Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі мен Түрік Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын (KOSGEB) дамыту және қолдау жөніндегі ұйымның арасындағы Өзара түсіністік туралы Меморандум

Жаңа

Меморандум 2002 жылғы 19 наурыз. Астана қаласы. 2002 жылғы 19 наурыздан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 5, 45-құжат.

(Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен кейін күшіне енеді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі мен Түрік Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту және қолдау жөніндегі ұйымы
      Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының шағын және орта кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, бизнес пен инвестицияларды дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

       1. Тараптар мемлекеттерінде өнеркәсіптік өндірісті дамыту мен өнеркәсіп өнімдерін ілгерілету және бизнес саласында одан әрі ынтымақтасу мақсатында Тараптар сауда саласында, көрмелер мен осы тақылеттес іс-шараларды ұйымдастыруда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері туралы қолда бар ақпаратты алмасатын болады.
      2. Тараптар шағын және орта кәсіпкерлік саласында сарапшылармен, мерзімді басылымдармен және деректер базаларымен алмасатын болады.
      3. Тараптар шағын және орта бизнес саласында семинарлар мен симпозиумдар сияқты бірлескен білім беру жобаларын ұйымдастыратын болады.
      4. Тараптар ортақ перспективаларға мейлінше қол жеткізу үшін Тараптар мемлекеттерінің шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің өзара бизнес-сапарларына жәрдемдесетін болады.
      5. Тараптар технологиялар алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және жобаларды дамыту мақсатында екі мемлекеттің шағын және орта кәсіпорындары арасында әріптестікті ілгерілететін болады.
      6. Тараптар қажет болған жағдайда, Өзара түсіністік туралы осы меморандум шеңберінде бірлескен консультациялар өткізетін болады.
      7. Тараптар ұсынатын ақпарат құпия болып табылады және Өзара түсіністік туралы осы меморандумды орындау мақсатында ғана пайдаланылатын болады. Тараптар Өзара түсіністік туралы осы меморандумға сәйкес алынған мәліметті, құжаттама мен техникалық жабдықты екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа бермейді.
      8. Өзара түсіністік туралы осы меморандумды қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
      9. Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша Өзара түсіністік туралы осы меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген Хаттамалармен ресімделеді және Өзара түсіністік туралы осы меморандумның ажырамас бөліктері болып табылады.
      10. Өзара түсіністік туралы осы меморандумның ережелері Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес қоллданылатын болады.
      11. Өзара түсіністік туралы осы меморандум оған Тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді және Тараптардың әрқайсысы жазбаша хабарлама жасағаннан кейін күшін жоя алады.
     Астана қаласында 2002 жылғы 19 наурызда әрқайсысы қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Өзара түсіністік туралы осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

                                                         (Қолдары)

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады