Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2002 жылғы 27 ақпан N 314. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.02.01. N 56 жарлығымен.

                                         Республикалық баспасөзде 
                                         мазмұны жариялануға тиіс  

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
     Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:      

  Беркімбаева              - Қазақстан Республикасының Білім және 
  Шәмша Көпбайқызы           ғылым министрі      

  Ысқақова                 - "Микрокредит" үкіметтік емес ұйымы 
  Саида Қуанқызы             республикалық қоғамдық қорының 
                             директоры      

  Қадырова                 - Қазақстан Республикасының Парламенті 
  Зәуре Жүсіпқызы            Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму 
                             жөніндегі комитетінің төрайымы      

  Қарағұсова               - Қазақстан Республикасының Еңбек 
  Гүлжан Жанпейісқызы        және халықты әлеуметтік қорғау 
                             министрі      

  Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет, 
  Мұхтар Абрарұлы            ақпарат және қоғамдық келісім 
                             министрі      

  Леева                    - "Казахстанская правда" республикалық 
  Людмила Ивановна           газеті" ашық акционерлік қоғамы 
                             "Казинформ" қазақ ақпараттық-талдау 
                             агенттігінің шеф-редакторы      

  Сиврюкова                - Қазақстанның Үкіметтік емес ұйымдары
  Валентина Андреевна        конфедерациясының президенті      

  Темірғалиева             - "Хабар" агенттігі" жабық акционерлік 
  Роза Темірғалиқызы         қоғамының Астана қаласындағы 
                             орталық бюросының директоры      

     аталған құрамнан: Жаннат Жүрғалиқызы Ертілесова, Рысты Мағауияқызы Жұмабекова, Халида Хабибқызы Исмаилова, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Гүлнар Ғұмарқызы Рахметова, Тамара Константиновна Рудич, Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев және Гүлнар Омарбекова шығарылсын.      

     Қазақстан Республикасының 
     Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады