Бас Ассамблея,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының мақсаттары мен принциптерін басшылыққа ала отырып,
1997 жылғы 11 қарашадағы Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас конференциямен қабылданған Адам геномы мен адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларацияға, әсіресе жеке адамдының көшірмесін жасау мақсатында клондау тәжірибесі сияқты адамның қадір-қасиетіне жат тәжірибеге жол берілмейтіндік туралы айтылған оның 11 бабына сілтеме жасай отырып,
сондай-ақ Адам геномы мен адам құқықтары туралы жапыға ортақ декларацияны мақұлдаған, өзінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы 53/152 қарарына сілтеме жасай отырып,
қарқынды дамып келе жатқан биология ғылымдарының кейбір жетістіктерін қолданудың адамның қадір-қасиетіне, адам құқықтары мен тұлғаның негізгі бостандықтарына этикалық салдары туралы уайымдарын ескере отырып,
биология ғылымдарының жетістіктерін қолдану тұлға мен тұтастай адамзаттың азап шегуін жеңілдетіп, денсаулығын нығайтуға қызмет ету керектігін қайта қуаттай отырып,
биология ғылымдарының саласындағы ғылыми-техникалық прогресс адам құқықтарын құрметтеу мен барлығына пайда әкелудің кепілдігін қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылуы керектігінің астын сыза отырып,
сәйкес адамдар үшін клондау тудыруы мүмкін күрделі медициналық, тән, психологиялық және әлеуметтік қауіптерді ескере отырып, сондай-ақ әйелдерді қанауға жол бермеу қажеттілігін мойындап,
адамның қадір-қасиетіне клондаудың әлеуетті қауіптерін жедел түрде алдын алу керектігіне көз жеткізе отырып,
салтанатты түрде келесі туралы мәлімдеді:
a) билогия ғылымдарын қолдану үдерісінде адам өмірін сәйкес түрде қорғауға қажетті барлық шараларды қолдануды шақыра отырып, мүше мемлекеттерге жолдау жасау;
b) адамның қадір-қасиеті мен адам өмірін қорғаумен үйлеспейтін дәрежеде клондаудың барлық түрлеріне тыйым салуға шақыра отырып, мүше мемлекеттерге жолдау жасау;
c) адамның қадір-қасиетіне қайшы келтін ген инженериясының әдістерін қолдануға тыйым салуға қажетті шараларды қолдануға шақыра отырып, мүше мемлекеттерге әрі қарай жолдау жасау;
d) биология ғылымдарын қолдану үдерісінде әйелдерді қанаудың алдын алуға шараларды қолдануға шақыра отырып, мүше мемлекеттерге жолдау жасау;
e) (a)-(d) тармақтарын орындауды қамтамасыз ететін ұлттық заңдарды бұлжытпай қабылдап, жүзеге асыруға шақыра отырып, мүше мемлекеттерге жолдау жасау;
f) биология ғылымдарын қоса, медициналық зерттеулерді қаржыландыру кезінде дамушы мемлекеттерді ерекше қозғайтын ЖҚТБ/ЖИТС, туберкулез және малерия сияқты кезек күттірмейтін жаһандық мәселелерді ескеруге шақыра отырып, мүше мемлекеттерге жолдау жасау.
Адамды клондау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының декларациясы
ЖаңаБас Ассамблеяның 2005 жылғы 8 наурыздағы 59/280 қарарымен қабылданды
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз