РҚАО-ның ескертпесі!
Меморандум 2009 жылғы 7 қаңтарда күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және Тәжікстан Ұлттық Банкі, бұдан әрі Тараптар деп аталып,
банктік қадағалау саласындағы халықаралық принциптер мен стандарттарды ескеріп, банктік қадағалау мен реттеудің өзекті мәселелері бойынша өзара әрекеттесу және ақпаратпен алмасу, Тараптар мемлекеттерінің қадағалау қызметін бұдан әрі дамытуға жәрдемдесу мақсатында,
өзара сенімдік негізінде бірі бірімен әрекеттесуге дайындықтарын білдіріп,
трансшекаралық мекемелердің айқын болуын қамтамасыз ету бойынша мақсаттың маңыздылығы негізінде,
төмендегілер жайында келісімге келді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негізгі анықтамалар
1. Осы меморандумның мақсаты үшін:
1) банктік қадағалау - қаржылық ұйымы, онымен аффилирленген тұлғалар тәуекелдерге ұшырауын немесе ұшырайтын барлық тәуекелдерді есепке алуды көздейтін Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, және қаржы ұйымдарының қызмет көрсетуін тұтынушылардың заңдық мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қызмет ететін трансшекаралық мекемелерді тексеру мен қадағалау органдары (бұдан әрі - шоғырландырылған қадағалау) арасындағы қадағалау ақпаратпен алмасулары жолымен оның айқындылығын көтеруге бағытталған шоғырландырылған негіздегі қадағалау;
2) сұраныс салған қадағалау органы - көмек көрсету жөніндегі сұратуды жіберген және осы Меморандумның ережелеріне сәйкес осындай көмекті алатын қадағалау органы;
3) сұраныс түскен қадағалау органы - көмек көрсету жөніндегі сұратуды алған және осы Меморандумның ережелеріне сәйкес осындай көмекті көрсететін қадағалау органы;
4) ақпарат - жалпы қол жетімді мәселелер бойынша ақпарат және осы Меморандумға сәйкес Тараптардың ынтымақтастығы аясында олар үшін қызығушылық білдіретін жалпы басқа мәліметтер;
5) жалпы қол жетімді мәселелер бойынша ақпарат - қаржы ұйымын құру, оның қызметі және негізгі көрсеткіштері, қаржы рыногының жағдайы және оны реттеудің құқықтық талаптары жөніндегі, шектеулі тарату ақпараты болып табылмайтын не заңнамалық қорғалатын құпияны құрайтын ресми ақпарат;
6) қаржы ұйымының аффилирленген тұлғалары - заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде қаржы ұйымының қатысуымен бірлестіктер (холдингтер) не олардың ірі қатысушылары (құрылтайшылары немесе акционерлері), қаржы ұйымымен, олардың қатысушыларымен, қызметкерлерімен және қаржы ұйымындағы басшы лауазымдағы тұлғаларымен қатынастары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасымен арнайы реттеледі және шоғырландырылған қадағалаудың тиісті рәсімдері аясында онымен бақыланады;
7) ықпал ету шаралары мен санкциялар - қаржы ұйымдарының және қаржы рыногының мәселелері бойынша Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін бас қаржы ұйымына, трансшекаралық мекемеге немесе олардағы басшы лауазымдағы тұлғаларға қадағалаудың тиісті органы не Тарап мемлекетінің өтініші негізінде оның басқа құзыретті органдары қолданатын шаралар;
8) қадағалау ақпараты - оның ішінде құпия болып табылатын, қадағалау органы басқа Тараптан сұрату не айырбас ретінде өз функциясын орындау барысында, сондай-ақ осы Меморандумға сәйкес Тараптардың өзара қарым-қатынасын жүзеге асыру не тексеру үшін алынған ақпарат. Қадағалау ақпаратына осы Меморандумда көзделген жағдайларды қоспағанда, операциялар (мәмілелер), қаржы ұйымдарының шоттары (талап етуге дейінгі, жинақтаушы және мерзімді), қаржы ұйымдарының салымшылары жөніндегі ақпарат, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға, сондай-ақ банктік құпияға немесе басқа заңнамалық қорғалатын құпияға жататын мәліметтер кірмейді;
9) қабылдаушы Тарап - трансшекаралық мекеме құрылған (ашылған) мемлекеттің қадағалау органы;
10) басшы лауазымдар - Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы ережелеріне сәйкес болып келетін лауазымдар;
11) бас қаржы ұйымы - тіркелген және Тараптар мемлекеті аумағында қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, басқа тараптың құзыретіндегі трансшекаралық мекемесі бар заңды тұлға;
12) қаржы ұйымы шыққан жерінің мемлекет Тарабы - трансшекаралық мекеменің бас офисі орналасқан мемлекеттің қадағалау органы немесе Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларының талаптарына сәйкес бас қаржы ұйымы;
13) трансшекаралық мекеме - басқа Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жататын, Тараптардың бірінің мемлекеті юрисдикциясы шегіндегі еншілес қаржы ұйымы, филиал немесе қаржы ұйымының өкілдігі. Бұл ретте трансшекаралық мекеменің-заңды тұлғаның құқықтық мәртебесі онда қаржы ұйымы ретінде қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар болуын көздейді;
14) үшінші тұлғалар - Тараптарды қоспағандағы, барлық басқа тұлғалар;
15) қаржылық бірлестік (холдинг) - өздері арасындағы шарт негізіндегі не тиісті ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған, өзінің құрамында бір немесе бірнеше қаржы ұйымдары бар, қызметінің талаптары шоғырландырылған қадағалау мақсатында Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасымен қосымша реттелетін заңды тұлғалардың бірлестігі.
2-бап. Меморандумның мәні және мақсаты
1. Осы Меморандумға сәйкес Тараптар бір-біріне келісілген талаптар бойынша трансшекаралық мекемелер және қаржы ұйымдары жөніндегі қадағалау және басқа ақпараттарды беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзара қарым-қатынас негізінде шоғырландырылған қадағалаудың басқа мәселелері бойынша ықпал етеді.
2. Осы Меморандумның мақсаты шоғырландырылған қадағалау аясында трансшекаралық мекемелер мен бас қаржы ұйымдарын тексеру қорытындыларының нәтижелілігін көтеруді қосқанда, Тараптардың өз қадағалау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық-құқықтық негіздемелер жасау болып табылады.
3. Осы Меморандум Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне қатысты емес.
3-бап. Қаржы ұйымының, онымен байланысты тұлғалардың
құқықтық жағдайы және қадағалау органдарының өкілеттігі
1. Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы қаржы ұйымдарының түрлері, құқықтық мәртебесі, оларды құру жағдайлары, қызмет ету, қайта ұйымдастыру және тарату талаптары, қаржы ұйымының ірі қатысушысы ұғымы, шоғырландырылған қадағалау мақсатында еншілес қаржы ұйымдары мен қаржы ұйымдарымен аффилирленген, оның ішінде қаржы бірлестіктері (холдингтер) мен қаржы ұйымдарының қатысуымен басқа тұлғалар топтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ трансшекаралық мекемелердің қызметін құру, лицензиялау және реттеу ерекшеліктері, қаржы ұйымдарының клиенттері мен кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібін Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары белгілейді.
2. Тиісті юрисдикция аясында шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру бойынша Тараптардың өкілеттігі мен басқа мемлекеттердің қадағалау органдарымен халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында айқындалады.
3. Қадағалау органдары заңнамамен қорғалатын құпиялардың мәселелері бойынша ақпаратты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларының талаптарын ескеріп, екі тараптық айқындалған тәртіпте бір-біріне береді.
4-бап. Өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру және
ақпарат алмасу жөніндегі негізгі мәселелер
1. Тараптар жекелеген сұратулар бойынша бір-біріне қажет ақпарат беруге не Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларының талаптарын ескере отырып, тұрақты негізде өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыруға құқылы.
2. Құпия сипатындағы қадағалау ақпаратын беру туралы сұратуларды не трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізуге немесе бас қаржы ұйымдары қызметінің жекелеген мәселелері бойынша жәрдемдесу жөніндегі өтінішті беруді Тараптар жазбаша, қадағалау органдарының бірінші басшыларының қолын алу арқылы жүзеге асырады. Дегенмен, Тараптар сұралған жәрдем көрсету бойынша жеделдетілген шараларды қабылдауды, не Тарап қарастырған қадағалау қызметі мәселесінің маңыздылығы мен мерзімділігін ескеріп, Тараптардың біреуінен сәйкес өтінішке бастама жасауды мүмкін санаған жағдайда сұрату кейіннен кідіріссіз жазбаша растау шартымен, кез келген нысанда жіберіледі.
3. Тараптардың біріне-бірі міндетті түрде жазбаша нысанда (қағаз тасымалдағышта) берген қадағалау ақпаратының тізбесін олар қосымша келісуі мүмкін.
4. Егер бір Тараптың сұратуы орындалмаған (толық көлемде немесе ішінара) жағдайда, сұратқан қадағалау органы Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларының ережелерін ескеріп, екінші Тарапқа мүмкін болатын жәрдемді көрсету жөніндегі шараларды қарастырады.
5-бап. Өзара іс-әрекет және ақпарат алмасу
басымдықтары туралы
Тараптардың өзара іс-әрекет және ақпарат алмасу жөніндегі басымдықтарына мыналар жатады:
1) сұратқан Тарапқа берілген қадағалау ақпаратын растау немесе тексеру;
2) осы Меморандумда көзделген сұратылған қадағалау ақпаратын және трансшекаралық мекемелердің, бас қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар туралы, сондай-ақ қаржы ұйымымен аффилирленген басқа тұлғалар туралы мәліметтер беру;
3) трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізу талаптарын келісу;
4) егер Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларында өзге көзделмеген болса, сұратқан Тарап өкілінің трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізуге қатысуы;
5) жалпы қол жетімді мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
6) қадағалау қызметінің өзекті мәселелерін талқылау және кеңестер өткізу;
7) тәжірибемен алмасуды қоса алғанда, қадағалау органдарының басқа мәселелері бойынша көмек көрсету.
6-бап. Сұратулар мен оларды орындаудан
бас тарту негіздері
1. Қадағалау ақпаратын беру туралы не қадағалау қызметінің мәселелері бойынша әрбір жазбаша сұратуды немесе өзге өтінішті, оның ішінде осы Меморандуммен тікелей реттелмеген, сұратқан қадағалау органы Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларына сәйкестігі және оның іс жүзінде орындалу (қадағалау ақпаратын ашып көрсету мен беру) мүмкіндігі тұрғысынан бағалауы тиіс.
2. Жазбаша сұратуды немесе өзге өтінішті орындау мүмкіндігі (толық көлемде немесе ішінара) туралы шешім қабылдағанда, сұратқан орган келесі жағдайларды ескеріп отырады:
1) осы мәселені қарау сұратқан қадағалау органының ерекше құзыретіне жата ма;
2) көмек сұрау бойынша сұрату не өтініш осы Меморандум ережелеріне сәйкес келе ме;
3) оның функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмектесу үшін келіп түскен сұратуды немесе өтінішті орындау кедергі келтірмей ме;
4) сұратқан қадағалау органы мемлекетінің ұлттық заңнамаларында көзделген, оның ішінде заң жүзінде қорғалатын құпияны сақтау және құпия ақпаратты пайдалану мәселелеріне қатысты кез келген басқа шектеулердің болуы.
3. Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қадағалау немесе басқа ақпаратты беруде құқықтық шектеулер (тыйым салулар) болған жағдайда, Тараптар бұл туралы бір-бірін жазбаша хабарлайды.
4. Егер бір Тараптың осы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасымен тікелей реттелмеген қандай да бір мәселе бойынша сұратылған ақпаратты беруі оның мемлекетінің қауіпсіздігін немесе егемендігін қозғайды деп санаса, аталған Тарап басқа Тарапқа қаралатын сұрату бойынша мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тартуға (ішінара немесе толығынан) құқылы.
2-тарау. ҚАДАҒАЛАУ АҚПАРАТЫН БЕРУ ЖӘНЕ АЛМАСУ
7-бап. Рұқсат беру рәсімдерімен және лицензиялаумен
байланысты қадағалау ақпараты туралы
1. Рұқсат (келісім) беру және лицензиялау процесіне байланысты:
1) қабылдайтын Тарап қаржы ұйымы шыққан елдің Тарапына қабылдайтын Тараптың құқықтық өкілеттігінде трансшекаралық мекемені құруға (ашуға) рұқсатты (келісімді) не қаржы рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны, не қаржы ұйымының жарғылық капиталына (акцияларды сатып алуға) үлестік қатысуға рұқсатты беру жөніндегі өтініштің келіп түскені туралы қаржы ұйымы шыққан елдің Тарапына хабарлауға міндетті;
2) қаржы ұйымы шыққан елдің Тарапы екінші Тарапқа бас қаржы ұйымы туралы мынадай қадағалау ақпаратын:
мемлекеттік тіркеу күні туралы;
қаржы рыногындағы лицензияға сәйкес жүзеге асырылатын қызметі туралы;
оның ірі қатысушылары, бас қаржы ұйымының қатысуымен қаржы бірлестіктері (холдингтері) және бас қаржы ұйымымен аффилирленген басқа тұлғалары, оның ішінде ірі қатысушылары болып басқа Тарап мемлекетінің аумағында тіркелген не қызметін жүзеге асыратын қаржы ұйымы табылатын, басқа Тарап мемлекетінің аумағында тіркелгендігі туралы мәліметтерді;
тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі аудит және бақылау туралы, оның ішінде құрылатын трансшекаралық мекеменің тәуекелдеріне қатысты;
бас қаржы ұйымы қызметінің қолданыстағы нормалар мен шоғырландырылған қадағалаудың талаптарын қоса отырып, қаржы ұйымы шыққан ел Тарапы мемлекетінің ұлттық заңнамалары талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
бас қаржы ұйымының және оның трансшекаралық мекемелерінің қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштері туралы;
өткен күнтізбелік жылда және ағымдағы жылдың соңғы есеп беру күнінде болған ықпал ету шаралары мен санкциялары туралы мәліметтерді;
олардың қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты, оларға қатысты қайта ұйымдастыру не тарату рәсімдері жүзеге асырылатын оның трансшекаралық мекемелері мен еншілес қаржы ұйымдары туралы мәліметтерді береді.
2. Трансшекаралық мекемелерді құруға рұқсат (келісім), олардың өз қызметін жүзеге асыруы үшін лицензиялар, сонымен қатар қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларды сатуға) үлестік қатысуға рұқсат берген кезде, Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамаларының талаптарын басшылыққа алады және екінші Тараптан алынған ақпаратты назарда ұстайды.
3. Басқа Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан бас қаржы ұйымына трансшекаралық мекемені құруға (ашуға) рұқсат (келісім) не оның қызметін жүзеге асыруға лицензия, не қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына үлестік қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдаған Тарап бұл жайлы екінші Тарапқа жазбаша хабарлайды.
4. Тараптар тағайындалған (сайланған), оның ішінде екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан трансшекаралық мекемелердегі уақытша басшылық қызметтегі тұлғалар туралы өзара қадағалау ақпаратын алмасып отыруды жүзеге асырады.
8-бап. Ағымдағы қызмет жөніндегі
қадағалау ақпараты туралы
1. Сабақтас қаржы ұйымдарының және трансшекаралық мекемелердің ағымдағы қызметіне шоғырландырылған қадағалау жасау мәселесі бойынша, Тараптар:
1) бас қаржы ұйымының және трансшекаралық мекемелердің қызметіне қатысты сәйкес қадағалау ақпаратын бір-біріне береді;
2) бас қаржы ұйымының, трансшекаралық мекеменің ірі қатысушылары туралы не аффилирленген басқа тұлғалар туралы мәліметтерді уақытылы береді;
3) трансшекаралық мекеменің қызметін тұтынатын қаржы ұйымы шыққан елдің Тарапы мемлекетінің резиденті - сұратқан клиенті бойынша, оның ішінде коммерциялық не Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасының ережелерін ескеріп, өзге заң жүзінде қорғалатын құпияға қатысты мәліметтерді береді;
4) қаржы ұйымының лицензиясын тоқтата тұруға не әкімшілік жазаларды қолдануға әкелген қаржылық және реттеуші есепті беру кезінде пруденциалдық нормативтерді жүйелі түрде бұзғаны үшін ықпал ету шаралары мен санкцияларды бас қаржы ұйымына, трансшекаралық мекемеге не онда басшылық қызмет атқаратын тұлғаларға қатысты қолдану туралы бір-біріне ақпарат береді;
5) бас қаржы ұйымына және трансшекаралық мекемелерге шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру кезінде қажетті өзге ақпаратты беруге жәрдемдеседі;
6) Тараптар мемлекеттерінде пайдаланылатын шоғырландырылған қадағалаудың стандарттары мен жүйелері, оның ішінде трансшекаралық мекемелер қызметіне жасалған қадағалay туралы ақпаратты алмасады, олардың мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларындағы болған өзгерістер туралы бір-бірін уақтылы хабардар етеді.
2. Қабылдайтын Тарап трансшекаралық мекеменің бас қаржы ұйымына қаржы ұйымы шыққан елдің Тарапы белгілеген нысандар бойынша шоғырландырылған есептілікті беруді дайындау үшін қажет есептер мен өзге ақпаратты және есептілікті не Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес немесе қаржы ұйымы шыққан Тарап мемлекетінің сұратуы бойынша ұсынуына тыйым салынбаған өзге мәліметті беруге кедергі жасамайды.
3. Бас қаржы ұйымдарының, трансшекаралық мекемелердің лицензиясын қайтарып алған, тоқтатқан жағдайда, Тараптардың ол туралы және осы шараларды қолдану себептері туралы бір-біріне хабарлайды.
9-бап. Басқа мәселелер бойынша қадағалау ақпараты туралы
1. Тараптар бір-біріне Тараптардың рұқсаты негізінде құрылған (ашылған) трансшекаралық мекемелер қызметінің басталғандығы туралы уақытылы хабарлайды.
2. Арнайы мәселелер жөнінде шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру үшін Тараптар бас қаржы ұйымдары туралы мынадай нақтылау ұсынылатын қадағалау ақпаратымен алмасады;
1) тиісті қаржылық бірлестіктің (холдингтің) құрамына кіретін бас қаржы ұйымымен және ұйымдардың қатысуымен құрылатын тұлғалар тобының құрылымы;
2) қаржы ұйымының, оның ішінде капиталдың бірдейлігі, ішкі топтық операциялардың сипаты, тәуекел мен кірістіліктің шоғырлану деңгейінің қатысуымен болған қаржылық бірлестіктің (холдингтің) қаржылық жай-күйі;
3) тиісті қаржылық бірлестікке (холдингке) кіретін бас қаржы ұйымдарынан қадағалау ақпаратын жинау рәсімдері және олардың осы ақпаратты растау талаптары;
4) бас қаржы ұйымдарының ірі қатысушыларына, қаржылық бірлестіктеріне (холдингтеріне) бас қаржы ұйымдарының қатысуымен және тиісті қаржылық бірлестіктің (холдингтің) қатысушыларына ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдану фактілерінің болуы;
5) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнама талаптарына бас қаржы ұйымының қатысуымен қаржылық бірлестіктің (холдингтің) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүйелерінің сәйкес келуі туралы мәселе.
Осы баптың 2-тармағында аталған мәліметтер трансшекарлық ұйымдар - заңды тұлғаларға қатысты құрастырылады және Тараптар оны бір-біріне береді.
3. Тараптар қажет болған жағдайда, қаржы ұйымдарының қызметін құру, лицензиялау және олардың қызметінің, қаржы ұйымдарының дауыс беретін акцияларын (үлестерін) иелену, Тарап мемлекетінің ұлттық заңнама талаптарын орындаудың басқа мәселелері бойынша қадағалау ақпаратымен алмасуды жүзеге асырады.
4. Егер, бір Тарапта басқа бір Тараптың қадағалау қызметі үшін пайдалы болып табылатын қадағалау немесе өзге ақпарат болған жағдайларда, ол аталған қадағалау органына тиісті мәселелер бойынша ресми сұрату болмаса да өздігінен көмек көрсетуге құқылы.
Бұл ретте, осындай тәртіппен алынған ақпарат, осы Меморандумға сәйкес Тараптар алатын сұратуларға тиісті мәліметтермен қатар, Тараптардың пайдалануларына және қорғалуына жатады.
3-тарау. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН АҚПАРАТ АЛМАСУДЫҢ ӨЗГЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
10-бап. Тексерулер жүргізу
1. Қаржы ұйымы шыққан мемлекеттің Тарапы қабылдайтын Тарапта жүзеге асыратын барлық тексерулер қабылдаушы Тараптың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
2. Қаржы ұйымы шыққан мемлекеттің Тарапы қабылдайтын Тарапқа трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізуіне не өз атынан тексеру жүргізу мүмкіндігі туралы, тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйыммен белгіленген белгілі бір жағдайларда жазбаша сұрату жібереді.
Қабылдайтын Тарап қаржы ұйымы шыққан мемлекеттің Тарабын өзінің жоспарлары және трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізу мерзімдері туралы ақпарат беруге құқылы.
3. Трансшекаралық мекемелерге тексеру жүргізу туралы сұратуды қарастырғанда, қабылдайтын Тарап басқа Тарапқа қажетті қадағалау ақпаратын ұсынуы тиіс және тексеруді ұйымдастырған кезде мүмкіндігінше көмек көрсетуі қажет.
4. Тараптар өзара келісімдері бойынша тексерудің мақсатын, ауқымын, қаржы ұйымы шыққан мемлекеті Тарапының өкілдерінің болуының болжанған ұзақтығын, сондай-ақ тексерушілердің аты-жөнін белгілейді.
5. Қаржы ұйымы шыққан мемлекетінің Тарапы жүргізген тексерудің негізгі қорытындылары қабылдаушы Тараптың қол жеткізуіне қолайлы болуы қажет.
Қажеттігіне қарай, Тараптар тексеру жүргізіп болғаннан кейін, олар қарастырған мәселелер бойынша трансшекаралық мекеменің қызметін бағалау туралы жазбаша құжаттармен алмасуға құқылы.
6. Қабылдайтын Тарап жүргізген тексеру нәтижелері туралы мәліметтер қаржы ұйымы шыққан елдің Тарапына өз мемлекетінің ұлттық заңнамасының шегінде ұсынылады.
7. Тараптың бірі тексеру жүргізу үшін қадағалау ақпаратын ұсынудан не тексеру жүргізумен байланысты басқа мәселелер бойынша шешім қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Тараптар қабылдаған шешімнің себептері туралы бір-біріне жазбаша хабарлайды.
11-бап. Қаржы ұйымдарының қызметін тоқтату мәселелері және
клиенттер туралы сұратуларды орындау
1. Трансшекаралық мекемелерді не трансшекаралық мекемелері бар бас қаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру немесе тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Тараптар өздерінің мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында айқындалған тиісті қаржы ұйымдарының қызметін тоқтату туралы рәсімдерді ескере отырып, өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
2. Тараптардың бір-бірінен сұралатын ақпаратта, бұл ақпарат сұратудың себебі болған нақты қадағалау мәселесіне қатысы болған жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдары клиенттерінің операциялары (мәмілелері), шоттары мен салымдары жөніндегі мәліметтерді көздемейді. Осындай мәселе бойынша сұрату түскен жағдайда, сұраныс салынған қадағалау органы өзінің мемлекетінің ұлттық заңнамасымен рұқсат етілетін мөлшердегі ақпаратты тікелей жинайды және ұсынады.
12-бап. Кеңес беру және талқылау
Тараптар қадағалау тәжірибесін жетілдіру және екі тараптық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, кеңес беруді жүзеге асырып және өзара мүдделерін көрсететін шоғырландырылған қадағалаудың қажетті мәселелерін талқылайды.
13-бап. Жалпы қол жетерлік мәселелер бойынша ақпарат алмасу
1. Осы Меморандум күшіне енген соң бір ай ішінде Тараптар бір-біріне бұдан әрі әрбір жарты жылдықтың қорытындылары бойынша нақтылануы қажет шоғырландырылған қадағалауға жататын Тараптар мемлекеттерінің қаржы ұйымдарының тізімін ұсынады.
2. Тараптар жалпы қол жетерлік мәселелер бойынша өзге ақпаратты, егер олар өзара ақпарат алмасудың тиісті тәртібін айқындамаса, жазбаша не ауызша сұратулар негізінде ұсынады.
3. Агенттік, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бас қаржы ұйымдар мен олардың трансшекаралық мекемелері жөніндегі, Қазақстан Республикасындағы шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жөніндегі қосымша ақпарат аталған органның "Қаржы хабаршысы - Финансовый вестник" атты ресми басылымында бар, сондай-ақ Интернет желісіндегі оның www.afn.kz сайтында орналастырылады.
4. Тәжікстан Ұлттық Банкі, Тәжікстан Республикасының аумағында тіркелген бас қаржы ұйымдар мен олардың трансшекаралық мекемелері жөніндегі, шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жөніндегі қосымша ақпарат аталған органның "Ахбори Бонки миллии Точикистон - Вестник Национального банка Таджикистан" атты ресми басылымында бар, сондай-ақ Интернет желісіндегі www.nbt.tj сайтында орналастырылады.
14-бап. Сұратуларды орындау мерзімдері
1. Қадағалау ақпаратын ұсыну туралы жазбаша сұратулар мен трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізуге жәрдемдесу туралы өтініш, егер Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында өзгеше белгіленбесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей орындалады. Бұл ретте осы Меморандуммен айқындалған орындау мерзімі Тараптардың келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
2. Тараптардың басқа сұратулары мен өтініштері бойынша орындалу мерзімі, қаралатын мәселелердің мазмұнын, күрделілігін және олар бойынша болжанған жұмыстардың көлемін ескере отырып айқындалады.
15-бап. Құпиялылық
1. Осы Меморандум аясында алынған кез келген қадағалау ақпараты оны ұсынған қадағалау органының келісімінсіз, ол сұратылған және берілген себептерден басқа, өзге мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін емес.
2. Осы Меморандумға сәйкес ұсынылатын кез келген құпия ақпарат заңдық негіздерде және қадағалау мақсаттарында ғана қолданылуы қажет.
3. Берілетін жазбаша және өзге құпия құжаттардың меншік иесі сұратушы қадағалау органы болатындығын ескеріп, Тараптар оған үшінші тұлғалардың қол жеткізу талаптарын қосымша айқындауға құқылы екендігіне сүйенеді.
4. Басқа Тараптардан алынған құпия (қадағалау) ақпаратты ұсыну немесе беру туралы үшінші тұлғаның сұратуын алған Тарап осы Меморандумды орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетін негізге ала отырып, құпия (қадағалау) ақпаратты құрайтын мәліметтерді ашуға дейін оған осы мәселе бойынша басқа Тарапты хабардар етуі және осындай сұратуды орындаудың орындылығы туралы пікірін сұрауы тиіс.
5. Осы Меморандумға сәйкес алынған құпия (қадағалау) ақпаратты үшінші тұлғаға Тараптың беруі не ресми жариялау үшін беруі әр бір нақты жағдайда құпия (қадағалау) ақпаратты берген Тараптың жазбаша келісімі негізінде не егер құпия (қадағалау) ақпаратты кідіріссіз жариялау жөніндегі қадағалау органының міндеті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнама ережесінен тікелей шықпаса, осы мәселе бойынша оның позициясын айқындайтын өзге құжаттар болғанда рұқсат етіледі.
6. Заңда белгіленген деңгейде әрбір Тарап жалпыға бірдей ақпаратты қоспағанда, осы Меморандумға сәйкес алынған барлық ақпараттың құпиялылығын сақтауы тиіс және өзінің мемлекетінің ұлттық заңнамасында айқындалған талаптар мен негіздерді және осы баптың 1-5 тармақтарында көзделген өзара келісімдерді сақтамастан, осындай ақпаратты жарияламайды.
7. Осы Меморандумға сәйкес бір-біріне құпия жазбаша құжаттарды бергенде ұсынатын Тарап олардың әрбір парағын мынадай мазмұндағы жазумен белгілеуге тиіс: "Құпия - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен Тәжікстан Ұлттық Банкі арасындағы банктік қадағалау мәселелері бойынша өзара түсіністік жөніндегі меморандумға сәйкес ұсынылды".
8. Бір Тарап беретін не ұсынған құпия (қадағалау) ақпаратты күтпеген жағдайға байланысты жария ету мүмкіндігі пайда болған немесе жарияланған жағдайда, екінші Тарап ақпаратты беретін не ұсынған Тарапқа кідірмей хабардар етеді, сондай-ақ оның болуы мүмкін немесе болған салдары мен осындай жағдайлардың алдын алу үшін қолданылған шаралар туралы ақпарат береді.
9. Тараптардың осы Меморандумға сәйкес құпия (қадағалау) ақпаратпен алмасуы осы бапта аталған келісімдерді ұстанудан және осындай тәртіпте алынған құпия (қадағалау) ақпаратты шектеулі қолдануды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
16-бап. Ақпаратты қорғау және сақтау бойынша қосымша талаптар
1. Тараптар ақпаратты немесе құжаттарды бір біріне ұсынғанда, оның ішінде телекоммуникациялық құралдарымен ұсынғанда, пайдаланғанда және сақтағанда құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі жеткілікті құқықтық және ұйымдастыру-техникалық шараларды қолға алады. Бұл ретте сұраныс салған қадағалау органының ақпарат құпиялылығын қамтамасыз ету деңгейі сұратқан қадағалау органы қамтамасыз ететін деңгейден төмен болмауы тиіс.
2. Қадағалау органдарының қызметкерлері осы Меморандум аясында алынған құпия (қадағалау) ақпаратты сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Осы Меморандум аясында алынған қадағалау және құпия ақпаратты қорғау мәселелеріне қатысты ережелер Меморандумның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін де қолданыста болады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
17-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісімдері бойынша осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.
18-бап. Шығыстар
Егер Тараптар өзге тәртіпті келіспесе, әрбір Тарап осы Меморандумды іске асыру барысында пайда болатын шығыстарды дербес көтереді.
19-бап. Дауды шешу
Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру және пайдалану бойынша дау туындаған жағдайда, Тараптар оны келіссөздер және кеңестер жүргізу арқылы шешеді.
20-бап. Күшіне ену мен жариялау
1. Осы Меморандум оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
2. Осы Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалады және ол Тараптардың біреуі басқа Тараптың осы Меморандумның қолданысын тоқтататын ниеті жөніндегі жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.
3. Душанбе қаласында 2009 жылғы "07" қаңтарда екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде жасалған, барлық мәтіндердің бірдей заңдық күші бар.
4. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
5. Тараптар осы Меморандумның ресми мәтінін Интернет желісіндегі өздерінің сайттарында орналастыруға қарсы емес.
Тәжікстан Ұлттық Банкі атынан
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі атынан
(Қолдары)