Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 қыркүйкектегі N 68 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.

      1. Мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 120 өкiмiне :

      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "ведомствоаралық комиссиялар құрылсын" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялар құрылсын.";

      2) "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 қазандағы N 169 өкiмiне :

      өкiмнiң кiрiспесi мен 3-тармағы тиiсiнше жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiң әскери ұйымы жағдайын мониторингiлеу мақсатында:";

      "3. Инспекция мiндеттерi мыналар болып айқындалсын:

      1) Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнiң, Республикалық ұлан мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгi Азаматтық қорғанысы әскери бөлiмдерi бюджетiнiң орындалуына тоқсан сайын талдау жүргiзу;

      2) әскери дайындық пен әскери қабiлеттiлiк жағдайын бағалау үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жекелеген құрамалары мен бөлiмдерiн жылына екi рет инспекциялау;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесiне хабарлау";

      аталған өкiммен бекiтiлген инспекция құрамы осы өкiмге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3) "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң инспекциясының және ведомствоаралық комиссияларының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 25 наурыздағы N 320 өкiмiне:

      тақырыбындағы "инспекциялар және" деген сөздер алып тасталсын;

      осы өкiмге 2-7-қосымшаларға сәйкес 2-7-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын;

      осы өкiмге 8-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ведомствоаралық комиссиясы туралы үлгi ереже осы өкiмнiң 9-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 25 қыркүйектегi
N 68 өкiмiне
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2000 жылғы 6 қазандағы
N 169 өкiмiмен
БЕКIТIЛГЕН

      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi инспекциясының

      ҚҰРАМЫ

      Әбдipoв - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi

      Нұрлан Мәжитұлы Хатшысының орынбасары - Қауiпсiздiк Кеңесi

      Хатшылығының меңгерушiсi, төраға

      инспекция мүшелерi:

      Әбдiлманов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

      Алмас Кәкiмтайұлы Штабтар бастықтары комитетi төрағасының

      орынбасары - жедел жоспарлау департаментiнiң

      бастығы

      Берқалиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк

      Құсайын Иманғалиұлы комитетi Шекара қызметi директорының бiрiншi

      орынбасары - Бас штабтың бастығы

      Жұмадiлов - Бас әскери прокурордың бiрiншi орынбасары

      Асылбек Аңтайұлы

      Жылқайдаров - Республикалық ұлан қолбасшысының

      Нұрлан Базаркелдiұлы орынбасары

      Құсайынов - Қазақстан Республикасы Экономика және

      Марат Әпсеметұлы бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

      Құсдәулетов - Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi

      Дулат Рәшитұлы

      Лукин - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Андрей Иванович қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      күрес агенттiгi (қаржы полициясы)

      төрағасының орынбасары

      Нұриманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк

      Мақсұт Әнуарбекұлы комитетi төрағасының орынбасары

      Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және

      Ризат Рахатбекұлы байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары

      Пальгуев - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi

      Евгений Владимирович Хатшылығының бас инспекторы

      Петров - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

      Валерий Викторович вице-министрi

      Салханов - Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасары -

      Дәулет Қамарұлы Бас штабтың бастығы - Қазақстан Республикасы

      Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер

      комитетi төрағасының орынбасары

      Смаилов - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрi

      Әлихан Асханұлы

      Тәжiбаев - Қазақстан Республикасы Республикалық

      Нұрлан Қыдырұлы бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп

      комитетiнiң мүшесi

      Темiрбеков - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

      Сабыр Жақыпұлы бас инспекциясының бастығы

      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2006 жылғы 25 қыркүйектегi

      N 68 өкiмiне

      4-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2002 жылғы 25 наурыздағы

      N 320 өкiмiмен

      БЕКIТIЛГЕН

      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң iшкi қауiпсiздiк

      мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының

      ҚҰРАМЫ

      Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Аманкелдi Смағұлұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, төраға

      Әбдiров - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк

      Нұрлан Мәжитұлы Кеңесi Хатшысының орынбасары -

      Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының

      меңгерушiсi, төрағаның орынбасары

      Тiлеукенов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк

      Нығметолла Қабдығалымұлы Кеңесi Хатшылығының сектор меңгерушiсi,

      хатшы

      комиссия мүшелерi:

      Айтжанов - Қазақстан Республикасы Ауыл

      Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi

      Бабақұмаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет және

      Ержан Жалбақұлы ақпарат вице-министрi

      Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық

      Анатолий Александрович сақтау министрлiгi Мемлекеттiк

      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

      комитетiнiң төрағасы - Мемлекеттiк бас

      санитарлық дәрiгер

      Божко - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Владимир Карпович қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi

      орынбасары

      Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының

      Асхат Қайзоллаұлы орынбасары

      Ыбрайымов - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Рүстем Әнуарұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)

      төрағасының бiрiншi орынбасары

      Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет

      Дулат Рәшитұлы вице-министрi

      Петров - Қазақстан Республикасы Төтенше

      Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi

      Сәрсембаев - Қазақстан Республикасы Қоршаған

      Зейнолла Сәкенұлы ортаны қорғау вице-министрi

      Үмбетәлиев - Қазақстан Республикасы Еңбек және

      Мәди Тоқтарұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi

      Өтеулина - Қазақстан Республикасы Бiлiм және

      Қапиза Мұхтарқызы ғылым вице-министрi

      Шпекбаев - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер

      Алик Жатқанбайұлы вице-министрi

      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2006 жылғы 25 қыркүйектегi

      N 68 өкiмiне

      7-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2002 жылғы 25 наурыздағы

      N 320 өкiмiмен

      БЕКIТIЛГEH

      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң дағдарысты

      ахуалдарда басқару жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының

      ҚҰРАМЫ

      Жақсыбеков - Қазақстан Республикасы Президентi

      Әдiлбек Рыскелдiұлы Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға

      Тәжин - Қазақстан Республикасы Президентiнiң

      Марат Мұханбетқазыұлы көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң

      хатшысы, төрағаның орынбасары

      комиссия мүшелерi:

      Алтынбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрi

      Мұхтар Қапашұлы

      Балиева - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi

      Зағипа Яхияқызы

      Құлмаханов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

      Шалбай министрi

      Ертiсбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және

      Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрi

      Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасы Президентi

      Мұхтар Абрарұлы Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары -

      Президенттiң баспасөз хатшысы

      Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Кәрiм Қажымқанұлы Министрiнiң орынбасары - Экономика және

      бюджеттiк жоспарлау министрi

      Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрi

      Бауыржан Әлiмұлы

      Тоқаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер

      Қасымжомарт Кемелұлы министрi

      Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк

      Аманкелдi Смағұлұлы комитетiнiң төрағасы

      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2006 жылғы 25 қыркүйектегi

      N 68 өкiмiне

      8-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2002 жылғы 25 наурыздағы

      N 320 өкiмiмен

      БЕКIТIЛГEH

      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң жемқорлыққа

      қарсы саясат жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының

      ҚҰРАМЫ

      Тәжин - Қазақстан Республикасы Президентінің

      Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,

      төраға

      Қалмырзаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Сарыбай Сұлтанұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)

      төрағасы, төрағаның орынбасары

      Зағитов - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі

      Ержан Балтабекұлы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары,

      хатшы

      комиссия мүшелері:

      Әбдіров - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі

      Нұрлан Мәжитұлы Хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі

      Хатшылығының меңгерушісі

      Балиева - Қазақстан Республикасы Әділет министрі

      Зағипа Яхияқызы

      Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Заңнама және құқықтық сараптау

      бөлімінің меңгерушісі

      Ертiсбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және

      Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрi

      Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президентi

      Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және

      ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi

      Коржова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрi

      Наталья Артемовна

      Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрi

      Бауыржан Әлiмұлы

      Тұрысбеков - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

      Зауытбек Қауысбекұлы қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы

      Түсiпбеков - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

      Рәшид Төлеутайұлы

      Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк

      Аманкелдi Смағұлұлы комитетiнiң төрағасы

  9-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 25 қыркүйектегi
N 68 өкiмiмен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң
ведомствоаралық комиссиясы туралы
ҮЛГI ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - ведомствоаралық комиссия) Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң (бұдан әрi - Қауiпсiздiк Кеңесi) қызметiн қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтi-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Ведомствоаралық комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы , заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы үлгi ереже құрайды.

2. Ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      3. Ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

      1) Қауiпсiздiк Кеңесi отырыстарына материалдар дайындау;

      2) Қауiпсiздiк Кеңесiнiң немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының тапсырмасы бойынша талдау және зерттеу жұмыстарын жүргiзу;

      3) Қауiпсiздiк Кеңесi қызметiнiң айналысатын бағыты бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;

      4) айналысатын бағыт бойынша Қауiпсiздiк Кеңесiн хабардар ету.

      4. Негiзгi мiндеттерге сәйкес ведомствоаралық комиссияға мынадай функциялар жүктеледi:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне қатысты әлемдегi және өңiрлердегi ахуалдың дамуын кешендi түрде талдауды жүзеге асыру, мемлекет қауiпсiздiгiнiң iшкi және сыртқы қатерлерiнiң пайда болу ошақтарын айқындау мен болжау, олардың алдын-алу жөнiндегi шараларды қабылдау;

      2) ел дамуының маңызды бағыттары бойынша стратегиялық құжаттардың мазмұнын қарау және оларға баға беру;

      3) айналысатын бағыт бойынша қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң өзектi мәселелерiн қарау;

      4) адамның, қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатысты оқиғаларға жедел назар аудару үшiн шешiмдердiң жобасын дайындау;

      5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң стратегиялық проблемалары бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн талдау, оған мониторинг жүргiзу, үйлестiру және оны жетiлдiру мен реформалау жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысушы мемлекеттiк органдардың есептерiн тыңдау;

      7) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң жағдайы туралы жыл сайынғы баяндаманың жобасын дайындауға қатысу;

      8) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын, мемлекеттiң егемендiгi мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      9) Қауiпсiздiк Кеңесi шешiмдерiнiң жобаларына ұсыныстар дайындау;

      10) ұлттық қауiпсiздiк, оны қамтамасыз ету стратегиясы мен қорғау шаралары мәселелерi жөнiндегi заңжобаларды талдау, олар бойынша Қауiпсiздiк Кеңесiне ұсынымдар енгiзу;

      11) Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жасау, айқындалған кемшiлiктердi, олардың пайда болуына жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстарды Қауiпсiздiк Кеңесiне енгiзу;

      12) адамның, қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру.

      5. Негiзгi мiндеттерiн жүзеге асыру жүктелген функцияларын атқару үшiн ведомствоаралық комиссия өзiнiң қызмет ететiн бағытына қатысты мәселелер бойынша белгiленген тәртiпте:

      1) республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелерден және лауазымды тұлғалардан барлық қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң және басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың материалдарын және ақпарат көздерiн пайдалануға;

      3) мемлекеттiк (оның iшiнде үкiметтiк) байланыс жүйелерi мен коммуникацияларын қолдануға;

      4) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерiмен, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасуға;

      5) Қауiпсiздiк Кеңесiне жүргiзiлген талдаудың, зерттеулер мен тексерулердiң нәтижелерi бойынша Қауiпсiздiк Кеңесiнiң кезектi отырыстарының күн тәртiбiне мәселелердi енгiзу қажеттiлiгi туралы ұсыныстар енгiзуге;

      6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жұмыстарды атқару үшiн ғылыми-зерттеу мекемелерiмен және мамандармен шарт жасасу туралы ұсыныстар дайындауға;

      7) ғылыми, ақпараттық, талдау жұмыстарын орындау үшiн ғалымдар мен мамандарды тартуға құқылы.

3. Ведомствоаралық комиссияны қалыптастырудың және оның қызметiнiң тәртiбi

      6. Ведомствоаралық комиссияны Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта құрады және таратады.

      7. Ведомствоаралық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      Ведомствоаралық комиссияның құрамына мемлекеттiк органдардың басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары, сондай-ақ өзге де тұлғалар кiре алады.

      Ведомствоаралық комиссияның құрамы әдетте төрағаны, төрағаның орынбасарын, хатшыны және басқа да мүшелердi қамтиды.

      Ведомствоаралық комиссияның хатшысы Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының қызметкерлерi қатарынан тағайындалады.

      8. Ведомствоаралық комиссияның қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы үйлестiредi.

      9. Ведомствоаралық комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi өкiлдерi ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысатын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы жүзеге асырады.

      10. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары Қауiпсiздiк Кеңесiнiң немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының тапсырмасына сәйкес қажеттiгiне қарай өткiзiледi.

      Отырыстарды төраға, ал ол жоқ кезде оның орынбасары шақырады.

      11. Ведомствоаралық комиссияның мүшелерi отырыстарға өз орнын ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Ведомствоаралық комиссияның отырысы оның құрамының жартысынан астамы қатысса құқылы болады.

      Ведомствоаралық комиссияның отырысына орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың басшылары (немесе олардың орынбасарлары) және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкiн.

      12. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi отырысқа қатысып отырған ведомствоаралық комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс тең бөлiнген жағдайда комиссия төрағасының даусы шешушi болып табылады.

      Қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда ведомствоаралық комиссияның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiре алады, ол отырыс хаттамасына қоса тiркеледi.

      Ведомствоаралық комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған комиссияның төрағасы қол қояды.

      13. Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешiмдерi орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдарда мiндеттi түрде қаралуы тиiс.

      Тиiстi мемлекеттiк органдардың басшылары ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешiмдерiн қарау нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығын белгiленген тәртiппен хабардар етедi.

      14. Ведомствоаралық комиссия дайындаған ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысына ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады