Бас Ассамблея,
қылмысты ескерту және қылмыстық сот төрелігі саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының стандарты және нормасына, ең бастысы тұтқындарға қарауға қатысты стандарты және нормасы оның ішінде тұтқындарға қараудың Ең аз стандартты ережелері, Тұтқындарға қараудың ең аз стандартты ережелерін Тиімді орындауға арналған процедуралар, қандайда бір формада болмасын ұсталған немесе тұтқындауға ұшыраған Барлық тұлғаларды қорғау принциптерінің жинағы және тұтқындарға қараудың Негізгі принциптеріне сілтеме жасады,
қылмысты ескерту және қылмыстық сот төрелігі саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының стандарты және нормасына, оның ішінде баламалы түрмеге қамалуға қатысты, түрмеге қамалуға қатыссыз (Токийлік ереже) көбінде Біріккен Ұлттар Ұйымының шараларына қатысты Ең аз стандартты ережелер және қылмыстық сот төрелігіне қатысты баламалы сот төрелігі бағдарламасына Негізгі принциптерді қолдану тағы сілтеме жасады,
ол өзінің үкіметке, тиісті халықаралық және аймақтық органдарға, ұлттық құқық қорғау орғандарына және үкіметтік емес ұйымдарға түрмедегі әйелдердің жағдайы туралы және түрмеде отырған әйелдердің балаларына көңіл бөлу, жалпы басты проблемаларды анықтап және оларды шешу жолын анықтауға қатысты мәселелерге жоғары көңіл бөлуді ұсынған 2003 жылғы 22 желтоқсандағы 58/183 қарарына одан кейін сілтеме жасады,
Токийлік ережелерде қарастырылған баламалы түрмеге отыруды ескеріп және қылмыстық сот төрелігі жүйесіне байланысқа түскен әйелдердің гендік ерекшеліктеріне көңіл бөлу және түрмеге қамалудан басқаға қатысты шара қолдануға тиісті бастапқы көңіл бөлу қажет,
ол үкіметке, сондай мекемелерге қадала өтініп әйелдерге қатысты зорлықтар себебін жою үшін конструкциялық шаралар қабылдау және тәжірибенің дискриминациялық түрімен және әлеуметтік нормасымен күресу бойынша алдын алу әрекетін нығайту, оның ішінде зорлықпен күресу стратегиясын дайындау кезінде әйелдерге қатысты, мысалы арнайы емдеу мекемесіндегі немесе түрмедегі әйелдерге ерекше көңіл аудару қажеттігі, туралы өзінің 2006 жылғы 19 желтоқсандағы 61/143 қарарын еске алды,
онда ол барлық үкіметті балалар үшін ата-аналарын ұстап және түрмеде отырғызудың кесірінен болған зардабына көңіл аударуға шақырды, көбінде ата-аналарын қамауға алу және түрмеге жабудан боп зардап шеккен сәби мен баланы анықтап және қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісімен алдын ала ынталандыру және физикалық, эмоциялық, әлеуметтік және психологиялық дамуын қамтамасыз ету, туралы өзінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы 63/241 қарарын тағыда еске алды,
қылмыс және сот төрелігі туралы Вендік декларацияны назарға ұстап: XXI ғасырдағы шақыруларға жауабы, онда мемлекет-мүшелері міндеттелді, көбінде тұтқындалған және құқық бұзған әйелдердің ерекше қажеттілігін ескеру негізінде, бағдарламалық ұсынымға нақты әрекетті болжамды өңдеу және Декларацияны іске асыру бойынша әрекет жоспары,
қарым-қатынас және жауаптық шаралар туралы Бангкоктік декларацияға көңіл аудару: қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы стратегиялық одағы, оның ішінде қамауда жатқан әйелге қатысты және қамауға алуға қатысты немесе қатыссыз шара қолданған әйелдерге қатысты,
Бангкок декларациясындағы қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша комиссия түрмені басқару және қамалғандардың хал-ахуалына қатысты нақты стандарт пен норма бойынша шолу жүргізу туралы мәселені қарастырып мемлекет-мүшелеріне ұсынғанын, еске салады,
Адамдар құқығы бойынша біріңғай Ұлттық Ұйымдардың Жоғарғы комиссарының ұсынымымен 2008 жылғы 6 мен 12 қазан аралағында «Қамалғандарға арналған адамгершілік және әділдік аптасы» атты аптасы жарияланып, онда әйелдер және бойжеткендердің, адамдар құқығына ерекше көңіл бөлінген мәліметтері ескерілді,
сотталған әйелдер ерекше мұқтаждық және қажеттілігі бар осал топтың біреуін ақылға келтіретіні ескерілді,
барлық әлемде тұтқынға алу орындарының көбі басты негізде сотталған еркектерге арналған, бірақ өткен жылдар бойынша сотталған әйелдердің саны біршама өскен, фактісі ескерілді,
сотталған әйелдер санын анықтау қоғам үшін ешқандай қауіп тудырмайды барлық құқық бұзушылардың жағдайы сияқты, дегенменде олардың түрмеге келуінен қоғамға қайтуу үлкен қиындық келтіретінін мойындау керек,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Басқармасының есірткі және қылмыс бойынша жазаны орындау мекемесінің әкімшілігі бойынша Басшылығының және басқа лауазымды тұлғалардың әзірлемесін қолдау: тұтқынға алу мекемесіндегі әйелдер,
2009 жылғы 25 наурыздағы Адам құқығы бойынша кеңестің 10/2 қарарында көрсетілген қосымшада үкіметке, тиісті халықаралық және аймақтық органдарға, ұлттық құқық қорғау орғандарына және үкіметтік емес ұйымдарға түрмедегі әйелдердің және қыздардың жағдайына үлкен көңіл бөлу туралы, оның ішінде балалар және түрмеде отырған әйелдердің жағдайына қатысты, осы проблемаға байланысты гендерлік аспекттілер және факторларды анықтау және есепке алу мақсатында осыны қолдау,
Европалық аймақтық бюросының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Есірткі және қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Басқармасы арасындағы ынтымақтастықты және «Бостандықтан айыру орындарындағы әйелдер денсаулығын сақтау» Киевтік декларациясын мәліметке алуды одан әрі қолдау,
Балаларды баламалы күту бойынша басшылық көрсеткіштерін мәліметке алу,
2009 жылғы 24 сәуірдегі Қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша комиссияның 18/1 қарарына сілтеме жасап, онда Есірткі және қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Басқармасының атқарушы Директорынан Комиссия тұтқындарға қараудың ең аз стандарттық ережелеріне және Токийлік ережелерге сәйкес, түрмеде қамауда жатқан әйелдердің өтініштерінің арнайы қосымша ережелері және қамауға алуға қатысты немесе қатыссыз әйелдерге шара қолдануға қатысты әзірлеу үшін ашық ұрылымының үкіметаралық сарапшылар тобының 2009 жылғы кеңесін қайта шақыруды өтінді, сарапшылар тобының кеңес жағын қабылдаушы ретінде енуі туралы Тайланд үкіметінің ұсынысын қабылдап және 2010 жылғы 12-19 сәуірдегі Бразилия, Салвадорде болған Қылмысты алдын алу және сарапшылар тобының кеңесінде қылмыстық сот төрелігі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының он екінші Конгрессінің жұмыс қорытындысы бойынша баяндамасын ұсынуды өтінді,
он екінші Конгрессті дайындау бойынша төрт аймақтық кеңесте түрмеде қамауда жатқан әйелдердің өтініштерінің арнай қосымша ережелері және қамауға алуға қатысты немесе қатыссыз әйелдерге шара қолдануға қатысты арнайы қосымша жинақты әзірлеу қолдау тапқаны ескерілді,
ғаламдық шақырудың жауабы үшін кешенді стратегия туралы Салвадорлық декларация туралы қосымша ескеріліп: өзгермелі әлемде қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі және олардың даму жүйесі, онда мемлекет-мүшелері Қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі комиссиясына бірінші кезектегі тәртіп бойынша сотталған әйелдердің өтініштерін және бас бостандығынан айырудан басқа құқық бұзған әйелдер үшін жаза шараларына қатысты, тиісті қадам қабылдау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы ережесінің жобасын қарауды ұсынды,
1. 2009 жылғы 23-26 қарашадағы Бангкокте өткен кеңес және осы кеңес қорытындысы бойынша түрмеде қамауда жатқан әйелдердің өтініштерінің арнайы қосымша ережелері және қамауға алуға қатысты немесе қатыссыз әйелдерге шара қолдануға қатысты арнайы қосымша әзірлеу бойынша сарапшылар тобының жұмысын қанағаттанушылықпен белгілейді;
2. Тайланд үкіметіне кеңесті ұйымдастыру кезіндегі көрсеткен көмегі, қаржылық қолдау және кеңесте сарапшылар тобының қытысушылар жағының қызметін атқарғаны үшін өздерінің шексіз алғысын білдіреді;
3. осы қарардың қосымшасының құрамындағы тұтқындағы әйелдердің өтінішіне және бостандығынан айыруға қатыссыз құқық бұзған әйелдер үшін жаза шараларына қатысты және қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының он екінші Конгрессінің ұсынымын бекітеді, онда осы ережелер «Бангкоктік ереже» деген атау айтылуы керектігі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Ережесі қабылданады;
4. әлемдегі құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және географиялық жағдайдың үлкен әр түрлілігі болса да, барлық елдегі және жағдайдағы қолданылатын барлық ережелер деңгейі тең болмауы мүмкін; бірақта олар тұтқындағы әйелдердің, олардың балалары және олардың қауымының жағдайын жақсарту жолындағы жалпы мақсатына ғаламдық ұмтылысын олар кешенді қамтып, іске асыру жолында тұрған тәжірибелік қиындықтарды тұрақты түрде жеңіп шығуға ұмтылуы тиістігі мойындалады;
5. мемлекет мүшелеріне баламалы түрмеге қамау жүйесін құру туралы заң қабылдау және бірінші кезекте осындай жүйені қаржыландыруға көңіл бөліп, сондай-ақ оларды енгізуге қажетті механизм әзірлеу керектігі ұсынылады;
6. түрмеде жатқан әйелдер немесе баламалы түрмеге қамалған құқық бұзған әйелдерге қатысты заңнама, тәртіп, саясат немесе тәжірибелік шаралар әзірлеген мемлекет мүшелері өздерінде бар ақпаратты басқа мемлекеттерге және тиісті халықаралық, аймақтық және үкіметаралық ұйымдарға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға ұсынып және оларға осындай заңнама, тәртіп, саясат немесе тәжірибелік шараларға қатысты оқулық және басқа да іс-шаралар әзірлеп және іске асыруға көмек көрсету ұсынылады;
7. мемлекет мүшелеріне тиісті заңнама, тәртіп, саясат және әрекет жоспарын әзірлеу кезінде түрмеде қамаудағы әйелдердің нақты қажеттілігін және нақты жағдайын ескере отырып және осындай жағдайда Бангкоктік ережені пайдалану ұсынылады;
8. сондай-ақ мемлекет мүшелеріне тұтқындағы әйелдердің және құқық бұзған әйелдердің кез келген жағдайдағы нақты деректері туралы жинап, өңдеп, талдап және жариялап тұруы ұсынылады;
9. баланың жалғыз ғана немесе басты қамқоршысы боп табылатын жүкті әйел немесе басқа да бір тұлғаға қатысты жаза тағайындау немесе сотқа дейінгі шешім қабылдау кезінде, қылмыс ауыр немесе зорлықпен болған жағдайда ғана бостандықтан айыру түрінде жаза қолданғанмен, мүмкіндігіне және қажеттілік жағдайына қарай түрмеге қамаудан басқа да шара қолдану жағы басым болғаны жөн екенін нақтылаймыз;
10. Есірткі және қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Басқармасы мемлекет мүшелеріне өздерінің өтініші бойынша түрмедегі әйелдерге және құқық бұзған әйелдерге арналған баламалы түрмеге қамауға қатысты заңнама, тәртіп, саясат және тәжірибелі шараларды әзірлеу немесе тиісті жағдайда нығайту мақсатында техникалық көмек және кеңес беру қызмет көрсетуі ұсынылады;
11. Есірткі және қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Басқармасы Тұтқындарға қараудың ең аз стандарттық ережелерін және түрмеге отырғызудан басқа (Токийлік ереже) және осы сала бойынша ақпараттық әрекетті жандандыратын шараға қатысты Біріңғай Ұлттар Ұйымының ең аз стандарттық ережелерін толықтыру түрінде Бангкоктік ереженің кең таралуын қамтамасыз ету үшін тиісті шара қабылдауды тағыда өтінеді;
12. Есірткі және қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Басқармасы елдердің елдер арасындағы ынтымақтастығын және Юг-Юг ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы, үкіметаралық және аймақаралық және үкіметтік емес ұйымдар жүйесімен басқада тиісті органдармен елдерге тиісті көмек көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді сұрайды;
13. Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің мамандандырылған мекемесі тиісті аймақтық және халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың Бангкоктік ережені іске асыруына қатысуын ұсынады;
14. Біріккен Ұлттар Ұйымының ережесі және тәртібіне сәйкес мемлекеттік мүшелер және басқа да донорлармен осы мақсаттар үшін бюджеттен тыс салымдар жасауды ұсынамын.
71-ші толық мәжіліс,
2010 жылғы 21 желтоқсан
Қосымша
Тұтқындағы әйелдердің өтінішіне және бостандығынан айырудан басқа құқық бұзған әйелдер үшін жаза шараларына қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының ережесі
(Бангкоктік ереже)
Алдын ала ескертпелер
1. Тұтқындарға қараудың ең аз стандартты ережелері қандайда бір дискриминациясыз барлық тұтқындарға қолданылады, сондықтан оларды пайдалану кезінде барлық тұтқындардың, оның ішінде тұтқындағы әйелдердің ерекше қажеттілігін және нақты жағдайын ескеріп қолданған жөн. Бірақ 50-ден аса жыл бұрын қабылданған Ережеде әйелдердің ерекше қажеттілігіне толық назар аударылмаған. Барлық әлемдегі тұтқындағы әйелдердің санының өсуі тұтқындағы әйелдерге деген қарым-қатынас мәселесіне ерекше маңыздылық және өзектілік тудырып, үлкен нақтылыққа келтіруді қажет етеді.
2. Сотталған және құқық бұзған әйелдерге қатысты ерекше тағайындауларға қатысты баршаға ортақ стандарттарын қабылдау қажеттілігін мойындап, және мемлекет мүшелерін сотталған әйелдер мен түрмедегілердің қажеттілігіне тиісті ретте көңіл аударуға шақыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі органдармен қабылданған тиісті қарарларын ескере отырып, құрастырушылар осы ережені Тұтқындарға қараудың ең аз стандартты ережелерін және Бірікен Ұлттар Ұйымының ең аз стандартты ережелерін түрмеге қамаудан басқа (Токийлік ереже) тұтқындағы әйелдер мен баламалы түрмеде қамаудағы құқық бұзған әйелдердің өтініштеріне қатысты шараларды ескеріп толықтыру үшін әзірледі.
3. Осы ереже қандай да бір Тұтқындарға қараудың ең аз стандартты ережелерін немесе Токийлік ережені алмастыра алмайды, және одан кейінгі барлық тиісті ережелер осы екі ереженің жинағының құрамы қандайда бір дискриминациясыз барлық тұтқындар мен құқық бұзушыларға бұрынғыдай қолдануда. Бірақта осы ереженің бөлігі Тұтқындарға қараудың ең аз стандартты ережелері және Токийлік ережелердің қазіргі қағидасына қосымша түсініктеме енгізеді, онда сотталған әйелдер және құқық бұзушылар қолдануға қатысты шаралар басқа жаңа саланы қамтиды.
4. Осы ереже Біріккен Ұлттар Ұйымының әр түрлі конвенциялық және декларациялық құрамдағы қағидаларынан шығады, демек ережемен қолданыстағы халықаралық құқық келіседі. Олар жаза қолдану кезінде түрмеге жабуға қатысы жоқ қауым деңгейінде шара қолдануға қатысатын қылмыстық сот төрелігінің түрме басшылығына және мекемесіне (директивтік және заңнамалық органдар, сотқа дейінгі артына түсу мәселесімен айналысатын, қылмыстық-мерзімінен ерте босататын мекемелерге және сот органдарына қоса), бағытталған.
5. Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі контексте құқық бұзған әйелдердің жағдайына көңіл аударуға аса нақты қажеттілігін атады. Мысалы, 1980 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмысты алдын алу және құқық бұзушылардың өтініші бойынша алтыншы Конгрессінде тұтқындағы әйелдердің ерекше қажеттілігіне қатысты қарар қабылдады18, онда ол алтыншы Конгрессте қабылдаған қарарды іске асыру кезінде және тұра немесе жанама түрде құқық бұзғандардың өтішіне қатысты тұтқындағы әйелдердің ерекше проблемаларын ескеріп және оларды шешу үшін қажетті құрал ұсынды; бұл әлі қолданыста болмаған елдерде сотталған әйелдер сотталған еркектермен тең баламалы түрмеге қамалу түрінде қолданылатын бағдарлама және қызметпен қамтамасыз етілді; және Біріккен Ұлттар Ұйымы консультативтік статусы бар үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ барлық басқа халықаралық ұйымдарға ұстау, сот үрдісі, үкім шығару және түрмеге қамау кезінде, құқық бұзған әйелдердің жүктілігі және бала күтіміне қатысты проблемаларына ерекше көңіл аударып, оларға құқық бұзған әйелдерге қатысты тең және әділ үкім қабылдануын ұсынды.
6. Тұтқындағы әйелдерге қатысты нақты ұсыныстар жетінші Конгрессте, сегізінші Конгрессте және тоғызыншы Конгрессте енгізілген болатын.
7. Қылмыс және сот төрелігі туралы Вендік декларация: «XXI ғасырдағы шақыруға жауаптар», тоғызыншы Конгрессте қабылданған, мемлекет-мүшелері қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы әрине Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасының аясында еркектер мен әйелдер үшін бағдарламаларды және саясатты іске асыру үшін әр түрлі салдардан болған көзқарасты қабылдап және проблеманы шешуге міндеттелді, сондай-ақ қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы ұлттық стратегия аясында (11 тарау); және тұтқындалған және құқық бұзушылық ретінде әйелдердің ерекше қажеттіліктері есебінің негізінде, бағдарламалық ұсынымның нақты әрекеттеріне бағыттап әзірленді (12 тарау). Вендік декларацияны іске асыру бойынша әрекет жоспарында жеке бөлім бар (XIII бөлім), Декларацияның 11 және 12 тармақтарына сәйкес қабылданған өмірлік міндеттерді жеңу бойынша арналған нақты шаралар ұсынылған, мында мемлекет міндеттерін іске асыру кезінде қажет болған жағдайда өзінің құқықтық жүйесіне сәйкес қылмыстық сот төрелігі жүйесі аясындағы әйелдерге қатысты әділдікті қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық мәселелерге қатысты өзінің заңнама, тәртіп, шаралар, және тәжірибесін өзгертуге міндеттенеді.
8. «Сот төрелігіне жіберу кезіндегі адам құқығы» деп аталатын өзінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы 58/183 қарарында, Бас Ассамблея түрмедегі әйелдердің жағдайы туралы, оның ішінде түрмедегі әйелдердің балаларына қатысты мәселеге жоғары көңіл бөліп, басты проблемаларды анықтап және оларды шешу жолдарын анықтау мақсатына шақырды.
9. Бас Ассамблея өзінің 2006 жылғы 19 желтоқсандағы аталған «Әйелдерге қатысты барлық зорлық формасын жою мақсатында күшті қарқындату» 61/143 қарарында қоғамдық және жеке өмірінен ерікті бостандығынан айырғанын қосқанда, әйелдерге физикалық, жыныстық немесе психологиялық залал немесе қайғы әкелетін немесе әкелген, кез келген жыныстық белгілер бойынша жасалған зорлық актісін білдіретін «әйелге қатысты зорлық» мемлекетті орынды болған жағдайда әйелдер үшін дискриминациялық сипаттағы немесе оларға дискриминациялық залал келтіретін кез келген заңды, қаулыны, саясатты, тәжірибені және әдет-ғұрыпты қарап, өзгертіп немесе жоюды қадала қарауға шақырды, сондай-ақ дискриминация жоқ қағидасы бар, адам құқығы аясындағы халықаралық міндеттемелер, міндеттер және қағидалар, тиісті ережені қолданыстағы көптеген құқықтық жүйемен сәйкестігіне қол жеткізу; әйелдерге қатысты зорлық себебін құрылымдық жоюға арналған кооонструкциялық шаралар қабылдау және оның ішінде аса көңіл аударуды қажет ететін әйелдерге қатысты, мысалы арнайы емдеу мекемесіндегі немесе тұтқында жатқан әйелдерге дискриминацияның тәжірибелік және әлеуметтік нормалар түрімен күресі бойынша алдын алу әрекетін күшейту; гендерлік теңдік және әйелдердің құқығына қатысты мәселелер бойынша құқықтық қорғау және соттық органдар қызметкерлері үшін оқу дайындығын және күш-қуатын күшейтуді қамтамасыз етуді баса айтты. Бұл қарар қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі әйелмен байланы үшін әйелге қатысты зорлық аса күшті залал әкелетін фактіні мойындау боп табылады, сондай-ақ тұтқында болу кезінде олардың құқықтары виктимизацияға ұшырамайды. Осы ережеде баяндалған адам құқығын қамтамасыз ету және құқық бұзған әйелдердің жағдайын жақсарту үшін физикалық және психологиялық қауіпсіздік маңызды мағына береді.
10. Соңында өзара әрекеттестік және жауаптық шаралар туралы Бангкоктік декларация: 2005 жылғы 25 сәуірдегі Қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша Бірікен Ұлттар Ұйымының он бірінші Конгрессте қабылданған «Қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы Стратегиялық одақ» мемлекет мүшелері халықаралық стандарттарда (8 тарау); қолданылатындарға сәйкес олар қылмыстық сот төрелігінің әділ және тиімді институттарын құру және қолдауды ұстанатынын, оның ішінде алдын ала қамауға алу орындары немесе түзету мекемелерінде отырған барлық тұлғаларға гуманды қарауды айтты; және олар қылмысты алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша комиссияны түрмені басқару және тұтқындардың жағдайына (30 тарау) қатысты стандарттар және нормалық біршама бақылау жүргізу туралы мәселені қарастыруды ұсынды.
11. Тұтқындарға қараудың ең аз стандарттық ережесінің жағдайы әлемдегі қолданыстағы құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және географиялық жағдайдың үлкен ерекшеліктеріне байланысты, төменде жүргізілген тәртіптің бәрі тең деңгейде барлық елде және жағдайда қолданылмайды. Бірақ олар оларды іске асыру жолында тұрған тәжірибелік қиындықтарды әрқашан жеңуге тырысуы керек, өйткені бұл ғаламдық талпынысты кешенді түрде ізгілік жолына бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының ойынша жалпы мақсатымыз — тұтқындағы әйелдер, олардың балаларының және олардың қоғамының жағдайын жақсартуға әкелуі тиіс.
12. Осы тәртіптің кейбірінің негізінде ереже әйелдер және олардың балаларының қажеттіліктерінің бастапқы тәртіптеріне қатысты болса да, сотталған еркектерге және әйелдерге қатысты ата-аналық жауапкершілік мәселесі, кейбір медициналық қызмет, тінту шаралары және т.б. қосылған мәселелер қамтылған. Сонда да барлық көңіл тұтқында жатқан балалардың анасына бөлінгенмен бала өміріндегі екі ата-ананың ортақ рөлін мойындау қажет. Сондықтан осы тәртіптің кейбірі әке боп табылатын сотталған және құқық бұзған еркек жыныстыларға да тең қолданылуы тиіс.
Кіріспе
13. Төменде келтірілген ережелер Тұтқындарға қараудың ең аз стандартты ережелері және Токийлік ережені мүмдем алмастыра алмайды. Сондықтан ережелердің осы екі жинағындағы барлық ереже бұрынғыша барлық сотталғандарға және құқық бұзушыларға қандайда бір дискриминациясыз қолданылады.
14. Осы ереженің І бөлімінде бостандығынан айырылған қызмыстық немесе азаматтық іс бойынша соңғы түрмеде жақан және тексерісте ғана жатқан немесе қазір сотталған барлық категориядағы әйелдерге қолданылатын, оған қоса «қауіпсіздік шаралар» объектісі немесе сотпен тағайындалған түзету шаралары боп табылатын мекемелерді жалпы басқаруға қатысты айтылған.
15. Осы ереженің ІІ бөлімінде әр бөлімде айтылатын ерекше категорияларда ғана қолданылатын ережелер баяндалған. Бірақ жазасын өтеуші сотталғандарға қатысты А бөлімшеде баяндалған ережені егер шартты түрде осы әйелдер категориясы үшін дайындалған және соңғы ережені жақсарту тәртібіне қарама-қайшылық тудырмаса, В бөлімшеде айтылған сотталғандар категориясына да тең деңгейде қолдануды қажет етеді.
16. А бөлімшесінде және В бөлімшесіндегі кәмелет жасқа толмаған әйел жыныс тұтқындармен қарым-қатынастың қосымша ережесі баяндалған. Бірақ сотталған категориялармен қарым-қатынас және оларды оңалту кезінде халықаралық стандарттар, оның ішінде көбінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқықтық сотқа жіберуге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Ең аз стандарттық ережелерімен (Пекиндік ереже) жеке стратегия және саясат әзірлеу қажет, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмысты алдын алуға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидасын басқаратын (Эр-Риядтік басқару қағидалары), бостандығынан айырылған кәмелет жасқа толмағандарды қорғауға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының ережесі және қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі балалар қызығушылығының әрекетіне қатысты қағиданы басқару бірақ та түзету мекемелеріне қамауды болдырмауға тырысу боп табылады.
17. III бөлімде қылмыстық сот үрдісі кезінде қамауға алу және алдын ала істі сотта қарау, үкім шығару және үкім шығарғаннан кейінгі кезеңдер бойынша бостандығынан ауырудан басқа әйелдерге кәмелетке толмаған құқық бұзған әйел жыныстыларға қолданылатын жазаларға қатысты ережеге енгізілген.
18. IV бөлімінде қоғамды ақпараттандыру және ақпаратпен алмасуға қатысты зерттеу, жоспарлау, бағалауға қатысты және ережелерде көрсетілген құқық бұзған әйелдердің барлық категориясында қолданылатын ереже енгізілген.
I. Жалпы қолданылатын ережелер
1. Негізгі қағида
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 6 ережені толықтырады]
1 ереже
Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ереженің 6 ережеде көрсетілген дискриминациясыз қағидасын тәжірибеде қолдану мақсатында, Ережені қолдану кезінде тұтқындағы әйелдердің ерекше қажеттіліктері ескеріледі. Осындай қажеттілікті ескеріп нақты еркек пен әйелдің теңділігін қамтамасыз ету мақсатында дискриминация ескерілмейді.
2. Қабылдау
2 ереже
1. Бұл уақытта әйелдерді және балаларды ерекше әлсіздігіне қарай қабылдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Жаңадан сотталған әйелдерге туыстарымен байланыс жасауға мүмкіндік беріледі; заңдық көмекке рұқсат беріледі; ішкі тәртіп ереже туралы ақпарат, жазаны орындау тәртіпбі кезінде қажет болған жағдайда өзі білетін тілде өтініш беруге рұқсат етіледі, егер шетел азаматы болса консулге қол жетімділік ұсынылады.
2. Бала күтімін іске асыратын әйелдерді қабылдауға дейін немесе сол кезде осы балаларды күзетке алыну мерзімін ұзарту мүмкіндігін қоса, балалар қызығушылығын жақсы жағынан қамтамасыз ету есебімен орналастыруға рұқсат беріледі.
3. Реестр
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 7 ережені толықтырады]
3 ереже
1. Реестрді қабылдау кезінде қамалу орнына түскен әйелдің балаларының саны және жеке мәліметтері енгізіледі. Жазылымда ана құқығына залал келтірмейтін, бала аты, олардың жасы, егер балалары анасымен бірге болмаса олардың орналасқан жері және қамқоршысының статусы немесе қамқоршылық туралы мәліметтер ғана жазылады.
2. Балаларға қатысты жеке барлық ақпарат құпия сақталады және осындай барлық ақпаратты пайдалану әрқашан балалардың қызығушылығын ескеріп, ерекше талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Еңгізу
4 ереже
Сотталған әйелдер мүмкіндік болса күту жөніндегі міндеттері есебінде, сондай-ақ әйелдердің жеке қалауы бойынша және тиісті бағдарлама мен қызметке сәйкестігіне қарай олардың үйлерінен немесе әлеуметтік оңалу орнынан алыс емес жердегі қамау орындарына орналасуы керек.
5. Жеке гигиена
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 15 және 16 ережені толықтырады]
5 ереже
Сотталған әйелдерді орналастыратын ғимаратта әйелдердің жеке гигиениялық қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған қажетті заттар мен жабдықтар бар, әсіресе тамақ дайындаумен айналысатын әйелдер, жүкті әйелдер, омырау емізетін әйелдер және етеккір келіп жүрген әйелдер тегін ұсынылатын гигиениялық сулықты қосқанда және балалар мен әйелдердің жеке гигиеналық мақсаттарына арналған тұрақты сумен қамтамасыз етілген.
6. Медициналық қызмет көрсету
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 22-26 ережені толықтырады]
а) Түскен кездегі медициналық тексеріп-қарау
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 24 ережені толықтырады]
6 ереже
Тұтқындағы әйелдерді түскен кезінде медициналық тексеріп-қарау медициналық-санитарлық алғашқы көмек қажеттіліктерін анықтау үшін жан-жақты тексеріледі, сондай-ақ мыналарды анықтау үшін:
a) жыныстық жолмен берілетін аурулардың немесе қан арқылы жұғатын аурудың болуын; және де сотталған әйелдердің қауіпті факторына байланысты АИТВ инфекцияның болуын тексеруге арналған тестен өту ұсынылады, тесттен өткенге дейін және өту кезінде консультация жүргізіледі;
b) психикалық ауруларды емдеу қажеттілігі, онда посттравматикалық стресс және өзіне қол жұмсауға және дене мүшесін зақымдауға ұмтылыс;
c) сотталған әйелдің репродуктивтік денсаулық тарихы, онда ағымдағы немесе жақында болған жүктілік, босану және репродуктивтікке қатысты кез келген сұрақтар;
d) есірткіге тәуелділіктің болуы;
e) түрмеге түскенге дейін әйелдің жыныстық зорлану және басқа да зорлық формасы бойынша жағдайдың болуы.
7 ереже
1. Егер түрмеге түскенге дейін немесе түскен кезінде әйелдің жыныстық зорлану және басқа да зорлық формасы бойынша жағдайдың болуы анықталса, сотталған әйелді сот органдарына көмекке жүгіну құқығы түсіндіріледі. Сотталған әйел тиісті шаралар және әрекет туралы толық ақпаратты алуы тиіс. Егер әйел заңда көрсетілген бойынша шара қолдануға келіссе, тиісті қызметкер бұл туралы ақпаратты және істі құзырлы органға тергеу үшін дереу жібереді. Түрме әкімшілігі осындай әйелдерге заңды көмек алуға қолдау жасайды.
2. Әйел заңда қарастырылған әрекетті бойынша іс әрекет етуге шешсе де, шешпегеніне қарамастан түрме әкімшілігі оған дереу арнайы психологиялық көмек немесе кеңес көрсетуді қамтамасыз етуге ұмтылады.
3. Заң бойынша осындай жағдайды айтқан немесе шара қолданған тұлғаға қатысты қандай да бір нысандағы кек алуды болдырмас үшін арнайы шаралар әзірленуде.
8 ереже
Әрқашан дәрігерлік құпияны сақтауға қатысты сотталған әйелдердің құқығы сақталады, онда көбінде оның репродуктивтік денсаулық тарихына қатысты ақпаратты бермеу және қараудан өтпеуі енгізілген.
9 ереже
Егер сотталған әйелмен бала болса, онда бұл бала да медициналық тексеріп-қараудан өтеді, педиатр мамандығы емдеу және медициналық қызмет көрсетуге қажетті кез келген қажеттілікті анықтауға көңіл бөледі. Бұл медициналық қызмет көрсету минимум тұрғылықты жері бойынша ұсынылатын қызметке тең.
b) Гендерлік фактор есебімен медициналық қызмет көрсету
10 ереже
1. Сотталған әйелдерге ұсынылған гендерлік фактор есебіндегі медициналық қызмет көрсету минимум тұрғылықты жері бойынша ұсынылатын қызметке тең.
2. Егер сотталған әйел оны медициналық тексеріп-қарауға апару немесе әйел дәрігердің немесе мейіргердің емдеу жасауын сұраса, егер жылдам медициналық араласу қажет болмаған жағдайда, мүмкіндік болса әйел дәрігер немесе мейіргер ұсынылады. Егер сотталған әйелдерді медициналық тексеріп-қарау кезінде қалауына қарамастан еркек дәрігер жүргізсе, қарау жүргізу кезінде әйел қызметкер қатысады.
11 ереже
1. Медициналық тексеріп-қарау кезінде тек қана медициналық қызметкер қатысады, егер дәрігер қауіпсіздік шаралары үшін түрме қызметкерінің қатысуын өтінген немесе сотталған әйел 10 ереженің 2 тарауында айтылған жағдай бойынша қызметкердің қатысуы керек кезде ғана қатысады.
2. Медициналық тексеріп-қарау кезінде медициналық қызметкер емес түрме қызметкерінің қатысуы қажет болған жағдайда осындай қызметкер әйел болуы тиіс және осындай тексеріп-қарау оқшаулығын кепілдендіріп, абыройын құрметтеп және құпиялылықты сақтап жасалуы керек.
с) Психикалық көмек және денсаулық
12 ереже
Түрмеде отырған немесе бостандығынан айыру шараларына қатыссыз жағдайда пайда болған психикалық денсаулығында проблемасы бар тұтқындағы әйелдер үшін гендерлік факторы ескеріліп және алған стрессті кешенді психикалық емдеу және оңалту бағдарламасы бойынша жеке ұйымдастырылады.
13 ереже
Түрме қызметкерлері олардың жағдайын түсініп және әйелдерге қажетті сауықтыру көмегін қамтамасыз ету үшін әйелдер қай кезеңде аса бір стресске ұшырауы мүмкіндігі туралы хабарлап отырады.
d) АИТВ алдын алу және емдеу, кету және қолдау
14 ереже
Түрмедегі АИТВ/ЖИТС бойынша сақтық шараларына арналған тиісті бағдарламалар және қызметті әзірлеу кезінде әйелдерге деген аса қажеттілік ескеріледі, онда анадан балаға вирустың жұғуын алдын алуда қарастырылған. Осыған орай түрме әкімшілігі АИТВ алдын алу және емдеу және АИТВ жұқтырғандарды күту бойынша әзірленген бастамасын құптап және қолдайды, себебі ағартушылық жұмыстары барлық топтар құрамына бірдей.
e) Есірткіге тәуелділік және токсикоманияны емдеу бағдарламалары
15 ереже
Бостандығынан айыру мекемелерінің медициналық қызметі есірткіге тәуелді немесе токсикоман әйелдерді емдеуге арналған арнайы бағдарламаны ұйымдастырады немесе жүкті әйелдер мен баласы бар әйелдердің ерекше қажеттілігін, сондай-ақ олардың әртүрлі мәдениетін бұрынғы виктимизация есебінде іске асуын қолдайды.
f) Өз-өзіне қол жұмсауды және дене мүшесін жарақаттауды алдын алу
16 ереже
Қамауда отырған әйелдердің психикалық денсаулығын сақтау бойынша кешенді саясат бөлігі психикалық денсаулықты сақтау қызметі және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметімен ынтымақтастықты әзірлеу және іске асыру болып табылады — тұтқындағы әйелдер арасындағы өзіне қол жұмсау және дене мүшесін жарақаттауды алдын алу стратегиясында осыған бағынысты әйелдерді қолдауда арнайы гендерлік факторлары ескеріледі.
g) Денсаулықты сақтау бойынша алдын алу жұмыстары
17 ереже
Сотталған әйелдерге АИТВ, жыныстық жолмен берілетін аурулар және басқада қан арқылы таратылатын ауруларын алдын алу, сондай-ақ денсаулық сақтаудың гендерлік аспект бойынша мәселелер жөнінде оқудан өтіп және ақпарат алады.
18 ереже
Сотталған әйелдердің қалауы бойынша денсаулықты сақтау жөніндегі алдын алу шаралары қабылданады, онда қоғамдағы сол жастағы әйелдерге тең әйелдердің организмдеріне қатысты Папаниколау тест және сүт безінің және әйелдердің жыныстық органдарының онкологиялық ауруларының болуын зерттеп-қарайды.
7. Қауіпсіздік және сақтау
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ереже 27-36 ережені толықтырады]
a) Тінту
19 ереже
Жеке тінту кезінде сотталған әйелдердің абыройын қорғап сыйластық қатынасты қамтамасыз ету үшін тиімді шараларын қабылданып, бекітілген тәртіпке сәйкес тиісті тексеру әдісі бойынша тиісті дайындықтан өткен тек қана әйел қызметкер ғана жасайды.
20 ереже
Толық шешіндіріп тінту және жеке инвазивтік тінту орнына тінтудің баламалы түрі психологиялық жарақаттануды болдырмау және жеке инваздық тінтудің физикалық әрекетін болдырмас үшін сканерден өткізу сияқты әдіс өңделуде.
21 ереже
Түзету мекемелерінің қызметкерлері адамдардың абыройын құрметтеп, тінту кезінде түрмеде отырған өз аналарымен бірге болған балаларды, сондай-ақ тұтқынмен кездесуге келген балаларды тінту кезінде жіті біліктілік, кәсібилік көрсетіп және сыпайылық танытады.
b) Тәртіп және жаза
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ереже 27-32 ережені толықтырады]
22 ереже
Жеке құрамдағы немесе айыппұл изоляторы ғимаратында жазаға тартуға қатысты түзету мекемесіндегі жүкті әйел, омырау еметін баласы бар және баласын тамақтандыратын аналар үшін қолданылмайды.
23 ереже
Тұтқындағы әйелдерге қатысты тәртіптік жаза қолдану кезінде отбасымен, әсіресе баласымен байланысына шектеу қою қарастырылмаған.
c) Тыныштандыру құралы
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ереже 33 және 34 ережені толықтырады]
24 ереже
Тыныштандыру құралы әйелдер босану сәтіндегі толғақ кезінде, босану және босанғаннан кейін ешқашан қолданылмайды.
d) Тұтқындарға арналған ақпарат және олардың арыз беруі; инспекция
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ереже 35 және 36 ережені, 55 ереженің инспекциясына қатысты толықтырады]
25 ереже
1. Қиянат жасалғаны тұралы хабарлаған сотталған әйелдерге дереу қорғау, қолдай және кеңес ұсынылып, олардың арызы құзырлы және тәуелсіз органмен құпиялықты толық сақтау приципі негізінде тексеріледі. Сақтау бойынша шаралар кезінде кек алу қаупі ескеріледі.
2. Жыныстық зорлыққа ұшырап, соның нәтижесінде екі қабат болып қалған сотталған әйелдер тиісті медициналық консультация және кеңес алады, және де оларға қажетті физикалық және психологиялық медициналық қызмет, қолдау және заңдық көмек ұсынылады.
3. Сотталған әйелдердің бақылауда болу жағдайын және арызын бақылау мақсатындаға қатысатын немесе бақылаушы кеңес немесе бақылау органдарының инспекция құрамына әйел кіреді.
8. Сыртқы әлеммен байланыс
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ереже 37-39 ережені толықтырады]
26 ереже
Тұтқындағы әйелдердің отбасымен, соның ішінде балаларымен және балаларының қамқоршыларымен және заңды өкілдерімен байланысы барлық саналы әдістермен қолдау табады. Мүмкіндік болса, өз үйінен алыс орналасқан мекемедегі әйелдің қиын жағдайын жеңілдетуге шаралар қолданылады.
27 ереже
Ерлі-зайыптылардың кездесуі рұқсат етілген жағдайда сотталған әйелдердің мүмкіндіктері еркектердің құқықтарымен тең іске асырылады.
28 ереже
Баласымен кездесу кездескеннен жақсы әсер алатындай жағдайда болу үшін, оның ішінде қызметкерде ана мен бала арасында бір-біріне деген байланыс болуға барлық жағдай жасалған. Мүмкіндік болса, балаларымен байланысты ұзарту мақсатында кездесуді қолдаған дұрыс.
9. Түзету мекемелерінің қызметкерлері және кәсіби дайындық
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ереже 46-55 ережені толықтырады]
29 ереже
Әйелдердің түзету мекемесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби дайындығы әлеуметтік реинграцияға байланысты тұтқындағы әйелдердің ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді және мекемеде қауіпсіз және оңалдандыру жағдайын жасайды. Әйел қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруді қамтамасыз етуде тұтқындағы әйелдердің өтінішіне қатысты және оларға көмек көрсету саясатты және стратегияны әзірлеуге басты жауапты боп табылатын шараларда жоғары лауазымдарға қол жеткізу енгізілген.
30 ереже
Түрме әкімшілігі жыныстық белгілері және онымен күресу жолында әйел қызметкерлер дискриминацияға түспеу жолын ұстанып нақты және тұрақты көрсетеді.
31 ереже
Түзету мекемелері қызметкерлерінің тұтқындағы әйелдердің кез-келген зорлық, қорлық көру және физикалық немесе ауызша формада жыныстық сексуалдық алымшақтықпен қорлану мінез-құлықтарына қатысты нақты қағидалар әзірленіп және іске асырылуда.
32 ереже
Түзету мекемелерінің әйел қызметкерлері еркек қызметкерлер сияқты дал сондай кәсіби дайындық ала алады және де барлық қызметкер әйелдердің түзету мекемелерін басқаруға қатысады, гендерлік проблемаларды ескеру және дискриминацияға және сексуалдық алымшақтыққа жол бермеу мәселесі бойынша кәсіби дайындықтан өтеді.
33 ереже
1. Сотталған әйелдермен жұмысқа істеуге тағайындалған барлық қызметкерлер, гендерлік факторлар есебінде тұтқындағы әйелдердің қалауы және адам құқығы қанағаттандыру мәселесі бойынша кәсіби дайындықтан өтеді.
2. Әйелдерді түзету мекемесінде жұмыс істейтін түрме қызметкерлері қосымша алғашқы көмек көрсете білу және бастапқы медициналық білім бойынша әйелдер денсаулығына қатысты негізгі сұрақтар бойынша базалық дайындықтан өтеді.
3. Балалар түзету мекемелерінде өз аналарымен қалуға рұқсат етілген кездерден бері, осындай мекеменің қызметкерлері қосымша баланың даму үрдісі туралы ақпарат және қажет болған төтенше жағдай кезінде қажетті шара қабылдау үшін балаларға медициналық күтім жасау мәселесі бойынша базалық дайындықтан өтеді.
34 ереже
Түзету мекемелер қызметкерлерін жүйелі дайындау бөлігі АИТВ мәселесі бойынша ақпараттануды көтеру бағдарламасы болып табылады. АИТВ/ЖИТС алдын алу және емдеу мәселесін толықтыру, еркек пен әйел теңдігі және адам құқығы, олардың байланысындағы АИТВ проблемасына ерекше көңіл бөлу, қоғамдық талқылау және дискриминация сияқты мәселелері оқу бағдарламасына енгізіліп қолдау тапқан.
35 ереже
Түзету мекемелер қызметкерлеріне психикалық ауруларды емдеу және тұтқындағы әйелдер арасындағы дене мүшелерінің қаупін және өз-өзіне қол жұмсауды анықтау және қолдау арқылы көмек көрсету және осындай жағдайды мамандарға хабарлауды үйретеді.
10. Кәмелет жасқа толмаған әйел жынысты тұтқындар
36 ереже
Түзету мекемелерінің әкімшілігі кәмелет жасқа толмаған әйел жынысты тұтқындардың қорғанысы бойынша қажеттілігін қанағаттандыру үшін шаралар қабылданады.
37 ереже
Кәмелет жасқа толмаған әйел жынысты тұтқындар, кәмелет жасқа толмаған еркек жынысты тұтқындарға ұсынылатын білім және кәсіби техникалық білім алуда тең құқылы.
38 ереже
Кәмелет жасқа толмаған әйел жынысты тұтқындар өздерінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескеріп, мысалы сексуалдық қорлық немесе зорлық мәселелері бойынша кеңес алып, грамм және қызметке қол жеткізе алады. Олар әйелдердің денсаулығын сақтау мәселесі бойынша оқудан өтіп және ересек әйел жынысты тұтқындармен қатар тұрақты гинекологтарға бара алады.
39 ереже
Жүкті кәмелет жасқа толмаған әйел жынысты тұтқындар ересек әйел жынысты тұтқындар сияқты сондай қолдау және медициналық көмек ала алады. Медициналық мамандар олардың денсаулығын олар өз жастарына қарамай жүкті болған кездеріндегі болуы мүмкін үлкен қауіпті ауытқулар есебімен бақылайды.
II. Ерекше категорияларға қолданылатын ереже
А. Жазасын өтеп жатқан тұтқындар
1. Жіктеу және жекелеу
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 67-69 ережені толықтырады]
40 ереже
Түрме әкімшілігі тұтқындағы әйелдердің ерекше қажеттілігі және жағдайы есебінде классификация әдісін әзірлеп және енгізуде, онда гендерлік факторлар ескеріліп, бұл тұтқындарды қоғам өміріне ықпалдастыру және түзету және тиісті жеке жоспарлауды қамтамасыз ету үшін және жуық арада оңалту бойынша жұмыстарды іске асырады.
41 ереже
Сотталғандардың гендерлік факторлары және классификациясы есебінде қаупін бағалау:
a) қоршаған орта үшін сотталған әйелдер көп қауіп төндірмейтіні расында да ескеріліп, сондай-ақ қауіпсіздіктің қатаң шаралары және жеке қалудың жоғары деңгейі тұтқындағы әйелдерге әсер етуі мүмкін;
b) жазаны орындау үрдісін орналастыру және жоспарлау кезінде әйелдің өткені туралы маңызды ақпаратты, мысалы олардың зорлануға ұшырау мүмкіндігі туралы, психикалық, есірткіге тәуелділік және токсикомандық ауру тарихы, сондай-ақ ата-аналық және басқада күтім бойынша міндеттерді ескеруге мүмкіндік береді;
c) әйелге жазаны орындау жоспарына олардың гендерлік факторларға негізделген ерекше қажеттілігін ескеріп, оңалу бағдарламасын және қызметін қосуды қамтамасмыз етеді;
d) мекемедегі психикалық денсаулығын сақтауды қажет ететін әйелдің бостандығын шектемеу үшін және олардың психикалық денсаулық проблемасына байланысты мекемедегі күшейтілген күзет тәртібімен жүретін ғимараттағы тиісті емдеу алу орны бостандығын шектемейтіндей аз ғана күзет деңгейлі ғимаратпен қамтамасыз етіледі.
2. Тәртіп және жазаны орындау
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 65, 66 және 70-81 ережені толықтырады]
42 ереже
1. Гендерлік факторларға негізделген олардың ерекше қажеттілігін ескере отырып сотталған әйелдер әрекеттің балансталған және кешенді бағдарламасына қол жеткізе алады.
2. Жүкті әйелдер, омырау емізетін аналар және баласы бар әйелдердің қажеттілігін ескере отырып, жазаны орындау тәртібі біршама икемделген болып табылады. Түзету мекемелері сотталған әйелдердің осындай мекемелерде өткізілетін іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беру үшін балаларды күтетін ғимарат немесе жағдай қарастырылған.
3. Түзету мекемелеріндегі жүкті әйелдер, омырау емізетін аналар және баласы бар әйелдер үшін тиісті бағдарламаларды әзірлеу үшін ерекше жағдай ұсынылады.
4. Әсіресе физикалық, психикалық немесе сексуальдық зорлыққа ұшыраған, әлеуметтік-психологиялық қолдауды қажет ететін сотталған әйелдерге тиісті қызмет көрсету үшін ерекше жағдай жасалады.
Сыртқы әлеммен қарым-қатынасы және бостандыққа шыққаннан кейінгі қамқорлық
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 79-81 ережені толықтырады]
43 ереже
Түрме әкімшілігі қолдайды және мүмкіндік болса, тұтқындағы әйелдердің кездесуіне олардың психикалық денсаулығын қамтамасыз ету және әлеуметтік ықпалдасу қажетілігіне маңызды жағдай жасау үшін жеңілдетеді.
44 ереже
Сотталған әйелдер көп жағдайда отбасында зорлыққа ұшыраған болса, онда олармен отбасы мүшелерінің қаншасына және қайсысына келуіне рұқсат етуді анықтау үшін нақты кеңесіліп шешілуі тиіс.
45 ереже
Түрме әкімшілігі көп жағдайда үйге жіберу, ашық түрдегі түрме, түзету-тәрбиелеу орталығы және олардың бостандыққа қайту үрдісін жеңілдету үшін, қоғамдық талқылау деңгейін төмендету және олардың отбасымен байланысын жуық арада қалпына келтіру үшін тұтқындағы әйелдерге арналған қауымдық бағдарламалар және қызмет сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады.
46 ереже
Түрме әкімшілігі қылмыстық-мерзімінен ерте босату және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесімен айналысатын, жергілікті қауымдық топтар және үкіметтік емес ұйымдар қызметімен ынтымақтастықта болып және гендерлік факторға негізделген әйелдердің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, босатылғанға дейін және кейін кешенді ықпалдастыру бағдарламасын іске асырады.
47 ереже
Сотталған әйелдерге бостандыққа шыққаннан кейін оларға қоғаммен ынтымақтастық кезінде сәтті әлеуметтік ықпалдастыруды қамтамасыз ету мақсатында психологиялық, медициналық, заңды және тәжірибелі көмек беретін қызметтермен қосымша қолдау көрсетіледі.
3. Түзету мекемелеріндегі жүкті әйелдер, омырау емізетін аналар және баласы бар әйелдер
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 23 ережені толықтырады]
48 ереже
1. Жүкті немесе омырау емізетін сотталған әйелдер білікті медик мамандардың әзірлеген және бақылайтын бағдарлама аясында өздерінің денсаулығына және тамақтануына қатысты кеңес алады. Жүкті әйелдер, сәбилер, балалар және омырау емізетін аналарға ақылы тиісті және уақытылы тағам ұсынылып және денсаулық жағдайы үшін ыңғайлы жағдай және тұрақты физикалық жаттығу сабақтары үшін мүмкіндік жасалады.
2. Сотталған әйелдерге медициналық сипатта ерекше кері көрсеткіштер болмаса өз балаларын омыраумен емізуге кедергі жасалмайды.
3. Түзету жұмыстары бағдарламасында жақында босанған, бірақ балалары олармен бірге түзету мекемесінде жоқ тұтқындағы әйелдерге медициналық қажеттіліктерді және қажетті тамақтануды көрсетеді.
49 ереже
Түзету мекемелерінде балаларды анасымен қалдыру шешім, балалардың қызығушылығын жақсы жағынан қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Осындай мекемелерде өз аналарымен жүрген балалар ешқашан сотталғандар қатарына жатпайды.
50 ереже
Балалары өздерімен бірге түзету мекемелерінде жүрген сотталған әйелдерге өз балаларымен уақыт өткізу үшін ең кең мүмкіндіктер ұсынылады.
51 ереже
1. Түзету мекемелерінде өз аналарымен тұрып жатқан балаларға тұрақты түрде медициналық қызмет көрсетіледі, ал олардың дамуын денсаулық сақтау қызметінің қауымымен байланыстағы мамандар бақылайды.
2. Осындай балаларды тәрбиелеу үшін түзету мекемелерінің сыртында тәрбиеленетін балалардың жағдайына едәуір жақын жағдай да жасалады.
52 ереже
1. Бала қай жасында анасынан айырылуы тиіс деген шешім, ішкі тиісті заңнамаға сәйкес жеке бағалау және баланың қызығушылығын жақсы қамтамасыз ету негізінде қабылданады.
2. Баланы түзету мекемелерінен көшіру баланың кетуінің баламалы формасын анықтағаннан кейін ғана сыпайы түрде жасалады — егер сотталған адам шетел азаматы болып табылса — консуль қызметкерлерімен кеңесіп жасалды.
3. Балаларды олардың анасынан ажыратқаннан кейін және олардың отбасымен, туыстарымен кездесу ғимараты, немесе егер балаларының ең жақсы қызығушылығын қамтамасыз ететін болса және қоғамдық қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе сотталған әйелдерге өз балаларымен кездесуге арналған оларды күтудің баламалы орындарының ең кең мүмкіндіктері және жағдайлары ұсынылады.
4. Шетел азаматтары
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 38 ережені толықтырады]
53 ереже
1. Шетел азаматы болып табылатын және тұрақты тұрғын емес тұтқындағы әйелдерді тұған еліне ауыстыру туралы, әсіресее оларда отанында баласы болған жағдайда, тиісті әйелден өтініш түскен кезде немесе қалаулы келісім алынысымен мүмкіндігінше жазаны өтеудің ерте мерзімінде оларды тиісті екі жақты немесе көп жақты келісімшарт болған жағдайда қарастырылады.
2. Егер сотталған әйелмен бірге тұрып жатқан бала, шетел азаматы және тұрақты тұрғын емес болса, түзету мекемесінен ауыстыруды қажет етеді, баланың қызығушылығын өте жақсылап қамтамасыз ету есебінде және оның анасымен ақылдасып оны өз отанына жіберу туралы мәселе қарастырылуы керек.
5. Аздылық және халықтың түп тамыры
54 ереже
Түрме әкімшілігі басқа діни көзқарастағы және мәдени ортадағы сотталған әйелдер өзгеше қажеттіліктері бар және гендерлік және мәдени факторларды ескере отырып тиісті бағдарлама және қызметке қол жеткізу жолында әртүрлі дискриминация формасымен қақтығысатынын мойындайды. Осыған орай түзету мекемелерінің әкімшілігі тұтқындағы әйелдердің тиісті топтарының өзімен кеңесіп, осы қажеттілікті толықтыратын кешенді бағдарлама және қызметті ұсынады.
55 ереже
Бостандыққа шыққанға дейін және шыққаннан кейін көрсетілетін қызмет, тиісті топтармен кеңесіп, этникалық және нәсілдік топтарға жататын тұтқындағы әйелдерге және түп тамыры бір халықтан тараған тұтқындағы әйелдер үшін олардың қабылдаушылығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылады.
В. Қамауда жатқан немесе сот үкімін күтіп отырған тұтқындар
[Тұтқындарға қарау ең аз стандарттық ережесі 84-93 ережені толықтырады]
56 ереже
Тиісті органдар сот үрдісі басталғанға дейін қамауға алынған жағдайдағы кезеңде әйелдерді пайдаланудың аса қауіпті кезеңіне ұшырайдынын мойындайды және осы кезеңде әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиісті бағдарламалары және тәжірибелік шаралары қабылдануда. (58 ережені қарау, онда төмендегі айтылған, сот үрдісі басталғанға дейін қамауға алынған баламалы тұтқындауға қатысты)
III. Бас бостандығынан айыруға қатыссыз шаралар
57 ереже
Құқық бұзған әйелдерге қолданылатын тиісті шаралар Токийлік тәртіп ережесімен реттеліп әзірленеді және іске асады. Мемлекеттік мүшелердің құқықтық жүйесі аясында көптеген әйелдердің олардың күту бойынша міндеттеріне байланысты, қылмыстық жазаны сот үрдісі басталғанға дейін баламалы қамауға алынып және алдыңғы виктимизация тарихы есебіндегі сот шешімімен жазаны бостандығынан айырудан басқа да түзету әрекеті түрімен алмастыруды қарастыратын, гендерлік факторларды ескере отырып шаралар нұсқасымен әзірленеді.
58 ереже
Токийлік тәртіптің 2.3 тәртібінің ережесінде сотталған әйелдерді міндетті кестелік есебі және отбасылық байланысына бола оларды өз отбасынан және қауымнан ажыратпайды. Мүмкіндігі бойынша құқық бұзған әйелдер сот үрдісі басталғанға дейін және сот үкім шығарылғанға дейін баламалы қамауға алынып және қылмыстық жазаны бостандығынан айыруды басқа түрлі түзету әрекет түрімен алмастыруды қарастыратын шаралар негізінде сәйкестігіне және мүмкіндігінше баламалы әрекет ету әдісі қолданылады.
59 ереже
Расында осындай қорғанысты қажет ететін әйелді қорғау үшін бостандығынан айырудан басқа мысалы, тәуелсіз органдар, үкіметтік емес ұйымдар немесе басқа қауымдық қызметтерге қарасты баспаналық ғимаратта орналасады. Әйелді қорғау мақсатында қорғаныс жасауға байланысты қамауға алуға қатысты уақытша шаралар әйелдің өзінің қалауы бойынша қажет жағдайда ғана қолданылады, барлық жағдайда бұл бақылаушы сот немесе басқа құзырлы органдардың қадағалауымен іске асады. Осындай қорғаныс шаралары әйелдің өзінің еркінен тыс жасалмайды.
60 ереже
Сотталған әйелдер үшін тиімді альтернатив әзірлеу үшін бастандығынан айыруға қатыссыз шараларды үлестіру мақсатында қылмыстық сот төрелігі жүйесімен әйелді байланысқа әкелу үшін маңызды жалпы проблемаларды шешу бойынша шаралармен тиісті ресурстар бөлінеді. Бұнда тұрмыстық жағдайда қорлық көрген және сексуальдық зорланған зәбірленушілерге кеңес беру және терапия курсын; психикалық ауру тұлғаларды тиісті емдеу; және жұмысқа орналасу болашағын жақсарту үшін білім беру және оқыту бағдарламалары өткізу жатады. Осындай бағдарламалар балаларды күту қажеттілігін ескеріп және тек қана әйелге бағынталған қызметті ұсынады.
61 ереже
Құқық бұзған әйелдердің бұрын қылмыс жасамағаны және жасаған құқыққа қарсы әрекетінің сипаты және болмысы соншалықты қауіпті болмаса және де әйелдің күту жөніндегі міндеттері және жалпы мінез-құлқы ескеріліп қатысты үкім шығару кезінде сот жағдайды жеңілдетуді назарға алуға құқылы.
62 ереже
Қоғамдағы тек қана әйелдерге ғана бағытталған гендерлік факторлар және өткерген стрессті ескеретін, есірткіге тәуелділік және токсикоманияны емдеу және әйелдердің осындай емдеуге қол жеткізуі қылмысты алдын алуы, сондай-ақ қылмыстық жазаны бас бостандығынан айырудың басқа түрімен түзету бойынша әрекетінің мақсаты және соттың баламалы үкім шығаруын дайындау бағдарламасын аса тиімді іске асыру бойынша шаралар қабылдануда.
1. Үкім шығарғаннан кейін әрекет ететін жағдай
63 ереже
Шартты-мерзімінен ерте шығару туралы шешім шығарған кезде тұтқындағы әйелдердің күту бойынша міндеттері, сондай-ақ олардың әлеуметтік ықпалдасуына қатысты аса қажеттілігі ескеріледі.
2. Жүкті әйелдер және асырауындағы баласы бар әйелдер
64 ереже
Жүкті әйелдерді және қарауында баласы бар әйелдерді бас бостандығынан айырудан басқа жазаға тартқан кезде, мүмкіндік болса және мақсатқа сай бас бостандығынан айыруға қатысты жаза тағайындау кезінде егер қылмыс ауыр немесе зорлықпен жасалса немесе әйел қоғам үшін әрқашан қауіп төндірсе ғана, сәби немесе баланың қызығушылығын өте жақсы қамтамасыз ету және осындай балаларға қажетті күтім ұйымдастырылған соң ғана қарастырылады.
3. Кәмелет жасқа толмаған құқық бұзған әйел жыныстылар
65 ереже
Жалпы заңға қайшы келген, түзету мекемелеріне көп жағдайда балаларды мүмкіндік болса орналастырмаған жөн. Шешім қабылдаған кезде гендерлік факторға негізделген, кәмелет жасқа толмаған құқық бұзушы әйел жыныстының әлсіздігін ескерген жөн.
4. Шетел азаматтары
66 ереже
Трансұлттық қылмысты ұйымдастыруға қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын және Трансұлттық қылмысты ұйымдастыруға қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын Толықтыратын адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатуды ескерту және алдын алу және сол үшін жазалау туралы Хаттамасын ратификациялау үшін және олардың ережесін толық іске асыруда осындай сауданың құрбандарын барынша мол қорғау мақсатында және ел азаматтары болып табылатын көптеген әйелдердің қайта виктимизациясын болдырмас үшін барынша мол күш жұмсалады.
IV. Зерттеу, жоспарлау, бағалау және қоғамды ақпараттандыру
1. Зерттеу, жоспарлау және бағалау
67 ереже
Әйелдер жасаған құқық бұзушылықтары, әйелдердің қылмыстық сот төрелігі жүйесіне дау тудыратын себептер, әйелдердің қайта криминализациясы және түрмеге қамалуын тудыратын себептер, құқық бұзған әйелдердің келбеттік сипаттамасын жан-жақты және нысаналы нақты нәтижесін зерттеу, сондай-ақ әйелдер арасындағы құқық бұзушылық рецидивтерді қысқартуға бағытталған бағдарламалар және тиімді жоспарлау үшін негіз ретінде әлеуметтік ықпалдастыруда сотталған әйелдердің қажеттілігі есебінде бағдарлама дайындау және саясатты тудыру ұйымдастыру және қолдау үшін күш жұмсалуда.
68 ереже
Балалардың ерекше қызығушылығын қамтамасыз ету есебінде, аналары қылмыстық сот төрелігі жүйесіне дау тудыру нәтижесінде зардап шеккен балалардың санына қатысты, әсіресе бас бостандығынан айыру себебінен осы балалар үшін оның келтірген салдарын зерттеуді ұйымдастыру және қолдау үшін саяси өңдеу және бағдарламаны дайындауды қолдау мақсатында жасалған.
69 ереже
Әйелдердің құқыққа қарсы мінез-құлықтарына байланысты және құқық бұзған әйелдердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша тиімділік шаралары, сондай-ақ осы әйелдердің қылмыстық сот төрелігі жүйесіне дау тудыруынан қоғамдық талқылау және кері әсерді азайту мақсатында олардың балаларын әлеуметтік ықпалдастыру негізінде тенденция жариялануын бағалау және тарату, проблемалар және факторларды қайта-қайта шолу үшін күш жұмсалады.
2. Қоғамды ақпараттандыру, ақпаратпен алмасы және кәсіби дайындық
70 ереже
1. Бұқаралық және қауымдық ақпарат құралы қылмыстық сот төрелігі жүйесіне әйелдердің тап болуы себебі туралы және олардың балаларының қызығушылығын тым жақсы қамтамасыз ету есебінде әйелдерді әлеуметтік ықпалдастыруға мүмкіндік жасау мақсатында тиімді көңіл аудару әдісін жасау үшін хабарлайды.
2. Құқық бұзған әйелдерге қатысты қылмыстық сот төрелігі қолданылатын шаралардың қорытынды көрсеткіштерін жақсарту және әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді саяси элементтер және әйелдерге және олардың балаларына қатысты зерттеу нәтижесі және тиімді тәжірибенің мысалы жариялау және таратуды қажет етеді.
3. Бұқаралық және қауымдық ақпарат құралы және тұтқындағы және құқық бұзған әйелдерге осы ережеде айтылған және олардың орындалуы жөніндегі мәселелер бойынша тұрақты түрде нақты ақпарат ұсынуға кім кәсіби жауап береді.
4. Қылмыстық сот төрелігі жүйесінің тиісті лауазымды тұлғалары үшін олардың ақпараттануын көтеру және олардың ұстап отырған ережеге аса тиянақты қарауын ояту үшін осы тәртіп және зерттеулер нәтижесі бойынша оқу бағдарламасы әзірленіп және іске асады.