Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқарма министрлігі арасындағы Мұрағат ісі саласында ынтымақтастық туралы Келісім

Жаңа

Келісім. Ереван қ., 2005 жылғы 12 қазан

       * Келісім 2006 жылғы 11 сәуірде күшіне енді (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2006 ж., N 3, 28-құжат)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқарма министрлігі Тараптар ретінде,
      мәдени және ғылыми байланыстарды дамытудың маңыздылығын растай отырып,
      мұрағат ісі саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату ниетін ескеріп,
      мұрағаттық ақпараттарға қол жеткізу адамның негізгі құқықтарының бірі екендігін мойындай отырып,
      1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында өткен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің мұрағаттық ақпараттарды пайдалану төңірегіндегі өзара әрекет ету принциптері мен нысандары туралыКелісім ережелерін назарға ала отырып,
      мыналар туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің атынан бұл Келісімді Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, Армения Республикасының Аумақтық басқарма министрлігі атынан Арменияның Ұлттық Мұрағаты жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптар ынтымақтастықты жалпыға бірдей халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне, мәдениет пен мұрағат ісі саласындағы тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес теңдік және түсіністік негізінде дамытатын болады.

3-бап

      Тараптар өздеріне қарасты мемлекеттік мұрағаттарда тиісінше Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы халықтарының тарихына қатысты құжаттарды іздеп табуға, сақтауға және кеңінен пайдалануға жағдай жасайды.

4-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы зерттеушілеріне Тараптардың мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы құжаттық мұраларды зерделеу ісінде көмек көрсетеді. Тараптардың әрқайсысы келісуші Тарап мемлекетінің зерттеушілеріне тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес мұрағат қорлары мен ғылыми-анықтамалық аппараттарына, сондай-ақ жарияланған және жарияланбаған анықтамалық материалдарына жол ашады.

5-бап

      Ұлттық мұрағат қорларын толықтыру мақсатында Тараптар мұрағат құжаттарын іздеп табу мен олардың көшірмелерін алу ісінде бір-бірлеріне Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жәрдем беруге міндеттенеді.

6-бап

      Тараптар екі жақты шарттар негізінде мұрағат құжаттарын жариялау, деректі көрмелер өткізу, келісілген тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

7-бап

      Тараптар өз құзыры шегінде мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту саласына байланысты ақпараттар, заң актілерін, нормативтік-әдістемелік құжаттар, сондай-ақ мұрағаттану, археография және құжаттану мәселелері бойынша әдебиеттер алмасып, екі жақ мүдделеріне сәйкес мұрағаттық құжаттар жарияланатын болады.

8-бап

      Тараптар екі жақты шарттар негізінде мұрағат ісі және құжаттама саласында сарапшылар мен мамандар алмасады.

9-бап

      Тараптар келісуші Тарап мемлекетінің азаматтары мен мекемелерінен түскен әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға мұрағаттық құжаттар негізінде көмек көрсетіп отыруды міндетіне алады.

10-бап

      Осы Келісім аясындағы ынтымақтастық Тараптардың екі жақты келісімі бойынша мұрағат ісі саласындағы арнайы байланыстарға кедергі келтірмейді.

11-бап

      Осы Келісім Тараптардың өзара Келісім бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен рәсімделеді.
      Құзырлы органдардың атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірін дипломатиялық каналдар бойынша хабардар етеді.

12-бап

      Осы Келісім ережелерін түсінуде және қолдануда пікір айырмашылықтары туындаған жағдайда, Тараптар оны екі жақты кеңесу және келіссөздер жүргізу арқылы шешеді.

13-бап

      Осы Келісім осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді армияндық Тараптың орындағаны туралы жазбаша хабарламаны қазақстандық Тарап алған күннен бастап күшіне енеді.
      Келісім бес жылғы мерзімге жасалды, егер Тараптардың бір де бірі аталған мерзім аяқталуға алты ай қалғанға дейін мұның қолданылуын тоқтату туралы жазбаша түрде мәлімдемесе, Келісім автоматты түрде келесі бес жылға ұзартылады. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтатуы Тараптар осы Келісім ережелері негізінде келісілген, оның тоқтатылу сәтінде аяқталмаған жобалар мен бағдарламаларды орындауға әсер етпейді.

      2005 жылғы 12 қазанда Ереван қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада, бұл ретте барлық мәтіннің бірдей күші бар.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

                                                         (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады