Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымының өзгеруіне байланысты мыналар атқаратын қызметтерінен босатылсын:
Серік Нығметұлы Ахметов Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі;
Владимир Иванович Коломийцев Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі;
Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқанов Экономикалық саясат басқармасы Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі;
Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласындағы арнаулы өкілі;
Серік Тұрарұлы Сейдуманов Ішкі саясат басқармасы Жұртшылықпен және баспасөз байланыс бөлімінің меңгерушісі.
Қазақстан Республикасының
Президенті