Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1995 жылғы 22 желтоқсан N 2716. Kүші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.06.15. N 52 өкімімен. ~N990052

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы" 1995 жылғы 20 қазандағы N 2565 U952565_ Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1650 N941650_ өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi туралы Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 17, 167-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1-тармақтағы "үкiметтiк мекеме болып табылады, орталық мемлекеттiк архивтiң функциясын орындайды және Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының тiкелей қарауында болады" сөздерi "орталық мемлекеттiк архивтiң функциясын орындайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады" сөздерiмен алмастырылсын.
      2. 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Архив өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының нұсқауларын, Қазақстан Республикасы Архивтер мен құжаттама Бас басқармасының архивтану, құжаттаматану және археография жөнiндегi ұсынымдарын, осы Ереженi басшылыққа алады. Архив қорларын түзу мен құжаттарды пайдалану мәселелерi Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесi меңгерушiсiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмi меңгерушiсiнiң құзыретiне жатады.
      3. Архив Ұлттық архив қорының құрамына кiретiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Президент Әкiмшiлiгi мен мемлекет басшысының жанынан құрылған басқа органдар мен ұйымдардың қызметi туралы құжаттардың: мәтiндiк, дыбысбейне және баспа басылымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бұрынғы ҚТОМА-сы қорларындағы құжаттардың тұрақты мемлекеттiк сақталуын жүзеге асырады".
      3. 4-тармақта:
      он бiрiншi абзац "анықтамалық-ақпараттық басылымдары әзiрлеу" сөздерiмен толықтырылсын;
      он үшiншi абзацтағы "облыс әкiмдерi аппаратының" сөздерi "облыс әкiмдерiнiң" сөздерiмен алмастырылсын.
      4. 5-тармақта:
      жетiншi абзацтағы "мемлекеттiк емес құрылымдардан және қоғамдық ұйымдардан" сөздерi " және заңды тұлғалардан" сөзерiмен алмастырылсын;
      сегiзiншi абзацтағы "мемлекеттiк, кооперативтiк, қоғамдық ұйымдарымен және кәсiпорындармен, жеке адамдармен, мекемелермен" сөздерi "заңды және жеке тұлғалармен"сөздерiмен алмастырылсын.
      5. 6-тармақта:
      бiрiншi абзацта "штат кестесiн" сөздерi "штат санын" сөздерiмен алмастырылсын.
      төртiншi абзацта "сақтау режимiнiң қамтамасыз етiлуi" сөздерi "пайдаланылуы" сөзiмен толықтырылсын;
      бесiншi абзацта "қызметтен шығаруды" сөздерi "штат кестесi мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде лауазымдардың атын өзгерту жөнiнде Архивтiк штат кестесiне өзгертулер енгiзедi" сөздерiмен толықтырылсын;
      алтыншы абзацта "мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар мен мекемелерде" сөздерi "түрлi ұйымдарда" сөздерiмен алмастырылсын.
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Архив қызметiн жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң Басшысына ұсыныстар енгiзедi".
      6. 4-тармақтағы екiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтардағы, 5-тармақтың екiншi, бесiншi, алтыншы абзацтарындағы, 6-тармақтың бiрiншi, екiншi абзацтарындағы, "Аппаратының", "Аппараты", "Аппараттың", "Аппаратты", "Аппараттың", "Аппаратты", "Аппаратының", "Аппаратына", "Аппаратының", "Аппараты" сөздерi тиiсiнше "Әкiмшiлiгiнiң", "Әкiмшiлiгi", "Әкiмшiлiктiң", "Әкiмшiлiгi", "Әкiмшiлiктiң", "Әкiмшiлiгi", "Әкiмшiлiгiнiң", "Әкiмшiлiгiне", "Әкiмшiлiгiнiң", "Әкiмшiлiгi" сөзерiмен алмастырылсын.
      7. 4-тармақтың он төртiншi абзацындағы, 5-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады