Архив

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 12 сәуiр 1994 ж. N 1650. Өкімнің күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.06.15. N 52 өкімімен. ~N990052


     Ескерту. Өкім күшін жойды - ҚР Президентінің 1999.06.15. N 52
              өкімімен.  

N990052_

 
    Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi туралы Ереже
бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
            Қазақстан Республикасының
                  Президентi
            Алматы, 1994 жылғы 12 сәуiр
                   N 1650
                                       Қазақстан Республикасы         
                                             Президентiнiң
                                       1994 ж. 12 сәуiрдегi
                                           N 1650 өкiмiмен
                                              Бекiтiлген
            Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi туралы
                             Ереже


      1. Қазақстан Республикасы қазiргi тарихының орталық мемлекеттiк архивi (Қазақстан Республикасының ҚТОМА) негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 14 қаңтардағы N 1502 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi (бұдан былай Архив) орталық мемлекеттiк архивтiң функциясын орындайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.
               22. N 2716 өкiмiмен. N952716_
      2. Архив өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының нұсқауларын, Қазақстан Республикасы Архивтер мен құжаттама бас басқармасының архивтану, құжаттаматану және археография жөнiндегi ұсынымдарын, осы Ереженi басшылыққа алады.
      Архив қорларын түзу мен құжаттарды пайдалану мәселелерi Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесi меңгерушiсiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмi меңгерушiсiнiң құзiретiне жатады. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.22.
               N 2716 өкiмiмен.
      3. Архив Ұлттық архив қорының құрамына кiретiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Президент Әкiмшiлiгi мен мемлекет басшысының жанынан құрылған басқа органдар мен ұйымдардың қызметi туралы құжаттардың: мәтiндiк, дыбысбейне және баспа басылымдарының сондай-ақ Қазақстан Республикасының бұрынғы ҚТОМА-сы қорларындағы құжаттардың тұрақты мемлекеттiк сақталуын жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 1-тармақтан сөздер алынып тасталған - Қ.Р.
               Президентiнiң 30 қарашадағы 1994 ж. N 1965 N941965_
               өкiмiмен.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қ.Р.Президентiнiң 1995.12.
               22. N 2716 өкiмiмен.
      4. Архивтiң мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Президент пен Әкiмшiлiгiнiң және басқа қор құраушылардың - жинақтау көздерiнiң құжаттарымен Архивтi жасақтау, олардың құжаттамасын басқаруға қатысу; <*>
      Ұлттық архив қорының құжаттары сақталуын және мемлекеттiк есебi алынуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк және қызметтiк құпиясы бар құжаттармен жұмыс iстеудiң құпиялылық режимiн орындау және оларды сақтау;
      құжаттардың құндылығына ғылыми сараптама жасау және оларды мемлекеттiк сақтауға iрiктеп алу, архив қорларының ақпараттылығын ұтымдылау;
      ерекше құнды құжаттардың таспалар мен қағазға түсiрiлген микрофотокөшiрмелерi мен компьютерлiк дискеттерiнiң сақтық қорларын жасау;
      архив қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты әзiрлеу және оны дамыту;
      тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық сұрау салуларды орындау;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Президент пен Әкiмшiлiгi Басшысының және Әкiмшiлiктiң Жалпы бөлiмiнiң нұсқауы бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмысты орындау үшiн автоматтандырылған iздестiру жүйесiн құру; <*>
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Президент пен Әкiмшiлiгi Басшысының және Әкiмшiлiктiң Жалпы бөлiмiнiң тапсырмасы бойынша Архив құжаттарымен ақпараттық талдау жұмысын жүргiзу; <*>
      Архив құжаттары жан-жақты пайдаланылуын ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау, анықтамалық-ақпараттық басылымдарды әзiрлеу; <*>
      өз бағытындағы құжаттармен жұмыс жасауда республиканың мемлекеттiк архивтерiне әдiстемелiк көмек көрсету;
      облыс әкiмдерiнiң архивтерi мен құжаттама қызметтерiне ғылыми-әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету; <*>
      Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттама бас басқармасы бекiткен тақырып бойынша архивтану, құжаттаматану, археография, қосалқы тарихи пәндер саласында ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыс жүргiзу; <*>
      ғылыми мекемелермен бiрлесiп Қазақстанның Қазiргi тарихының проблемалары бойынша зерттеулер және ғылыми-теориялық конференциялар өткiзуге, сондай-ақ осы заманғы политология мәселелерiн әзiрлеуге қатысу. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың екiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтарынан
               сөздер алынып тасталған - Қ.Р. Президентiнiң 30
               қарашадағы 1994 ж. N 1965 өкiмiмен.
      Ескерту. 4-тармақтың 2,9,10,11,13,14 абзацтарына өзгерiстер
               енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.22. N 2716
               өкiмiмен.
      5. Архивтiң:
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Әкiмшiлiгi басшылығының нұсқауларын және Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасының архив iсiн дамытудың негiзгi бағыттары жөнiндегi қолданылып жүрген мақсатты кешендi бағдарламаларын ескере отырып Архивтiң жұмыс жоспарларын дербес әзiрлеп, бекiтуге; <*>
      белгiленген тәртiп бойынша архивтермен, ғылыми және басқа мекемелермен, ұйымдармен, кәсiпорындармен ғылыми және iскерлiк ынтымақтастықты жүзеге асыруға, басқа мемлекеттер Президенттерiнiң бiр бағыттас архивтерiмен ақпарат алмасуға;
      қорларды қалыптастыру, сараптама жүргiзу, талдау, анықтамалық және басқа құжаттарды жасау мәселелерi бойынша консультация алысу үшiн уағдаластық негiзде ғалымдар мен мамандарды тартуға;
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнен және басқа ұйымдардан қажеттi архив құжаттарын, сондай-ақ анықтамалық, талдаулық және статистикалық материалдар алуға; <*>
      Қазақстан Республикасының Президентiне және Президент пен Министрлер Кабинетiнiң Әкiмшiлiгiне қажеттi анықтамаларды және құжаттардың көшiрмесiн мемлекеттiк, ведомстволық архивтерден сұратып алуға; <*>
      қажет болған жағдайда Архивтiң бағытындағы архив қорларын, коллекцияларды, сондай-ақ жекелеген құжаттарды ақы төлеп азаматтардан және заңды тұлғалардан сатып алуға; <*>
      нысаналы пайдалануға арналған құжаттарды анықтау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн заңды және жеке тұлғалармен шарт жасасуға, белгiленген тәртiппен бекiтiлген прейскуранттарда көзделген бағалар мен тарифтердi, ал олар болмаған жағдайда уағдаластық бағаларды пайдаланып ақылы қызмет көрсетуге құқығы бар. <*> <*>
      Ескерту. 5-тармақтың екiншi, бесiншi, алтыншы абзацтарына
               өзгерiстер енгiзiлген - Қ.Р.Президентiнiң 30 қарашадағы
               1994 ж. N 1965 өкiмiмен.
      Ескерту. 5-тармақтың 2,5,6,7, 8 абзацтарына өзгерiстер
               енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.22. N 2716
               өкiмiмен.

      6. Архивтiң ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi. <*>
      Архивтi Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын директор басқарады. Басқа басшы қызметкерлерiн Архив директоры Қазақстан Республикасының Президентi мен Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмiнiң келiсуi бойынша тағайындайды. <*> <*>
      Архив директоры:
      Архивтiң қызметiне басшылық етедi, Архивке жүктелген мiндеттердiң орындалуы, тәртiптiң жай-күйi, құжаттарды және құпиялықты сақтау режимiнiң қамтамасыз етiлуi, пайдаланылуы үшiн дербес жауап бередi; <*>
      өз құзыры шегiнде бұйрықтар шығарады, Архивтiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс тәртiбiн анықтайды, қызметкерлер алуды және оларды қызметтен шығаруды, штат кестесi мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде лауазымдардың атын өзгерту жөнiнде Архивтiң штат кестесiне өзгертулер енгiзедi, Архивтiң мүлкiне билiк етедi; <*>
      түрлi ұйымдарда Архивтiң өкiлi болады және оның атынан сөз сөйлейдi; <*>
      Архив қызметiн жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң Басшысына ұсыныстар енгiзедi. <*>
      Ескерту. 6-тармақтың бiрiншi, екiншi абзацтарынан сөздер
               алынып тасталған - Қ.Р. Президентiнiң 30 қарашадағы
               1994 ж. N 1965 өкiмiмен.
      Ескерту. 6-тармақтың 1,2,4,5,6 абзацтарына өзгерiстер енгiзiлдi -
               ҚР Президентiнiң 1995.12.22.N 2716 өкiмiмен.
      7. Архивте ғылыми кеңес, ғылыми-әдiстемелiк және сарапшы-тексерушi комиссия, құжаттарды құпиялықтан шығару жөнiндегi комиссия жұмыс iстейдi. Комиссиялардың құрамын Архив директоры бекiтедi.
      8. Архив заңды ұйым болып табылады, тiкелей бюджеттiң қаржыландыруында тұрады, банкте есеп айырысу, арнаулы және валюталық шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, құпия құжаттарды қабылдап алуға, архив құжаттарының көшiрмесiн растауға арналған мөрi болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады