Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2001 жылғы 2 ақпан N 201. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешімдерді әзірлеу және заң жобаларын дайындау кезінде осы Тұжырымдаманың негізгі ережелерін басшылыққа алсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2001 жылғы 2 ақпандағы 
N 201 өкiмiмен     
мақұлданған      

  Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы
күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

  Кiрiспе

      Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 377  Жарлығына сәйкес әзiрлендi. 
      Бұл тұжырымдаманы дайындау қажеттiгi елдегi қылмыстық ахуал белгiлi дәрежеде тұрақтануына қарамастан, экономика саласындағы құқық бұзушылық мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiнiң барлық саласына жағымсыз әсер етуiн жалғастыруынан және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi тежеуiнен туындап отыр. 
      Тұжырымдама экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және талдау деңгейiн арттыру жөнiндегi негiзгi бағыттарды, мақсаттарды және басым мiндеттердi жүйелi түрде баяндау болып табылады. Оны iске асыру басты мiндеттi шешуге - экономикалық құқық бұзушылыққа пәрмендi әрi мақсатты түрде қарсы тұруға, оның деңгейi мен санына мемлекеттiң қызмет етуi үшiн экономикалық қауiп төндiрмейтiндей деңгейге ұдайы әрi үздiксiз жеткiзуге мүмкiндiк туғызады. 
      Тұжырымдама экономикалық қауiпсiздiк проблемаларымен айналысатын органдар қызметтерiнiң бағыттары бойынша кешендi мақсатты бағдарламалар, ведомстволық нормативтiк құқықтық құжаттар әзiрлеу үшiн негiз болады. 

       1. Экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың даму
         үрдiстерi

      1.1. Экономикалық құқық бұзушылықтардың табиғаты 

      Экономика мен бүкiл қоғамдық өмiрдi реформалаудың жоғары қарқыны қоғамдық қатынастардың барлық нысанына, ең алдымен экономикаға, әсерiн тигiзбей қоймады. Меншiктiң құрылымы елеулi түрде өзгердi, экономикалық қатынастар салалары кеңiп, сыртқы экономикалық байланыстарды ырықтандыру жүзеге асырылды, барлық шаруашылық субъектiлерiнiң экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруына жол ашылды, банк туралы заңдар елеулi жақсарды, ол банктерде, соның iшiнде шет ел банктерiнде де кедергiсiз есеп-шоттар ашуды жүзеге асыруға жәрдемдестi, кәсiпорындарды тiркеу мен тарату тәртiбi, рұқсаттама құжаттар, мөрлер мен мөртабандар алу жеңiлдетiлдi. 
      Экономикалық өмiр серпiнiнiң едәуір артуы, шаруашылық қатынастардың жаңа нысандарының пайда болуы экономикалық құқық бұзушылықтар табиғатының өзгеруiне алып келдi. Бұл объективтi үрдiс нарықтық қайта құрудың жоғары қарқыны жағдайында нормативтiк база мен құқық қолдану практикасының экономикалық қарым-қатынастардың қалыптасқан деңгейiне және олардағы өзгерiстiң жаңа үрдiстерiне барабар келе бермейтiнiмен күрделене түседi. 
      Сондықтан жаңа шаруашылық қатынастар нысандары қолданыстағы нормативтiк базаға қайшы келедi. Құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерi қоғамдық қауiптi болып табылмаса да, заң нормаларының қолданылуы бойынша iс жүзiнде экономикалық құқық бұзушылықтар саласына жатады. 
      Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң негiзгi проблемаларына мыналарды жатқызуға болады: 
      1) құқық қорғау және қаржы-экономикалық органдардың шаруашылық қатынастардың өзгеруi жағдайына тиiстi жауап әрекет ету қабiлетiнiң жетiспеушiлiгi; 
      2) шаруашылық қатынастар өзгеруiнiң жоғары қарқыны мен шаруашылық субъектiлерiнiң операцияларды жүзеге асыруы, есеп-шоттарды ашуы, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруы тұрғысынан ұтқырлығы - анықтау және алдын-ала тергеу жүргiзу, айғақтарды жинау мен бағалау жөнiндегi қажеттi рәсiмдердi жүргiзудi қамтамасыз етуге көп уақыт жұмсауды талап ететiн қолданыстағы iс жүргiзу нормаларының дамуынан басып озуды; 
      3) тiптi заңдарды жедел өзгерту жағдайы экономикалық өмiр болмысына әрдайым ілесiп үлгере алмай келедi, ал кейде экономикалық өзара қарым-қатынастар тым кең түрде түсiндiрiлiп азаматтар мен заңды тұлғалардың шаруашылық құқықтарына терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн. 

      1.2. Экономикалық құқық бұзушылықтар ұйымдасқан қылмыстың
           базасы ретiнде 

      Экономикалық қатынастардың үдемелi дамуы қолданыстағы заңдармен әртүрлi деңгейде реттелетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң пайда болуына ықпал еттi. Бұндай қызметтi шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 
      а) бейресми экономика - заңды түрде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ресми есеп берулерiнде көрсетiлмей, табыс табуға бағытталған, сондай-ақ салықтық төлемдердi мейлiнше кемiту үшiн бейресми еңбекақы төлеу мақсатындағы қызметi; 
      б) көлеңкелi экономика - шаруашылық қызметi салаларында салық төлеушiлер немесе заңды тұлға ретiнде тiркелмеген, қолданыстағы заңдармен тыйым салынбаған, табыстың барлық түрiн салық салудан толық жасыру мақсатында заңсыз жұмыспен қамтуды пайдаланатын субъектiлердiң қызметi; 
      в) заңсыз экономика - қолданыстағы заңдармен ресми түрде тыйым салынған, ол салалардағы қызмет қылмыстық әрекет ретiнде жазаланатын шаруашылық жүргiзу қызметi (алкогольдi заңсыз өндiру, есiрткiлер мен есiрткi құрамдас заттардың айналысы, қару-жарақ пен оқ-дәрiнi заңсыз өндiру және сату, жезөкшелiк және басқа да түрлерi). 
      Көлеңкелi экономиканың басым бөлiгi мен бүкiл заңсыз экономиканы бүгiнгi күнi қылмыс әлемi тарапынан реттеу мен ынталандыруға әрекет жасалуда. 
      Бұдан басқа, экономика саласында әрекет етушi ұйымдасқан қылмыс, көбiнесе жекелеген сыбайлас жемқор лауазымды тұлғалардың жәрдемдесуiмен қызмет жасауда. 
      Қызмет бабындағы қылмыстардың ерекшелiгi оны тек белгiлi бiр қызмет атқаратын тұлғалардың әрi нық кәсiби мiндеттерiн атқаруымен ғана байланысты жасай алуында болып отыр. 
      Қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңды бизнеске, әртүрлi жылжымалы және жылжымайтын мүлiкке салу процесi, басқаша айтқанда, оны "тазарту" жандана түсуде. Халықаралық қылмыстылықпен байланыстардың орнауы жиiлеп отыр. 
      Бүгiнгi күннiң өзiнде, экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың мемлекетке тигiзiп отырған залалы мамандардың бағалауы бойынша жылына ондаған миллиард теңгеге бағаланады. 
      Сондықтан да осындай терiс құбылыстарға қарсы күрес елдiң құқық қорғау және қаржы-экономикалық органдарының аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. 
      Алайда, тек қылмыстық қудалау және әкiмшiлiк жаза қолдану шаралары арқылы ғана ұйымдасқан қылмысқа ойдағыдай қарсы тұру мүмкiн еместiгi айқын. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес құқықтық проблема ғана емес. 
      Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың қалыптасуына және қызметiне ықпал ететiн жағдайлардың тiкелей жолын кесуге бағытталған саяси, құқықтық, ұйымдық, алдын алу шараларының өзара байланысты кешенiн iске асыру қажет. 

       2. Экономикалық құқық бұзушылықтардың құрылымы

      Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң басымдықтарын неғұрлым толық анықтау үшiн олардың құрылымының өзгерiс қарқынын айқын түсiну қажет. 
      Қазақстан тәуелсiздiк алған кезең iшiнде белсендi экономикалық реформалардың әсерiмен экономикалық құқық бұзушылықтар құрылымы бiраз өзгердi. 
      Мәселен: 
      1990-1993 жылдары мемлекеттiк мүдделерге залал келтiрудiң неғұрлым белсендi нысандары - мемлекеттiк меншiктi ұрлау, сыртқы экономикалық операцияларды заңсыз жүзеге асыру; 
      1993-1995 жылдары - шағын жекешелендiру, қаржы-несие қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтар, Yкiмет кепiлдiгiмен қайтарылмаған қарыз алу, акцизделген тауарлар контрабандасы; 
      1995-1997 жылдары - жекешелендiру саласындағы лауазымдық терiс пайдаланулар, жалған банкроттықтың алғашқы тетiктерiнiң пайда болуы, экспорттық-импорттық операциялары саласындағы жолсыздықтар, несие қаражатын пайдаланудағы жолсыздықтар, заңсыз сауда, капиталдың заңсыз әкетiлуi, "бiркүндiк" фирмалардың құрылуы; 
      1997-2000 жылдары - жалған банкроттық тетiгi арқылы салықтар төлеуден жалтару, контрабанда, оның iшiнде экономикалық контрабанда, несиелiк берешектердi өтеуден қасақана жалтару, акцизделген өнiмдi шығарумен және сатумен байланысты құқық бұзушылықтар, заңсыз кәсiпкерлiк қызмет, экономика саласында лауазымдық өкiлеттiлiктi терiс немесе асыра пайдалану. 
      Мамандардың бағалауынша 2001-2003 жылдар кезеңiнде экономика саласындағы негiзгi және орныққан құқық бұзушылықтар мыналар болып табылады. 

      2.1. Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар 

      Аталған құқық бұзушылықтар мемлекетке барынша көп залал келтiредi, әрi мемлекеттiк органдарға кiрiгу, ұйымдасқан топтар құру және олардың шетелдiк қылмыстық сыбайластармен байланысу жолымен қылмыстылықтың неғұрлым жоғары жүйедегi деңгейiне көшуiне негiз болады. 
      Құқық бұзушылықтардың бұл тобына мыналар жатады: 
      - салықтар төлеуден жалтару; 
      - заңсыз кәсiпкерлiк және жалған кәсiпкерлiк; 
      - алаяқтық; 
      - жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкiлердi жасау, дайындау немесе өткiзу; 
      - акциздiк алым маркаларының жалған көшiрмесiн жасау және пайдалану. 
      Салықтар төлеуден жалтарудың бiрқатар орныққан негiзгi тәсiлдерi: оффшорлық аймақтарда орналасқан компанияларды пайдалану; коммерциялық операциялар жүзеге асырылатын жалған кәсiпорындар мен "бiркүндiк" фирмаларды құру; қосар бухгалтерия жүргiзу жолымен салық салынатын объектiлердiң немесе ұйымның немесе оның лауазымды адамдарының нақты орналасқан жерiн жасыру; салық органдарына салықтық есеп беру құжаттарын табыс етпеу немесе салықтық есеп беру құжаттарына кiрiстер, шығыстар, салық салу объектiлерi, шығындар сомасы немесе салықтар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер сомасы туралы көрiнеу жалған деректер енгiзу; салықтардың тұтас немесе жекелеген түрлерi бойынша кәсiпорынның салық органында есепке тұруынан жалтару; салық органына хабарламастан бiрнеше банк есеп-шоттарын ашу салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын ұйымға қатысты қолданудан жалтару мақсатында ұйымның активтерiн қасақана кемiту; ұйымның банктiк есеп-шоттарын айналып өтiп, соның iшiнде үшiншi тұлғалар банктiк есеп-шоттары арқылы шаруашылық операциялары үшiн есеп айырысу не қолма-қол ақшамен есеп айырысу жүргiзу; шот-фактураларды ресiмдеуден жалтару немесе жалған шот-фактураларды ресiмдеу. 
      Осыған байланысты салықтық құқық бұзушылықты нақтылау мен құрамын айқын бөлшектеу және олардың жасалуына жауапкершiлiктi қатайту бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдар мен қылмыстық заңдар нормаларының өзгеруi айрықша көкейтестi болады. 
      Осы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес салық органдары мен қаржы полициясы органдарының қызметiнде басымдыққа ие болады. 

      2.2. Капиталдың заңсыз әкетiлуi және трансферттiк баға
           белгiлеу саласындағы құқық бұзушылықтар 

      Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiне төнетiн маңызды қатерлер капиталдың елден тыс жерлерге заңсыз әкетiлуi және салық салынатын кiрiстi кемiту мақсатында бағаларды көрсетуде айла-шарғы жасау болып табылады. 
      Шетелге капиталдың әкетiлуiнiң ең көп таралған тәсiлдерiнiң бiрi трансұлттық корпорациялардың iшiнде трансферттiк баға белгiлеу болып табылады. Шетелге капитал әкетуден басқа, трансферттiк баға белгiлеу - салықтарды төлеуден жалтару, экономикалық құқық бұзушылықтардың белгiлерi бар акциялардың мемлекеттiк пакеттерi бойынша дивидендтер мөлшерiнiң кемуi сияқты терiс салдарларға алып келедi. 
      Жоғарыда көрсетiлген операциялардың әрекет ету принципi күрделi, трансұлттық корпорациялардың iшкi корпоративтiк тiзбегiнде әдетте делдал (оффшорлық) сауда-сатып алу компаниясы қатысады, оның есеп-шотына бүкiл шоғырланған топтың кiрiстерi жазылады. Топ өз кiрiстерiн азайтып, салықтар және мемлекеттiк бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтарады. 
      Бiр корпоративтiк құрылым бөлiмшелерiнiң арасында трансферттiк бағаны қолдану практикасының өзi, егер аффилиирленген (қосылма) тұлғалар арасындағы мәмiлелер халықаралық рынокта белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiлсе немесе қатысушы тараптардың бiрiнiң пайданы ала алмағанына жеткiлiктi дәлелдер бар болып, корпоративтiк құрылымның қойылған стратегиялық мақсаттарына жеткеннен кейiн өтелетiн болса, тыйым салынған iс-әрекет болып табылмайды. Мемлекеттiң араласуы мемлекеттен тыс жерлерге капиталдың бөлiгiн заңсыз әкету мақсатында трансферттiк баға белгiлеу тетiгiн терiс пайдалану фактiсi анықталған жағдайда ғана талап етiледi. 
      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кiрiсiндегi шығынды болдырмау және оның экономикалық мүдделерiн қорғау мақсатында трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заң және заңға тәуелдi актiлер қабылдау айрықша көкейкестi сипатқа ие. 
      Осы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес салық органдарының қаржы полициясы, ұлттық қауiпсiздiк, кеден органдарымен, басқа мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынасында басым болып табылады. 

      2.3. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы құқық
           бұзушылықтар

      Алдағы кезеңде сыртқы экономикалық қатынастар (контрабанда, кәсiпорындар шығындарына жататын: шеттен әкелiнетiн тауар-материалдық құндылықтар құнының түсуi, шеттен әкелiнетiн тауар-материалдық құндылықтар құнының өсуi, кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық) саласындағы құқық бұзушылықтар басым болып табылады. 
      Қазiргi уақытта кеден органдарында сыбайлас жемқорлықты түбiрiмен жою қиын, өйткенi бүкiл кеден салықтары мен алымдарын төлегеннен гөрi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға заңсыз сыйақы беру екеуара тиiмдi процесс жүруде. Көрсетiлген жолсыздықтар, атап айтқанда, жекелеген тауарлар түрлерiне кеден баждарының жоғары ставкаларынан және ел аумағына тауарлардың импорты кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жолында тұрған тосқауылдардан пайда болады. 
      Мемлекеттiң экономикалық мүддесiне кеден саласында жасалатын құқық бұзушылықтар, әсiресе контрабанда, соның iшiнде экономикалық құқық бұзушылықтар айтарлықтай нұқсан келтiредi. 
      Бiрiншiден, ел бюджетiне кеден баждары, салықтар мен алымдар түспейдi. 
      Екiншiден, контрабанда ұрлықпен, соның iшiнде аса iрi көлемде тауарлар, шикiзат ұрлаумен, салық төлеуден жалтарумен, қызмет бабындағы қылмыстармен және басқа да құқыққа қарсы әрекеттермен тығыз байланысқан. 
      Контрабандалық әрекет барған сайын ұйымдасқан және ауқымды сипат алуда, оның жұмыс iстеу тетiгi (жеке бас қауiпсiздiгi, тасымалдау, байланыс, сату) жетiле түсуде. 
      Кеден құжаттарында декларацияланатын жүктер атауының өзгеруi, кеден декларацияларында көрсетiлуiмен салыстырғанда нақты әкетiлетiн немесе әкелiнетiн жүктер мөлшерiнiң арту жағдайлары жиi байқалуда. 
      Шекаралас мемлекеттерге және тiптi алыс шетелдерге әкетiлетiн өнеркәсiп орындарының өнiмдерi контрабандасының ауқымы ұлғайды, металл сынықтарын, соның iшiнде түстi металдарды заңсыз әкету азаяр емес. 
      Құстардың бағалы тұқымын, дәрiлiк өсiмдiктердi, бидай мен ұнды, мәдени және тарихи құндылығы бар заттарды, ауыл шаруашылығы жануарларының терiлерiн контрабандалық жолмен әкету жағдайлары тiркелдi. 
      Мемлекет аумағына темекi өнiмдерiн, спирттi, мұнай өнiмдерiн, сапасыз азық-түлiк өнiмдерiн, майда өндiрiстiң сынамасы төмен, кең тұтынылатын тауарларын заңсыз әкелу ауқымы едәуiр болып отыр. 
      Өнiмнiң келiсiм-шарттың бағасы төмендеуде, ал бағалардағы айырмашылық шетел банктерiндегi шоттарда қалып қояды және қатысушылар арасында бөлiнедi. 
      Көптеген мәмiлелердi жабу үшiн, көбiнесе ойдан шығарылған шетел фирмаларымен жалған келiсiм-шарттар жасалады, жалған құжаттар ресiмдеу арқылы жүктерге жалған декларациялау жүргiзiледi. Кедендiк және өзге де жалған құжаттар жасау, шетел банктерiнiң шотына валютаны кейiннен айырбастау мен аудару арқылы жалған келiсiм-шарттарды жамылып банк кредиттерiн алу жағдайлары аз кездеспейдi. Сыртқы сауда мәмiлелерiн жүзеге асыру кезiнде алынатын валюта қаражатының толық көлемi жиi жасырылады. Валютаның сыртқа кету арналарының бiрi шетелдiк фирмалар болып отыр. Жеткiзiлдi-мiс деген тауарлар немесе қызметтер үшiн алынатын ақша қаражаты қазақстандық банктердегi шетелдiк фирмалар шоттарына жiберiледi және сонан кейiн корреспонденттiк шот арқылы шетелге аударылады. 
      Осы бағыттағы басым мiндеттердiң бiрi ретiнде кеден және валюта заңдарын жүйелеу жөнiндегi жұмысты көрсету қажет. 
      Осы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес қаржы полициясы, iшкi iстер, кеден органдарының өзара iс-әрекетi, ал қажет жағдайларда ұлттық қауiпсiздiк органдары, Ұлттық банк, Экономика және сауда министрлiгi үшiн басым болып табылады. 

      2.4. Жалған және қасақана банкроттық

      Жалған және қасақана банкроттық салықтан жалтарудың бiр нысаны болып табылады, өйткенi қолданылып жүрген салық заңдарының кәсiпорындар банкроттығы бөлiгiндегi ырықты нормалары көп жағдайларда бюджеттiң талаптарын қанағаттандыруға қажеттi мүлiктiң қалмауына немесе жеткiлiксiздiгiне әкеп соғады, әрi неғұрлым бағалы тауар-материалдық активтерiнің талан-таражға түсуі кепілді ресімдеу және кәсiпорын активтерiн төмендетiлген баға бойынша сату жолымен банкроттыққа дайындық сатыларында пайда болған аффилиирленген (қосылма) құрылымдар арқылы өтедi. 
      Сондықтан бүгiнгi күнi жалған банкроттық салық мiндеттемелерiн орындамаудың бiр нысаны және меншiктi мемлекеттiк меншiктен мемлекеттiк емес меншiкке қайта бөлу нысаны болып табылады. 
      Бiрiншi кезекте, мұндай құқыққа қайшы әрекеттер мемлекеттiк, сол сияқты аумақтық және салалық деңгейдегi өнiм (тауарлар, қызмет көрсетулер және жұмыстар) өндiрiсiнде әлеуетi жағынан пайдалы болып табылатын немесе монополияға ие болуы мүмкiн экономикадағы кәсiпорындарға қатысты байқалады. 
      Бұрын табиғи монополистер болған және монополиясыздандыру бағдарламасына түскен кәсiпорындардың жалған банкроттық жағдайлары жиiлеп кеттi. Бұл ретте аралас капиталы бар аса iрi фирмалар да, сондай-ақ жеке тұлғалар да оларды төмендетiлген құны бойынша кейiн сатып алу мақсатымен негiзгi және айналым қаражатының құн балансын қасақана бұрмалайды. 
      Осындай кәсiпорындарды сату конкурстар мен аукциондардың шарттарын бұза отырып өтедi. 
      Салық салудан жалтарудың бiр нысаны деп бюджет алдында берешегi бар кәсiпорындардың соңынан қасақана және жалған банкрот деп жариялайтын жаңа заңды тұлғалар құруын атауға болады. 
      Аталған проблеманың туындауына жағдай жасайтын себептер, қолданылып жүрген заңдағы ақтаңдақтар және әрекетсiз заңды тұлғаларды таратуға қатысты нормаларды әрқилы түсiндiру болып табылады. 
      Осы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес салық органдары, қаржы полициясы органдары үшiн Әдiлет министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, iшкi iстер органдарымен және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiкпен өзара iс-әрекетте басым мiндеттер аясына енетiн болады. 

      2.5. Акцизделетiн тауарлардың заңсыз өндiрiсiне және сатуға
           байланысты құқық бұзушылықтар 

      Тұтыну рыногының осы саласындағы қылмысты жағдай барынша күрделi, әрi нашарлау үрдiсiне ие болып отыр. 
      Тауарлар акциздiк алым маркаларынсыз немесе жарамсыз маркалармен сатылады. Осы акциздiк маркалардың мемлекеттiк үлгiде дайындалғаны, сондай-ақ жалған түрлерi де сатуда бар. 
      Алкоголь өнiмi, спирт, темекi бұйымдары, мұнай, бензин және дизель отыны сияқты акцизделетiн тауарларды заңсыз сату неғұрлым көп тарап отыр. 
      Есепке алынбаған спирттiң негiзiнде сапасы төмен, алкоголь өнiмдерiн жасырын өндiрушiлердiң саны өсуде. Жүргiзiлген талдау жасырын алкоголь бизнесi iскерлерiнiң кәсiпқой және жалпы қылмыстармен кiрiгiп кеткендiгiн дәлелдейдi. Жасырын алкоголь бизнесiне қарсы күрестiң күшеюi оны өз капиталын "заңдастыру" мақсатында осындай өнiмдердiң заңды лицензияланған өндiрiсiне енуге мәжбүр етедi. 
      Салық органдары мен Акцизделетiн өнiмнiң өндiрiсi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитет үшiн акцизделген өнiмдердiң заңсыз айналымына қарсы күрестi: алкоголь өнiмдерi бойынша - iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып, акцизделген өнiмдердiң қалған түрлерi бойынша қаржы полициясы органдарымен және кеден органдарымен бiрлесе отырып жүргiзу басым болып табылады. 

      2.6. Бюджет саласындағы құқық бұзушылықтар

      Мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде қаражат жұмсау жөнiндегi заң талаптарын орындамауға, бюджеттiк қаржыландыру ережелерiн бұзуға, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы кәсiпорындары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға, медициналық жабдықтар және дәрiлер, байланыс құралдары мен коммуникациялар сатып алуға байланысты өндiру және қайта өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк қаражат пен мүлiктердi ұрлау, бюджет қаражатын тиiмсiз және мақсатсыз пайдалану жағдайлары жиiлеп кеттi. 
      Аталған саладағы басым мiндеттер республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң iшкi және сыртқы аудитiнiң дамуы, Есеп комитетi мен мәслихаттардың ревизиялық комиссияларының мәртебесiн көтеру болып табылады. 
      Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдерi бар, мемлекеттiк емес сыртқы заемдар шеңберiнде республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiндегi жұмысты күшейту қажет. 
      Осындай құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзу Қаржы министрлiгi, Бас прокуратура, қаржы полициясы, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн басым болып табылады. 

      2.7. Қаржы құралдары рыногындағы және электрондық
           операциялар саласындағы құқық бұзушылықтар 

      Көрсетілген топтың құқық бұзушылықтармен тигiзетiн залалдарының саны мен мөлшерiнiң олардың салыстырмалы түрде таралмаған сипатына қарамастан, ұлғаю үрдiсi бар. 
      Аталған құқық бұзушылықтарға бағалы қағаздармен заңсыз операцияларды, вексельдер мен банк кепiлдерiнiң жасандысын, жалған кредиттiк карточкалар мен чектердi, оның iшiнде Visа, МаstеrСаrd, American Express халықаралық төлем жүйелерiн пайдалану, компьютерлерге, оның iшiнде банк жүйелерiне заңсыз енудi жатқызуға болады. 
      Осы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес қаржы полициясы органдары, Ұлттық банк, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия және қажет жағдайда ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн басым болып табылады. 
      Экономика саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердiң атап көрсетiлген бағыттары құқық бұзушылықтар мен қылмыстық қол сұғушылықтардың бүкiл тiзбесiн толық қамтымайды, тек қана мемлекеттiк құрылымдардың назарын экономикалық құқық бұзушылықтардың неғұрлым маңызды түрлерiне аударады. 

       3. Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы
         күрестiң басым мiндеттер i

      Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң негiзiн құрайтын проблемалардан мынадай басым мiндеттер туындайды: 
      - заңдардың қолданылып жүрген нормаларының бейiмделуiнiң жоғары деңгейiн өзгермелi шаруашылық жағдайларына қарай қамтамасыз етудi қоса алғанда, заң шығарушылық және құқықтық қолдану жұмысын жетiлдiру (оның iшiнде қылмыстық заңдар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдар); 
      - мемлекеттiк органдар шаруашылық жағдайларының өзгерiстерiне, экономикалық құқық бұзушылықтың жаңа түрлерiнiң пайда болуына жедел және өзара тығыз iс-қимылмен жауап әрекет ету негiзiнде әдiстемелiк және методологиялық база құру; 
      - нормативтiк базаны және экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң тиiстi құралдарын дамыту; 
      - жаңа экономикалық талаптарға сәйкес кадрлар даярлауды қамтамасыз ету; 
      - тергеу iсiн жүргiзудiң бөлiнiсi негiзiнде құқық қорғау органдары арасындағы функцияларды барынша анық бөлу және экономикалық құқық бұзушылыққа қарсы күрестiң басым бағыттарын әрбiр құқық қорғау органы үшiн айқындау; 
      - қаржылық-экономикалық пен құқық қорғау органдарының өзара тығыз iс-қимылын келiстiру; 
      - экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу, экономикалық құқық бұзушылықтардың қарқыны мен құрылымының өзгеруiне мониторинг жүргiзу, салық мәдениетiн насихаттау, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте мемлекеттiк органдардың қызметiне көбiрек ашық сипат беру. 

       4. Тұжырымдаманы iске асырудың бағыттары

      4.1. Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
           жөнiндегi мемлекеттiк органдардың іс-қимылын үйлестiру

      Экономикалық құқық бұзушылықтар саласындағы күрестi жетiлдiрудiң аса маңызды тұтқасының бiрi - экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi органдардың функцияларын ажырату және нақтылау. 
      Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте барлық мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылы мен күш-жiгерiнiң үйлестiрiлу деңгейiн көтеру қажет. 
      Салық полициясының жалған кәсiпкерлiк, заңсыз кәсiпкерлiк қызмет жөнiнде, акцизделген тауарларды заңсыз өндiру және сатуға қарсы күрес жөнiнде жинақтаған тәжiрибесiн жетiлдiру қажет. Iшкi iстер органдары аумақтық деңгейде кеңiрек орналасқандықтан әрi олар аумақтың әр учаскесiмен тiкелей байланыста болатындықтан, олар да заңсыз кәсiпкерлiк пен жалған кәсiпкерлiктi анықтау жөнiндегi өз жұмысын жандандыруы тиiс, ол үшiн қылмыстық iс жүргiзу заңдары мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарға тиiстi өзгерiстер енгiзу қажет. 
      Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жедел сипаттағы көптеген мүмкiндiктерге ие болып отырғандықтан, қаржы полициясы және iшкi iстер органдарымен iс-қимылын үйлестiре отырып капиталды заңсыз әкетудiң жолын кесу, электронды қылмыс саласындағы тергеулер, қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру жөнiндегi жұмысты жандандыруы және аталған құқық бұзушылықтарды анықтауға және ашуға тiкелей қатысуы тиiс. 
      Экономикалық құқық бұзушылықтардың даму үрдiстерi мен оларға қарсы күрес жолдарын айқындау экономика саласындағы жолсыздықтармен байланысты iстердi соттардың қарау нәтижелерiн жүйелеуiн және практиканы қорытуының нәтижелерiн мұқият талдаусыз және зерделеусiз мүмкiн болмайды. 
      Залалдың орнын толтыру, сондай-ақ материалдық жауаптылық жазалауға жеткiлiктi нысан болып табылатын, экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерi үшiн жауапкершіліктi "үнемдеудi" көздеу орынды болып табылады. Осыған байланысты, Әдiлет министрлiгi Бас прокуратурамен бiрлесiп, қылмыстық заңдардың тиiстi нормаларын өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуi қажет. 
      Мемлекеттiк органдардың күш-жiгерiн мынадай бағыттарға шоғырландыра отырып, ведомствоаралық жедел алдын алудың арнайы iс-шараларын жүргiзу қажет: 
      - шетел инвестициялары мен бюджет қаражатының мақсаттан тыс пайдаланылуын анықтау; 
      - қылмыстық сипаттағы ақшаларды "жылыстау" фактiлерiн анықтау; 
      - жекешелендiру саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау; 
      - мемлекеттiк қызметшiлер, құқық қорғау және өзге де органдар қызметкерлерiнiң арасында сыбайлас жемқорлық фактiлерiн анықтау; 
      - шетелге мұнай, астық, жер бетiнде сирек кездесетiн металдарды және басқа да стратегиялық маңызды шикiзатты экспортқа шығарудың заңдылығы; 
      - жалған банкроттықтың фактiлерiн анықтау; 
      - контрабанда, акцизделген өнiмдердi заңсыз өндiру және жалған ақша жасау фактiлерiн анықтау. 

      4.2. Жұмыстың нысандары мен әдiстерi

      Құқық қорғау органдары айғақтардың, тағылған айыптардың барлық нысандарының жүйелiк базасын құруы және сол арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау мен ашу алгоритмiнiң әдiстемелiк базасын жасауы тиiс. 
      Басым құқық бұзушылықтар бойынша жедел-iздестiру қызметінің рөлi мен қаржыландырылуын күшейту қажет, өйткені мәселен, жалған кәсiпкерлiктi, жалған акцизделген өнiмдердi әзiрлеу, жалған банкроттық кезiндегi көптеген экономикалық құқық бұзушылықтарды арнайы iс-шараларсыз дәлелдеу мүмкiн емес. 
      Экономикалық құқық бұзушылықтардың барлық нысандары елдегi жалпы бәсекелестiк жағдайларына нұқсан келтiретiндiктен, заңды мойындайтын азаматтармен, кәсiпорындармен, қоғамдық бiрлестiктермен олар мүдделi болатын өзара iс-қимылдың осындай тетiктерiн жасау қажет. Мұның өзi, атап айтқанда, куәлердi қорғау, жедел ақпаратты өңдеу және заңдастыру тетiктерiне қатысты. Бұл ретте, осындай азаматтар мен заңды тұлғалардың саналы белсендiлiгiне бастамашылық етудiң маңызы зор. 
      Экономикалық құқық бұзушылықтардың өзiндiк ерекшелiгi мен күрделiлігi барлық мәнiстердi, соның iшiнде төте тексерулердi, растайтын құжаттаманы жинауды жүзеге асыру жолымен неғұрлым терең және жүйелi тексеру қажеттiгiне әкеледi. Осыны ескере отырып, банкроттық саласындағы немесе экспорт бағаларын төмендету саласындағы көптеген экономикалық құқық бұзушылықтар тергеушiлер тобының ұзақ уақыт жұмыс iстеуiн талап ететiндiктен, құқық қорғау органдарының осы кезеңдегi қызметiн қозғалған қылмыстық iстердiң өсуi арқылы бағалау мен өлшеу оң көрсеткiш болып табылмайды. 
      Жұмысты жақсартудың негiзгi көрсеткiштерi жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жолымен салықтық құқық бұзушылықтардың санын азайту, сыртқы экономикалық қызмет саласында сыбайлас жемқорлық деңгейiн төмендету, мемлекетке тигiзген залалдың (шығынның) нақты өтелуiн және қылмыстық iстер бойынша үкiмдердiң және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша шешiмдердiң санын көбейту болып табылады. 
      Сарапшылық қызмет 
      Бұл бағыттың негiзгi мақсаты табиғи шикiзатты, жер қойнауын пайдалану жобаларын әзiрлеу мен пайдалану жөнiндегi тендерлерге қатысушылардың, мемлекет меншiгiн, жер, су және орман учаскелерiн жекешелендiру жөнiндегi аукционға қатысушылардың iскерлiк беделi мен қаржылық жай-күйiн тексеру болып табылады. Шетелдiк, сондай-ақ отандық инвесторлардың инвестициялау жөнiндегi iс-шараларына ерекше назар аударылады. Қоршаған ортаны ластап, сонысымен әлеуметтiк мәселелердi шешудi мемлекеттiң мойнына артатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметi туралы сарапшылар бағасы мен ақпарат алудың да маңызы кем түспейдi. Iс-шаралар мен iс-қимылдардың басқа да түрлерiн сараптау мүмкiндiгi бар. 
      Талдау қызметi 
      Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен айналысатын құқық қорғау органдарының барабар және алдын алу iс-қимылдарының нұсқасын әзiрлеу мақсатында тұрақты жүргiзiлетiн талдау жұмысы экономикалық құқық бұзушылықтар дамуын стратегиялық "көре бiлудi" қамтамасыз ету, олардың мемлекеттiк, аймақтық және салалық деңгейдегi қатерiнiң дәрежесiн бағалауды қамтамасыз етуi тиiс. 
      Бұл бағыттың тiкелей мiндеттерiнiң шеңберiне, сондай-ақ елде, аймақта және дүниежүзiлiк қоғамдастықта қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға қарай құқық қорғау органдарының iс-қимыл және әрекет ету тактикасын әзiрлеу енуi тиiс. Қызметтiң негiзгi мiндетiн экономика саласындағы құқыққа қайшы қол сұғушылықтар қатерi деңгейiнiң және кеңiстiк пен уақыттағы елдiң экономикалық қауiпсiздiгi деңгейiнiң арасындағы тұрақтылықтың оңтайлы теңгерiмiн iздестiру деп бөлу орынды болар едi. 
      Алдын алу қызметi 
      Нарық қатынастарындағы көптеген субъектiлердiң құқықтық және экономикалық сауаттылығының жалпы деңгейiнiң жеткiлiксiз екендiгiн ескере отырып, насихат сипатында әртүрлi iс-шараларды дайындау жөнiндегi ұдайы әрi нысаналы жұмыс қажет. Мұндай iс-қимылдардың мақсаты - құқықтық актiлер мен нормаларды кеңiнен түсiндiру, қаржы және бухгалтерлiк нормативтер мен iс-әрекеттердi түсiнiктi жеткiзу, заңды сыйлайтын салық төлеушiлердiң беделiн көтеру болуы тиiс. Ұдайы жүргiзiлетiн насихат салық заңдарын қоса алғанда, заңдар нормаларын жоғары деңгейде танып-білу негiзiнде заңның экономикалық құқық бұзушылықтар мәселесi бойынша дау тудырмауына байланысты психологиялық жайлы жағдай жасалуына бағытталуы тиiс. 
      Қызметтi жедел жоспарлау 
      Осы бағыт құқық қорғау органдарының экономикалық қауiпсiздiк iс-шараларын жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық қызметiне бағынысты және тәуелдi. Мiндеттер аясына мыналар кiредi: 
      құрылымды және басқаруды жетiлдiру, тергеу және жедел iздестiру жұмысын ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадр жұмысы, коммуникациялық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету. 
      Осы бағыттағы жұмыстың мақсаты құқыққа қарсы әрекеттердiң экономика саласындағы кез келген көрiнiсiне құқық қорғау органдары құрылымдарының барабар және жедел ден қоюының серпiндiгi болуы тиiс. 
      Аталған бағыттар қызметтiң басқа да ықтимал түрлерiн түгел қамтымайды. 

      4.3. Халықаралық ынтымақтастық

      Шет елдердiң құқық қорғау органдарымен, бiрiншi кезекте ТМД елдерiнiң құқық қорғау органдарымен және Интерполмен пәрмендi практикалық өзара iс-қимыл жүйесiн құру бағыттың түйiндi тұсы болып табылады. 
      Осындай ынтымақтастықтың мiндеттерi: қылмыскерлердi тапсыру, ғылыми және практикалық тәжiрибе әрi ақпарат алмасу, проблемаларды талқылау және бiрлескен зерттеулер жүргiзу, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi шарттық-құқықтық тұрғыдан үйлестiру және басқалары болып табылады. 
      Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте көкейкестi мiндеттердiң арасында - Қазақстан Республикасының экстрадиция, өзара құқықтық көмек туралы халықаралық шарттар жүйесiне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенцияға, Қылмыстық жолмен жиналған капиталды "жылыстатуға" қарсы iс-әрекет жөнiндегi конвенцияға, Ақша белгiлерiнiң жалған көшiрмелерiн жасауға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға және аталған халықаралық келiсiмдер шеңберiндегi белсендi қызметке қосылу. 

      4.4. Кадрларды даярлау

      Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi жетiлдiрудiң мiндеттерi жаңа буын мамандарының қажеттiгiн көздейдi. Кадрларды даярлау, оқыту және қайта даярлау да маңызды мiндет болып табылады. 
      Экономикалық қауiпсiздiк проблемаларымен кәсiби түрде айналысатын қызметкер құқық және экономика саласындағы терең бiлiктi маман болуға, осы салалардағы бiлiмнiң теориялық танымын, практикалық дағдылары мен шеберлiгiн бiрдей меңгеруге, шетел тiлiн білуге тиiс. 
      Осыған байланысты заңи даярлық бағдарламасы экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыратын органдардың барлық оқу орындарындағы экономикалық пәндер бойынша осындай бағдарламамен тығыз ұштастырылуы тиiс. 
      Экономика саласындағы құқық қорғау органдарының жедел-iздестiру корпусының қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн тұрақты арттыру жөнiндегi жұмысты, соның iшiнде шетелдiк сарапшыларды тарту арқылы жалғастыру қажет. 

       5. Тұжырымдаманы iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Тұжырымдаманы iске асыру нәтижесiнде: 
      - экономикадағы қылмыстылық деңгейi төмендейдi, салық, кеден алымы және бюджетке төленетiн өзге де төлемдердi жинау артады; 
      - сыртқы экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейедi; 
      - халықтың экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзушi органдармен өзара түсiнiстiгi артады; 
      - бейресми экономиканың үлесi төмендейдi, көлеңкелi экономикаға қарсы күрес күшейедi және шаруашылық қызметтiң барлық субъектiлерi үшiн бiрдей бәсекелестiк жағдайы жасалады;
      - экономикадағы ұйымдасқан қылмыстың тегеурiнi едәуiр әлсiрейдi;
      - қылмыстық ахуалдың жақсару үрдiсi байқалады, экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар үлесi төмендейдi;
      - экономикалық құқық бұзушылықтардың ашылуы артады;
      - экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы пәрмендi күрес үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық база қалыптастырылады деп көзделуде.

      Тұжырымдаманы iске асырудан күтілетiн негiзгi нәтиже - елдiң экономикалық қауiпсiздiгiне тигiзер қатерiн азайту болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады