Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен Мажарстан Адами ресурстары министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім, 2013 жылғы 19 қараша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстары министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

      (2013 жылғы 19 қарашада күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 6, 68-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Республикасы Адами ресурстары министрлігі 1996 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мажарстан Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес

      Тараптар мынадай оқу және ғылыми алмасулар туралы келісті:

1-бап

      Тараптар барлық білім беру деңгейлерінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Осы мақсатты іске асыру мақсатында Тараптар өзара негізде білім беру жүйесінің реформалары мен құқықтық аспектілері туралы; екіжақты ынтымақтастыққа қатысты барлық тиісті нормативтік құжаттар, регламенттер мен бағдарламалар туралы, білім берудегі әдіснамалық және инновациялық тәсіл туралы, жалпы мүддені білдіретін облыстардағы білім беру саясатын іске асыру тәжірибесі туралы ақпарат алмасады.

2-бап

      Тараптар жоғары білім беру саласының қызметкерлері және ғылыми қызметкерлермен, оқытушылық-профессорлық құраммен, ғалымдармен алмасуды қолдайды және олардың арасында ортақ мүддені білдіретін салалардағы ынтымақтастықты орнатады.

      Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Мажарстан тарапы мынадай бағдарламалар бойынша 45 грант ұсынады:

      - бакалавриат бағдарламасы бойынша 20 грант, оның ішінде 15 грант келесі салаларда: өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерия, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм және музыка және 5 грант славян ғылымдары бойынша;

      - магистратура бағдарламасы бойынша 20 грант: ғылым, инженерия, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм және музыка;

      - докторантура бағдарламасы бойынша 5 грант.

      Мажар тілінде жоғары білім алуды бастайтын студенттер қабылдаушы тараптың есебінен Баласси институтының негізінде бір жылдық тілдік курстарынан өтеді.

      Ағылшын және орыс тіліндегі бағдарламаларға оқитын студенттердің қабылдаушы ұйым анықтайтын белгілі бір деңгейде таңдаған шет тілі бойынша тиісті білімі болуы тиіс.

3-бап

      Қазақстан тарапы мажар студенттері үшін мынадай бағдарламалар бойынша 45 грант ұсынады:

      - бакалавриат бағдарламасы бойынша 20 грант, оның ішінде 15 грант келесі салаларда; ғылым, экономика, саяси және әлеуметтік ғылымдар, халықаралық қатынастар, техника мен технология, мұнай мен газ өнеркәсібі және 5 грант орыс және қазақ филологиясы бойынша;

      - магистратура бағдарламасы бойынша 20 грант, оның ішінде 15 грант келесі салаларда; әкімшілендіру бизнесі (МВА), ғылым, экономика, халықаралық қатынастар, техника мен технология, мұнай мен газ өнеркәсібі және 5 грант өнер және гуманитарлық ғылымдар, соның шеңберінде орыс, қазақ филологиясы және тарих;

      - докторантура бағдарламасы бойынша 5 грант.

      Көрсетілген бағдарламаларға түсуші студенттердің қабылдаушы ұйым анықтайтын белгілі бір деңгейде орыс немесе ағылшын тілдері бойынша тиісті білімі болуы тиіс.

4-бап

      Тараптар әрбір елдің жоғары оқу орындарында өзін-өзі қаржыландыратын студенттермен алмасуды қолдайды.

5-бап

      Тараптар білім беру ұйымдары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы тікелей ғылыми ынтымақтастықтықты, сондай-ақ мүдделі тұлғалар мен білім беру ұйымдарының қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде ПОҚ-пен және ғалымдармен алмасуды қолдайды.

6-бап

      Тараптар тарих, география және экономиканы оқыту құжаттары және әдістемесімен алмасуды қолдайды.

7-бап

      Мажарстан тарапы қазақстандық білім алушыларға:

      - оқу процесін;

      - оқуға салық төлеуден босатуды;

      - оқыту бағдарламасына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайларды;

      - өз студенттеріне жасалатындай жағдайларда жатақханада тұруды және студенттік асханаға кіруді;

      - Мажарстан ұлттық заңнамасына сәйкес хирургиялық шұғыл және жұқпалы аурулар болған жағдайда ақысыз медициналық қызмет көрсетуді;

      - Мажарстан ұлттық заңнамасына сәйкес стипендияны;

      - қазақстандық білім алушылардың көлік шығындарын олардың өз қаражаттары есебінен төлеуді;

      - Баласси Институтының негізінде мажар тілі бойынша дайындық курстарын қамтамасыз етеді.

      Қазақстан тарапы мажар білім алушыларына;

      - оқу процесін;

      - оқу бағдарламасына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайларды;

      - өз студенттеріне жасалатындай жағдайларда жатақханада тұру;

      - Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына медициналық қызмет көрсетуді;

      - Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес стипендияны;

      - мажар білім алушыларының көлік шығындарын мажар тарапы есебінен қамтамасыз етеді.

8-бап

      Осы ынтымақтастықты талқылау немесе қолдану барысында туындайтын кез келген келіспеушіліктер тараптар арасындағы келіссөздер және кеңестер арқылы шешілетін болады.

      Тараптардың өзара келісімі бойынша жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9-бап

      Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

      Осы Келісім тоқтатылған жағдайда, ережелері қолданыстағы бағдарламалар мен жобаларға қатысты, олар аяқталғанға дейін жүзеге асырылатын болады.

      Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді оның әрекет етуін тоқтату ниеті туралы басқа тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жолдап тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің бір Тараптың басқа Тараптан осындай хабарлама алғаннан кейінгі алты айдан кейін күші жойылады.

      Осы Келісімге 2013 жылғы 19 қарашада Будапешт қаласында әрқайсысы қазақ, мажар, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқада қол қойылған, барлық мәтіндер заңдық күші бірдей.

      Осы Келісімнің ережелерін талқылау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының Мажарстан
      Білім және ғылым Адами ресурстары
      министрлігі үшін министрлігі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады