Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Yндiстан Республикасының Yкiметi арасындағы халықаралық терроршылдыққа және қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрес жөнiндегi бiрлескен жұмыс тобын құру туралы КЕЛIСIМ

Жаңа

Келісім 2002 жылғы 3 маусым. Алматы қаласы. 2002 жылғы 3 маусыман бастап күшіне енді

(Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне ендi - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Yндiстан Республикасының Yкiметi (бұдан әрi "Тараптар" деп аталатындар),
      Екi ел арасындағы тығыз достық қатынастарды ескере отырып;
      Терроршылдықтың таралу қаупiн және оның бейбiтшiлiкке, Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастарға келтiрер залалды ықпалын және олардың егемендiгi мен аумақтық тұтастығына тигiзер ықтимал қатерiн назарға ала отырып;
      Терроршылдықтың барлық актiлерiнiң, әдiстерi мен нысандарының алдын алу, жолын кесу және оларды бұлтарыссыз айыптау қажеттiгiн, сондай-ақ оның өмiрге, меншiкке, әлеуметтiк-экономикалық дамуға, мемлекеттердiң саяси тұрақтылығына, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке ықпалын мойындай отырып;
      Халықаралық терроршылдыққа қарсы күресте мақсатқа жету олардың тиiстi iшкi заңдары шеңберiнде өзара ынтымақтастыққа жәрдемдесетiнiн түсiне отырып;
     БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң халықаралық терроршылдыққа қарсы күрес жөнiндегi 2001 жылғы 28-қыркүйектегi 1373 қарарының маңыздылығы мен мақсаттарын тани отырып;
     Мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап Мақсаттары

      Тараптар мынадай мақсатта халықаралық терроршылдыққа, ұйымдасқан қылмысқа және есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Бiрлескен Жұмыс Тобын құрады:
      - халықаралық терроршылдыққа, ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың өнiмдерiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес саласында тәжiрибе алмасу;
      - халықаралық терроршылдыққа, ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің, психотроптық заттар мен олардың өнімдерінің, қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күреске көзқарастарды үйлестіру;
      - Тараптардың аумақтарынан іс-әрекет жасай алатын немесе сол аумақтарды пайдалана алатын терроршылдық және ұйымдасқан қылмыс топтарының іс-әрекеттеріне және олардың байланыстарына қатысты ақпарат алмасу;
      - терроршылдық топтар, оның ішінде Қазақстан мен Үндістанға қарсы бағытталған терроршылдық актілерді жоспарлауға немесе орындауға қатысқан тосқауыл топтар іс-әрекетінің жолын кесу;
      - көрсетілген салаларда ынтымақтастық үшін институционалдық құрылым құру.

2-бап

       Бірлескен Жұмыс Тобы мыналарды үйлестіретін болады:
      - халықаралық терроршылдыққа қарсы күрестегі өзара ынтымақтастықты кеңейту тәсілдері мен құралдарын, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары шеңберінде пысықтау;
      - терроршылдық іс-әрекеттерді қолдайтын және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын топтар арасындағы халықаралық байланыстарды анықтау;
      - осы салада жедел ақпарат алмасу тетігін жетілдіру;
      - өзара ынтымақтастықты, әсіресе мыналар арқылы кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;
      а) терроршылдарды және олардың серіктестерін іздеу, тұтқындау, экстрадициялау және жазалау;
      б) өзара техникалық көмек көрсету, соның ішінде, есірткі бизнесімен күрес саласына жұмылдырылған полиция/қауіпсіздік қызметі қызметкерлері мен персонал үшін тренингтер ұйымдастыруға өзара көмек көрсету, кәсіби тәжірибе алмасу;
      в) терроршылдық іс-әрекетке қатысқан адамдар мен ұйымдардың қаржы ресурстары ағымын анықтау, оның ізіне түсу және алдын алу:
      - халықаралық терроршылдыққа, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы құқықтық іс-әрекеттерді жақсарту жөніндегі жолдарды зерделеу;
      - әуе кемелерін басып алудың жолын кесу кепілдікке алынғандарды босату және қорғалатын адамдарды қорғау саласында тәжірибе алмасу;
      - сол немесе өзге елде әрекет етiп жүрген терроршылдық ұйымдардың қару, жарылғыш заттар, радиоактивтi және улағыш материалдарға еркiн қол жетiмдiлiгiне жол бермеуге бағытталған бiрлескен күш-жiгер жұмсау;
      - осындай ұйымдардың, адамдардың немесе топтардың қаржы құралдарын жылыстатуының iзiне түсу және оны болдырмау;
      - БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тиiстi қарарларын орындау мақсатында Ауғанстан және Орталық Азия аумағындағы Талибан қозғалысы, Аль-Каеда ұйымы немесе кез келген басқа да терроршыл немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардың iс-әрекеттерiн қадағалау;
      - Интерполмен ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылау;
      - Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша көрсетiлген қылмыстардың түрлерiне қатысты кез келген басқа да мәселелердi қарау.

3-бап Көп жақты деңгейдегi ынтымақтастық

      Бiрлескен Жұмыс Тобы БҰҰ және басқа да мамандандырылған ұйымдардың шеңберiнде терроршылдыққа қарсы ғаламдық күрес науқанына байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастықты үйлестiру мен кеңейту бағытында жұмыс iстейтiн болады.
      Екi Тарап Бiрлескен топ шеңберiнде осы саладағы маңызды оқиғалар туралы бiр-бiрiне хабарлауға мүмкiндiк жасайтын және жәрдемдесетiн, Халықаралық терроршылдық жөнiндегi тегiс қамтитын конвенцияны тездетiп қабылдау мақсатындағы күш-жiгердi үйлестiретiн болады.

4-бап Құрамы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының құзыреттi қазақстандық тарапының орталық органы болып табылады.
      Yндiстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Yндiстан Республикасының құзыретті үндi тарапының орталық органы болып табылады.

5-бап Формат

      Жұмыс тобы кемiнде жылына бiр рет өзара қолайлы мерзiмдерде кездесетiн болады. Кездесулер өткiзу орны кезекпен Қазақстан Республикасы мен Yндiстан Республикасы болады.
     Жұмыс тобы жүргiзiлген жұмыста толық құпиялылықты сақтайтын болады.
     Осы Келiсiмге сәйкес бiр Тараптың табыс еткен кез келген құпия ақпаратын осы ақпаратты табыс еткен Тараптың алдын ала келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа беруге немесе жариялауға болмайды.

6-бап Келiсiмге өзгерiстер енгiзу

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген Хаттамалармен рәсiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

7-бап Қолданылу мерзiмi

      Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және үш жыл iшiнде қолданылады. Келiсiмнiң оның қолданылу осы мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер Тараптардың бiреуi басқа Тарапқа осы Келiсiмдi тоқтату ниетi туралы оның қолданылу мерзiмi аяқталуына кемiнде алты ай қалғанда жазбаша нысанда хабардар етпесе, мерзiмi осындай мерзiмге ұзартылады.
     2002 жылғы 3 маусымда Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, хинди, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн басымдыққа ие болады.

                                                        (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады