Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Ұлттық архив басқармасы арасындағы архив ісі саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім, 2017 жылғы 12 шілде

      (2017 жылғы 12 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 4, 54-құжат)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Ұлттық архив басқармасы, бұдан әрі Тараптар деп аталатын,

      Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы бай тарихи-мәдени мұраға ие екендігін растай отырып,

      Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дәстүрлі достықты дамыту мен өзара тиімді ынтымақтастық олардың бір-біріндегі өзіндік ерекшеліктерді, тарихты, мәдениетті және қол жеткен табыстарды білу мен құрметтеу арқылы жүзеге асатынын, мемлекеттік Тараптардың архивтік материалдарын зерттеп қолдануға қажет екендігін ескеріп,

      Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы архивтік мекемелері арасындағы байланысты дамытуға ниеттене отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар ынтымақтастықты жалпыға бірдей халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне, архив ісі саласындағы өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес теңдік және түсіністік ұстанымы негізінде дамытады.

2-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес архив ісі мен құжаттама саласына байланысты ақпараттармен, заң актілерімен, нормативті құқықтық актілермен, архивтану, археография және құжаттану мәселелері бойынша әдебиеттермен, сондай-ақ екі жақ мүдделеріне сәйкес архивтік құжаттар жарияланымдарымен алмасады.

3-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы зерттеушілеріне Тараптардың мемлекеттік архивтерінде сақтаудағы құжаттық мұраларды зерделеу ісінде көмек көрсетеді. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес архив қорлары мен ғылыми-анықтамалық аппаратқа, жарияланған және жарияланбаған анықтамалық материалдарға екінші Тараптың қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

4-бап

      Ұлттық архив қорларын Қазақстан Республикасы және Әзербайжан Республикасы халықтарының тарихы мен мәдениеті жөніндегі ақпараты бар құжаттармен толықтыру мақсатында, Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес олардың көшірмелерін іздеп табу және ұсыну ісінде бір-біріне жәрдемдеседі.

5-бап

      Тараптардың әрқайсысы, олардың иелігіндегі архив құжаттарын пайдалана отырып, өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес басқа Тарап мемлекетінің азаматтары мен ұйымдарының сұрау салуларын қарайды.

6-бап

      Осы Келісім негізінде алынған ақпарат немесе архивтік құжаттар, оларды берген Тараптың жазбаша келісімінсіз, оны сұратқан немесе ұсынған мақсаттан басқа мақсатта қолданылмайды.

      Осы Келісім негізінде екінші Тараптан ақпарат немесе архивтік құжаттар алған Тарап, ақпарат беруші Тараптың жазбаша келісімінсіз, алынған ақпаратты үшінші жаққа берілмейді.

7-бап

      Осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығындарды, егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмеген болса, Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында қарастырылған қаражат шегінде дербес көтереді.

8-бап

      Осы Келісім, олар қатысушылар болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне қатысты болмайды.

9-бап

      Осы Келісімді іске асыру барысында туындайтын келіспеушіліктер келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі

10-бап

      Осы Келісімге Тараптардың екі жақты келісімі арқылы жеке хаттамалармен рәсімделетін, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.

11-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Әзербайжан тарапының орындағаны туралы жазбаша хабарламаны Қазақстан тарапының дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және Тараптардың ешқайсысы оның қолданылуын тоқтатуға келесі бес жылдық кезеңнің аяқталуына дейін кем дегенде алты ай қалғанға дейін Келісімнің қолданылуын ұзартпау жөніндегі өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабарлама жібермесе, Келісім келесі бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.

      Осы Келісімнің қолданылуының тоқтатылуы осы Келісімнің ережелері негізінде келісілген және оның қолданылуы тоқтатылған сәтте аяқталмаған жобалар мен бағдарламаларды Тараптардың орындауына әсер етпейді.

      2017 жылы 3 сәуірде Баку қаласында қазақ, әзербайжан және орыс тілдерінде екі данада жасалды, және де барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.

      Осы Келісімнің мәтіндерінде өзгешеліктер туындаған жағдайда, Тараптар оның орыс тіліндегі мәтініне жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
үшін
Әзербайжан РеспубликасыныңҰлттық архив басқармасыүшін

      (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады