Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 552 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына Гарднер Даг - "Эрнст энд Янг" компаниясының ТМД бойынша басқарушы серіктесі енгізілсін;

"Лакшми Миттал"          - "ЛНМ" тобының" (Испат Қармет) төрағасы",

"Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы        Премьер-Министрінің орынбасары",

"Эванс Ричард            - "БАЕ Системс" компаниясының
                           директорлар кеңесінің төрағасы"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Лакшми Миттал"          - "Миттал Стил Ко.М" төрағасы және
                           басқарушы директоры",

"Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы        Премьер-Министрінің орынбасары -
                           Қазақстан Республикасының Индустрия
                           және сауда министрі",

"Эванс Ричард            - "БАЕ Системс" компаниясының
                           басқарма төрағасының арнаулы кеңесшісі";

      аталған Кеңестің құрамынан: Ә.Р.Жақсыбеков, Х.Й.Хорн шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады