ЗҚАИ ескертпесі!
Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.
Мүшелер,
Көп тарапты сауда келіссөздерінің Уругвай раундын ескере отырып;
994 жылғы ГАТТ мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуді қалай отырып;
Халықаралық стандарттар мен сәйкестікті бағалау жүйелері өндірістің тиімділігін көтеруіне және халықаралық сауда жүргізуге көмектесуіне маңызды үлес енгізе алатынын мойындай отырып;
Осыған байланысты осындай халықаралық стандарттардың және сәйкестікті бағалау жүйелерінің дамуын ынталандыруды қалай отырып;
Осылайша, техникалық тәртіптер мен стандарттар, соның ішінде орауышқа, таңбалауға, этикет қағазын жапсыруға және техникалық тәртіптер мен стандарттарға сәйкестілікті бағалау рәсімдеріне қойылатын талаптар халықаралық саудаға артық кедергі келтірмеуге жағдай жасауды қалай отырып;
Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, еш бір елге оның экспортының сапасына, немесе жануарлардың, өсімдіктердің, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға, немесе мақсатқа сәйкес деп есептелінетін деңгейде алдау тәжірибесін алдын алуға қажетті шаралар қолдануға кедергілер туындамауы керек, бұндай шаралар көбіне жағдайлары бірдей елдердің арасында жөнсіз немесе ақталмаған кемсітушілік құралы, немесе халықаралық сауданы шектеу құралы болмайтындай әдіспен қолданылуы тиістігін мойындай отырып;
Еш бір елге өзінің қауіпсіздігі аясында аса маңызды қызығушылықтарын қорғауға қажетті шараларды қолдануға кедергілер келтірілмеуі қажеттігін мойындай отырып;
Халықаралық стандарттау дамыған мемлекеттердің технологияларын дамушы елдерге тасымалдаудың тигізетін үлестерін мойындай отырып;
Дамушы елдер техникалық тәртіптер мен сандарттар және техникалық тәртіптер мен стандарттарға сәйкестілікті бағалау рәсімдерін жасау және қолдану кезінде өзгеше қиындықтарға тап болуы мүмкін, бұл жағдайда оларға көмектесу қажеттігін мойындай отырып;
Осымен төмендегідей келіседі:
1-БАП
Жалпы ережелер
1.1 Стандарттау мен сәйкестікті бағалау рәсімдерінде қолданылатын жалпы терминдер, әдеттегідей, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен стандарттау бойынша халықаралық органдар жүйесінде қабылданып, сонымен қатар осы Келісімнің мәні мен мақсаты және мәнмәтінін ескере отырып, оларға бекітілген мағынаға ие.
1.2 Алайда осы Келісімінің терминдері үшін 1 Қосымшада көрсетілген терминдердің мағынасы қолданылады.
1.3 Өндірістік және ауылшаруашылық тауарлармен қоса барлық тауарлар осы Келісімнің ережелерінің ықпалына түседі.
1.4 Үкімет органдарымен дайындалатын, үкімет органдарының тұтынушылық және өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алудың мақсаттарына қолданылатын құжаттар осы Келісімнің ықпалына түспейді, ал оларға қатысты оның қолдану аясына сәйкес үкіметтік сатып алулар бойынша Келісімдер қолданылады.
1.5 Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Келісімнің А Қосымшасында көрсетілгендей, осы Келісімнің ережелері санитарлық және фитосанитарлық шараларға қатысты қолданылмайды.
1.6 Осы Келісімдегі техникалық тәртіптерге, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдеріне берілген сілтемелер болмашы сипаттағы қосымшалар мен өзгертулерден басқа, барлық өзгертулер мен ережелерге кез-келген өзгертулер немесе тауарды қамтуды қосатындай етіп түсіндіріледі.
ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘРТІПТЕР МЕН СТАНДАРТТАР
2-БАП
Орталық үкімет органдарымен техникалық тәртіптерді дайындау, қабылдау және қолдану
Олардың орталық үкімет органдарына қатысты:
2.1 Мүшелер техникалық тәртіптерге қатысты кез-келген мүшенің аумағынан импортталатын тауарға, ұлттық немесе кез-келген басқа елдің ұқсас тауарына ұсынылатын тәртіппен бірдей қолайлы тәртіп ұсынылуын қамтамасыз етеді.
2.2 Мүшелер халықаралық саудаға артық кедергі келтіретін немесе кедергінің пайда болуына себеп болатындай техникалық тәртіптердің дайындалмауын, қабылданбауын және қолданылмауын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта техникалық тәртіптер заңды мүддеге қол жеткізуге қажетті ықпалдан артық, осындай мақсатқа қол жетпегенде пайда болатын қауіпті ескере отырып, саудаға шектеу әрекетін тигізбейді. Осындай заңды мүдделерге, inter alia: ұлттық қауіпсіздіктің талаптары; алдау тәжірибесін алдын алу; адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін, жануарлардың немесе өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, немесе қоршаған ортаны қорғау жатады. Осындай қауіптерді бағалау кезінде, inter alia: бар ғылыми және техникалық ақпарат, сәйкес технология немесе тауардың болжамды соңғы қолданылуы тәрізді факторлар ескеріледі .
2.3 Егер оларды қабылдауға себеп болған жағдайлар мен себептер енді болмаған жағдайда, немесе өзгерген жағдайлар мен себептер саудаға азырақ шектететін әрекет ететін әдістерді қолдануға мүмкіндік берсе, онда бұл техникалық тәртіптердің күші жойылуы тиіс.
2.4 Егер техникалық тәртіптерге қажеттілік туындаса және сәйкес халықаралық стандарттар болса немесе оларды жасау аяқталу үстінде болған жағдайда, мүшелер оларды немесе олардың сәйкес бөлімдерін өздерінің техникалық тәртіптеріне негіз ретінде қолданады, бұндай халықаралық стандарттар немесе олардың сәйкес бөлімдері елеулі климаттық, географиялық факторлар немесе елеулі техникалық проблемалар сияқты қойылған заңды мүдделерге жету үшін тиімсіз немесе қолайсыз құрал болып табылса онда ол стандарттар қолданылмайды .
2.5 Басқа мүшелердің саудасына айтарлықтай әсер тигізе алатын техникалық тәртіпті жасайтын, қабылдайтын және қолданатын мүше, басқа мүшенің сұрауы бойынша 2-4 тармағының ережесіне сәйкес осындай техникалық тәртіптің қажеттілігін түсіндіреді. 2 тармақта нақты көрсетілген заңды мүдделердің біреуіне жету үшін техникалық тәртіп жасалып, қабылданып немесе қолданылғанда және ол осы салада халықаралық стандартқа сәйкес болса, онда ол халықаралық саудаға артық кедергі келтірмейтіні болжанады .
2.6 Мүмкіндігінше кең ауқымда техникалық тәртіптерді үйлестіру мақсатында, мүшелер өздерінің мүмкіндіктерінің шеңберінде, стандарттау бойынша сәйкес халықаралық органдардың, қандай да бір тауарға қатысты техникалық тәртіптің халықаралық стандартын қабылдауға немесе оны қабылдауға ниет білдіруге толығымен қатысады.
2.7 Мүшелер баламалы техникалық тәртіптер ретінде басқа мүшелердің тәртіптерін қабылдау мүмкіндігіне оң көз қараспен қарайды, бұл тәртіптер олардың жеке тәртіптеріндегі мүдделерге тән қол жеткізуді қамтамасыз етсе олар өздерінің тәртіптерінен өзгеше болса да оларды қабылдау мүмкіндігін оң ниетпен қарастырады.
2.8 Бұл мүмкін болған жағдайда, мүшелер тауардың құрылымы немесе суреттемесіне қойылатын талаптарға емес, тауардың сипаттамасына қойылатын талаптарының негізінде техникалық тәртіптер қабылдайды.
2.9 Сәйкес халықаралық стандарт болмаған жағдайда, немесе жасалатын техникалық тәртіптің техникалық мазмұны тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес болмаса және техникалық тәртіп басқа мүшелердің саудасына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін болса, онда мүшелер:
2.9.1 басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік беру үшін, сәйкесінше ертерек кезеңінде нақты техникалық тәртіпті енгізу туралы хабарламаны баспаға шығарады;
2.9.2 басқа мүшелерді Хатшылық арқылы шығарылатын техникалық тәртіппен қамтылатын тауарлар туралы хабарландырады, хабарламаға қоса шығарылатын техникалық тәртіптің мақсаты мен негіздемесін қысқаша көрсетіп жібереді. Бұндай хабарламалар оған өзгертулер енгізіп, түсіндірмелерді назарға алуға мүмкіндік болғанда баспаға сәйкесінше ерте кезеңінде шығарылады ;
2.9.3 сұрау бойынша басқа мүшелерге шығарылатын техникалық тәртіптің толық сипаттамасы мен мәтінін береді, мүмкіндігінше сәйкес халықаралық стандарттардан айтарлықтай өзгешелеу бөлімдерін көрсетеді ;
2.9.4 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, жазбаша түрде ескертулер дайындауға, сұрау бойынша осы ескертулерді талқылауға және бұл жазбаша ескертулерді, сонымен қатар осы талқылаудың нәтижесін есепке алуға қажетті қолайлы уақыт кезеңін береді.
2.10 9 тармақтың кіріспе бөлігіндегі ережелерді сақтап, бұл мүше техникалық тәртіпті қабылдаған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік немесе қоршаған ортаны қорғау, денсаулықпен қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша шұғыл мәселелер туындауының қауіпі болса, мүше қажет деп есептесе, 9 тармақта көрсетілген әрекеттерге жүгінбеуіне болады :
2.10.1 Хатшылық арқылы нақты техникалық тәртіп және оны қолданылатын тауарлар туралы басқа мүшелерді хабарландырады, хабарламаға шұғыл мәселелердің мазмұны мен қысқаша техникалық тәртіпті енгізу себебін қоса жібереді;
2.10.2 сұрау бойынша басқа мүшелерге техникалық тәртіптің мәтінін жібереді;
2.10.3 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, жазбаша түрде ескертулер дайындауға, сұрау бойынша осы ескертулерді талқылауға мүмкіндік береді және бұл жазбаша ескертулер мен осы талқылаудың нәтижелерін есепке алады.
2.11 Мүшелер қабылданған техникалық тәртіптердің кідіріссіз басылымға шығуын немесе басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік беретін басқа әдіспен қамтамасыз етеді .
2.12 10 тармақта көрсетілген шұғыл жағдайлардан басқа, экспорттаушы мүшелердегі тауар өндірушілерге, әсіресе дамушы елдердегі мүшелерге, олардың тауарлары мен импорттаушы мүшелердің талаптарына сәйкес өндіру әдістерін дағдыландыру үшін, мүшелер техникалық тәртіптің баспаға шығуы мен олардың күшіне енуіне дейін қолайлы уақыт кезеңін қарастырады.
3-БАП
Жергілікті үкіметтік органдармен және үкіметтік емес органдармен техникалық тәртіптерді дайындау, қабылдау және қолдану
Жергілікті үкіметтік органдар және үкіметтік емес органдарға қатысты, олардың аймағының шеңберінде:
3.1 Мүшелер 2 баптың 9.2 және 10.1 тармақтарында көрсетілген хабарламалар туралы міндеттемелерден басқа, 2 баптағы ережелерді осындай органдардың сақтауын қамтамасыз ететін, оларға қолайлы қолайлы шараларды қабылдайды .
3.2 Осы техникалық тәртіптің мазмұны мүшенің орталық үкімет органдарымен қабылданған техникалық тәртібінің мазмұнына сәйкес болса, бұндай хабарлама алдында жіберілген болса, хабарлама қажет еместігін ескере отырып, мүшелер, тікелей орталық үкімет органына қарайтын жергілікті үкімет органымен қабылданған техникалық тәртіпке қатысты 2 баптың 9.2 және 10.1 тармақтарына сәйкес хабарлама жіберілуін қамтамасыз етеді.
3.3 Мүшелер, басқа мүшелермен байланысты, ақпарат беруді, 2 баптың 9 және 10 бабындағы ескертулер мен талқылауларды орталық үкімет арқылы орнатуды талап ете алады.
3.4 Мүшелер олардың аймағындағы жергілікті үкіметтік органдар мен үкіметтік емес органдардан 2 баптың ережелеріне сәйкес келмейтін әдіспен әрекет етуге ынталандыратын немесе талап ететін шараларды қолданбайды.
3.5 Мүшелер осы Келісім бойынша 2 баптың барлық ережелерін сақтауға толық жауапты болады. Мүшелер орталық үкімет органдарына қарағанда, басқа органдармен 2 баптың ережелерін сақтауды қолдауға бағытталған, механизмдер мен шараларды өңдеп жүзеге асырады
4-БАП
Стандарттарды дайындау, қабылдау және қолдану
4.1 Мүшелер осы Келісімде келтірілген 3 Қосымшада (осы Келісімде "Адал тәжірибе Кодексі деп аталатын") берілген стандарттарды дайындауға, қабылдауға және қолдануға сәйкес, олардың стандарттау бойынша орталық үкіметтік органдары қолданатын адал тәжірибе Кодексін мақұлдауын және оны сақтауын қамтамасыз етеді. Олардың аймағындағы стандарттау бойынша жергілікті үкіметтік және үкіметтік емес органдардың, сонымен қатар олардың аймағындағы стандарттау бойынша, олар немесе бір өзі немесе көбірек органдар мүшесі болып табылатын аймақтық органдардың адал тәжірибе Кодексін қабылдап, сақтауын қамтамасыз ету үшін олар осындай қолжетімді қолайлы шараларды қолданады. Сонымен қатар, мүшелер тікелей немесе жанама түрде осындай органдардан адал тәжірибе Кодексіне сәйкес келмейтін әдістермен әрекет етуге талап ететін немесе ынталандыратын шаралар қолданбайды. Стандарттау бойынша органдардың адал тәжірибе Кодексін сақтауға қатысты мүшелердің міндеттемелері стандарттау бойынша орган адал тәжірибе Кодексін қабылдау, қабылдамауына байланыссыз қолданылады .
4.2 Адал тәжірибе Кодексін қабылдаған және оны сақтайтын стандарттау бойынша органдар мүшелермен осы Келісімнің принциптерін сақтайтындар ретінде мақұлданады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘРТІПТЕР МЕН СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСТІЛІК
5-БАП
Орталық үкіметтік органдармен сәйкестікті бағалау рәсімдері
5.1 Мүшелер техникалық тәртіптерге немесе стандарттарға тікелей сәйкестікті дәлелдеу қажет болған жағдайда, олардың орталық үкіметтік органдары басқа мүшелердің аймағынан шығарылатын тауарларға келесі ережелерді қолдануды қамтамасыз етеді :
5.1.1 басқа мүшелердің аймағында ұқсас тауарларды өндіретін жеткізушілерге, салыстырмалы түрде ұлттық, сонымен қатар кез-келген басқа елдің ұқсас тауарларын жеткізушілерге жасалған қолайлы жағдайдан кем емес жағдайға қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, сәйкестікті бағалау рәсімдері дайындалады, қабылданады және қолданылады, қол жеткізуге осы рәсімдерінің ережелерін сақтай отырып, жеткізушінің сәйкестікті бағалау рәсімдерін өткізуге құқығы кіреді, қарастырылған жерде өндірістік алаңда сәйкестікті бағалауды өткізіп, сәйкестікті бағалау жүйесінің сәйкестік белгісін алуға мүмкіндік кіреді ;
5.1.2 сәйкестікті бағалау рәсімдері халықаралық саудаға артық кедергі келтіретіндей немесе оның тууына әкелетіндей болып қабылданбайды, қолданылмайды. Бұл, inter alia, импорттаушы мүшеге тауарлардың сәйкессіздігі нәтижесінде пайда болған қауіптерді ескере отырып, олардың қолданылатын техникалық тәртіптері немесе стандарттарына сәйкес келетініне қажетті сенімділікті алуға қарағанда қатал емес және қаталырақ қолданылмайтынын білдіреді.
5.2 1 тармақтың ережелерін қолданғанда, мүшелер:
5.2.1 ұқсас отандық тауарларға қарағанда, кем емес қолайлы кезектілікпен, басқа мүшелердің аймағында шығарылатын тауарларға қатысты да сәйкестікті бағалау рәсімдері мүмкіндігінше тез өткізіліп, аяқталуын;
5.2.2 әр бір сәйкестікті бағалау рәсімдерінің стандартты ұзақтығы туралы мәліметтердің басылымға шығуын немесе оны өткізудің болжамды ұзақтығы сұраным бойынша мәлімдеушіге хабарлануын; арыз алған кезде құзырлы орган оперативті түрде құжаттаманың толықтығын тексеріп, барлық кемшіліктер туралы мәлімдеушіге анық және толық ақпарат беруді; құзырлы орган қажет болған жағдайда тиісті түзетімді қолдану үшін, сәйкестікті бағалаудың нәтижесі туралы толықтай және айқын түрде тез арада арыз берушіге жеткізуі тиіс; сұраныстың кемшіліктері болған жағдайда да, құзырлы орган, барынша жүзеге асқанынша, арыз берушінің өтініші бойынша сәйкестікті бағалауды жүргізуді; және сұраныс бойынша арыз берушіге кез-келген кідірістің түсініктемесімен бірге осы үдерістің жүзеге асуының сатысы туралы хабарлама жіберілуін;
5.2.3 сәйкестікті бағалауға және төлемақының көлемін қоюға қажетті ақпараттарға қатысты талаптар ең аз мөлшермен шектелуін;
5.2.4 заңды коммерциялық қызығушылықтарды қамтамасыз ету үшін осындай сәйкестікті бағалау үдерістеріне байланысты анықталатын, басқа мүшелердің аймағында шығатын тауарлар туралы ақпараттың құпиялылығы, отанды тауарларға болатындай сақталуын;
5.2.5 басқа мүшелердің аймағында шығатын тауарлардың сәйкестігін бағалаумен байланысты кез-келген төлемдер мен сыйақылар, арыз берушінің өндірістік алаңы мен сәйкестікті бағалау бойынша органның орналасуымен ерекшеленетін көлікке, байланысқа кететін және басқа шығындарды ескере отырып, отандық немесе кез-келген басқа елден шығатын ұқсас тауарлардың сәйкестігін бағалауға алынатын кез-келген төлемдер мен сыйақылармен бірдей болуын ;
5.2.6 сәйкестікті бағалау рәсімдерінде қолданылатын объектілерді орналастыру және үлгілерді таңдау рәсімдері, арыз берушілер мен олардың өкілдеріне артық қолайсыздық тудыруға әкелмеуін ;
5.2.7 әрдайым тауардың қолданылатын техникалық тәртіптер мен стандарттарға сәйкестігін анықтағаннан кейін, оның сипаттамасына өзгерістер енгізілсе, өзгеріске ұшыраған тауарға қатысты сәйкестікті бағалау рәсімдері, осы тауар бұрынғысынша сәйкес техникалық тәртіптер мен стандарттарға сәйкес келетініне сенімді болу үшін қажетті болып табылады;
5.2.8 сәйкестікті бағалау рәсімдерін орындауға қатысты шағымдарды қарастыру рәсімін және шағым негізді болғанда түзету шарасын орындайды .
5.3 Мүшелерге олардың аймағының шеңберінде қолайлы тексерістер жүргізуге 1 және 2 тармақтарда еш нәрсе кедергі келтірмейді .
5.4 Тауарлар техникалық тәртіптерге немесе стандарттарға сәйкестігі туралы болымды мақұлдау қажет болған жағдайда және стандарттау бойынша халықаралық органдармен шығарылған немесе өңдеуі аяқталу үстіндегі сәйкес нұсқамалар немесе ұсынымдары болғанда, мүшелер өздерінің сәйкестікті бағалау рәсмдеріне негіз ретінде орталық үкіметтік органдардың оларды немесе олардың сәйкес бөлімдерін қолдануын қамтамсыз етеді, сұраныс бойынша толықтай түсіндірілетін, мүдделі мүшелерге бұндай нұсқамалар немесе ұсынымдар немесе олардың сәйкес бөлімдері төмендегі себептерге байланысты лайықсыз болғанда, inter alia, ұлттық қауіпсіздік талаптары, алдау тәжірибесінің алдын алу, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау; елеулі климаттық немесе басқа географиялық факторлар; елеулі инфрақұрылымдық проблемалар.
5.5 Мүмкіндігінше кең ауқымда сәйкестікті бағалау рәсімдерін үйлестіру мақсатында, мүшелер өздерінің мүмкіндіктерінің шеңберінде, стандарттау бойынша сәйкес халықаралық органдардың сәйкестікті бағалау рәсімдері аясында нұсқаулар мен ұсынымдарды дайындауға толыққанды түрде қатысады.
5.6 Стандарттау бойынша халықаралық органдардың сәйкес нұсқамалары мен ұсынымдары болмаған жағдайда немесе стандарттау бойынша халықаралық органдармен шығарылатын сәйкестікті бағалау рәсімдерінің техникалық мазмұны сәйкес нұсқаулары мен ұсынымдарымен қайшы болса және техникалық тәртіп басқа мүшелердің саудасына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігі болса, онда мүшелер:
5.6.1 басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік беру үшін, сәйкесінше ертерек кезеңінде нақты сәйкестікті бағалау рәсімдерін енгізу туралы хабарламаны баспаға шығарады;
5.6.2 басқа мүшелерді Хатшылық арқылы шығарылатын сәйкестікті бағалау рәсімдерімен қамтылатын тауарлар туралы хабарландырады, хабарламаға қоса оның қысқаша мақсаты мен негіздемесін көрсетіп жібереді. Бұндай хабарламалар оған өзгертулер енгізіп, түсіндірмелерді назарға алуға мүмкіндік болғанда баспаға сәйкесінше ерте кезеңінде шығарылады;
5.6.3 сұрау бойынша басқа мүшелерге шығарылатын рәсімдернің толық сипаттамасы мен мәтінін береді, мүмкіндігінше шығарылған сәйкес халықаралық стандарттардан, нұсқаулар мен ұсынымдардан айтарлықтай өзгешелеу бөлімдерін көрсетеді;
5.6.4 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, жазбаша түрде ескертулер дайындауға, сұрау бойынша осы ескертулерді талқылауға және бұл жазбаша ескертулерді, сонымен қатар осы талқылаудың нәтижесін есепке алуға қажетті қолайлы уақытты береді.
5.7 6 тармақтың кіріспе бөлігіндегі ережелерді сақтаған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік немесе қоршаған ортаны қорғау, денсаулықпен, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша шұғыл проблема туындауының қауіпі болса, мүше қажет деп есептесе және бұл мүше рәсімдерді қабылдағаннан кейін болған жағдайда 6 тармақта көрсетілген әрекеттерге жүгінбеуіне болады:
5.7.1 Хатшылық арқылы нақты рәсім және оны қолданылатын тауарлар туралы басқа мүшелерді хабарландырады, хабарламаға шұғыл проблемалардың мазмұны мен рәсімдерді енгізудің қысқаша себебін қоса жібереді;
5.7.2 сұрау бойынша басқа мүшелерге бұндай рәсімдер ережелерінің мәтінін жібереді;
5.7.3 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, жазбаша түрде ескертулер дайындауға, сұрау бойынша осы ескертулерді талқылауға мүмкіндік береді және бұл жазбаша ескертулер мен осы талқылаудың нәтижелерін есепке алады.
5.8 Мүшелер қабылданған сәйкестікті бағалау рәсімдерінің барлығы кідіріссіз басылымға шығып немесе басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік беретін басқа әдіспен танысуын қамтамасыз етеді.
5.9 7 тармақта көрсетілген шұғыл жағдайлардан басқа, экспорттаушы мүшелердегі тауар өндірушілеріне, әсіресе дамушы елдердегі мүшелерге, олардың тауарлары мен импорттаушы мүшелердің талаптарына сәйкес өндіру әдістерін дағдыландыру үшін, мүшелер сәйкестікті бағалау рәсімдерінің баспаға шығуы мен олардың күшіне енуіне дейін қолайлы уақыт кезеңін қарастырады.
6-БАП
Орталық үкіметтік органдардың сәйкестікті бағалауды мақұлдауы
Олардың орталық үкіметтік органдарына қатысты:
6.1 Мүшелер, 2 және 4 тармақтардың ережелеріне зиян келтірмей, өздерінің рәсімдері тәрізді бұл рәсімдер қолданылатын техникалық тәртіптер мен стандарттарға сенімділікті қамтамасыз ететініне көзін жеткізіп, мүмкіндігінше басқа мүшелерде сәйкестікті бағалау рәсімдерінің нәтижелері олардың өздерінің рәсімдерінен басқа болған жағдайда да мақұлдануын қамтамасыз етеді. Өзара қолайлы келісімге келу мақсатында алдын ала кеңес жүргізу қажет болуы мүмкіндігі мақұлданады, жекелей алғанда:
6.1.1 олардың сәйкестікті бағалау нәтижесінің әрқашан беріктігіне сенім болу үшін экспортталатын мүшеде бағалаудың сәйкес органдарының бара-бар және абыройлы техникалық құзыретіне қатысты; бұған қатысты осы салада нұсқаулар мен ұсынымдарға сәйкес келетін стандарттау бойынша халықаралық органдармен шығарылған, мысалыға аккредитациялау арқылы расталған, қажетті техникалық құзыреттің айғағы болып табылады;
6.1.2 экспорттаушы мүшелерде белгілі органдармен ғана алынған сәйксестікті бағалаудың нәтижесін мақұлдаудың шектелуі .
6.2 Мүшелер, оларың сәйкестікті бағалаулары мүмкін болғанша 1 тармақтың ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді .
6.3 Мүшелерге басқа мүшелердің сәйкестікті бағалау рәсімдерінің нәтижелерін өзара мақұлдау туралы келісімге отыру мақсатында келіссөз жүргізуге өтініштерін жақсы ниетпен қарастырулары ұсынылады. Мүшелер бұндай келісімдер 1 тармақтың белгілеріне сай болуын және сәйкес тауарларды сатуға көмектесу жағынан оларда бар мүмкіндіктер бойынша өзара разылыққа әкелуін талап ете алады.
6.4. Мүшелерге басқа мүшелердің аймағында орналасқан сәйкестікті бағалау бойынша органдарға олардың сәйкестікті бағалау рәсімдеріне, олардың немесе кез-келген басқа елдің аймағындағы органдарға көрсетілетін қолайлы жағдайдан кем емес жағдайда қатысуға мүмкіндік беру ұсынылады.
7-БАП
Жергілікті үкіметтік органдармен сәйкестікті бағалау рәсімдері
Олардың аймағының шеңберінде олардың жергілікті үкіметтік органдарына қатысты:
7.1 Мүшелер 5 баптың 6.2 және 7.1 тармақтарында көрсетілген хабарламалар туралы міндеттемелерден басқа, 5 және 6 баптардың ережелерін осындай органдармен орындалуын қамтамасыз ететіндей, оларға қолжетімді, қисында шараларды қолданады.
7.2. Мүшелер 5 баптың 6.2 және 7.1 тармақтарының ережелеріне сәйкес мүшелердегі орталық үкіметке қарайтын жергілікті үкіметтік органдармен қолданылатын сәйкестікті бағалау рәсіміне қатысты шараларға қатысты хабарлама жіберілуін қамтамасыз етеді; сәйкес мүшелердегі орталық үкіметке қарайтын жергілікті үкіметтік органдармен қолданылатын сәйкестікті бағалау рәсімдерінің техникалық мағынасына осындай сәйкестікті бағалаудың рәсімдері негізінен сәйкес болса, олар туралы алдында басылым шыққан хабарламалар болса, хабарлама қажет еместігі ескеріледі.
7.3 Мүшелер басқа мүшелермен байланыс, 5 баптың 6 және 7 тармақтарында көрсетілген хабарламалар, ақпарат беру, ескертулер мен талқылаулар орталық үкімет арқылы жүзеге асырылуын талап ете алады.
7.4 Мүшелер олардың аймағының шеңберінде жергілікті үкіметтік органдардан 5 және 6 баптардың ережелерімен сәйкес келмейтін әдіспен әрекет етуге ынталандыратын немесе олардан оны талап ететін шараларды қолданбайды.
7.5 Мүшелер осы Келісім бойынша 5 және 6 баптың барлық ережелерін сақтауға толық жауапты болады. Мүшелер орталық үкіметтік органдардан басқа органдармен 5 және 6 баптың ережелерін сақтауға бағытталған оң шаралар мен механизмдерді өңдеп, жүзеге асырады.
8-БАП
Үкіметтік емес органдармен сәйкестікті бағалау рәсімдері
8.1 Мүшелер олардың аймағы шеңберінде сәйкестікті бағалауды жүргізетін үкіметтік емес органдар өңделіп жатқан сәйкестікті бағалау рәсімдерін хабарлау туралы міндеттемелерден басқа, 5 және 6 баптағы ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы қолайлы шараларды қолданады. Сонымен қатар, мүшелер осындай органдарды 5 және 6 баптардың ережелеріне сәйкес келмейтін әдіспен әрекет етуге ынталандыратын немесе оны талап ететін шараларды қолданбайды
8.2 Мүшелер олардың орталық үкіметтік органдары үкіметтік емес органдармен өткізілетін рәсімдерге тек қана бұл органдар өңделіп жатқан сәйкестікті бағалау рәсімдерін хабарлау туралы міндеттемелерден басқа 5 және 6 баптардың ережелерін сақтаса ғана сене алады.
9-БАП
Халықаралық және аймақтық жүйелер
9.1 Техникалық тәртіп немесе стандартқа оңтайлы мақұлдау қажет болған жағдайда, мүшелер бұл мақсатқа сай болса сәйкестікті бағалаудың халықаралық жүйелерін қабылдайды және олардың мүшелері болады немесе оған қатысады.
9.2 Мүшелер олардың аймағындағы сәйкес органдар, мүше немесе қатысушы болып табылатын сәйкестікті бағалаудың халықаралық және аймақтық жүйелері 5 және 6 баптың ережелерімен сәйкес келетіндей қолжетімді қолайлы шараларды қолданады. Сонымен қатар, мүшелер осындай органдарды 5 және 6 баптардың ережелеріне сәйкес келмейтін әдіспен әрекет етуге тікелей немесе жанамалы түрде ынталандыратын немесе оны талап ететін шараларды қолданбайды .
9.3. Мүшелер олардың орталық үкіметтік органдары 5 және 6 баптың қажетті ережелерімен сәйкес келетін қажетті сәйкестікті бағалаудың халықаралық немесе аймақтық жүйелеріне ғана жүгінуін қамтамасыз етеді.
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМ
10-БАП
Техникалық тәртіптер, стандарттар және сәйкестікті бағалау рәсімдері туралы ақпарат
10.1 Әр бір мүше басқа мүшелер мен басқа мүшелердегі мүдделі тараптардың барлық негізделген сұраныстарына жауап бере алатындай ақпараттық орталықтың құрылуын, сонымен қатар төмендегіге қатысты сәйкес құжаттаманы беруді қамтамасыз етеді :
10.1.1 оның аймағының шеңберінде орталық немесе жергілікті үкіметтік органдармен, техникалық тәртіпті қолданысқа енгізуге құқылы үкіметтік емес органдармен, осындай органдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылатын стандарттау бойынша аймақтық органдармен қабылданған немесе шығарылған кез-келген техникалық тәртіптерде;
10.1.2 оның аймағының шеңберінде орталық немесе жергілікті үкіметтік органдармен, осындай органдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылатын стандарттау бойынша аймақтық органдармен шығарылған немесе бекітілген кез-келген стандарттар;
10.1.3 оның аймағының шеңберінде орталық немесе жергілікті үкіметтік органдармен, техникалық тәртіпті қолдансқа енгізуге құқылы үкіметтік емес органдармен, осындай органдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылатын стандарттау бойынша аймақтық органдармен қабылданған немесе шығарылған кез-келген сәйкестікті бағалау рәсімдерін;
10.1.4 оның аймағының шеңберінде сәйкес орталық немесе жергілікті үкіметтік органдарға, сәйкестікті бағалау жүйесі мен стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық органдарға мүше болу немесе оларға қатысу, сонымен қатар осы Келісімнің аясында екіжақты немесе көпжақты келісімдер, сонымен қатар ол осындай келісімдердің жүйелері мен ережелеріне қатысты толық ақпаратты ұсына алатындай күйде болуы тиіс;
10.1.5 осы Келісімге сәйкес басылып шығатын хабарламаларды алу үшін немесе бұндай ақпаратты қайдан алуға болатыны туралы ақпаратты ұсыну; және
10.1.6. 3 тармақта көрсетілген ақпараттық орталықтардың орналасуы.
10.2 Алайда, егер құқықтық немесе әкімшілік себептерге байланысты бірден артық ақпараттық орталық құрылса, онда бұл мүше басқа мүшелерге осы ақпараттық орталықтардың әр қайсысының құзырет аясы туралы толық және нақты ақпарат береді. Сонымен қатар, мүше қолайсыз ақпараттық ортаға жіберілген кез-келген сұраныс сәйкесәнше ақпараттық орталыққа кідіріссіз жіберілуін қамтамасыз етеді .
10.3 Әр бір мүше басқа мүшелер мен басқа мүшелердегі мүдделі тараптардың негізделген сұраныстарына жауап бере алатын, сонымен қатар төмендегіге қатысты қажетті құжаттарды қайдан алу керектігі туралы сәйкес құжаттар мен ақпаратты ұсынуға, бір немесе бірнеше ақпараттық орталарды құруға қолайлы қолайлы шараларды қолданады :
10.3.1 оның аймағында стандарттау бойынша үкіметтік емес органдармен немесе стандарттау бойынша аймақтық органдармен, қатысушы болып табылатын осындай органдармен немесе мүшелермен бекітілген және шығарылып жатқан кез-келген стандарт; және
10.3.2 оның аймағында үкіметтік емес органдармен немесе аймақтық органдармен, қатысушылар болып табылатын осындай органдармен немесе мүшелермен шығарылып жатқан сәйкестікті бағалау рәсімдері немесе кез келген сәйкестікті бағалау рәсімдері ;
10.3.3 мүшеліктер мен оның аймағындағы сәйкес үкіметтік емес органдардың стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық органдар мен сәйкестікті бағалау жүйесінде, сонымен қатар осы Келісімнің шеңберінде екі жақты және көп жақты келіскендікке қатысу, сонымен қатар олар осындай келіскендіктердің жүйелері мен ережелеріне қатысты толық ақпаратты ұсына алуы керек.
10.4 Мүшелер басқа мүшелер мен басқа мүшелердегі мүдделі тараптардың негізделген сұраныстарына жауап бере алатын, кез келген басқа мүше мен мүдделі тараптардың тұлғалары үшін жіберілудің нақты бағасын ескермегенде бірдей болатын, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес әділ бағамен ұсынатын (егер олар ақылы түрде ұсынылса), құжаттардың мәтінімен қамтамасыз ететін негізделген қолжетімді шараларды қолданады.
10.5 Басқа мүшелердің сұраулары бойынша дамыған елдер қатарындағы мүшелер, нақты хабарламаға қатысты құжаттардың ағылшынға, испан тіліне, немесе француз тілдеріне аудармаларын, егер көлемді құжат болса, бұндай құжаттардың қысқаша сипаттамасын ұсынады.
10.6. Хатшылық осы Келісімнің ережелеріне сәйкес хабарлама алғанда, бұл хабарламалардың көшірмелерін барлық мүшелер мен мүдделі стандарттау және сәйкестікті бағалау бойынша барлық халықаралық органдарға жібереді, және дамушы елдердің мүшелерінің назарын, олардың ерекше құзығушылығын тудыратын тауарларға қатысты кез келген хабарламаларға аударады .
10.7 Тауарға айтарлықтай ықпал ете алатын техникалық тәртіптер, сәйкестікті бағалау рәсімдері мен стандарттарына қатысты сұрақтар бойынша мүше кез келген басқа елмен немесе елдермен келісімдікке жеткенде, онда бұндай келісімдікке қатысатын бір мүше болса да Хатшылық арқылы хабарламаны осы келісімдіктің қысқаша сипаттамасымен осы келісімдікпен қамтылған тауарлар туралы басқа мүшелерге хабарлайды. Мүдделі мүшелерге сұраныс бойынша осындай келісімдікке кеңес жасасу ұсынылады немесе осындай келісімдікте олардың қатысуын ұйымдастыруы тиіс.
10.8 Осы Келісімде еш нәрсе төмендегіні талп етуші ретінде түсіндірілмейді:
10.8.1 мүшенің тілінен өзгеше тілде мәтінді баспаға шығару;
10.8.2 5 тармақта көрсетілген жағдайлардан басқа, мүшенің тілінен өзгеше тілде құжат жобасының жеке бөлімдері немесе толық мәтіндерін ұсыну; немесе
10.8.3 олардың қауіпсіздікке деген негізгі ынталарына қайшы келетін ақпараттарды ашып, мүшелерге кез-келген ақпаратты беру .
10.9 Хабарлама Хатшылыққа ағылшын, испан және француз тілдерінде жіберіледі.
10.10 Мүшелер 3 Қосымшаға кіретін рәсімдерден басқа, осы Келісімге сәйкес хабарлау рәсімдеріне қатысты ережелерді ұлттық деңгейде орындалуына жауап беретін бірыңғай орталық үкіметтік мекеме тағайындайды.
10.11 Алайда, егер заңды немесе әкімшілік себептерге байланысты хабарлау рәсіміне жауапкершілік екі немесе одан көп орталық үкіметтік мекемелердің арасында бөлінсе, сәйкес мүше осы мекемелердің әр қайсысының жауапкершілігі аясы туралы толық және нақты ақпаратты ұсынады.
11-БАП
Басқа мүшелерге техникалық қолдау көрсету
11.1 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне, техникалық тәртіптерді дайындау бойынша кеңес береді.
11.2 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне кеңес береді және өзара келісілген жағдайда оларға стандарттау бойынша ұлттық органдарды құруына және стандарттау бойынша халақаралық органдарға қатысуға техникалық қолдау көрсетеді, сонымен қатар, олардың стандарттау бойынша ұлттық органдарын осындай сипатта әрекет етуіне ынталандырады.
11.3 Мүшелер сұраныс бойынша, олардың аймағының шеңберінде реттеуге жауапты болатын органдардың басқа мүшелерге кеңес беру бойынша қызметке басқа мүшелерді, әсіресе дамушы елдердің мүшелерін тарту мақсатында оларға қолжетімді негізделген шараларды қолданады, және оларға өзара келісілгін жағдайда арақатынасына техникалық қолдау көрсетеді :
11.3.1 реттеуге жауапты немесе техникалық тәртіптерге сәйкестігін бағалау органдарын құру, және
11.3.2. олардың техникалық тәртіптерін ең жақсы әдіспен орындау.
11.4 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге,әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне кеңестік қызмет көрсету бойынша оларға қолайлы негізделген шараларды қолданады, және өзара келісілген шартпен оларға сұраныс жіберген мүшенің аймағының шеңберінде қабылданған стандартқа сәйкестігін бағалау органдарын құруға қатысты техникалық қолдау көрсетеді.
11.5 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне кеңестік қызмет көрсетеді және өзара келісілген шартпен оларға оның өндірушісі қабылдау қажет қадамдарға қатысты техникалық қолдау көрсетеді, егер олар сұранысты қабылдайтын, үкіметтік және үкіметтік емес органдармен қолданылатын сәйкестікті бағалау жүйелерін алуға мүмкіндік алуды көздесе.
11.6 Мүшелер сәйкестікті бағалаудың халықаралық немесе аймақтық жүйелерінің мүшелері немесе олардың қатысушылары, сұраныс бойынша басқа мүшелерді, әсіресе, дамушы елдердің мүшелеріне кеңес береді және өзара келісілген шартпен осындай жүйелерге қатысудан немесее мүшеліктен шығатын міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін институттар мен құқықтық шектеуді құруға қатысты техникалық қолдау көрсетеді .
11.7 Сәйкес сұраныс бойынша мүшелер органдарды, мүшелері сәйкестікті бағалау бойынша халықаралық немесе аймақтық қатысушы болып табылатын органдарды олардың аймағы шеңберінде басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне кеңес беруге ынталандырады және сәйкес органдарға олардың аймағының шеңберінде институттар құруға қатысты, мүшеліктен немесе қатысудан шығатын міндеттемелерді орындауға, келіп түскен техникалық көмек туралы сұраныстарды қарастыруға ынталандырады.
11.8 1-7 тармаққа сәйкес басқа мүшелерге кеңестік қызмет және техникалық көмек көрсеткенде, дамуы неғұрлым төмен елдердің қатырындағы мүшелердің қажеттіліктеріне басымдылық көрсетеді.
12-БАП
Мүше – дамушы елдерге қатысты арнайы және сараланған режім.
12.1 Мүшелер осы Келісімнің қатысушылары болып табылатын мүше – дамушы елдерге мына ережелерді орындау, сонымен бірге осы Келісімнің басқа баптарының тиісті ережелерін орындау жолымен сараланған және аса қолайлы режімді қамтамасыз етеді.
12.2 Мүшелер мүше – дамушы елдердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты осы Келісімнің ережелеріне айрықша көңіл бөледі және ұлттық ауқымда және осы Келісім бойынша белгіленетін институционалдық механизмдер аясында осы Келісімді іске асыру кезінде мүше – дамушы елдердің айрықша қаржы және сауда қажеттіктерін ескереді.
12.3 Мүшелер техникалық тәртіптерді, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу және қолдану барысында даму тұрғысында айрықша қажеттіктерді, сондай-ақ мұндай тәртіптер, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдері мүше – дамушы елдердің экспортына артық кедергілер туғызбатындай мүше-дамушы елдердің айрықша қаржы және сауда қажеттіктерін ескереді.
12.4 Мүшелер халықаралық стандарттардың, нұсқаулықтардың және ұсынымдардың ықтимал болуына қарамастан мүше - дамушы елдердің өздеріндегі айрықша техникалық және әлеуметтік-экономикалық жағдайда өздерінің даму қажеттіктеріне жауап беретін жергілікті технологияны және өндіріс әдістері мен процестерін сақтауға бағытталған білгілі бір техникалық тәртіптерді, стандарттарды және сәйкестікті бағалау рәсімдерін қабылдауын мойындайды. Сондықтан мүшелер мүше – дамушы елдерден негіз ретінде өздерінің даму қажеттіктеріне, қаржы және сауда қажеттіктеріне жауап бермейтін сынамалар әдістерін қоса алғанда техникалық тәртіптерді немесе стандарттарды пайдалануын күтпеген жөн екенін мойындайды.
12.5 Мүшелер стандарттау жөніндегі халықаралық органдар мен сәйкестікті бағалаудың халықаралық жүйелері мүше – дамушы елдердің айрықша проблемаларын ескере отырып, тиісті органдардың барлық мүшелерде белсенді түрде әрі өкілдікпен ұйымдастыруға және іске асыруға қолайлы қолайлы шаралар қолданады.
12.6 Мүшелер мүше – дамушы елдер тарапынан стандарттау жөніндегі халықаралық органдардың мүше – дамушы елдер үшін ерекше қызығушылық туғызған тауарларға қатысты халықаралық стандарттар қолдану, ал егер ол іске асатын болса, әзірлеу мүмкіндігін зерттеуді қамтамасыз ету үшін өздеріне қол жетімді қолайлы шаралар қабылдайды.
12.7 Мүшелер 11 баптың ережелеріне сәйкес техникалық тәртіптерді, стандарттарды және сәйкестікті бағалау рәсімдерін дайындау мен қолдану мүше – дамушы елдердің экспортын кеңейтуге және әртараптандыруға артық кедергі туғызбауын қамтамасыз ету арқылы оларға техникалық жәрдем көрсетеді. Техникалық жәрдем көрсету шарттарын анықтағанда сұратылатын мүшелердің, әсіресе дамуы неғұрлым төмен елдерден мүшелердің даму деңгейі ескеріледі.
12.8 Техникалық рагламенттерді, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу және қолдану саласында мүше – дамушы елдер институционалдық және инфрақұрылымдық мәселелерді қоса алғанда айрықша мәселелермен ұшырасуы мүмкін екендігі мойындалады. Әрі қарай, мүше – дамушы елдердің дамуының өзгеше қажеттіктері мен сауда-саттығы, сонымен бірге олардың техникалық даму деңгейі олардың осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толықтай орындау қабілетін шектеуі мүмкін екендігі де мойындалады. Сондықтан мүшелер бұл мән-жайды толық көлемде ескереді. Тиісінше, мүше – дамушы елдердің осы Келісімнің ережелерін сақтайтін күйде болуын қамтамасыз ету мақсатында 13 бапта қарастырылған Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Комитетке (осы Келісімде "Комитет" деп аталады) сұраныс бойынша айқын анықталған, мерзімі бойынша шектелген осы Келісім бойынша міндеттемелерден толықтай немесе ішінара босатуды беру құқығы беріледі. Мұндай сұраныстарды қарастырғанда Комитет техникалық тәртіптерді, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу мен қолдану саласындағы айрықша проблемаларды және даму мен сауда-саттық мақсатында осы мүше – дамушы елдің дамуы мен сауда-саттығының ерекше қажеттіктерін, сондай-ақ оның осы Келісім бойынша міндеттемелерін толықтай орындау қабілетін шектей алатын техникалық даму деңгейін ескереді. Комитет дамуы неғұрлым төмен елдердің ерекше мәселелерін айрықша ескереді.
12.9 Консультациялар барысында дамыған елдер қатарындағы мүшелер техникалық тәртіптерді, стандарттарды және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу мен қолдану кезінде мүше – дамушы елдер ұшырасатын айрықша қиындықтарды ескереді, және мүше – дамушы елдерге олардың тиісті күш-жігеріне жәрдемдесу ниетімен дамыған елдер қатарындағы мүшелер мүше – дамушы елдерді қаржыландыруға, сауда саттығына және дамуына қатысты ерекше қажеттіктерін ескереді.
12.10 Комитет осы Келісімде белгіленгендей, ұлттық және халықаралық деңгейлерде мүше – дамушы елдерге берілген арнайы және сараланған режімді жүйелі түрде қарастырады.
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ОРГАНДАР, КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ
13-БАП
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Комитет
13.1 Осымен Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Комитет құрылады, оның құрамына әр мүшеден өкілдер енеді. Комитет өзінің төрағасын сайлайды және қажетіне қарай, бірақ кем дегенде жылына бір мәрте мүшелерге осы Келісімнің қолданылуына немесе оның мақсаттарын іске асыруға қатысты кез келген мәселелер бойынша кеңестер өткізу мүмкіндігін беру үшін жиналады, сонымен қатар осы Келісім бойынша немесе мүшелер өзіне жүктеген міндеттерді атқарады.
13.2 Қажет болған жағдайда Комитет осы Келісімнің тиісті ережелеріне сай өзі жүктей алатын мұндай міндеттерді атқару үшін жұмыс топтарын немесе басқа да органдар құрады.
13.3 Осы Келісімнің аясындағы жұмыс пен үкіметтердің басқа техникалық органдардағы қызметінің арасында қажетсіз қайталауды болдырмаған жөн деп түсініледі. Комитет мұндай қайталауды нөлге теңестіру мақсатында бұл мәселені зерттейді.
14-БАП
Консультациялар мен дауларды реттеу
14.1 Осы Келісімнің қолданылуын қозғайтын кез келген мәселелерге байланысты консультациялар мен дауларды реттеу Дауларды шешу жөніндегі Орган қызметі аясында іске асырылады және Дауларды шешу туралы Уағдаластықта дамытылған және қолданылған 1994 жылғы ГАТТ-ның XXII және XXIII баптарының mutatis mutandis ережелерін сақтай отырып, іске асырылады.
14.2 Даудың сол немесе басқа тарапының өтініші бойынша дауды реттеу жөніндегі төрелік топ сарапшылар тарапынан егжей-тегжелі қарауды қажет ететін техникалық сипаттағы көмек көрсету үшін техникалық сарапшылық топ құра алады.
14.3 Техникалық сарапшылық топтардың қызметі 2 Қосымшада қарастырылған рәсімдермен реттеледі.
14.4 Жоғарыда баяндалған дауларды реттеу туралы ережелерге мүше басқа мүше 3, 4, 7, 8 және 9 баптарды орындауға қатысты қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізген жоқ және бұл өзінің сауда мүдделеріне айтарлықтай тиді деп есептеген жағдайларда жүгінуге болады. Осы орайда алынған нәтижелер сөз болған орган да мүше болып табылғандай қаралады.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
15-БАП
Қорытынды ережелер
Ескертпелер
15.1 Осы Келісімнің кез келген ережелеріне қатысты ескертпелер басқа мүшелердің келісімінсіз қабылдана алмайды.
Шолу
15.2 ДСҰ құру туралы Келісім күшіне енген күннен кейін, әрбір мүше тез арада осы Келісімнің жүзеге асырылуын және қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Комитетке бар немесе қолға алынатын шаралар туралы хабарлайды. Содан кейін Комитетке осыған ұқсас шаралардың кез келген өзгерістері туралы да хабарланады.
15.3 Комитет жыл сайын мақсаттарын ескере отырып, осы Келісімнің іске асырылуы мен қолданылуын қарастырады.
15.4 ДСҰ құру туралы Келісім күшіне енгеннен кейінгі үшінші жылдың соңынан кешіктірмей және әрбір үшжылдық кезеңнің соңында Комитет қажет болған жағдайда осы Келісім бойынша құқықтар мен міндеттерді 12 баптың ережелеріне нұқсан келтірмей, өзара экономикалық пайда мен құқықтар мен міндеттердің теңгерімін қамтамасыз ететіндей түзету жөніндегі ұсынымдар дайындау мақсатында транспаренттілікке қатысты ережелерін қоса алғанда осы Келісімнің іске асырылуы мен қолданылуын қарастырады. Басқалардың ішінде, осы Келісімді іске асыру барысында алынған тәжірибені ескере отырып, Комитет, тиісті жағдайларда, Тауарлар сату жөніндегі Кеңеске осы Келісімнің мәтініне түзетулер енгізу туралы ұсыныстар береді.
Қосымшалар
15.5 Осы Келісімнің қосымшалары оның ажырамас бөлігін құрайды.
1 ҚОСЫМША |
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН
ОЛАРДЫҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ
2 -1991 ИСО /МЭК, "Стандарттауға және оған байланысты қызметке қатысты ортақ терминдер" Нұсқаулығының алтыншы басылымында келтірілген терминдер және олардың анықтамалары осы Келісімде пайдаланған кезде қызметтердің осы Келісімді қолдану аясынан алынып тасталғанын ескере отырып, көрсетілген Нұсқаулықтың анықтамаларындағы секілді маңызы болады.
Алайда, осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар қолданылады:
1.Техникалық тәртіп
Құжатта қолданылатын әкімшілік ережелерді қоса алғанда тауардың сипаттамалары және онымен байланысты өндіріс процестері мен әдістері белгіленеді, оларды сақтау міндетті болып табылады. Ол терминологияға, таңбаланымдарға, орамалауға, заттаңбалауға олардың тауарға, өндіріс процесіне немесе әдісіне қолданылатын дәрежеде қойылатын талаптарды енгізуі немесе тек сол талаптарды қамтуы мүмкін.
Түсіндірме ескертпесі
2 ИСО/МЭК Нұсқаулығында келтірілетін анықтама оқшауланған болып табылмайды; оның негізінде "құрылыс блогы" деп аталатын жүйе салынған.
2. Стандарт
Танылған орган қабылдаған құжат, ол тауарларға немесе оларға байланысты процестерге және әдістерге қатысты ортақ әрі көп мәрте пайдалануға арналған қағидаларды, нұсқаулықтарды немесе сипаттамаларды қамтиды, оларды сақтау міндетті болып табылмайды. Ол да терминологияға, таңбаланымдарға, орамалауға, заттаңбалауға олардың тауарға, өндіріс процесіне немесе әдісіне қолданылатын дәрежеде қойылатын талаптарды енгізуі немесе тек сол талаптары қамтуы мүмкін.
Түсіндірме ескертпесі
Анықтамасы 2 ИСО/МЭК Нұсқаулығында келтірілетін терминдер тауарларға, процестер мен қызметтерге жатады. Осы Келісім тек қана тауарларға немесе өндіріс процестеріне және әдістеріне қатысты техникалық тәртіптерге, сәйкестік стандарттары мен бағалау рәсімдеріне қатысты. 2 ИСО/МЭК Нұсқаулығында анықталған стандарттар міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Осы Келісімнің мақсаттарына арналған стандарттар ерікті, ал техникалық тәртіптер міндетті құжат болып белгіленеді. Стандарттау жөніндегі халықаралық органдар әзірлеген стандарттар консенсуске негізделеді. Осы Келісім консенсуске негізделмейтін құжаттарға да қатысты қолданылады.
3. Сәйкестікті бағалау рәсімдері
Техникалық тәртіптерде немесе стандарттарда қамтылған тиісті талаптардың орындалып жатқан-жатпағанын анықтау мақсатында тікелей немесе жанама қолданылатын кез келген рәсім.
Түсіндірме ескертпесі
Сәйкестікті бағалау рәсімдері атап айтқанда сынамалар алу, сынау және инспекциялау рәсімдерін; сәйкестікті бағалауды, тексеруді және растауды; тіркеуді, аккредиттеуді және мақұлдауды, сондай-ақ олардың ұштасуын қамтиды.
4.Халықаралық орган немесе жүйе
Тиісті органдар, кем дегенде барлық мүшелер үшін мүшелік ашық орган немесе жүйе.
5.Өңірлік орган немесе жүйе
Тиісті органдарға мүшелік тек кейбір мүшелер үшін ашық орган немесе жүйе.
6.Орталық үкіметтік орган
Орталық үкімет, оның министрлігі мен ведомстволары немесе орталық үкіметке сөз болып отырған қызметке қатысты бағынатын кез келген орган.
Түсіндірме ескертпесі
Еуропалық Қауымдастықтар жағдайында орталық үкіметтік органдардың қызметін реттейтін ережелер қолданылады. Алайда Еуропалық Қауымдастықтар шегінде сәйкестікті бағалаудың өңірлік органдары немесе жүйелері құрыла алады, және мұндай жағдайларда олар сәйкестікті бағалаудың өңірлік органдарына немесе жүйелеріне қатысты осы Келісімнің ережелерінің қолданысына енетін еді.
7. Жергілікті үкіметтік орган
Орталық үкіметтен (мәселен, штаттар, провинциялар, жерлер, кантондар, муниципалитеттер және т.т.) басқа Үкімет, оның министрліктері немесе ведомстволары немесе сөз болып отырған қызметке қатысты осындай үкіметке бағынатын кез келген орган.
8. Үкіметтік емес орган
Орталық үкіметтік органнан, немесе техникалық тәртіпті енгізуге заңды құқығы бар үкіметтік емес органды қоса алғанда жергілікті үкіметтік емес органнан басқа орган.
2 ҚОСЫМША |
ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПШЫЛЫҚ ТОПТАР
14 баптың ережелеріне сәйкес құрылатын техникалық сарапшылық топтарға мынадай рәсімдер қолданылады.
1. Техникалық сарапшылық топтар дауды шешу жөніндегі төрелік топқа бағынады. Олардың өкілеттіктер аясы мен екшенді жұмыс рәсімдерін дауды реттеу жөніндегі сарапшылар тобы анықтайды және олар осы топтың жұмысының нәтижелері туралы баяндаманы ұсынады.
2. Техникалық сарапшылық топтарға қатысу тиісті салада кәсіби беделі мен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалармен шектеледі.
3. Даудың қатысушылары болып табылатын елдің азаматтары дауды реттеу жөніндегі сарапшылар тобы мамандандырылған ғылыми біліктілікке деген қажеттілік өзгеше қанағаттандырыла алмайды деп есептейтін айрықша мән-жайларды қоспағанда дауға қатысушылардың ортақ келісімінсіз техникалық сарапшылық топқа мүше бола алмайды. Даудың тараптары болып табылатын елдердің үкіметтік шенеуніктері техникалық сарапшылық топтарға мүше бола алмайды. Техникалық сарапшылық топтардың мүшелері үкіметтің өкілдері немесе қандай да бір ұйымның өкілдері ретінде емес өз атынан әрекет етеді. Сондықтан үкіметтер немесе ұйымдар оларға техникалық сарапшылық топтың қарауындағы мәселелерге қатысты нұсқаулар бермейді.
4. Техникалық сарапшылық топтар кеңестер бере алады және ақпарат немесе техникалық кеңес алу үшін олардың өздері лайық деп есептейтін кез келген дереккөзге жүгіне алады. Техникалық сарапшылық тобы мүшенің құзіреті аясында дереккөзден ақпарат немесе кеңес алу үшін жүгінгенге дейін ол осы мүшенің үкіметіне хабарлайды. Кез келген мүше техникалық сарапшылық топ қажет әрі мақсатқа сай деп есептейтін ақпаратқа қатысты техникалық сарапшылық топтың кез келген сұранысына тез арада және толық жауап береді.
5. Дауға қатысушылар егер оның құпия сипаты болмаса, техникалық сарапшылық топ ұсынған барлық тиісті ақпаратқа рұқсаты болады. Техникалық сарапшылық топ ұсынған құпия ақпарат үкіметтің, ұйымның және осындай ақпарат ұсынған тұлғаның ресми рұқсатынсыз жарияланбайды. Мұндай ақпарат техникалық сарапшылық топтан сұратылған, бірақ техникалық сарапшылық топ үкіметтен, ұйымнан немесе бұл ақпаратты ұсынған тұлғадан мұндай ақпаратты таратуға рұқсат алмаған жағдайларда оның құпия емес сипаттағы тиісті түйіндемесі дайындалатын болады.
6. Техникалық сарапшылық топ ескертпелер мен осы ескертпелерді түпкілікті баяндамада тиісінше ескеру мақсатында мүдделі мүшелерге баяндаманың жобасын табыстайды, баяндама жобасы дауды реттеу жөніндегі сарапшылар тобына табысталғаннан кейін мүдделі мүшелерге де жолданады.
3 ҚОСЫМША |
СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ, БЕКІТУГЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ЕРІКТІ ТӘЖІРИБЕ КОДЕКСІ
Жалпы ережелер
А. Аталған Кодекстің мақсаттары үшін осы Келісімнің 1 Қосымшасында қамтылатын анықтамалар қолданылады.
В. Осы Кодекс мүшенің орталық үкіметтік орган, жергілікті үкіметтік орган немесе үкіметтік емес орган болып табылатын-табылмайтынына қарамастан оның аумағы шегінде стандарттау жөніндегі кез келген органдар үшін; бір немесе одан көп мүшесі мүше болып табылатын, бір немесе одан көп мүшесі мүшенің аумағында орналасқан стандарттау жөніндегі кез келген үкіметтік өңірлік орган (осы Кодексте жиынтық түрде "стандарттау органдары", ал жекеше – "стандарттау органы" деп аталады) үшін ашық.
С. Осы Кодексті қабылдайтын немесе одан шығатын стандарттау жөніндегі органдар бұл факт туралы ИСО/МЭК-тің Ақпарат Орталығына хабарлайды. Хабарламада тиісті органның атауы мен мекен-жайы және оның ағымдағы және стандарттау жөніндегі болжалды қызмет аясы көрсетіледі. Бұл хабарламаны ИСО/МЭК-тің Ақпарат Орталығына тікелей не болмаса, ИСО/МЭК мүшесі болып табылатын кез келген ұлттық орган арқылы, не болмаса абзалырағы тиісті ұлттық мүше немесе ИСОНЕТ халықаралық бөлімшесі арқылы жолдауға болады.
Мазмұнды ескертпелер
D. Стандарттарға қатысты стандарттау жөніндегі орган ДСҰ басқа кез келген мүшесінің аумағында өндірілетін тауарларға ұлттық елде өндірілген ұқсас тауарларға немесе кез келген басқа елде өндірілген ұқсас тауарларға берілетін режімге қарағанда қолайлылығы кем емес режім беріледі.
Е. Стандарттау жөніндегі орган стандарттардың әзірленуін, бірақ халықаралық саудада артық кедергілер туғызатындай немесе туғызуға әкеп соқтыратындай әзірленбеуін, қабылданбауын немесе қолданылмауын қамтамасыз етеді.
F. Егер халықаралық стандарттар бар болса немесе оларды әзірлеу аяқталса, стандарттау жөніндегі орган, мәселен, қорғау деңгейі жеткіліксіз немесе елеулі климаттық немесе географиялық факторлар немесе елеулі технологиялық проблемалар салдарынан мұндай халықаралық стандарттар немесе олардың тиісті бөлімдері тиімсіз немесе сәйкес емес болған жағдайларды қоспағанда оларды немесе олардың тиісті бөлімдерін өзі әзірлейтін стандарттардың негізі ретінде пайдаланады.
G. Стандарттарды мүмкіндігінше кеңірек негізде үйлестіру мақсатында стандарттау жөніндегі орган тиісті түрде өз мүмкіндіктері шегінде стандарттау жөніндегі тиісті халықаралық органның өзі қабылдаған немесе қабылдауды жоспарлаған стандарттарына қатысты салада халықаралық стандарттарды әзірлеуіне қатысады. Мүшенің аумағында тұрған стандарттау жөніндегі органдар үшін мүмкіндігінше халықаралық стандарттау жөніндегі нақты қызметке қатысуы халықаралық стандарттау жұмысы жүргізілетін нақты саладағы стандарттарды бекіткен немесе бекітуді жоспарлаған көрсетілген аумақтағы стандарттау жөніндегі барлық органдарды танытатын бір делегацияның қатысуы жолымен жүргізіледі.
Н. Мүшенің аумағы шегінде тұрған стандарттау жөніндегі орган ұлттық аумақтағы стандарттау жөніндегі басқа органдардың қызметін немесе стандарттау жөніндегі тиісті халықаралық немесе өңірлік органдардың жұмысын қайталауды немесе ішінара сәйкес келуді болдырмауға барынша тырысады. Олар сондай-ақ өздері әзірлейтін стандарттар бойынша ұлттық негізде келісімге қол жеткізуге барынша тырысады. Дәл сол стандарттау жөніндегі өңірлік орган секілді стандарттау жөніндегі тиісті халықаралық органдардың қызметін қайталаудан немесе ішінара сәйкес келуді болдырмауға барынша тырысады.
I. Тиісті жағдайларда стандарттау жөніндегі орган тауардың құрылымына немесе суреттемесіне қойылатын талаптарға емес, оны пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптарға негізделген стандарттарды белгілейді.
J. Стандарттау жөніндегі орган кем дегенде алты айда бір мәрте өз атауы мен мекен-жайын көрсетіп, өзі сол кезде әзірлеген стандарттар, сонымен бірге алдыңғы кезең ішінде өзі бекіткен стандарттар бойынша жұмыс бағдарламасын жариялайды. Стандарт стандартты әзірлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап осы стандарт бекітілгенге дейін әзірлеу барысындағы стандарт болып есептеледі. Стандарттардың нақты жобаларының атаулары сұраныс бойынша ағылшын, испан және француз тілдерінде ұсынылады. Жұмыс бағдарламасының бар екендігі туралы хабарлама стандарттау жөніндегі қызмет туралы ұлттық немесе, мән-жайға қарай өңірлік басылымда жарияланады.
Жұмыс бағдарламасында ИСОНЕТ талаптарына сәйкес әрбір стандартқа арналған стандарттың жіктемесі, оның мәні, әзірлену кезеңі туралы деректер және негізге алынған кез келген халықаралық стандарттарға сілтемелер көрсетіледі. Стандарттау жөніндегі орган өзінің жұмыс бағдарламасын жариялаған сәттен кешіктірмей Женевадағы ИСО/МЭК Ақпарат Орталығына оның бар-жоғы туралы хабарлайды.
Хабарламада стандарттау жөніндегі органның атауы мен мекен-жайы, жұмыс бағдарламасы, осы жұмыс бағдарламасын іске асыру мерзімі, оны сатып алу құны (егер ол ақысыз негізде таратылатын болса) және оны қалай және қай жерден алуға болатыны туралы жарияланған шығарылым атауы мен нөмірі көрсетіледі. Хабарлама Женевадағы ИСО/МЭК Ақпарат Орталығына тікелей немесе абзалырағы тиісті Ұлттық мүше немесе ИСОНЕТ халықаралық бөлімшесі арқылы жолдануы мүмкін.
К. ИСО/МЭК-тің Ұлттық мүшесінің ИСОНЕТ мүшесі болуына немесе басқа органға мүше болуды тапсыруға, сонымен қатар ИСОНЕТ мүшесіне ықтимал мүшеліктің толығырақ үлгісін алуға бар күш-жігерін жұмсайды. Стандарттау жөніндегі басқа органдар ИСОНЕТ мүшесімен қауымдасуға барынша тырысады.
L. Стандартты қабылдағанға дейін стандарттау жөніндегі орган ДСҰ мүшесі аумағы шегіндегі мүдделі тараптардың стандарт жобасы бойынша ескертпелерін табыстау үшін кем дегенде 60 күндік кезеңді қарастырады. Бұл кезең, алайда, қауіпсіздікті, денсаулықты және қоршаған ортаны қамтамасыз етудің шұғыл мәселелері туындаған немесе туындау қатері төнген жағдайларда қысқартылуы мүмкін. Ескертпелерді ұсынуға берілген кезеңнің басталуынан кешіктірмей стандарттау жөніндегі орган J тармағында көрсетілген басылымда ескертпелерді табыстау кезеңі туралы хабарлайтын хабарлама жариялайды. Мұндай хабарламада стандарт жобасының тиісті халықаралық стандарттардан ауытқып-ауытқымайтыны мүмкін болғанынша көрсетіледі.
М. ДСҰ мүшесі аумағы шегінде кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша стандарттау жөніндегі орган өзі ескертпеге ұсынған немесе ұсынуға қабылдаған стандарт жобасының мәтінін тез арада табыстайды. Жеткізілімнің шынайы құнын есептемегенде осы қызмет үшін есептелетін кез келген төлемдер мен сыйақылар шетелдік және отандық тұлғалар үшін бірдей болып табылады.
N. Стандарттау жөніндегі орган стандартпен әрі қарай жұмыс істеу барысында ескертпелерді ұсынуға берілген кезең ішінде алынған ескертпелерді ескереді. Адал тәжірибе Кодексін мойындаған стандарттау жөніндегі органдар арқылы алынған ескертпелерге тиісті өтініш бойынша жауап мүмкіндігінше тезірек беріледі. Бұл жауапта тиісті халықаралық стандарттардан ауытқудың қажеттігімен байланысты себептер көрсетіледі.
О. Стандарт қабылданғаннан кейін ол тез арада жарияланады.
Р. ДСҰ мүшесі аумағы шегіндегі кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша стандарттау жөніндегі орган жұмыс бағдарламасының немесе өзі әзірлеген стандарттың ең соңғы мәтінін тез арада табыстайды немесе оны табыстау шараларын қолданады. Жеткізілімнің шынайы құнын есептемегенде осы қызмет үшін есептелетін кез келген төлемдер мен сыйақылар шетелдік және отандық тараптар үшін бірдей болып табылады.
Q. Стандарттау жөніндегі орган Адал тәжірибе Кодексін мойындаған стандарттау жөніндегі органдар жолдаған кеңестер өткізу туралы сұраныстарды тілектестікпен қарайды және оларға осы Кодекстің қолданылуына қатысты кеңесу үшін тиісті мүмкіндік береді. Ол кез келген шағымдарды шынайы түрде қанағаттандыруға тырысады.