Жоғарғы Кеңесiндегi Жеке өкiл туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1994 жылғы 4 сәуiр N 1623. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001.01.26. N 542 Жарлығымен. ~U010542


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика Жоғарғы
Кеңесiндегi Жеке Өкiлi туралы ереже бекiтiлсiн. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     Алматы, 1994 жылғы 4 сәуiр
               N 1623 
     
                                       Қазақстан Республикасы           
                                            Президентiнiң
                                         1994 жылғы 4 сәуiр
                                           N 1623 Өкiмiмен
                                              бекiтiлген 
     
            Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика
                Жоғарғы Кеңесiндегi Жеке Өкiлi туралы
                            Ереже 
     
                   I. Жалпы ережелер 
     


      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика Жоғарғы Кеңесiндегi Жеке Өкiлi (бұдан былай Президенттiң Жеке Өкiлi) Жоғарғы Кеңесте Президенттiң мүддесiн бiлдiруге және мемлекет Басшысының республиканың заң шығарушы органымен өзара байланысын жүзеге асыруға өзi арнайы уәкiлдiк берген лауазымды адам болып табылады.
      2. Президенттiң Жеке Өкiлiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады әрi мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасының министрiне теңестiрiледi.
      3. Президенттiң Жеке Өкiлi Президент алдында есеп және жауап бередi.
      4. Президенттiң Жеке Өкiлi өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулыларын және өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

                  II. Президенттiң Жеке Өкiлiнiң құзыры

      5. Президенттiң Жеке Өкiлiне:
      мемлекет Басшысының заң шығарушылық стратегиясы әзiрленуi мен оның жүзеге асырылуын үйлестiруге;
      Жоғарғы Кеңесте заң шығару процесiнiң жайы және онда қаралатын мәселелер туралы Президенттi ұдайы хабардар етiп отыруға;
      Жоғарғы Кеңестiң үйлестiрушi және жұмыс органдарының, депутат топтары мен фракциялардың жұмысына қатысуға;
      депутаттармен ұдайы кездесу өткiзiп, Президенттiң айқындамасын түсiндiруге, депутаттар корпусында сөйлеген сөздер мен оның iшiндегi көңiл күйге, парламенттегi күштердiң орналасуына талдау жасауға, мемлекет Басшысының саясаты жөнiндегi парламентерлердiң айқындамасын анықтап отыруға;
      Жоғарғы Кеңесте қаралатын мәселелер жөнiндегi мемлекет Басшысының айқындамасы туралы Президенттiң тапсыруы бойынша Жоғарғы Кеңестi хабардар етiп тұруға;
      Жоғарғы Кеңестiң сессиялары мен органдарының жұмысына Президенттiң қатысуы туралы оған ұсыныс енгiзуге;
      Президенттiң Жоғарғы Кеңесте сөйлейтiн сөзiнiң тақырыбы мен уақыты туралы Президентке ұсыныс енгiзуге, сөйленетiн сөздердi Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының дайындауын үйлестiруге;
      заң шығарушы өкiмет пен мемлекет Басшысы арасындағы қарым-қатынаста туындайтын қайшылықтарды жою, сондай-ақ Жоғарғы Кеңестiң өзiндегi дағдарысты ахуалды шешу жөнiндегi ұсыныстардың Президентке әзiрленуiн үйлестiруге;
      Президенттiң Жоғарғы Кеңестегi мүддесiн бiлдiруге байланысты оның өзге де тапсырмаларын орындауға уәкiлдiк берiлген.
      6. Аталған функцияларды жүзеге асыру мақсатында Президенттiң Жеке Өкiлiнiң:
      Жоғарғы Кеңестiң және оның органдарының кез келген мәжiлiстерiне қатысып, Жоғарғы Кеңесте таратылатын барлық құжаттар мен материалдарды алып тұруға;
      қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың мәжiлiстерiне қатысуға;
      белгiленген үлгiлер мен нысандардағы ақпаратты, анықтамаларды, құжаттар мен материалдарды мемлекеттiк және басқа органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан сұратып алуға;
      Президент пен Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының келiсуi бойынша Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының бөлiмдерi мен өзге де бөлiмшелерiнiң басшыларына мiндеттi нұсқаулар беруге;
      Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары басшыларының келiсуi бойынша осы органдардың басшылары мен лауазымды адамдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларын орындау iсiне тартуға құқығы бар.

              III. Президенттiң Жеке Өкiлiнiң қызметiн
                   ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету

      7. Президенттiң Жеке Өкiлiнiң қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика Жоғарғы Кеңесiндегi Жеке Өкiлiнiң Консультанттар тобы жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының дербес бөлiмшесi болып табылады.
      8. Консультанттар тобының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппараты туралы ережеде белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      9. Президенттiң Жеке Өкiлi мен оның Консультанттар тобының қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппаратына жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады