Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Респубикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 52 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 808 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 09.02.2022 № 808 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңының қабылдануына байланысты:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілген.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 сәуірдегі N 1650 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 17, 167-құжат), 1994 жылғы 30 қарашадағы N 1965 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 45, 483-құжат), "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 39, 500-құжат) 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2716 өкімдерінің күші жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 15 маусымдағы
N 52 өкімімен
Бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы
ереже Мұраты

      Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау және пайдалану.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты (бұдан былай - Мұрағат) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылады және Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің қызметін мұрағаттық қамтамасыз ету саласында республикалық мемлекеттік органның функцияларын орындайтын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      Мұрағат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауында болады.

      2. Мұрағат өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Мемлекет Басшысы жанынан құрылған жекелеген орталық атқарушы органдардың, мемлекеттік және саяси қайраткерлердің, қоғамдық, саяси бірлестіктердің, ізашар мұрағат мекемелерінің мұрағаттық қорларының қызметімен байланысты мәтіндік (қағаз негізінде), дыбыс-бейне, электронды құжаттарды және құжаттар көшірмелерінің сақтандыру қорын тұрақты сақтауды жүзеге асырады.

      Осы Ереженің нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының түзілуімен және жұмыс істеуімен байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      4. Мұрағат жинақтау көздері - мекемелерден мемлекеттік сақтауға құжаттарды қағаз негізінде толық құрамында әрі реттелген күйінде істер жабылғаннан кейін, сондай-ақ электронды құжаттарды (дискілер, дискеттер, кристалдар) бағдарламалық қамтамасыз етілуімен және тиісті электронды-есептеу жабдықтарымен 15 жылдан кешіктірмей қабылдайды. Дыбыс-бейнежазба құжаттамасы сақтауға жазылған немесе түсірілген сәтінен кейін 3 жылдан кешіктірілмей толық жиынтығымен келіп түседі.

      5. Құжаттарға, соның ішінде мемлекеттік, қызметтік құпиясы барына қол жеткізу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі. Қоғамдық пайдалану үшін шектеулі құжаттар қор құрушы мекемелер басшыларының рұқсатымен ерекше тәртіппен беріледі.

      6. Мұрағаттағы құжаттар мен өзге де материалдар белгіленген тәртіппен Мұрағаттың қорларынан Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының қорларына берілуі мүмкін.

      7. Мұрағатта зерттелушілердің құжаттармен және ғылыми-анықтамалық аппаратпен жұмыс істеу тәртібі мұрағат директоры бекітетін Оқу залында жұмыс істеу ережелерімен айқындалады.

      8. Мұрағат республикалық бюджеттен қаржыландырылады, банкте тиісті шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, сондай-ақ белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Мұрағат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      9. Мұрағаттың құрылымы мен шекті штат санын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

      10. Мұрағаттың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 87 "Б".

2. Басымдықтары

      11. Мұрағат жұмысының басым бағыттары:

      - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметі барысында түзілетін құжаттарын жинақтау және сақтау;

      - Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша Мұрағатта сақтаулы Ұлттық мұрағат қорының басы бүтіндігін қамтамасыз ету;

      - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ретроспективалық құжаттық ақпарат табыс ету, ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.

3. Мұрағаттың негізгі міндеттері

      12. Мұрағаттың негізгі міндеттері:

      Мұрағатта сақталатын Президент Әкімшілігінің қызметі барысында түзілетін құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың басы бүтіндігі мен мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету; жинақтау көздері - мекемелердегі уақытша ведомостволық сақтаудағы мұрағат құжаттарына мемлекеттік бақылау жасау;

      - Мұрағатты Президент Әкімшілігі мен басқа да қор түзуші-мемлекеттік мекемелердің қызметі барысында түзілетін құжаттармен жасақтау;

      - мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты әзірлеп, дамыту;

      - мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалану мен ғылыми жариялауды ұйымдастыру;

      - құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жай-күйін бақылау;

      - мемлекеттік және ведомостволық мұрағаттарға, Мұрағатты жинақтау көздері - мекемелердің құжаттамалық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      - мұрағаттану, құжаттану, археография, қосалқы тарихи пәндер саласында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс жүргізу; ғылыми-теориялық конференциялар өткізу; Қазақстанның қазіргі заман тарихының проблемалары жөніндегі зерттеулерге, сондай-ақ қазіргі саясаттану мәселелерін талдауға қатысу;

      - мемлекеттік және қызметтік құпиясы бар құжаттармен жұмыста құпиялық режимін сақтау болып табылады.

4. Мұрағаттың функциялары

      13. Мұрағат мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

      - әр түрлі ақпарат иелерінде құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау; оларды сақтау мен қалпына келтірудің оңтайлы технологияларын қамтамасыз ету; айрықша құнды құжаттардың көшірмелерін жасап, сақтандыру қорының арнайы қоймасында сақтау;

      - Мұрағатта істердің бар-жоғына тексеру жүргізу, тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді анықтау, жинақтау көздері - мекемелердің ведомостволық мұрағаттарын паспорттау, есепке алу құжаттамасын жүргізу;

      - Мұрағатты жинақтау көздері - мекемелер тізбесін айқындау; ол Қазақстан Республикасының мұрағат істері басқармасының уәкілетті органдарымен келісіліп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді;

      - Мұрағатқа сақтауға беру үшін Президенттің қызметі барысында түзілетін, Президент Кеңсесінің және Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушілері бекітетін құжат түрлерінің тізбесін айқындау;

      - құжаттарды іріктеу нәтижелерін бекіту, жинақтау көздері - мекемелер құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдау;

      - іс номенклатураларын, құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі нұсқаулықтарды, жинақтау көздері - мекемелердің сақтау мерзімі бар құжаттар тізбелерін келісу; мұрағат құжаттарының құжаттамалық жай-күйіне және ведомостволық сақталуына тексерулер жүргізу; ұйымдық-өкімдік құжаттама нысандарын әзірлеуде көмек көрсету; семинарлар жүргізу, ведомостволық құжаттама қызметтері мен мұрағаттардың қызметкерлерін даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысу;

      - мұрағат құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін, ақпараттық-іздестіру, соның ішінде автоматтандырылған орталық жүйелерін жасау;

      - ретроспективалық құжаттама ақпаратына қоғамдық қажеттікті зерделеу, оқу залы арқылы құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру, тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрау салуды орындау, құжаттық жинақтар шығару, радио, телехабарлар жүргізіп, құжаттық көрмелер өткізу; Мұрағат құжаттарымен ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құжаттардың құпиясын ашу;

      - ғылыми тақырыптар жүргізу, мұрағаттану, құжаттаматану және археография мәселелері бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу, осы проблемалар бойынша конференциялар өткізу.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
      2008.04.24 N 576 Өкімімен, 2008.11.12 N 689 Жарлығымен.

5. Мұрағаттың өкілеттігі

      14. Мұрағат өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:

      - Мұрағатта мемлекеттік республикалық меншік құқығымен сақтаулы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте иеленуге және пайдалануға;

      - қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жоспарларын, мақсатты кешенді бағдарламаларды дербес әзірлеп, бекітуге;

      - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінен, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ анықтамалық, талдау, статистикалық және мұрағат құжаттарын, Қазақстан Республикасы құжаттардың орналасқан жері, құрамы мен мазмұны туралы мәліметтер алуға;

      - жинақтау көздері - мекемелердің ведомостволық мұрағаттарының құжаттамалық жай-күйі мен жұмысын тексеруге, осы мәселелер бойынша олардың өкілдерін тыңдауға; іс номенклатураларын, құжаттау жөніндегі нұсқаулықтарды, сараптау комиссиялары, ведомостволық мұрағаттар туралы ережелерді, тұрақты сақталатын және адам құрамы жөніндегі істердің тізімдемелерін, сақтауға жатпайтын құжаттар мен істерді жою үшін бөліп шығару туралы актілерді келісуге;

      - белгіленген тәртіппен мұрағаттармен, ғылыми және басқа да мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асыруға, басқа мемлекеттердің бейіндес мұрағаттарымен ақпарат алмасуға;

      - мемлекеттік заңды тұлғалармен және жеке адамдармен консультациялар беру үшін шарттар жасасуға, мақсатты пайдалану үшін құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар орындауға; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсетуге;

      - қажет болған жағдайларда жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан Мұрағатқа бейіндес мұрағат қорларын, коллекцияларын, жеке құжаттарды ақы төлеп сатып алуға;

      - халықаралық мұрағат ұйымдарына кіруге, шетел мемлекеттерінің мұрағат мекемелерімен ынтымақтастық туралы шарттар жасасуға хақылы.

6. Мұрағат мүлкі

      15. Мұрағаттың жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлкі болады. Мұрағат мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және құны мұрағаттың балансында көрсетілетін негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ Мұрағатта сақталатын мұрағат қорынан тұрады.

      16. Мүлік пен Мұрағат қоры республикалық меншік болып табылады.

      17. Мұрағат өзіне бекітілген мүлікті және Мұрағат қорын дербес оқшаулауға немесе өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

7. Мұрағат қызметін ұйымдастыру

      18. Мұрағатты Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады. Басқа басшы қызметкерлерді директор Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің келісімімен тағайындайды.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
      2008.04.24 N 576 Өкімімен, 2008.11.12 N 689 Жарлығымен.

      19. Мұрағат директоры мынадай негізгі функцияларды орындайды:

      - Мұрағат қызметіне басшылық етеді, Мұрағатқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауап береді;

      - өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, Мұрағаттың штат кестесін, құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді, қызметкерлер қабылдау мен оларды қызметтен босатуды жүзеге асырады, заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілік сыныбын береді;

      - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Мұрағат қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      - Мұрағаттың мүддесін білдіреді және әр түрлі ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді.

      20. Мұрағатта кеңесші органдар: Дирекция, ережелері мен жеке құрамдарын Мұрағат директоры бекітетін Ғылыми кеңес, сарапшылық- тексеру әдістемелік комиссиясы, құжаттарды құпиясыздандыратын техникалық комиссия жұмыс істейді.

8. Мұрағатты қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Мұрағатты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения об Архиве Президента Республики Казахстан

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 15 июня 1999 года № 52. Утратило силу Указом Президента Республики Казахстан от 9 февраля 2022 года № 808.

      Сноска. Утратило силу Указом Президента РК от 09.02.2022 № 808.

      В связи с принятием Закона Республики Казахстан "О Национальном архивном фонде и архивах":

      1. Утвердить прилагаемое Положение об Архиве Президента Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу распоряжения Президента Республики Казахстан от 12 апреля 1994 г. № 1650 (САПП Республики Казахстан, 1994 г., № 17, ст.167), от 30 ноября 1994 г. № 1965 (САПП Республики Казахстан, 1994 г. № 45, ст.483), от 22 декабря 1995 г. № 2716 "О внесении изменений и дополнений в Положение об Архиве Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., № 39, ст.500).

      Президент

      Республики Казахстан

  Утверждено
распоряжением Президента
Республики Казахстан
от 15 июня 1999 г. № 52

Положение
об Архиве Президента Республики Казахстан

      Миссия

      Комплектование, хранение и использование документов Национального архивного фонда Республики Казахстан.

1. Общие положения

      1. Архив Президента Республики Казахстан (далее Архив) создается Указом Президента Республики Казахстан и является государственным учреждением, выполняющим функции республиканского государственного органа в сфере архивного обеспечения деятельности Президента Республики Казахстан и его Администрации.

      Архив находится в ведении Администрации Президента Республики Казахстан.

      2. Архив руководствуется в свой деятельности Конституцией и законами Республики Казахстан , актами Президента Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. В соответствии с Законом Республики Казахстан "О Национальном архивном фонде и архивах" Архив осуществляет постоянное хранение текстовых (на бумажной основе), аудиовизуальных, электронных документов, страхового фонда копий документов, связанных с деятельностью Администрации Президента Республики Казахстан, органов, созданных при Главе государства, отдельных центральных исполнительных органов, государственных и политических деятелей, общественных, политических объединений, архивных фондов архивных учреждений - предшественников.

      Нормы настоящего Положения не распространяются на правоотношения, связанные с формированием и функционированием личного архива и личной библиотеки Президента Республики Казахстан.

      4. Архив принимает на государственное хранение от учреждений - источников комплектования документы на бумажной основе в полном составе и в упорядоченном состоянии после закрытия дел, а также электронные документы (диски, дискеты, кристаллы) вместе с программным обеспечением и соответствующим электронно-вычислительным оборудованием не позже 15 лет. Аудиовизуальная документация поступает на хранение не позже 3 лет с момента записи или съемки в полном комплекте.

      5. Открытый доступ к документам, в том числе содержащим государственную, служебную тайну, производится в соответствии с действующим законодательством. Документы, ограниченные для общего пользования, выдаются в особом порядке по разрешению руководителей учреждений-фондообразователей.

      6. Документы и иные материалы, находящиеся в Архиве, могут передаваться в установленном порядке их фондов Архива в фонды личного архива и личной библиотеки Президента Республики Казахстан.

      7. Порядок работы исследователей с документами и научно-справочным аппаратом в Архиве определяется Правилами работы в читальном зале, утверждаемыми директором архива.

      8. Архив финансируется из республиканского бюджета, имеет соответствующие счета в банке, печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан со своим наименованием на государственном языке, а также бланки установленного образца. Архив вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      9. Структура и предельная штатная численность Архива утверждается Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан.

      10. Архив имеет юридический адрес: Республика Казахстан, г.Алматы, проспект Достык, 87 "Б".

2. Приоритеты

      11. Приоритетными направлениями работы Архива являются:

      - комплектование и хранение документов, образуемых в процессе деятельности Администрации Президента Республики Казахстан, других государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Главе государства;

      - обеспечение сохранности Национального архивного фонда по новейшей истории Казахстана, хранящегося в Архиве;

      - предоставление ретроспективной документной информации, информационное обслуживание Администрации Президента Республики Казахстан, государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Главе государства, физических и юридических лиц.

3. Основные задачи Архива

      12. Основными задачами Архива являются:

      - постоянное государственное хранение, обеспечение сохранности и государственный учет документов, образующихся в процессе деятельности Администрации Президента, других документов, хранящихся в Архиве; государственный контроль за архивными документами, находящимися на временном ведомственном хранении в учреждениях - источниках комплектования;

      - комплектование Архива документами, образующимися в процессе деятельности Администрации Президента и других государственных учреждений - фондообразователей;

      - разработка и развитие научно-справочного аппарата к архивным фондам;

      - организация всестороннего использования и научная публикация архивных документов;

      - участие в организации управления документацией и контроль за ее состоянием;

      - оказание научно-методической и практической помощи государственным и ведомственным архивам, службам документации учреждений - источников комплектования Архива;

      - ведение научно-исследовательской и методической работы в области архивоведения, документоведения, археографии, вспомогательных исторических дисциплин; проведение научно-теоретических конференций, участие в исследованиях по проблемам новейшей истории Казахстана, а также в разработке вопросов современной политологии;

      - соблюдение режима секретности в работе с документами, содержащими государственную и служебную тайну.

4. Функции Архива

      13. Архив осуществляет следующие основные функции:

      - постоянное государственное хранение документов на различных носителях информации; обеспечение оптимальных технологий их хранения и реставрации; производство и хранение в специальном хранилище страхового фонда копии особо ценных документов;

      - проведение проверки наличия дел в Архиве, выявление документальных памятников истории и культуры, ведение учетной документации, паспортизация ведомственных архивов учреждений - источников комплектования;

      - определение перечня учреждений - источников комплектования Архива, который согласовывается с уполномоченным органом управления архивным делом Республики Казахстан и утверждается Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан;

      - определение перечня видов документов, образующихся в процессе деятельности Президента, для передачи на хранение в Архив, который утверждается заведующими Канцелярией Президента и Общим отделом Администрации Президента;

      - утверждение результатов отбора документов, прием на постоянное государственное хранение документов учреждений - источников комплектования;

      - согласование номенклатур дел, инструкции по документированию и управлению документацией, перечней документов со сроками хранения учреждений - источников комплектования; проведение проверок состояния документирования и ведомственного хранения архивных документов; оказание помощи в разработке форм организационно-распорядительной документации; проведение семинаров, участие в подготовке и повышении квалификации работников ведомственных служб документации и архивов;

      - создание системы научно-справочного аппарата к архивным документам, информационно-поисковых систем, в том числе автоматизированных;

      - изучение общественных потребностей в ретроспективной документной информации, организация использования документов через читальный зал, выполнение тематических и социально-правовых запросов, издание сборников документов, проведение радио, телепередач, документальных выставок; информационно-аналитическая работа с документами Архива; рассекречивание документов в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      - ведение научных тем, разработка методических пособий по вопросам архивоведения, документоведения и археографии, проведение конференций по этим проблемам.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными Указами Президента РК от 24.04.2008 N 576; от 12.11.2008 N 689.

5. Полномочия Архива

      14. Архив для осуществления своих функций имеет право в пределах своей компетенции:

      - владеть и пользоваться документами Национального архивного фонда, хранящимися в Архиве на правах государственной республиканской собственности в пределах, установленных законодательством Республики Казахстан;

      - самостоятельно разрабатывать, утверждать планы работы, целевые комплексные программы по основным направлениям деятельности;

      - получать от соответствующих структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан, иных государственных органов и организаций необходимую информацию, а также справочные, аналитические, статистические и архивные документы, сведения о местонахождении, составе и содержании документов;

      - проверять состояние документирования и работу ведомственных архивов учреждений - источников комплектования, заслушивать их представителей по этим вопросам; согласовывать номенклатуры дел, инструкции по документированию, положения об экспертных комиссиях, ведомственных архивах, описи дел постоянного хранения и по личному составу, акты о выделении к уничтожению документов и дел, не подлежащих хранению;

      - осуществлять в установленном порядке сотрудничество с архивами, научными и другими учреждениями, обмениваться информацией с профильными архивами других государств;

      - заключать договоры с государственными юридическими лицами, физическими лицами для консультаций, выполнению работ по выявлению документов для целевого использования; оказывать платные услуги в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;

      - в необходимых случаях приобретать за плату архивные фонды, коллекции, отдельные документы, профильные Архиву, у физических и негосударственных юридических лиц;

      - вступать в международные архивные организации, заключать договоры о сотрудничестве с архивными учреждениями зарубежных государств.

6. Имущество Архива

      15. Архив имеет на праве оперативного управления обособленное имущество. Имущество Архива формируется за счет имущества, переданного ему государством, и состоит их основных фондов и оборотных средств, стоимость которых отражается в балансе Архива, а также архивного фонда, хранящегося в Архиве.

      16. Имущество и Архивный фонд являются республиканской собственностью.

      17. Архив не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и Архивным фондом.

7. Организация деятельности Архива

      18. Архив возглавляет директор, назначаемый на должность и освобождаемый от должности Президентом Республики Казахстан. Другие руководящие работники назначаются директором по согласованию с Общим отделом Администрации Президента Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 24.04.2008 N 576; от 12.11.2008 N 689.

      19. Директор Архива выполняет следующие основные функции:

      - руководит деятельностью Архива, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Архив задач и осуществление функций;

      - издает приказы в пределах компетенции, утверждает штатное расписание, положение о структурных подразделениях Архива, осуществляет прием и увольнение, поощрение работников, присваивает квалификационные классы государственных служащих в соответствии с законодательством ;

      - вносит в Администрацию Президента Республики Казахстан предложения по совершенствованию деятельности Архива;

      - представляет Архив и выступает от его имени в различных организациях.

      20. В Архиве функционируют совещательные органы: Дирекция, Научный совет, экспертно-проверочная методическая комиссия, техническая комиссия по рассекречиванию документов, положения и персональный состав которых утверждаются директором Архива.

8. Реорганизация и ликвидация Архива

      21. Реорганизация и ликвидация Архива осуществляется в соответствии с законодательством.

      * * *