Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің жас публицистердің неғұрлым терең шығармашылық ізденістерін қолдауға арналған гранттары (стипендиялары) туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 21 шілде N 60. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2005.05.30. N 550 өкімімен.

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің жас публицистердің неғұрлым терең шығармашылық ізденістерін қолдауға арналған гранттары (стипендиялары) туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы N 3556 өкімінің 2-тармағының күші жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
1999 жылғы 21 шілдедегі   
N 60 өкімімен     
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары туралы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жас публицистердiң неғұрлым терең шығармашылық iзденiстерiн қолдауға арналған гранттары /стипендиялары/ туралы
Ереже

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы /бұдан былай - сыйлық/ журналиске /журналистер ұжымына/: 
      - елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды түсiндiруге; 
      - оқырмандардың, көрермендердiң және тыңдармандардың бойында қазақстандық отаншылдық сезiмiн, белсендi азаматтық өмiрлiк айқындаманы, реформа саясатына, қоғамдағы татулыққа бейiмдiлiк сезiмiн қалыптастыруға; 
      - ел өмiрiн демократияландыруға, саяси пiкiрлер саналуандығын тереңдетуге, сөз бостандығын дамытуға; 
      - тәуелсiз Қазақстанның журналистикасын дамытуға, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық әлеуетiн қалыптастыруға; 
      - ел өмiрi туралы Республикада және одан сырт жерлерде объективтi түсiнiк қалыптастыруға; 
      - журналистика стильдерi мен жанрларын дамытуға қосқан маңызды шығармашылық үлесi, кәсiптiк шеберлiгi үшiн берiледi. 

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң гранты /стипендиясы/ /бұдан былай - грант делiнедi/ жас публицистердiң, жас шығармашылық ұжымдардың шығармашылық iзденiстерiн ынталандыру үшiн: 
      - олардың әлеуметтiк мәнi бар жобалар туындатудағы жұмысын қолдау; 
      - олардың шығармашылық өсуiн көтермелеу; 
      - ұлттық журналистиканың балғын әлеуетiнiң дамуын ынталандыру мақсатында берiледi. 

      3. Сыйлықтар мен гранттар жыл сайын 28 маусымда, Баспасөз күнiне орай берiледi. 

      4. Елбасы мен Қоғамдық комиссияның төрағасы жекелеген әлеуметтiк маңызды жобаларға арнайы конкурстар жариялай алады. 

      5. Сыйлық лауреатының ескерткiш белгiсi мен дипломын, сондай-ақ гранттың бөлiнуi туралы куәлiктi салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады. 

      6. Сыйлықтар мен гранттардың ақшалай бөлiгi сыйлықтар лауреаттары мен стипендиаттарға заңда белгiленген тәртiп бойынша аударылады немесе тапсырылады. Сыйлық немесе грант авторлар ұжымына берiлген жағдайда оның ақшалай бөлiгi ұжымның барлық мүшелерiнiң арасында тең бөлiнедi. 

      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлықтарын беру мен гранттарын бөлу туралы актiлерi бұқаралық ресми ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға тиiс. 

      8. Сыйлық лауреаттары мен стипендиаттар атанбаған жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысымен атап өтелуi мүмкiн. 

      9. Сыйлықтың және гранттың ақшалай сыйақы түрiндегi мөлшерiн, сондай-ақ берiлетiн сыйлықтар мен гранттар санын олар берiлетiн жылы Президент Әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 

      10. Сыйлықтар беру мен гранттар бөлудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң журналистика саласындағы сыйлықтары мен гранттарын беру жөнiндегi арнаулы Қоғамдық комиссияның /бұдан былай - Қоғамдық комиссия/ ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. 

      11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Қоғамдық комиссияның төрағасы болып табылады. 

      12. Сыйлықтар мен гранттар беру жөнiндегi Қоғамдық комиссияның құрамына республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң және мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.

      13. Қоғамдық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң және мүдделi мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша жыл сайын бекiтіп отырады.

      14. Қоғамдық комиссия Президент сыйлықтарының лауреаттары мен стипендиаттарына таңдау жасауда мынадай өлшемдердi басшылыққа алады.
      - жарияланымдардың объективтiлiгi;
      - қойылған мәселелердің және шығармашылық талдаудың тереңдiгi;
      - жұмыстың әлеуметтiк мәндiлiгi;
      - жарияланымдардан туындаған қоғамдық пiкiр;
      - журналистiң тәуелсiздiгi, принципшiлдiгi;
      - жұмыстың шығармашылық дәйектiлiгi.

      15. Қоғамдық комиссияның жұмыс бабындағы отырысы оның төрағасының немесе ол Комиссия құрамының iшiнен тағайындаған адамның басқаруымен жүргiзiледi. Комиссияның сыйлықтардың лауреаттары мен стипендиаттарды анықтайтын қорытынды отырысы төрағаның басқаруымен жүргiзiледi. Жеңiмпаздарды анықтау ашық дауыс беру нәтижесiнде жай көпшiлiк дауыспен жүргiзiледi.

      16. Бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтар мен журналистердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң басшылары: 
      - сыйлыққа ұсынылған жұмыстар мен жобаларды жеке өзi таныстыруға;
      - оларды таныстыруды Қоғамдық комиссия мүшелерiнiң бiрiне тапсыруға хақылы.

      17. Сыйлықтар мен гранттарға өз өкiлдерiн ұсынған бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары Комиссия отырыстарына шақырылуы мүмкiн.

      18. Қорытынды отырысқа қатысуға мүмкiндiгi болмаған Комиссия мүшесiнiң:
      - Комиссиядан кандидаттың материалдарын сұратып алдыруға;
      - қолы қойылған өтiнiшi арқылы сырттай дауыс беруге қақысы бар.

      19. Бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық ұжымдардың шығармашылық одақтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жекелеген журналистердiң сыйлықтар мен гранттар алуға ұсыныстары Қоғамдық комиссияның атына жыл бойына, бiрақ ағымдағы жылдың 20-маусымынан кешiктiрiлмей жолдануға тиiс.

      20. Ұсыныстарда үмiткердiң номинациясы және қысқа мiнездемесi, сондай-ақ конкурстық жарияланымдары немесе дыбыс-бейне материалдары қоса берiлуi шарт.

      21. Өтiнiмдердiң номинациялары:
      - демократия мен жариялылықты дамытуға қосқан шығармашылық үлесi үшiн;
      - реформаларды дамытуға қосқан шығармашылық үлесi үшiн;
      - белсендi азаматтық айқындамасы үшiн; 
      - қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк әрiптестiк саясатына
қосқан шығармашылық үлесi үшiн;
      - шығармашылық кәсiби шеберлiгi үшiн;
      - журналистiк батылдығы үшiн;
      - жазу мәнерi үздiк журналист;
      - жанр бойынша үздiк журналист;
      - тақырыптың айшықты ашылуы;
      - үздiк репортажшы;
      - үздiк сарапшы журналист;
      - үздiк шығармашылық жоба үшiн;
      - кәсiбiне адалдығы үшiн;
      - Тұңғыш үздiк журналистік жұмысы үшін;
      - шығармашылық ерекшелiгi үшiн;
      - шығармашылық белсендiлiгi үшiн;
      - шығармашылық тапқырлығы үшiн.

      21. Yмiткерлер басқа кез келген номинацияларды өздерiнiң қалаулары бойынша анықтауға хақылы. Барлық ұсыныстар Қоғамдық комиссия тарапынан әдiл қаралуға тиiс. 

      22. Қоғамдық комиссияның сыйлықтар және гранттар беру жөнiндегi төраға мен хатшы қол қойып, хаттама түрінде ресiмделген шешiмi оның Қазақстан Республикасының Президентiне жасаған ұсынысы болып табылады және оның қарауымен ғана өзгертiлуi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады