Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын (стипендияларын) беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2000 жылғы 23 маусым N 150

 


     Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елімізде жүргізіліп жатқан

реформаларды қолдауға қосқан үлкен үлестері ескеріліп, әрі Қазақстан

Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы

сыйлықтары мен гранттарын беру жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсыныстарын

қарай келіп:


                Қазақстан Республикасы Президентінің

                   сыйлықтары мыналарға берілсін:


     Абдрахманов Сауытбекке - публицист, Қазақстан халықтарының рухани

және мәдени құндылықтары жайлы, А.С.Пушкиннің шығармашылық мұрасы туралы

мақалалар дестесі үшін.


     Коллет-Уайт Майклге - "Рейтер" ақпарат агенттігінің Орталық Азия

филиалының шеф-тілшісі, Қазақстан Республикасында жүріп жатқан

қоғамдық-саяси процестер мен экономикалық жаңғырулар жайлы әлемнің

бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жариялағаны үшін.


                Қазақстан Республикасы Президентінің

            гранттары (стипендиялары) мыналарға берілсін:



 
       Горбунов Сергейге - "Казахстанская правда" газетінің меншікті

 

тілшісі, Екібастұз жылу-энергетика кешенін әлеуметтік экономикалық

реформалау проблемалары туралы жарияланымдар дестесі үшін.


     Ілиясова Бағдатқа - "Акмолинская правда" облыстық газеті бас

редакторының орынбасары, халықтың тарихи зердесін түлету, қазақ

мәдениетін, дәстүрі мен тілін дамыту туралы жарияланымдарының дестесі

үшін.


     Олжай Қайнарға - Республикалық "Хабар-2" телеарнасының бас продюсері,

осы арнаның қызметін ұйымдастырғаны үшін.


                Қазақстан Республикасы Президентінің

                   алғысы мыналарға жариялансын:



 
       Жүнісбаев Несіпке - Республикалық "SPORT & ks" газетінің бас

;редакторы, жастарға патриоттық тәрбие беруге және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін.
 
      Құсанбеков Бейбітке - Республикалық "Қазақстан теледидары мен радиосы" корпорациясының редакторы, "Қазақстан-1" телеарнасында қазақ мәдениетінің таңдаулы өкілдерінің шығармашылық портреттерін жасағаны үшін.
 
      Рерих Владимирге - "Хабар агенттігі" жабық акционерлік қоғамының

 

вице-президенті, "Жеті күн" ақпараттық талдау бағдарламасын жасағаны,

теледидар пікірсайыстарын жүргізгені үшін.


     Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің шығармашылық ұжымына -

ұлттық сана-сезімді тәрбиелеуге, күні өткен қасаңдықтарды еңсеруге,

халықтың құқық мәдениетін көтеруге, аймақта кәсіпкерлікті дамытуға

бағытталған материалдарды оралымды әзірлеп, үзбей жариялағаны үшін.


     Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.



     Қазақстан Республикасының

            Президенті




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады