* 2007 жылғы 15 қазанда күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және Әзербайжан Республикасының Президенті жанындағы Бағалы қағаздар жөніндегі Мемлекеттік Комитеті (бұдан әрі - Комитет) бұдан әрі Тараптар деп аталып,
бағалы қағаздар рыногындағы актуалды қадағалау мәселелері бойынша ақпарат алмасу және тиімді әрекеттесуді ұйымдастыру, Тараптар мемлекеттерінде қадағалау қызметінің осы саладағы халықаралық принциптерін және стандарттарын есепке ала отырып әрі қарай дамуына жәрдемдесу мақсатында,
өзара сенімділік негізінде бір-бірімен ынтымақтасуға өзінің дайындығын білдіре отырып,
трансшекаралық мекемелердің айқындығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің маңыздылығын негізге ала отырып,
мыналар туралы келісті:
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Негізгі ұғымдар
1. Осы Меморандумның мақсаттарына:
1) сұратылушы қадағалау органы - жәрдемдесу туралы сұратуды алушы немесе осындай жәрдемдесуді Меморандум ережелеріне сәйкес көрсетуші қадағалау органы;
2) сұратушы қадағалау органы - жәрдемдесу туралы сұратуды жіберуші және осындай жәрдемдесуді осы Меморандумның ережелеріне сәйкес алып отырған қадағалау органы;
3) ақпарат - қадағалаушы ақпарат, көпшілікке қолжетерлік мәселелер бойынша ақпарат және осы Меморандумға сәйкес олардың ынтымақтастықтары аясында Тараптар мүдделі болып табылатын басқа да мәліметтер;
4) көпшілікке қолжетерлік мәселелер бойынша ақпарат - қаржы ұйымдарының құрылуы, қызметі және негізгі көрсеткіштері туралы, қаржы рыногының жай-күйі және оны реттеудің құқықтық шарттары туралы ресми ақпарат;
5) құпиялық ақпарат - Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалықтарына сәйкес немесе олардың өзара келісіміне сәйкес оның таралуына шектеу қойылатын ақпарат;
6) қаржы ұйымымен аффилиирленген не онымен ерекше және өзге қарым-қатынаста байланысты болатын - заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде қаржы ұйымдарының қатысуымен қаржылық бірлестіктермен (холдингтер) не олардың қаржы ұйымдарымен, оның қатысушыларымен, қаржы ұйымдарында басшы қызметті иеленіп отырған қызметкерлер мен тұлғалармен қарым-қатынастары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларымен арнайы реттелетін және олар тиісті рәсімдері аясында оның бақылауында болатын ірі қатысушылары (құрылтайшылар немесе акционерлері);
7) ықпал ету шаралары және санкциялар - тиісті қадағалау органының бас қаржы ұйымына, трансшекаралық мекемеге немесе олардағы басшы қызметті иеленуші адамдарға қаржы ұйымы және қаржы рыногы мәселелері бойынша не Тараптар мемлекетінің басқа құзыретті органының өтініші негізінде Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамалық ережелерін бұзғаны үшін қабылдайтын шаралар;
8) шоғырландырылған қадағалау - Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылатын, қаржы ұйымы, аффилиирленген не онымен ерекше және өзге қарым-қатынаста байланысты болатын тұлғалар ұшыраған немесе ұшырауы мүмкін барлық тәуекелдерді есепке алуды көздейтін және қаржы ұйымының қызметін тұтынушыларының заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ трансшекаралық мекемелерді тексеру және қадағалау органдары арасында қадағалаушы ақпаратпен алмасу арқылы оның айқындығын көтеруіне бағытталған қаржы ұйымдарға қадағалау (бұдан әрі - шоғырландырылған қадағалау);
9) қадағалау ақпараты - оның ішінде құпия болып табылатын, қадағалау органы басқа Тараптан сұрату не айырбас ретінде өз функциясын орындау барысында, сондай-ақ осы Меморандумға сәйкес Тараптардың өзара қарым-қатынасын жүзеге асыру не тексеру үшін алынған ақпарат. Қадағалау ақпараты қаржы ұйымдарының операциялары (мәмілелері), шоттары, клиенттер салымдары туралы ақпаратты, сондай-ақ Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға және өзге де заңмен қорғалатын құпияларға жататын басқа да мәліметтерді өзінің құрамына қоспайды;
10) қабылдаушы Тарап - тұрған елінде трансшекаралық мекемесі құрылған (ашылған) қадағалау органы;
11) басшы қызметтер - Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамасы ережелеріне сәйкес болып келетін қызметтер;
12) бас қаржы ұйымы - тіркелген және Тараптар мемлекеті аумағында қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, басқа Тараптың юрисдикциясындағы трансшекаралық мекемесі бар заңды тұлға;
13) қаржылық ұйым шыққан елдің Тарабы - тұрған елдің трансшекаралық мекемесінің бас офисі немесе сабақтас қаржы ұйымы бар қадағалау органы;
14) трансшекаралық мекеме - басқа Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жататын Тараптың бірінің юрисдикциясының шегіндегі еншілес қаржы ұйымы, қаржы ұйымының филиалы немесе өкілдігі. Сонымен қатар трансшекаралық мекеме - заңды тұлғаның құқықтық мәртебесі оның қаржы ұйымы ретіндегі қызметін жүзеге асыру үшін берілген тиісті лицензиясының болуын қажет етеді;
15) үшінші тұлғалар - Тараптардан басқа барлық тұлғалар;
16) қаржы ұйымы - бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға;
17) қаржы бірлестігі (холдинг) - өзара шарт жасау негізінде не шоғырландырылған қадағалау мақсатында қызмет ету шарттары Тараптың мемлекетінің ұлттық заңнамасымен қосымша реттелетін құрамында бір немесе бірнеше қаржы ұйымы бар тиісті ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар бірлестігі.
2. Осы Меморандум мақсаты үшін "қаржы ұйымы" ұғымы бір жағынан және "трансшекаралық мекеме", "бас қаржы ұйымы" ұғымдары екінші жағынан жеке жағдайларда бірегей ұғым ретінде қолданылады.
2-бап. Меморандумның мәні және мақсаттары
1. Осы Меморандумға сәйкес Тараптар бір-біріне келісілген талаптар бойынша Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары деп аталатын трансшекаралық мекемелер және қаржы ұйымдары бойынша қадағалау және басқа ақпараттарды беруді, сондай-ақ шоғырландырылған қадағалаудың басқа мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас негізінде жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.
2. Осы Меморандумның мақсаты шоғырландырылған қадағалау аясында трансшекаралық мекемелер мен бас қаржы ұйымдарын тексеру қорытындыларының нәтижелілігін көтеруді қосқандағы Тараптардың өз қадағалау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін ұйымдастыру-құқықтық негіздемелер жасау болып табылады.
3. Осы Меморандум Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын немесе Қазақстан Республикасында немесе Әзербайжан Республикасында қолданысқа енгізілген немесе қолданылатын қадағалау талаптарын өзгертпейді немесе ауыстырмайды.
4. Осы Меморандумның Тараптардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттарда белгіленген қандай да бір келісімдерге қатысы жоқ.
3-бап. Қаржы ұйымдарының, олармен байланысты тұлғалардың
құқықтық жағдайы және қадағалау органдарының өкілеттігі
1. Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы қаржы ұйымдарының түрлері, құқықтық мәртебесі, оларды құру, қызмет ету, қайта ұйымдастыру және тарату шарттары, қаржы ұйымының ірі қатысушысы ұғымы, еншілес қаржы ұйымдары мен қаржы ұйымдарымен аффилиирленген не олармен ерекше және өзге қарым-қатынаста байланысты болатын тұлғаларды, сонымен бірге қаржы бірлестіктерді (холдингтерді) және қаржы ұйымдарының қатысуымен басқа тұлғалар топтарды шоғырландырылған қадағалау мақсаттары үшін құқықтық жағдайын, сондай-ақ трансшекаралық мекемелердің қызметін құру, лицензиялау және реттеу ерекшеліктері, қаржы ұйымдарының клиенттері мен кредиторларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау тәртібін Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары белгілейді.
2. Тараптардың тиісті юрисдикция шегінде шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыруы және басқа елдердің қадағалау органдарымен халықаралық ынтымақтастыққа қатысу жөніндегі өкілеттіктері Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларымен белгіленеді.
3. Тараптар мемлекеттерінің заңдарымен қорғалатын құпия мәселелерін қамтыған ақпарат Тараптармен Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалған жеке Келісімде белгіленген тәртіппен беріледі.
4-бап. Өзара әрекеттестікті ұйымдастыру және
ақпарат алмасу жөніндегі негізгі мәселелер
1. Тараптар жекелеген сұратулар бойынша бірі-біріне қажет ақпарат беруге не Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларының талаптарын есепке ала отырып, тұрақты негізде өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыруға құқылы.
2. Құпия сипаттағы қадағалау ақпаратын беру туралы сұратуларды не трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізуге жәрдемдесу үшін өтінішті немесе бас қаржы ұйымдары қызметінің жекелеген мәселелерін беруді Тараптар жазбаша, қадағалау органдарының бірінші басшыларының қолын алу арқылы жүзеге асырады.
Дегенмен де, Тараптар сұратылған жәрдем көрсету бойынша жеделдетілген шаралар қабылдауды, не ол қарастырған қадағалау қызметі мәселесінің маңыздылығы мен мерзімділігін есепке ала отырып, Тараптардың біреуінен сәйкес өтінішке бастама жасауды мүмкін санаған жағдайда, сұрату кейіннен кідіріссіз жазбаша растау шартымен, кез келген нысанда жіберіледі.
3. Тараптардың біріне-бірі міндетті түрде жазбаша нысанда (қағаз, тасымалдағышта) берген қадағалау ақпаратының тізбесін олар қосымша келісуі мүмкін.
4. Егер бір Тараптың сұратуы орындалмаған (толық көлемде немесе ішінара) жағдайда, сұратылушы қадағалау органы, сұратылушы орган орналасқан Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасының ережелерін есепке ала отырып, екінші Тарапқа мүмкін болатын жәрдемді көрсету жөніндегі шараларды қарастыратын болады.
5-бап. Ақпарат алмасудың өзара іс-әрекетінің
басымдықтары туралы
Тараптардың өзара іс-әрекет және ақпарат алмасу жөніндегі басымдықтарына:
1) сұратылушы Тарапқа берілген қадағалау ақпаратты растау немесе тексеру;
2) осы Меморандумда көзделген сұратылған қадағалау ақпаратын және трансшекаралық мекемелердің, бас қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар туралы, сондай-ақ қаржы ұйымымен аффилиирленген не онымен ерекше және өзге қарым-қатынаста байланысты болатын басқа тұлғалар туралы мәліметтер беру;
3) трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізу шарттарын келісу;
4) сұратылушы Тарап өкілінің трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізуге қатысуы, егер өзгесі Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларында көзделмеген болса;
5) жалпы қол жеткізерлік мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
6) қадағалау қызметінің өзекті мәселелерін талқылау және консультациялар өткізу;
7) тәжірибе алмасуды қоса отырып, қадағалау органдары ынтымақтастығының басқа мәселелері бойынша көмек көрсету жатады.
6-бап. Сұратулар мен оларды орындаудан бас тарту негіздері
1. Қадағалау ақпаратын беру туралы не қадағалау қызметінің мәселелері бойынша көмек көрсету туралы әрбір жазбаша сұрату немесе өзге өтінішті Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкестігі және оның іс жүзінде орындалу мүмкіндігі (қадағалау ақпаратын ашып көрсету мен беру) тұрғысынан сұратқан қадағалау органы бағалауы тиіс.
2. Жазбаша сұратуды немесе өзге өтінішті орындау мүмкіндігі (толық көлемде не ішінара) туралы шешім қабылдаған кезде, сұратқан орган мыналарды назарда ұстайды:
1) осы мәселені қарау сұратушы қадағалау органының ерекше құзыретіне жата ма;
2) көмек көрсету жөніндегі сұрату немесе өтініш осы Меморандум ережелеріне сәйкес келе ме;
3) жәрдем көрсету жөніндегі сұратуды немесе өтінішті орындау оның функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға кедергі келтірмей ме;
4) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген, оның ішінде заң жүзінде қорғалатын құпияларды сақтау және құпия ақпаратты пайдалану мәселелеріне қатысты кез келген басқа шектеулердің болуы.
3. Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қадағалау немесе басқа ақпаратты беруде құқықтық шектеулер (тыйым салулар) болған жағдайда Тараптар бұл туралы бір-бірін жазбаша хабарландырады.
4. Егер бір Тарап, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалықтарымен тікелей реттелмеген қандай-да бір мәселе бойынша сұратқан ақпаратты беру оның мемлекетінің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп тапқан жағдайда, аталған Тарап екінші Тарапқа қарастырылған сұрату бойынша мәліметтер не құжаттар беруден бас тартуға (ішінара не толық) құқылы.
2-ТАРАУ. ҚАДАҒАЛАУ АҚПАРАТЫН БЕРУ ЖӘНЕ АЛМАСУ 7-бап. Рұқсат беру рәсімдерімен және лицензиялаумен
байланысты қадағалау ақпараты туралы
1. Рұқсат (келісім) беру және лицензиялау процесіне байланысты қаржы ұйымы шыққан елдің Тарапы екінші Тарапқа сабақтас қаржы ұйымы туралы мынадай қадағалау ақпаратын:
1) мемлекеттік тіркеу күні туралы;
2) бағалы қағаздар рыногындағы лицензияға сәйкес жүзеге асырылатын қызмет туралы;
3) оның ірі қатысушылары туралы, қаржы бірлестіктері (холдингтер) сабақтас қаржы ұйымының қатысуымен және бас қаржы ұйымымен аффилиирленген не онымен ерекше және өзге қарым-қатынаста байланысты болатын оның ішінде Тараптың бір мемлекетінің аумағында тіркелген және олардың ірі қатысушылары Тараптың басқа мемлекет аумағында тіркелген не қызметін жүзеге асыратын қаржы ұйымдары болып табылатын басқа тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) тәуекелдерді басқару, ішкі аудит және бақылау жүйесі туралы, оның ішінде құрылатын трансшекаралық мекеменің тәуекелдері туралы;
5) бас қаржы ұйымы қызметінің қаржы ұйымы шыққан Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасының қолданыстағы нормалар мен шоғырландырылған қадағалау талаптарын қосқандағы талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
6) бас қаржы ұйымының және оның трансшекаралық мекемелерінің қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер туралы;
7) өткен күнтізбелік жылда және ағымдағы жылдың соңғы есеп беру күнінде болған ықпал ету шаралары мен санкциялар туралы бар мәліметтерді;
8) олардың қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты, оларға қатысты қайта ұйымдастыру не тарату рәсімдері жүзеге асырылатын оның трансшекаралық мекемелері мен еншілес қаржы ұйымдары туралы мәліметтерді береді.
2. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия берген кезде Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларының талаптарын басшылыққа алады.
3. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім қабылдаған Тарап екінші Тарапты ол туралы жазбаша хабардар етеді.
4. Тараптар тағайындалған (сайланған), оның ішінде екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан трансшекаралық мекемелердегі уақытша басшылық қызметтегі тұлғалар туралы өзара қадағалау ақпаратын алмасып отыруды жүзеге асырады.
8-бап. Ағымдағы қызмет жөніндегі қадағалау ақпараты туралы
1. Бас қаржы ұйымдарының және трансшекаралық мекемелердің ағымдағы қызметіне шоғырландырылған қадағалау жасау мәселесі бойынша, Тараптар:
1) бас қаржы ұйымының және трансшекаралық мекемелердің қызметіне қатысты сәйкес қадағалау ақпаратын бір-біріне береді;
2) бас қаржы ұйымының, трансшекаралық мекеменің ірі қатысушылары туралы не аффилиирленген немесе қаржы ұйымымен ерекше және өзге қарым-қатынаста байланысты болатын басқа тұлғалар туралы мәліметтерді уақтылы жібереді;
3) қаржы ұйымының лицензиясын тоқтата тұруға не әкімшілік жазаларды қолдануға апарып соқтыратын қаржылық және реттеуші есепті беру кезінде пруденциалдық нормативтерді жүйелі түрде бұзғаны үшін ықпал ету шаралары мен санкцияларды бас қаржы ұйымына, трансшекаралық мекемеге не онда басшылық қызмет атқаратын тұлғаларға қатысты қолдану туралы бір-біріне ақпарат береді;
4) Тараптар мемлекеттерінде пайдаланылатын шоғырландырылған қадағалаудың стандарттары мен жүйелері, оның ішінде трансшекаралық мекемелердің қызметіне қатысты пайдаланылатын шоғырландырылған қадағалаудың стандарттары мен жүйелері туралы бір-бірін уақтылы хабардар етеді.
2. Қабылдайтын Тарап трансшекаралық мекеменің бас қаржы ұйымына қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабы белгілеген нысандар бойынша шоғырландырылған есеп беруді дайындау үшін қажет есептер мен өзге ақпаратты және есеп беруді не өзге мәліметті Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес немесе шыққан ел Тарабының қаржы ұйымының сұратуы бойынша ұсынуына кедергі келтірмейді.
3. Бас қаржы ұйымдарының лицензиясы қайтарып алынған, тоқтатыла тұрылған жағдайда, Тараптардың трансшекаралық мекемелері бір-біріне ақпарат береді және осы шараларды қолдану себептері туралы хабарлап отырады.
9-бап. Басқа мәселелер бойынша қадағалау ақпараты туралы
1. Тараптар бір-біріне Тараптардың рұқсаты негізінде құрылған (ашылған) трансшекаралық мекемелердің қызметінің басталғандығы туралы хабарлайды.
2. Арнайы мәселелер жөнінде шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру үшін Тараптар бас қаржы ұйымдары туралы мынадай нақтылау ұсынылатын қадағалау ақпаратымен алмасады:
1) тиісті қаржылық бірлестіктің (холдингтің) құрамына кіретін бас қаржы ұйымымен және ұйымдардың қатысуымен құрылатын тұлғалар тобының құрылымын;
2) бас қаржы ұйымының қатысуымен қаржы бірлестіктің (холдингтің) қаржылық жай-күйі, атап айтқанда капиталдың бірдейлігі, ішкі топтық операциялардың сипаты, тәуекел мен кірістіліктің шоғырлану деңгейін;
3) тиісті қаржылық бірлестікке (холдингке) кіретін бас қаржы ұйымдарынан қадағалау ақпаратын жинау рәсімдерін және олардың осы ақпаратты растау талаптарын;
4) бас қаржы ұйымдарының ірі қатысушыларына, сабақтас қаржы ұйымдарының қатысуымен қаржылық бірлестіктеріне (холдингтеріне) және тиісті қаржылық бірлестіктің (холдингтің) қатысушыларына ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдану фактілерінің болуын;
5) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнама талаптарына бас қаржы ұйымының қатысуымен қаржылық бірлестіктің (холдингтің) тәуекелдер мен ішкі бақылауды басқару жүйелерінің сәйкес келуі туралы мәселені.
Тараптар осы трансшекаралық мекемелер - заңды тұлғалар бойынша мәліметтерді қалыптастырады және бір-біріне береді.
3. Қабылдайтын Тарап және қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабы қажет болған жағдайда, қаржы ұйымдарының қызметін құру, лицензия беру және қаржы ұйымдарының дауыс беруші акцияларын (үлестерін) иелену, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары талаптарын орындаудың басқа мәселелері бойынша қадағалау ақпаратымен алмасуды жүзеге асырады.
4. Бір Тарапта екінші Тараптың қадағалау қызметі үшін пайдалы болып табылуы мүмкін қадағалау немесе өзге ақпарат болған кезде, ол аталған органға тиісті мәселелер бойынша ресми сұрату болмаса да өздігінен көмек көрсетуге құқылы.
Сонымен қатар, осындай тәртіппен алынған ақпарат Тараптар, олардың осы Меморандумға сай, сұратуға сәйкес алынатын мәліметтерімен қатар пайдаланылады және қорғалады.
3-ТАРАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ӨЗГЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ АҚПАРАТ АЛМАСУ 10-бап. Тексеру жүргізу
1. Қабылдайтын Тарапта қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабы жүзеге асыратын барлық тексерулер, қабылдаушы Тараптың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
2. Қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабы трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізуге қабылдайтын Тараптың не өз атынан тексеру жүргізу мүмкіндігі туралы, тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйыммен белгіленген белгілі бір жағдайларда жазбаша сұрату жібереді.
Қабылдайтын Тарап қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабын өз жоспарлары және трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізу мерзімдері туралы ақпарат беруге құқылы.
3. Трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізу туралы сұратуды қарастырғанда, қабылдайтын Тарап басқа Тарапқа қажет қадағалау ақпаратын ұсынуы тиіс және тексеруді ұйымдастырған кезде мүмкіндігінше көмек көрсету керек.
4. Өзара уағдаластығы бойынша Тараптар қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабы өкілдерінің болжаған болу ұзақтығын, сондай-ақ тексерушілердің деректерін, тексерудің мақсатын, ауқымын белгілейді.
5. Қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабы жүргізген тексерудің негізгі тұжырымдары қабылдаушы Тараптың қол жеткізуіне қолайлы болу керек.
Қажет болғанда, Тараптар тексеру жүргізіп болғаннан кейін, олар қарастырған мәселелер бойынша трансшекаралық мекеменің қызметін бағалау туралы жазбаша құжаттармен алмасуға құқылы.
6. Қабылдайтын Тарап жүргізген тексеру нәтижелері туралы мәліметті оның мемлекетінің оның ұлттық заңнамасының шегінде қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабына ұсынады.
7. Тексеру жүргізуге байланысты, тексеру жүргізу үшін қадағалау ақпаратын ұсынудан не басқа мәселелер бойынша шешім қабылдаудан, тексеру жүргізуден Тараптың бірі бас тартқан жағдайда, Тараптар қабылданған шешімнің себептері туралы бір-бірін жазбаша хабарлайды.
11-бап. Қаржы ұйымдарының қызметін тоқтату мәселелері
және клиенттер туралы сұратуларды орындау
1. Трансшекаралық мекемелерді не трансшекаралық мекемелері бар сабақтас қаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру немесе тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларымен айқындалған тиісті қаржы ұйымдарының қызметін тоқтату туралы рәсімдерді ескере отырып, Тараптар өзара іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.
2. Тараптардың бір-бірінен сұратылатын ақпаратында қаржы ұйымдары клиенттерінің шоттары мен салымдары, операциялар (мәмілелер) туралы мәліметтер болмайды.
12-бап. Кеңестер мен талқылаулар
Қабылдайтын Тарап пен қаржы ұйымы шыққан елдің Тарабы қадағалау практикасын жетілдіру және екі жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында өзара мүддені көрсететін шоғырландырылған қадағалаудың қажетті мәселелеріне кеңестер береді және талқылаулар жүргізеді.
13-бап. Жалпы қол жетерлік мәселелер
бойынша ақпарат алмасу
1. Осы Меморандум күшіне енгеннен кейінгі бір ай ішінде Тараптар бұдан әрі әрбір жарты жылдықтың қорытындылары бойынша нақтылануы қажет, шоғырландырылған қадағалауға қатысты Тараптар мемлекеттерінің қаржы ұйымдарының тізімін бір-біріне ұсынады.
2. Тараптар жалпы қол жетерлік мәселелер бойынша өзге ақпаратты, егер олар өзара ақпарат алмасудың тиісті тәртібін айқындамаса, жазбаша не ауызша сұратулар негізінде ұсынады.
3. Агенттік туралы, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бас қаржы ұйымдары және олардың трансшекаралық мекемелері туралы, Қазақстан Республикасындағы шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы қосымша ақпарат аталған қадағалау органының "Қаржы хабаршысы-Финансовый вестник" атты ресми басылымында, сондай-ақ, Интернет желісінің: www.afn.kz сайтында орналастырылады.
4. Комитет туралы, Әзербайжан Республикасының аумағында тіркелген бас қаржы ұйымдары және олардың трансшекаралық мекемелері туралы, шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы қосымша ақпарат аталған қадағалау органының ресми басылымында, сондай-ақ, Интернет желісінің: www.scs.gov.az сайтында орналастырылады.
14-бап. Сұратуларды орындау мерзімі
1. Қадағалау ақпараттарын ұсыну туралы жазбаша сұратулар мен трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізуге көмектесу туралы өтініш, егер өзгесі Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасымен белгіленбесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей орындалады. Осы Меморандуммен айқындалған орындау мерзімі Тараптардың келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
2. Тараптар басқа сұратулар мен өтініштер бойынша орындау мерзімдерін қарастырылатын мәселелердің мазмұнын күрделілігін және олар бойынша болжанған жұмыстардың көлемдерін ескере отырып айқындайды.
15-бап. Құпиялылық
1. Осы Меморандум шеңберінде алынған кез келген қадағалау ақпараты оны ұсынған қадағалау органының жазбаша келісімінсіз, оны сұратқан және берген себептерден басқа өзге мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін емес.
2. Осы Меморандумға сәйкес ұсынылатын кез келген құпия ақпарат заңды негіз бойынша және қадағалау мақсаттарында ғана пайдаланылуы керек.
3. Берілетін жазбаша және өзге де құпия құжаттардың меншік иесі оған үшінші тұлғалардың қол жетімділік талаптарын қосымша анықтауға құқылы сұратушы қадағалау органы болып табылады.
4. Басқа Тараптан алынған құпия (қадағалау) ақпаратын ұсыну немесе беру туралы үшінші тұлғаның сұратуын алған Тарап осы Меморандумды орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетін негізге ала отырып, құпия (қадағалау) ақпаратын құрайтын мәліметтерді ашқанға дейін оған осы мәселе бойынша басқа Тарапты хабарлау және осындай сұратуды орындаудың орындылығы туралы пікір сұратуы тиіс.
5. Осы Меморандумға сәйкес алынған құпия (қадағалау) ақпаратты үшінші тұлғаға беруге не ресми жариялауға әрбір нақты жағдай бойынша құпия (қадағалау) ақпаратты берген басқа Тараптың жазбаша келісімі негізінде не осы мәселе бойынша оның позициясын айқындайтын өзге құжат болған кезде құпия (қадағалау) ақпаратты тоқтаусыз ашу жөніндегі қадағалау органының міндеті Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнама ережелерінен тікелей бастау алмайтын болған жағдайда ғана жол беріледі.
6. Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген деңгейде Тараптардың әрқайсысы жалпыға бірдей мәселелер бойынша ақпаратты қоспағанда, осы Меморандумға сәйкес алынған барлық құпия ақпаратты екіншісінен сақтауға тиіс және Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларында белгіленген талаптар мен негіздемелерді және осы баптың 1-5-тармақтарында көзделген өзара уағдаластықтарды сақтамай, бұл ақпаратты ашпауы тиіс.
7. Тараптар бір-біріне Осы Меморандумға сәйкес құпия жазбаша құжаттарды ұсынған кезде ұсынатын Тарап олардың әрбір парағын мынадай мазмұндағы жазумен белгілеуге тиіс: "Құпия - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Бағалы қағаздар жөніндегі мемлекеттік Комитеті арасындағы бағалы қағаздар рыногындағы қадағалау мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумына сәйкес ұсынылды".
8. Күтпеген жағдайларға байланысты, бір Тарап ұсынатын не ұсынған құпия (қадағалау) ақпаратты жариялау не жариялау мүмкіндігі туындаған жағдайда, екінші Тарап бұл туралы ұсынатын не ұсынған Тарапқа дереу хабарлайды, сондай-ақ осындай оқиғаларды ескерту үшін қабылдануы мүмкін немесе келіп түскен салдарлар мен шаралар туралы хабардар етеді.
9. Осы Меморандумға сәйкес Тараптардың құпия (қадағалау) ақпаратты алмасуы осы бапта атап көрсетілген уағдаластықта қамтылған және осындай тәртіппен алынған құпия (қадағалау) ақпаратты шектеулі пайдалануды қамтамасыз етуді негізге ала отырып, жүзеге асырылады.
16-бап. Ақпаратты қорғау және
сақтау бойынша қосымша талаптар
1. Тараптар құпия ақпаратты немесе құжаттарды бір-біріне ұсынған кезде, оның ішінде телекоммуникациялық құралдарды пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жеткілікті құқықтық және ұйымдастыру-техникалық шараларды қолға алады. Бұл ретте қадағалау органы сұрататын құпия ақпаратты қамтамасыз ету деңгейі қадағалау органы сұратқан деңгейден төмен болмауы тиіс.
2. Қадағалау органдарының қызметкерлері осы Меморандум шеңберінде алынған құпия (қадағалау) ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Осы Меморандумның іс-әрекеті тоқтатылған жағдайда осы Меморандум шеңберінде алынған барлық қадағалау және құпия ақпарат одан әрі құпия болып қала береді.
4-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 17-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға жеке Хаттамалармен ресімделетін, осы Меморандумның 20-бабына сәйкес күшіне енетін және осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
18-бап. Шығыстар
Әрбір Тарап, егер Тараптар өзге тәртіп туралы келіспесе, осы Меморандумды іске асыру барысында пайда болатын шығыстарға дербес жауап береді.
19-бап. Дауларды шешу
Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру және/немесе пайдалануға қатысты Тараптар арасында даулар пайда болған жағдайда, олар мүмкіндігінше келіссөздер және кеңестер арқылы шешілуі тиіс.
20-бап. Заңды күшіне енгізу және жариялау
1. Осы Меморандум Қазақстан Тарабының Әзербайжан Тарабынан осы Меморандум күшіне ену үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдердің орындалуы туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Меморандум белгісіз мерзімге жасалады және Тараптардың біреуі осы Меморандумның қолданысын тоқтату ниеті туралы басқа Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.
3. Тараптар осы Меморандумның ресми мәтіннің ол күшіне енгеннен кейін Интернет желісіндегі олардың сайттарында орналастырылуына қарсы емес.
2007 жылғы 7 тамызда Астана қаласында, екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тілдерінде жасалды, сонымен бірге барлық мәтіндердің заңды күші бірдей. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
(Қолдары)