тым үлкен болса, немесе жалпы саясатты пікірлерді қосқанда басқа да себептер бойынша. Қажет болған жағдайда және ол іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін болған кезде уәкілетті органдар экспорттаушыға олар міндеттемелердің қабылдануы орынсыз деп есептеу себебін хабарлайды және мүмкіндігінше, экспорттаушыға осы жайлы пікірін айтуға мүмкіндік береді.

      19 4-тармақта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, "болады" сөзі бір уақытта рәсімді жалғастыруға және баға міндеттемелерін орындауға рұқсат ретінде түсіндірілмейді.

      8.4 Егер міндеттеме қабылданса, демпинг пен залалдың бар болуына қатысты тергеу дегенмен жалғасады, егер бұны экспорттаушы қаласа немесе егер мұндай шешімді уәкілетті органдар қабылдаса. Мұндай жағдайда, егер демпинг пен залалдың жоқ екені туралы анықтама шығарылса, міндеттеме автоматты түрде жойылады, бірақ мұндай анықтама баға міндеттемесінің елеулі деңгейінде болу нәтижесі болып табылған жағдайды қоспағанда. Мұндай жағдайда уәкілетті органдар міндеттеменің осы Келісімнің ережелеріне сәйкес ақылға қонымды уақыт ішінде күшінде болуын талап етуі мүмкін. Демпинг пен залалдың бар болуына қатысты жағымды анықтама шығарған жағдайда міндеттеме оның шарттарына және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес әрекет ете береді.

      8.5. Баға міндеттемелерін импорттаушы мүшенің уәкілетті органдары ұсынуы мүмкін, бірақ экспорттаушылардың бір де біреуі осындай міндеттемелерді өзіне алуға мәжбүрленбейді. Экспорттаушылардың осындай міндеттемелерді ұсынбау немесе бұны істеуге ұсынысты қабылдамау фактісі істі қарауға ешқандай зиян келтірмейді. Алайда уәкілетті органдар залалдың қатері демпингілік импортты жалғастырған кезде көбірек ықтимал болып табылатынын анықтауға құқылы.

      8.6 Уәкілетті органдар міндеттемесі қабылданған экспорттаушыдан осындай міндеттемені орындауға қатысты ақпаратты тұрақты түрде ұсынуға және тиісті мәліметтерді тексеруге рұқсат беруді талап етуі мүмкін. Міндеттемелерді бұзған жағдайда импорттайтын мүшенің уәкілетті органдары осы Келісім негізінде және оның қағидаларына сәйкес жедел шаралар қолдануы мүмкін, оның ішіне қолда бар ең үздік ақпаратты пайдаланып дереу уақытша шараларды қолдану кіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда түпкілікті баждар осы Келісімге сәйкес міндеттемені бұзғанға дейін келіп түскен импортқа кез келген осындай ретроспективті салық салу қолданбайтынын қоспағанда, осындай уақытша шараларды қолданғанға дейін 90 күн бұрын нарыққа келіп түскен тауарлардан алынады.

9-БАП
Демпингке қарсы баждарды енгізу және алу

      9.1 Енгізу үшін барлық талаптар қанағаттандырылған жағдайда демпингке қарсы бажды енгізу немесе енгізбеу туралы шешім және демпингке қарсы баж демпингілік маржа мөлшеріне тең өлшемде немесе одан аз өлшемде енгізілуі тиіс пе туралы шешім импорттайтын мүшенің уәкілетті органдары қабылдайтын шешімдер болып есептеледі. Енгізу барлық мүшелердің аумағында бір қалыпты сипатта және баж демпингілік маржадан кем болғаны дұрыс болар еді, бірақ егер осындай аз баж отандық салаға келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болса.

      9.2 Кез келген тауарға қатысты демпингке қарсы баж енгізілген жағдайда, осы Келісімнің шарттарына сәйкес тарапынан баға міндеттемелері қабылданған көздердің импортын қоспағанда, мұндай демпингке қарсы баж әрбір жағдайда барлық көздерден келіп түсетін, белгіленгендей демпинг заты болып табылатын және залал келтіретін осындай тауардың импортынан тиісті мөлшерде және кемсітпейтін негізде алынады. Уәкілетті органдар осы тауардың жеткізушісін немесе жеткізушілерін атайды. Егер, алайда, іске бір елдің бірнеше жеткізушілері тартылса және іс жүзінде барлық осы жеткізушілерді атауға мүмкіндік болмаса, уәкілетті органдар тиісті жеткізуші –елді атауы мүмкін. Егер іске бірден астам елдердің бірнеше жеткізушілері тартылса, уәкілетті органдар барлық тартылған жеткізушілерді немесе, егер бұл іс жүзінде мүмкін болмаса, барлық тартылған жеткізуші-елдерді атауы мүмкін.

      9.3 Демпингке қарсы баж сомасы 2-бапқа сәйкес белгіленген демпингілік маржадан аспайды.

      9.3.1 Демпингке қарсы сома ретроспективті негізде бағаланған кезде, демпингке қарсы бажды төлеу жөнінде түпкілікті жауапкершілік мүмкіндігінше тезірек анықталады, әдетте 12 ай ішінде, және де ешқандай жағдай болмасын демпингке қарсы баж сомасын түпкілікті бағалау туралы өтініш келіп түскен соң 18 айдан кешіктірмеу керек20. Кез келген қаражаттарды қайтару жедел түрде жүзеге асырылады, әдетте осы тармақшаға сәйкес түпкілікті жауапкершілікті анықтаған соң 90 күн ішінде. Кез келген жағдайда, егер қаражаттар 90 күн ішінде қайтарылмаса, уәкілетті органдар тиісті сұраным алған жағдайда түсініктемелер ұсынады.

      9.3.2 Демпингке қарсы баж сомасы болашаққа бағаланатын болса, демпингілік маржадан жоғары төленген кез келген баждың сұранымы бойынша жедел қайтару туралы ереже қарастырылады. Осындай анық болған демпингілік маржадан жоғары төленген кез келген баж әдетте 12 ай ішінде қайтарылады, және де демпингке қарсы баж төлеуге жататын тауар импорттаушысы ұсынған қайтару туралы тиісті түрде негізделген сұранымы келіп түскен күннен 18 айдан кешіктірмеу керек. Рұқсат етілген қайтару әдетте жоғарыда көрсетілген шешімнен соң 90 күн ішінде жүзеге асырылады.

      9.3.3 Экспорттық баға 2-баптың 3-тармағына сәйкес құрастырылған кезде, залалды өтеу керек пе және қандай мөлшерде өтеу керек екенін анықтаған кезде, уәкілетті органдар қалыпты құнының кез келген өзгеруін, импорт пен қайта сатылым арасында келтірілген шығындардың кез келген өзгеруін, сондай-ақ кейінгі сатылым бағаларында тиісті түрде көрінетін қайта сатылым бағаларының кез келген өзгеруін есепке алу керек және де, егер жоғарыда айтылғандардың сендірерлік дәлелдемелері ұсынылған жағдайда, төленген демпингке қарсы баж сомаларынан ұстап қалмай, экспорттық бағаны есептеу керек.

      9.4 Уәкілетті органдар 6-баптың 10-тармағының екінші сөйлеміне сәйкес қарауды шектеген жағдайда, қарауға енгізілмеген экспорттаушылардан немесе өндірушілерден келіп түсетін импортқа қолданылатын кез келген демпингке қарсы баж:

      (i) іріктелген экспорттаушыларға немесе өндірушілерге қатысты белгіленген орташа есептелген демпингілік маржадан, немесе

      (ii) егер демпингке қарсы бажды төлеу жөнінде жауапкершілік болжалды қалыпты құны негізінде есептелген жағдайда - іріктелген экспорттаушыларға немесе өндірушілерге қатысты белгіленген орташа есептелген қалыпты құны мен жеке қарастырылмаған экспорттаушылардың немесе өндірушілердің экспорттық бағалары арасындағы айырымнан аспайды, егер уәкілетті органдар осы тармақтың мақсаттары үшін кез келген нөлдік демпингілік маржаны немесе de minimis маржаларын және 6-баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда белгіленген демпингілік маржаларды назарға алмаған жағдайда. Уәкілетті органдар жеке баждарды немесе қалыпты құнын 6 баптың 10.2-тармақшасында қарастырылғандай, тергеу барысында қажетті ақпаратты ұсынған, қарауға енгізілмеген, кез келген экспорттаушыдан немесе өндірушіден келіп түсетін импортқа қолданады.

      9.5 Егер импорттайтын мүшеде тауар демпингке қарсы баждарын салуға жататын болса, уәкілетті органдар тергеу кезінде импорттайтын мүшеге осы тауарды экспорттамаған осы экспорттайтын елдің кез келген экспорттаушылары үшін жеке демпингілік маржаны белгілеу мақсатында келесі жағдайда жедел қайта қарауды жүргізеді, егер осындай экспорттаушылар немесе өндірушілер экспорттайтын елде демпингке қарсы баждарын салуға жататын тауар экспорттаушыларымен немесе өндірушілерімен байланыста емес екенін дәлелдей алса. Мұндай қайта қарау әдеттегі бажды белгілеу рәсімімен және импорттайтын мүшеде қайта қарауды жүргізумен салыстырғанда тездетілген тәртіпте басталып жүргізіледі. Қайта қарауды жүргізу кезінде осындай экспорттаушылардан немесе өндірушілерден келіп түсетін импорттан ешқандай да демпингке қарсы баждар алынбайды. Алайда, уәкілетті органдар және/немесе, егер осындай қайта қарау осындай өндірушілер мен экспорттаушылар тарапынан демпинг фактісін анықтауға әкелсе, онда демпингке қарсы баждар кері күш туралы ережені ескере отырып, қарау басталған күннен бастап өтелетінін қамтамасыз ету кепілдігін талап етуі мүмкін.

      20 Егер осы тауарға қатысты шешім сотта қайта қарауға жататын болса, осы тармақшада және 3.2 тармақшасында аталып кеткен мерзімдерді сақтауға мүмкіндік болмайтыны түсініледі.

10-БАП
Кері күш

      10.1 Уақытша шаралар мен демпингке қарсы баждар 7-баптың 1-тармағына және 9-баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған және осы бапта аталып кеткен ерекшеліктері бар шешім күшіне енген соң нарыққа келіп түсетін тауарларға ғана қолданылады.

      10.2 Залалдың бар болуын түпкілікті белгілеген жағдайда (бірақ залал қатері немесе саланы құрудағы материалдық кідіріс емес) немесе залал қатерінің бар болуын түпкілікті белгілеген жағдайда, уақытша шаралар болмағанда демпингілік импорттың әсері залалдың бар болуын белгілеуге әкелген кезде демпингке қарсы баждар кері күш туралы ережені ескере отырып, уақытша шаралар қолданылған, егер олар енгізілсе, кезең бойынша алынуы мүмкін.

      10.3 Егер түпкілікті демпингке қарсы баж төленген немесе төленуге жататын уақытша баждан немесе кепілді қамтамасыз ету мақсатында есептелген сомадан жоғары болса, айырым алынбайды. Егер түпкілікті демпингке қарсы баж төленген немесе төленуге жататын уақытша баждан немесе кепілді қамтамасыз ету мақсатында есептелген сомадан төмен болса, онда жағдайға байланысты айырым өтеледі немесе баж мөлшері қайта есептеледі.

      10.4 2-тармақта қарастырылған ерекшіліктерден басқа, залал қатерін немесе материалдық кідірісті (бірақ әзірше залал келтірілген жоқ) белгілеген жағдайда түпкілікті демпингке қарсы баж залал қатерінің немесе материалдық кідірістің бар болуын анықтаған күннен бастап қана енгізіледі және уақытша шараларды қолдану кезінде енгізілген кез келген ақшалай депозит дереу қайтарылады, ал борышкерлік міндеттеме дереу жойылады.

      10.5 Егер түпкілікті белгілеу жағымсыз болып табылса, онда уақытша шараларды қолдану кезінде енгізілген кез келген ақшалай депозит дереу қайтарылады, ал борышкерлік міндеттеме дереу жойылады.

      10.6 Түпкілікті демпингке қарсы баж уақытша шараларды енгізу күніне дейін 90 күн бұрын нарыққа келіп түскен тауарлардан алынуы мүмкін, егер уәкілетті органдар осы демпингілік тауарға қатысты келесіні анықтаса:

      (i) өткенде залал келтірген демпинг бар болғанын немесе импорттаушы экспорттаушының демпингті қолданғанын білгенін немесе білу керек екенін, және

      (ii) біршама аз уақыт ішінде демпингілік тауардың бастырмалатқан импортымен залал келтірілгенін, ол нақты кезең мен демпингілік импортты, сондай-ақ басқа жағдайларды (импортты тауарлар қорының тез өсуі сияқты) ескере отырып, мүдделі импорттаушыларға өздерінің пікірлерін айтуға мүмкіндік берілген жағдайда қолдануға жататын түпкілікті демпингке қарсы баждың қорғау әсерін айтарлықтай түсіруі мүмкін.

      10.7 Тергеу басталған соң уәкілетті органдар бағалауды немесе салық салуды тоқтата тұру сияқты шараларды қолдануы мүмкін, егер олардың осы тармақта айтылған жағдайларды орындаудың жеткілікті дәлелдемелері бар болса, олар 6- тармақта көзделгендей кері күш туралы ережені ескере отырып, демпингке қарсы бажды алу үшін қажетті болуы мүмкін.

      10.8 Тергеу басталған күнге дейін нарыққа келіп түскен тауарларға қатысты 6-тармаққа сәйкес кері күш туралы ережені ескере отырып ешқандай баждар алынбайды.

11-БАП
Демпингке қарсы баждар мен баға міндеттемелерінің әрекет ету мерзімі және қайта қарау

      11.1 Демпингке қарсы баж залал келтіретін демпингке қарсы әрекет ету үшін қажетті уақытта және мөлшерде ғана күшінде қалады.

      11.2 Бұл ақталған кезде, уәкілетті органдар өздерінің меншікті бастамашылығы бойынша немесе қайта қарау қажеттілігін растайтын жағымды ақпаратты ұсынатын кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша түпкілікті демпингке қарсы бажды енгізу кезінен ақылға қонымды уақыт кезеңі өткен соң бажды алуды жалғастыру қажеттілігін қарастырады12. Мүдделі тараптар уәкілетті органдардан баж алуды жалғастыру демпингті бейтараптандыру үшін қажетті болып табылады ма, егер баждың күші жойылса немесе ол өзгертілсе, залал келтіру жалғасады ма әлде қайта басталады ма, немесе осы не басқасы болатынын қарауды сұрауға құқылы. Егер осы тармаққа сәйкес қайта қарау нәтижесінде уәкілетті органдар демпингке қарсы баж ақталған болып табылмағанын анықтаса, онда оның әрекет етуі дереу тоқтатылады.

      11.3 1 және 2-тармақтардың қағидаларына қарамастан, кез келген түпкілікті демпингке қарсы баждың әрекет етуі оны енгізу күнінен (немесе 2 тармаққа сәйкес ең соңғы қайта қарау күнінен, егер де осы қайта қарау демпингке сияқты, сондай-ақ залалға да қатысты болса, немесе осы тармаққа сәйкес) 5 жылдан кешіктірмей тоқтатылады, тек қана егер уәкілетті органдар олардың меншікті бастамашылығы бойынша немесе отандық сала немесе оның атынан осы күнге дейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде берілген тиісті түрде негізделген сұраным негізінде осы күнге дейін басталып кеткен қайта қарау барысында баждың әрекет етуінің тоқтатылуы демпинг пен залалдың жалғасуына немесе қайта жаңғыруына әкелуі мүмкін деп шешпесе22. Осындай қайта қарау нәтижелерін алғанға дейін баж күшінде қала береді.

      11.4 Дәлелдемелер мен рәсімдерге қатысты 6-баптың қағидалары осы бапқа сәйкес жүргізіліп жатқан кез келген қайта қарауға қолданылады. Кез келген осындай қайта қарау жылдам жүргізіледі және әдетте қайта қарау басталған күннен 12 ай ішінде аяқталады.

      11.5 Осы баптың қағидалары 8-бапқа сәйкес қабылданған баға міндеттемелеріне mutatis mutandis қолданылады.

12-БАП
Шығарылған шешімдерді көпшілікке жариялау және түсіндіру

      12.1 Уәкілетті органдардың 5 бап бойынша демпингке қарсы тергеудің басталуын негіздейтін жеткілікті дәлелдемелердің бар болуында көздері жеткен кезде, тауарлары осындай тергеудің заты болып табылатын мүше немесе мүшелер, сондай-ақ уәкілетті органдарға осы тергеуде мүддесі бар ретінде белгілі басқа да мүдделі тараптар бұл жөнінде хабарландырылады және де көпшілікке хабарландыру беріледі.

      12.1.1 Тергеуді қозғау туралы көпшілікке хабарландыруда келесі мәселелер жөнінде сәйкес ақпарат болады немесе бөлек хабар23 беру жолымен қол жеткізімді қылады:

      (i) экспорттайтын елдің немесе елдердің және тиісті тауардың атауы;

      (ii) тергеудің басталу күні;

      (iii) өтініштегі демпингтің бар болуы туралы пікір тіректенетін негіз;

      (iv) залалдың бар болуы туралы пікір негізденетін факторларды қысқаша баяндау;

      (v) мүдделі тараптар өздерінің ұсыныстарын жолдайтын мекенжай;

      (vi) мүдделі тараптарға олардың пікірлерін ұсыну үшін берілген мерзімдер.

      12.2 Көпшілікке хабарландыру кез келген алдын ала немесе түпкілікті, жағымды не жағымсыз шешімге қатысты, 8-бапқа сәйкес міндеттемені қабылдау туралы кез келген шешімге қатысты, осындай міндеттеменің әрекет етуінің тоқтатылуына қатысты және түпкілікті демпингке қарсы баждың әрекет етуінің тоқтатылуына қатысты беріледі. Әрбір осындай хабарландыруда уәкілетті органдар маңызды деп есептейтін фактілер мен құқықтық нормалар негізінде жасалған айтарлықтай толық қорытындылар мен тұжырымдар болады немесе бөлек хабар түрінде қол жеткізімді қылады. Барлық осындай хабарландырулар мен мәлімдемелер тауарлары осындай анықтаманың немесе міндеттеменің заты болып табылатын мүшеге немесе мүшелерге және олардың тергеуде мүддесі бар екені белгілі басқа да мүдделі тараптарға жіберіледі.

      129-баптың 3-тармағында қарастырылғандай, демпингке қарсы баждарды төлеу жөнінде түпкілікті жауапкершілікті анықтау, өзімен өзі осы баптың мағынасы бойынша қайта қарауды көрсетпейді.

      22Демпингке қарсы сома ретроспективті негізде бағаланған кезде, ешқандай да баж алынбауы тиіс жөнінде 9-баптың 3.1-тармақшасының негізінде ең соңғы қайта қарау қорытындысы өзімен өзі уәкілетті органдарды түпкілікті баждың әрекет етуін тоқтатуға міндеттемейді.

      23Егер уәкілетті органдар ақпарат пен түсініктемелерді осы баптың қағидаларына сәйкес жеке мәлімдемеде ұсынса, онда олар осындай мәлімдеменің кең көпшілікке қол жеткізілімдігін қамтамасыз етеді.

      12.2.1 Уақытша шаралар енгізу туралы көпшілікке хабарландыруда демпинг пен залалдың бар болуы туралы алдын ала анықтамалардың айтарлықтай толық түсініктемелері болады немесе жеке мәлімдеме жолымен қол жеткізімді қылады және де ұсынылған дәлелдер қабылданатын немесе бас тартылатын фактілер мен құқықтық нормаларға сілтемелер берілген. Құпиялы ақпаратты сақтау туралы талапты тиісті түрде ескере отырып, мұндай хабарландыруда келесі болады, атап айтқанда:

      (i) жеткізушілердің есімі, егер бұл іс жүзінде орындалмаса, онда тиісті жеткізуші-елдердің атауы;

      (ii) кедендік мақсаттарға жеткілікті тауар сипаттамасы;

      (iii) белгіленген демпингілік маржа және 2-бапқа сәйкес экспорттық баға мен қалыпты құнын анықтап салыстыру үшін пайдаланылған әдіснаманы таңдау себептерін толық түсіндіру;

      (iv) 3 бапта баяндалғандай, залалдың бар болуын анықтауға қатысты ой-пікірлер;

      (v) осындай анықтаманың негізгі дәлелделері.

      12.2.2 Түпкілікті бажды енгізуді немесе баға міндеттемелерін қабылдауды қарастыратын жағымды анықтама шығарылған жағдайда тергеуді жабу немесе тоқтата тұру туралы көпшілікке хабарландыруда құпиялы ақпаратты сақтау туралы талапты тиісті түрде ескере отырып, фактілер мен құқықтық нормаларға, сондай-ақ түпкілікті шараларды енгізу немесе баға міндеттемелерін қабылдауға қатысты барлық іске қатысты ақпарат болады немесе бөлек мәлімдеме жолымен қол жеткізімді қылады. Атап айтқанда, хабарландыруда немесе мәлімдемеде 2.1-тармақшасында сипатталған ақпарат, сондай-ақ экспорттаушылар мен импорттаушылар айтып кеткен тиісті дәлелдемелер мен талаптарын қабылдау немесе қабылдамау себептері және 6-баптың 10.2-тармақшасына сәйкес қабылданған кез келген шешім үшін негіздер болады.

      12.2.3 8-бапқа сәйкес баға міндеттемесін қабылдауға байланысты тергеуді тоқтату немесе тоқтата тұру туралы көпшілікке хабарландыруға осы міндеттеменің құпиялы емес бөлігі кіреді немесе бөлек мәлімдеме жолымен қол жеткізімді қылады.

      12.3 Осы баптың қағидалары 11-бапқа сәйкес қайта қарауды қозғауға және аяқтауға және 10-бапқа сәйкес қабылданған баждарды ретроспективті қолдану туралы шешімдерге mutatis mutandis қолданылады.

13-БАП
Сотта қайта қарау

      Ұлттық заңнамасында демпингке қарсы шаралар туралы қағидалары бар әрбір мүше атап айтқанда, шығарылған түпкілікті анықтамаларға және 11-баптың мағынасы бойынша шығарылған анықтамаларды қайта қарауға қатысты әкімшілік әрекеттерді жедел қайта қарау мақсатында сот, арбитражды немесе әкімшілік органдарының немесе рәсімдерінің бар болуын қамтамасыз етеді. Мұндай органдар мен рәсімдер осындай анықтамаға немесе қайта қарауға жауапты уәкілетті органдардан тәуелді болып табылмайды.

14-БАП
Үшінші ел атынан демпингке қарсы шаралар

      14.1 Үшінші ел атынан демпингке қарсы шаралар енгізу туралы өтінішті үшінші елдің тиісті уәкілетті органдары ұсынады.

      14.2 Мұндай өтінішке импорт демпингілік болып табылатынын көрсететін бағалар туралы ақпарат, сондай-ақ болжалды демпинг үшінші елдің тиісті отандық саласына залал келтіретінін көрсететін толық ақпарат тіркеледі. Үшінші елдің үкіметі импорттайтын елдің уәкілетті органдарына соңғыларға қажет болатын кез келген қосымша ақпаратты алуда әр түрлі қолдау көрсетеді.

      14.3 Осындай өтінішті қараған кезде импорттайтын елдің уәкілетті органдары болжалды демпингтің үшінші елдің тиісті саласына жалпы әсерін ескереді, яғни залал болжалды демпингтің осы саланың импорттайтын елге экспортына әсеріне қатысты ғана бағаланбайды, сондай-ақ осы саланың барлық экспортына да.

      14.4 Тергеуді жүргізу не жүргізбеу туралы шешім импорттайтын елге байланысты. Егер импорттайтын ел ол шараларды қабылдауға дайын деп шешсе, тауар саудасы жөнінде Кеңеске осындай шараны мақұлдау өтінішімен жүгіну ынтасы импорттайтын елге тиесілі.

15 БАП
Дамушы мүше елдер

      Осы Келісімге сәйкес демпингке қарсы шараларды қабылдау туралы мәселені қарастырған кезде дамыған мүше елдер дамушы мүше елдердің ерекше жағдайын айрықша ескеретіні танылған. Демпингке қарсы баждарды қолданғанға дейін, егер олар дамушы мүше елдердің елеулі маңызы бар мүдделерін қозғаса, осы Келесіммен көзделген құрастырылған қорғау шараларын қолдану мүмкіншілігі қарастырылады.

II БӨЛІМ

16 БАП
Демпингке қарсы тәжірибе жөнінде комитет

      16.1 Осымен демпингке қарсы тәжірибе жөнінде Комитет құрылады (осы Келісімде "Комитет" деп аталған), оның құрамына әрбір мүшенің өкілдері кіреді. Комитет өзінің төрағасын сайлайды және жылына екі рет, сондай-ақ осы Келісімнің тиісті қағидаларымен қарастырылғандай, кез келген мүшенің өтініші бойынша отырыстар өткізеді. Комитет оған осы Келісіммен немесе мүшелермен жүктелген қызметті атқарады және мүшелерге Келісімнің әрекет етуіне немесе оның мақсаттарын жүзеге асыруға қатысты кез келген мәселелер жөнінде консультациялар өткізуге мүмкіндік ұсынады. ДСҰ хатшылығы Комитеттің хатшылығы ретінде қалады.

      16.2 Егер қажет болса, комитет қосымша органдар құруы мүмкін.

      16.3 Өзінің қызметін орындаған кезде Комитет және кез келген қосымша органдар кеңес алуы және олар жарамды деп есептеген кез келген дерекнамадан ақпарат алуы мүмкін. Алайда мүшенің құзыретіндегі дерекнамаға ақпарат алу үшін жүгінуге дейін Комитет немесе қосымша орган бұл туралы тиісті мүшеге хабарлайды. Ол мүшенің және консультациялар өткізілетін кез келген фирманың келісімін алады.

      16.4 Мүшелер Комитетке барлық қабылданған уақытша немесе түпкілікті демпингке қарсы шаралар туралы кідіртпей баяндайды. Мұндай баяндамалар басқа мүшелер зерделеу үшін Хатшылықтың билігіне ұсынылады. Мүшелер де жартыжылдық негізде өткен алты ай бойынша қабылданған кез келген демпингке қарсы шаралар туралы баяндамаларды ұсынады. Жартыжылдық баяндамалар келісілген стандартты түрде ұсынылады.

      16.5 Әрбір мүше Комитетке (а) 5 бапта көрсетілген тергеуді қозғауға және жүргізуге уәкілетті оның құзыретті органдары туралы және (b) осындай тергеуді қозғаудың және жүргізудің ұлттық рәсімдері туралы хабарлайды.

17-БАП
Консультациялар және дауларды реттеу

      17.1 Осымен басқасы қарастырылған жағдайды қоспағанда, осы Келісімге сәйкес консультациялар мен дауларды реттеуге қатысты дауларды шешу туралы Уағдаластық қолданылады.

      17.2 Әрбір мүше осы Келісімнің әрекет етуіне қатысты кез келген мәселе бойынша басқа мүше жасаған ұсынысты мейірімдене қарайды және тиісті консультациялар үшін тиісті мүмкіндіктер ұсынады.

      17.3 Егер қандай да бір мүше ол үшін тікелей немесе жанама туындайтын қандай да бір пайданың осы Келісім бойынша күші жойылды немесе қысқартылды не болмаса қандай да бір мақсатқа қол жеткізу басқа бір мүшемен немесе мүшелермен қиындатылды деп есептесе, онда осы мәселенің өзара қолайлы шешіміне қол жеткізу үшін ол жазбаша түрде осы мүшемен немесе мүшелермен консультациялар туралы өтінішімен жүгіне алады. Әрбір мүше басқа мүшеден келіп түскен консультациялар туралы кез келген өтінімді мейірімдене қарайды.

      17.4 Егер консультациялар туралы өтініммен жүгінген мүше 3-тармаққа сәйкес өткізілген консультацияларда өзара келісілген шешімге қол жеткізілген жоқ деп есептесе және егер импорттайтын елдің уәкілетті органдары түпкілікті демпингке қарсы бажды енгізу немесе баға міндеттемесін қабылдау туралы түпкілікті шешім қабылдаса, онда ол мәселені Дауларды шешу жөнінде органға (ДШО) қарауға тапсыра алады. Егер уақытша шара елеулі әсер етсе және де консультациялар туралы өтініммен жүгінген мүше мұндай шара 7-баптың 1- тармағының қағидаларына қарамастан қабылданды деп есептесе, онда осы мүше де осындай мәселені ДШО қарауға тапсыра алады.

      17.5 Шағым келтірген тараптың өтінімі бойынша ДШО аралық топ құрады, ол келесіге негізделіп мәселені зерделейді:

      (i) өтініммен жүгінген мүшенің ол үшін тікелей немесе жанама туындайтын пайданың осы Келісім бойынша қалай күші жойылатыны немесе қысқартылатыны не болмаса Келісім мақсаттарына қол жеткізу қиындатылғаны көрсетілген жазбаша өтінішке, және

      (ii) тиісті ұлттық рәсімдерге сәйкес импорттайтын мүшенің уәкілетті органдарына хабарланған фактілерге.

      17.6 5-тармақта көрсетілген мәселені зерделеген кезде:

      (i) өзінің іс фактілерін бағалауда аралық топ уәкілетті органдар фактілерді дұрыс белгіледі ме және олардың осы фактілерді бағалауы әділ және объективті болды ма екенін анықтайды. Егер фактілер дұрыс белгіленіп, ал олардың бағалануы әділ және объективті болса, тіпті аралық топ басқа қорытындыға келуі мүмкін болса да, бұл бағалау қабыл алынбай қалмайды;

      (ii) аралық топ Келісімнің тиісті қағидаларын халықаралық көпшілік құқығын түсіндірудің кәдімгі ережелеріне сәйкес түсіндіреді. Егер аралық топ Келісімнің тиісті қағидасы кем дегенде бір рұқсат етілген ұғымды жібергенін белгілесе, онда ол уәкілетті органдар қабылдаған шара Келісімге сәйкес екені туралы қорытынды жасайды, егер де ол осындай бір рұқсат етілген ұғымға негізделсе.

      17.7 Аралық топқа ұсынылған құпиялы ақпарат осындай ақпаратты ұсынған тұлғаның, органның немесе уәкілетті органдардың ресми рұқсатынсыз ашылмайды. Егер осындай ақпарат аралық топтан сұратылса, бірақ ол мұндай ақпаратты ашуға рұқсат алмаса, онда ақпаратты ұсынған тұлға, орган немесе уәкілетті органдар мақұлдаған құпиялы емес түйіндеме ұсынылады.

III БӨЛІМ

18-БАП
Қорытынды ережелер

      18.1 Басқа мүшеден демпингілік бағалар бойынша экспортқа қарсы ешқандай нақты шара қабылданбауы мүмкін, осы Келісімде түсіндірілгендей, ГАТТ 1994 ережелеріне сәйкестен басқасы24.

      18.2 Басқа мүшелердің келісімінсіз осы Келісімнің кез келген ережесіне қатысты ешқандай ескертулерге жол берілмеуі керек.

      18.3 3.1 және 3.2-тармақшаларын ескере отырып, осы Келісімнің ережелері қандай да бір мүше үшін ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енген күні немесе осы күннен соң берілген өтінішке сәйкес басталған тергеуге және қолда бар шараларды қайта қарауға қолданылады.

      18.3.1 9-баптың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын қаражаттарды қайтару рәсімдері шеңберінде демпингілік маржаны есептеуге қатысты ең соңғы анықтау немесе демпинг фактісін қайта қарау барысында пайдаланған ережелер қолданылады.

      18.3.2 11-баптың 3-тармағының мақсаттары үшін қолданыстағы демпингке қарсы шаралар қандай да бір мүше үшін ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енген күнінен кешікпейтін күні енгізілген деп есептеледі, келесі жағдайды қоспағанда, мүшенің сол күні әрекет еткен ұлттық заңнамасында да осы тармақта қарастырылған ереже болған кезде.

      18.4 Әрбір мүше ДСҰ туралы Келісімнің ол үшін күшіне енген күнінен кешіктірмей өзінің заңдарын, нормативті актілерін және әкімшілік рәсімдерін олар осы мүше үшін қаншалықты қолданылуы мүмкіндігінше осы Келісімнің ережелеріне сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жалпы немесе нақты түріндегі қадамдарға алдын ала кіріседі.

      18.5 Әрбір мүше Комитетке осы Келісімге қатысы бар өзінің заңдары мен нормативті актілеріндегі кез келген өзгерістер туралы және осындай заңдар мен нормативті актілерді қолданудағы өзгерістер туралы хабарлайды.

      18.6 Комитет жыл сайын оның мақсаттарын назарға алып, осы Келісімнің жүзеге асуы мен қызмет етуін қарастырады. Комитет жыл сайын тауар саудасы жөнінде Кеңеске осындай қарастырумен қамтылған кезеңдегі өзгерістер туралы хабарлайды.

      18.7 Осы Келісімнің қосымшалары оның ажыратылмайтын бөлімін құрайды.

I ҚОСЫМША

6-БАПТЫҢ 7-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС СОЛ ЖЕРДЕ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУ РӘСІМДЕРІ

      1. Тергеу басталған соң экспорттайтын мүшенің және олар мүдделі болып табылатыны белгілі фирмалардың уәкілетті органдарына тергеуді сол жерде жүргізу ниеті туралы хабарлау керек.

      2. Егер ерекше жағдайларда тергеу жүргізетін топқа үкіметті емес сарапшыларды енгізу жобаланса, онда фирмалар мен экспорттайтын мүшенің уәкілетті органдарына бұл туралы хабарлау керек. Мұндай үкіметті емес сарапшыларды құпиялылық талаптарын бұзғаны үшін тиімді санкцияларға тарту керек.

      3. Әдеттегі тәжірибеде келу күнін белгілегенге дейін экспорттайтын мүшедегі мүдделі фирмалар тарапынан айқын көрсетілген келісім алу болу керек.

      4. Мүдделі фирмалардан келісім алысымен уәкілетті органдар экспорттайтын мүшенің уәкілетті органдарына кіріп шығу болжанған фирмалардың атауы мен мекенжайы, сондай-ақ келісілген күндері туралы хабарлау керек.

      5. Осы фирмаларды кіріп шығу туралы айтарлықтай күнілгері хабардар ету керек

      6. Сауалнамаларды түсіндіру мақсатында кіріп шығу экспорттайтын фирманың ғана өтінімі бойынша жүргізілуі керек. Мұндай кіріп шығу тек қана келесі жағдайда жүзеге аса алады, егер (а) импорттайтын мүшенің уәкілетті органдары осы мүшенің өкілдерін хабардар етсе және (b) соңғысы кіріп шығуға қарсылық білдірмесе.

      7. Сол жерде тергеу жүргізудің негізгі мақсаты ұсынылған ақпаратты тексеру немесе қосымша мәліметтер алу болғандықтан, оны сауалнамаға жауаптар алынған соң ғана жүргізу керек, тек қана егер де кәсіпорын басқа тәртіппен келіспесе, ал экспорттайтын мүшенің үкіметі тергеудің уәкілетті органдарымен алдағы кіріп шығу туралы хабардар етілсе және бұған қарсы болмаса; бұдан басқа, әдеттегі тәжірибеде тиісті фирмаларға кіріп шығуға дейін тексеру талап етілген ақпараттың жалпы сипаттамасы туралы және ұсынуға талап етілген кез келген қосымша ақпарат туралы хабарлау керек, дегенмен де бұл алынған ақпарат аясында қосымша толықтылықтарды сол жерде ұсыну туралы сұраныс жасауға кедергі келтірмейді.

      8. Экспорттайтын мүшенің уәкілетті органдары немесе фирмалары жолдаған және де сол жерде тергеуді ойдағыдай жүргізу үшін маңызды мәні бар сұраныстар мен сауалнамаларға жауаптар мүмкіндігінше кіріп шығуға дейін берілу керек.

      24Осы ереженің ГАТТ 1994 басқа тиісті ережелері негізінде тиісті шараларды қабылдауға кедергі келтіру мақсаттары жоқ.

II ҚОСЫМША

6-БАПТЫҢ 8-ТАРМАҒЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ БОЙЫНША ЕҢ ЖАҚСЫ ҚОЛДА БАР АҚПАРАТ

      1. Тергеу басталған соң мүмкіндігінше қысқа мерзімде тергеудің уәкілетті органдары кез келген мүдделі тараптан талап етілетін ақпаратты және мүдделі тараптың жауабында осындай ақпарат ұсынылатын тәсілді жете көрсету керек. Сонымен қатар уәкілетті органдар егер ақпарат ақылға қонымды мерзімде ұсынылмаса, онда уәкілетті органдар қолда бар, соның ішінде отандық сала берген тергеу бастау туралы өтініштегі фактілер негізінде анықтама шығаруға құқылы болатынын мүдделі тараптардың түсінуін қамтамасыз етеді.

      2. Уәкілетті органдар сондай-ақ мүдделі тараптан жауапты белгілі бір тасушыда (мысалы, магнит таспасында) немесе компьютерлік тілде ұсынуын сұрай алады. Осындай өтінім берілген жағдайда уәкілетті органдар мүдделі тараптың жауапты ең қолайлы тасушыда немесе компьютерлік тілде берудің ақылға қонымды мүмкіндіктерін ескеру керек және жауап алу кезінде осы тараптан осы тарап қолданатын компьютерлік жүйесінен басқа компьютерлік жүйені пайдалануды сұрамау керек. Егер мүдделі тарап компьтерлендірілген есеп жүргізбесе және де егер жауаптың сұратылған түрде берілуі мүдделі тарап үшін жөнсіз қосымша ауыртпашылықты білдірсе, мысалы жөнсіз қосымша шығындар мен күшті талап етсе, уәкілетті органдар компьтерлендірілген жауап беру туралы өтінімді талап етпеу керек. Егер мүдделі тарап осындай тасушыда немесе компьютерлік тілде компьтерлендірілген есеп жүргізбесе және де егер жауаптың сұратылған түрде берілуі мүдделі тарап үшін жөнсіз қосымша ауыртпашылықты білдірсе, мысалы жөнсіз қосымша шығындар мен күшті талап етсе, уәкілетті органдар жауапты белгілі бір тасушыда немесе компьютерлік тілде беру туралы өтінішті талап етпеу керек.

      3. Тексеруге жататын, тергеуде еш қиындықсыз қолданыла алуға болатын түрде берілген және ол уақытылы және жарамды жерде уәкілетті органдар сұратқан тасушыда немесе компьютерлік тілде берілген барлық ақпарат анықтама шығарған кезде назарға алыну керек. Егер тарап жауапты қолайлы тасушыда немесе компьютерлік тілде ұсынбаса, бірақ уәкілетті органдар 2 тармақта аталып кеткен жағдайлар орындалды деп есептесе, жауапты қолайлы тасушыда немесе компьютерлік тілде ұсыну қабілетсіздігі тергеуге елеулі түрде кедергі келтіретін ретінде қаралмауы тиіс.

      4. Уәкілетті органдардың белгілі бір тасушыда (мысалы, магнит таспасында) берілген ақпаратты өңдеуге мүмкіншілігі болмаса, онда ақпаратты уәкілетті органдар үшін жарамды баспа материалы немесе кез келген басқа түрде ұсыну керек.

      5. Егер ұсынылған ақпарат барлық қатынастарда мінсіз болып табылмаса да, мүдделі тарап өзі үшін ең жақсы болатын түрде әрекет еткен жағдайда, бұл уәкілетті органдарға оны назарға алмауға негіздер бермеу керек.

      6. Егер дәлелдемелер немесе ақпарат қабылданбаса, онда ұсынатын тарап осының себептері туралы дереу хабардар етілу керек және оған тергеу мерзімін тиісті түрде ескере отырып, ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде одан арғы түсініктемелер беру мүмкіндігі қамтамасыз етілу керек. Егер уәкілетті органдар түсініктемелерді қанағаттанарлықсыз деп есептесе, онда мұндай дәлелдемелерді немесе ақпаратты қабылдамау себептері кез келген жарияланатын шығарылған анықтамаларда көрсетілуі тиіс.

      7. Егер уәкілетті органдар өздерінің қорытындыларын, соның ішінде қалыпты құнына қатысты қорытындыларды екінші көзден алынған ақпаратқа, соның ішінде тергеуді қозғау туралы өтініште ұсынылған ақпаратқа негіздеуге мәжбүрленсе, онда олар бұны ерекше сақтықпен істеу керек. Мұндай жағдайларда уәкілетті органдар іс жүзінде мүмкін болған жерде олардың билігіндегі жарияланған прейскуранттар, ресми импортты статистика және кеденнің есептік мәліметтері сияқты мәліметтерді, сондай-ақ тергеу барысында басқа мүдделі тараптардан алынған ақпаратты пайдаланып ақпаратты тексеру керек. Алайда, егер мүдделі тарап ынтымақтастыққа келмесе және осының салдарынан тиісті ақпарат уәкілетті органдарға берілмесе, бұл жағдай осы тарап үшін осы тарап ынтымақтастыққа келуге ниеттенген кезбен салыстырғанда қолайлылығы кем нәтижеге әкелуі мүмкін екені айқын көрініп тұр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады