Қазақстан Республикасы Конституциясының мүлтiксiз сақталуы мен орындалуын қамтамасыз ету, оның қадиғаларын насихаттау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 24 сәуiр N 2958

      1. Республиканың Үкiметi бiр ай мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 92-бабының 4-тармағын Конституцияны қолданылып жүрген заңдармен сәйкес келтiру бөлiгiнде бұлжытпай орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;
      2) Қазақстан Республикасы Конституциясын зерделеу мен насихаттау жоспарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      2. Президенттiң Әкiмшiлiгi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Конституциясын сөзсiз және толығымен сақтауы мен орындауын бақылау жөнiндегi қызметтi жандандыратын болсын.
      3. Республиканың Бас Прокуроры Үкiмет, орталық атқарушы органдар, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi актiлерiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру, Қазақстан Республикасы Конституциясының бұлжытпай сақталуы мен орындалуы жөнiнен қосымша шаралар қолдансын. Қорытындылары туралы Мемлекет басшысына баяндайтын болсын.
      4. Сыртқы iстер министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық, парламентаралық, үкiметаралық және ведомствоаралық шарттарына олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiнен талдау жасасын және осы талдаудың қорытындылары негiзiнде тиiсiнше Президентке, Парламентке, Үкiметке, орталық атқарушы органдар мен Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қажеттi ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк:
      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтiнiн қазақ және орыс тiлдерiнде, Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың тiлдерiнде жаппай таралыммен шығаруды одан әрi жалғастырсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларын түсiндiретiн ғылыми-көпшiлiк, терминологиялық және анықтамалық әдебиеттер шығаруды ұйымдастырсын;
      2) мемлекеттiк органдардың осы өкiмдi iске асыру жөнiндегi жұмысын жария ету жөнiнде шаралар қолдансын.
      6. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Конституциясын зерделеу мен насихаттаудың Республика Үкiметi бекiтетiн жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын халық арасында насихаттау жөнiндегi шараларды жүзеге

асырсын.
     7. Конституциялық Кеңестiң төрағасы екi ай мерзiмде Мемлекет
басшысына конституциялық заңдылықтың елдегi жай-күйi туралы ақпарат
беретiн болсын.
     8. Осы өкiмнiң атқарылуын бақылау Республиканың Мемлекеттiк
хатшысы А.Е.Есiмовке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады