Егемен Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамуының және оның Президентiнiң қызметiнiң құжаттық айғақтамаларын толығымен сақтау мақсатында, сондай-ақ әлемдiк iс-тәжiрибенi ескере отырып, қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк Қазiргi тарих архивi негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi құрылып, оның мемлекеттiк архив мәртебесi сақталсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Архив туралы ереженi бiр ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн;
- Архивтiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында оның материалдық-техникалық базасы мәселелерiн қарап, шешетiн болсын;
- осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi ұйымдық шараларды жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi