Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 маусымдағы N 335 Өкімі

      1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртуды ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:

      Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мыналарға берілсін:

       Ықсанова Гүлнәр Мұстахымқызына - "Хабар" агенттігі" АҚ-тың басқарма төрайымы отандық журналистика мен бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін;

       Нестеренко Сергей Викторовичке - "Казахстанская правда" республикалық газетінің арнаулы тілшісі, еліміздегі экономикалық және әлеуметтік реформаға арналған сараптамалық материалдар циклы үшін;

       Оралбаев Өтеген Оралбайұлына - журналист әрі публицист, Қазақстанның көрнекті әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлері туралы мақалалар циклы, сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамыту мәселелеріне арналған публицистикалық материалдар сериясы үшін;

       Сәулебек Айтбайға - "Дала мен қала" газетінің меншікті тілшісі (Қарағанды облысы), жемқорлықпен күрес мәселелерін белсенді көрсеткені және жұртшылықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін;

       Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлына - "Құс жолы" ЖШС-нің бас директоры, жастардың патриоттық тәрбиесіне бағытталған публицистикалық мақалалар циклы үшін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары мыналарға тапсырылсын:

       Выборнова Галина Муратовнаға - "Время" газетінің меншікті тілшісі (Жамбыл облысы), әлеуметтік проблематиканы көрсетуге, мемлекет пен қоғам өмірінде заңның үстемдігі принципін бекітуге бағытталған материалдар циклы үшін;

       Есембаев Ғабдул-Ғазиз Құрмашұлына - республикалық "Нұр-Астана" газетінің аға шолушысы, мемлекеттілікті, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту мәселелерін көрсетуге қосқан үлесі үшін;

       Қанафина Жанар Дәуітжанқызына - "Мы выбираем Караван, Караван выбирает нас" газетінің саясат және әлеуметтік проблемалар бөлімінің меңгерушісі, қоғамды әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғырту мәселелерін терең және жан-жақты көрсеткені үшін;

       Неволин Игорь Васильевичке - республикалық "Литер" қоғамдық-саяси газетінің саяси шолушысы, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көкейкесті мәселелеріне арналған мақалалар циклы үшін;

       "Семей таңы" газетінің шығармашылық ұжымына - қарусыздану және ядролық сынақты тоқтату тақырыбын белсенді көрсеткені үшін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы мыналарға жариялансын:

       Абас-шах Серік Дәулеталыұлына - "Хабар" агенттігі" АҚ-тың продюсері, интерактивтік танымдық-сауықтыру бағдарламалар циклын жасағаны үшін;

       Голев Тимофей Владимировичке - "Ирбис" жаңалықтар қызметінің (Павлодар қаласы) арнаулы тілшісі, өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді терең көрсеткені үшін;

       Сәркенов Әбдіғалым Айтмұқанұлына - Маңғыстау облыстық "Маңғыстау" қоғамдық-саяси газетінің шолушысы, өңірде инвестициялық жобалардың іске асырылуы мен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысын көрсеткен материалдар сериясы үшін;

       "Интерфакс Қазақстан" ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына - Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси оқиғаларды, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар барысын жедел және жан-жақты көрсеткені үшін;

       "Қазақстан" РТРК" АҚ-тың шығармашылық ұжымына - телерадио хабарларын таратудың қазіргі заманғы форматының талаптарына жауап беретін жаңа жобаларды жасау арқылы Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

      2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады