Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 556 Өкімі

ҚР ПҮАЖ-нда және      
республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс      

      1. Елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосқан үлкен үлесін ескеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары:

       "Айқын" және "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газеттерінің шығармашылық ұжымына Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде беделді орынға ие болған республикалық күнделікті басылымның жаңа форматын құрғандары үшін;
       Шаштайұлы Жұмабайға - "Қазақстан" телеарнасының авторы әрі жүргізушісі, қазақ зиялылары өкілдерінің тұтастай қатарының өмірі мен қызметі туралы тарихи шындықты жаңғыртуға бағытталған публицистикалық бағдарламалар циклы үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары:

       Доброта Любовь Дмитриевнаға - "Казахстанская правда" республикалық газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, елде және өңірде жүргізіліп отырған экономикалық және әлеуметтік реформалар барысын кеңінен жариялағаны үшін;
       Саухат Жұмагүл Берденқызына - "Астана" журналының бас редакторы, астананың жағымды бейнесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін;
       Төлепберген Мейрамбекке - "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің шолушысы, мемлекеттілік пен азаматтық қоғам институттарының дамуы мәселелеріне арналған публицистикалық материалдар циклы үшін;
       "Надежда" өңірлік қоғамдық-саяси газеттің шығармашылық ұжымына (Батыс Қазақстан облысы) Жеңістің 60 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктеріне арналған мақалалар циклы үшін;
       "Астана ТВ" телеарнасындағы "Формула личности" телебағдарламасының шығармашылық ұжымына қазақстандық патриотизм мен бағдарлама кейіпкерлерінің үлгісінде оң мұраттар қалыптастыруға септігін тигізетін телевизиялық жобаны құрудағы жетістіктері үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы:

       Молдашева Риза Асанқызына - "Семей таңы" өңірлік газетінің бас редакторы, өңірде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысын терең және жан-жақты көрсеткені үшін;
       Мүсіреп Ғабитке - "Нұр-Астана" республикалық қоғамдық-саяси газетінің журналисі, ұлттық дәстүр мен мәдениетті дамыту мәселелеріне арналған мақалалар циклы үшін;
       Садыханұлы Мағжанға - елорданың "Астана хабары" газетінің бас редакторы, астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін жан-жақты көрсеткені үшін;
       Хасенова Күлімхан Бұрышбайқызына - "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясы қазақстандық филиалының бас редакторы, қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және ТМД елдерінде республикамыздың жағымды бейнесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін;
       Шибаршин Евгений Васильевичке - "Алау" телерадиокомпаниясының редакторы (Қостанай облысы) өңірлік журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін жариялансын.

      2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады