Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметінің актілер жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" 1999 жылғы 8 қарашадағы N 90 өкіміне (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 53, 521-құжат; 2006 ж., N 11, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
3-тармақтағы "ел мүдделерін қорғауға" деген сөздер "қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға" деген сөздермен алмастырылсын;
4-тармақта:
алтыншы абзацтағы "ұжымнан тыс еңбек ететіндер" деген сөздер "жеке-дара еңбек ететіндер" деген сөздермен алмастырылсын;
тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Награда қағаздары компьютерлік техниканы қолдана отырып толтырылады.
"Халық қаһарманы" атағына және құрметті атақтарға ұсынылғандардың награда қағаздарымен бірге 3х4 көлемді екі фотосуреті қоса жіберіліп, олардың сыртқы бетіне тектері мен аты-жөні көрсетілуге тиіс.
Дұрыс толтырылмаған және Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.";
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық награда құжаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде толтырылады.";
16-тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік награда тапсырылғанға дейін награда тапсырылатын жерде наградталғандардың тізім (N 3 нысан) толтырылады, оған награда тапсырылғаннан кейін оны алғаны туралы наградталушы жеке өзі қол қояды.
Тізім награданы тапсырған адамның қойған қолымен және оны тапсырған органның мөрімен бекітіледі.";
2) аталған Нұсқаулықтың N 3 нысаны осы өкімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 25 наурыздағы
N 114 Жарлығына
ҚОСЫМША
N 3 НЫСАН
__________________________ ___________________________
награда тапсырылған орын награда тапсырылған уақыт
(облыс, қала, аудан)
Қазақстан Республикасы Президентінің
200 __ жылғы ___________ N
____ Жарлығы бойынша
НАГРАДТАЛҒАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ
р/с
|
Тегі,
|
Награ-
|
Орденнің,
|
Орден кітапшасы-
|
Наград-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Мәліметтердің дұрыстығын және наградталушының
қойған қолын растаймын
______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
______________________________________________
(қолы)
М.О.
"___"_______________ __ж.