Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының минималды стандарт ережелері (Токио ережелері)

Жаңа

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 ж. 14 желтоқсандағы 45/110 қарары

I. Жалпы принциптер

1. Негізге алынған мақсаттар

      1.1 Осы минималды стандарт ережелер түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдануға жәрдемдесетін негізгі принциптердің жиынтығынан, сондай-ақ түрмеге қамауға алудың балаламалары қолданылатын тұлғалар үшін минималды кепілдемелерден тұрады.
      1.2 Ережелердің негізгі мақсаты қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыруға, әсіресе құқық бұзушыларға қарым-қатынасқа қоғамның белсенді қатысуы, сондай-ақ құқық бұзушылардың қоғам алдындағы жауапкершілігін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
      1.3 Ережелер әр елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағдайларын, сондай-ақ оның қылмыстық сот төрелігі жүйесінің мақсаттар мен міндеттерін ескере отырып, қолданылады.
      1.4 Ережелерді қолдану үдерісінде мүше мемлекеттер қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық алдын алуына қатысты жеке құқық бұзушылар құқығы, жәбірленушілер құқығы және қоғам мүддесі арасындағы тиісті ара қатынасты қамтамасыз етуге ұмтылады.
      1.5 Мүше мемлекеттер түрмеге қамауға алуды қолдануды қысқарта отырып, басқа мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қажетті адам құқықтарын, әлеуметтік әділдік талаптарын сақтау және құқық бұзушының қоғамдағы қалыпты өмірге оралуына қатысты қажеттіліктерін ескере отырып, қылмыстық сот төрелігі саласындағы саясатты оңтайландыру мақсатында түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды әзірлейді.

2. Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдану аясы

      2.1 Осы Ережелердің сәйкес жағдаяттары қылмыстық сот төрелігін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде соттық қуғындау, сот немесе үкімді орындау жүзеге асырып жатқан тұлғалардың барлығына қатысты қолданылады. Осы Ережелер мақсаттарында олар күдікті, айыпталушы немесе сотталушы екенінен тәуелсіз, бұндай тұлғалар «құқық бұзушылар» деп аталады.
      2.2 Ережелер нәсілдік сипаты, терісінің түсі, жынысы, жасы, тілі, діні, саяси немесе басқа сенімдерге, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, меншігі, туған жері немесе басқа жағдайына қатысты еш бір кемсітушіліксіз қолданылады.
      2.3 Құқық бұзушының мінезі мен ауырлық дәрежесі, құқық бұзушының жеке тұлғасы мен өмірбаянына сай анағұрлым көп икемділікті, сондай-ақ қоғам мүддесін қорғау мен ақталмаған түрмеге қамауды болдырмау мақсатында қылмыстық сот төрелігі жүйесі түрмеге қамауға алумен байланыссыз, сотқа дейінгіден бастап соттан кейінгі шаралардың кең таңдауын алдын ала қарастыру керек. Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың саны мен түрлері сатылы үкім шығару мүмкіндігі қалатындай етіп анықталуы керек.
      2.4 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз жаңа шараларды әзірлеуді көтермелеп, бұл үдерісті мұқият бақылап отыру керек, сондай-ақ жүйелі түрде олардың қолданылу тәжірибесін бағалап отыру керек.
      2.5 Құқық бұзулышарға құқықтық кепілдемелер және заңдарға сай формалды талқылау немесе сот өткізуді мүмкіндігінше қашқақтата отырып, қоғам күшімен шараларды қолдану мүмкіндігін зерттеген жөн.
      2.6 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды минималды араласу принципіне сәйкес қолданған жөн.
      2.7 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдану депенализация мен декриминализация жолымен жүріп, осы бағыттағы жұмыстарды қиындатпау және баяулатпау керек.

3. Құқықтық кепілдемелер

      3.1 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз қабылданған анықтамалар мен қолданылатын шаралар заңмен қарастырылады.
      3.2 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараны таңдау құқық бұзушының мінезі мен ауырлық дәрежесіне, сол сияқты құқық бұзушының жеке тұлғасына, өмірбаянына, үкім мақсаттары мен зардап шегуші құқықтарын бағалауға негізделеді.
      3.3 Сот немесе басқа құзіретті тәуелсіз орган өзінің дискрециялық құқығын талқылаудың барлық кезеңінде толық есеп беру және тек заңға сәйкестік жолымен жүзеге асырады.
      3.4 Құқық бұзушыға қандай да бір міндеттер арттыратын және формалды талқылау немесе сотқа дейін немесе олардың орнына қолданылатын түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралар құқық бұзушының келісімін талап етеді.
      3.5 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды тағайындау туралы шешім құқық бұзушының өтінішімен сот немесе басқа құзіретті тәуелсіз органмен қаралады.
      3.6 Құқық бұзушы түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдану үдерісінді оның құқықтарына қатысты сұрақтар бойынша сотқа немесе басқа құзіретті тәуелсіз органға сұраныс немесе шағым жасай алады.
      3.7 Халықаралық танылған адам құқықтарын сақтамаумен байланысты кез келген шағымды тиісті қорғау тетігі, мүмкіндігінше оны қанағаттандыру қамтамасыз етіледі.
      3.8 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралар құқық бұзушыға медициналық немесе психологиялық тәжірибелер қолдану немесе оған ақталмаған дене немесе рухани зиян келтіруге жол бермейді.
      3.9 Барлық кезеңдерде түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралар қолданылатын адамның қадір-қасиетін құрметтеу қамтамасыз етіледі.
      3.10 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдану барысында құқық бұзушының құқықтары алғашқы шешім шығарға құзіретті органдармен рұқсатынан асқан дәрежеде шектелмейді.
      3.11 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдану үдерісінде құқық бұзушының жеке өмірге құқығы, сондай-ақ құқық бұзушы отбасының жеке өміріне құқығы.
      3.12 Құқық бұзушының жеке мұрағаты қатаң құпиялықпен және үшінші тараптарға жабық түрде жүргізіледі. Мұрағатқа рұқсат құқық бұзушының ісін тікелей қараумен айналысатын тұлғалар немесе басқа тиісті түрде уәкілетті тұлғалармен шектеледі.

4. Ескертпе

      4.1 Осы Ережелердегі ештеңе Қамауға алынғандармен қарым-қатынасқа қатысты минималды стандарт ережелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыруға қатысты минималды стандарт ережелер, Кез келген формадағы тұтқындау немесе түрмеге қамауға шалдыққан барлық тұлғаларды қорғау принциптерінің жинағы, немесе халықаралық қауымдастықпен танылған және құқық бұзушылармен қарым-қатынас пен олардың негізгі адам құқыттарын қорғаумен байланысты адам құқықтары саласындағы кез келген басқа құжаттар немесе стандарттар.

II. Алдын ала тергеу кезеңі

5. Алдын ала тергеу туралы ережелер

      5.1 Тиісті жағдайларда және бұл құқықтық жүйемен сай келгенде, полиция, прокуратура немесе қылмыстық істермен айналысатын басқа мекемелерді олардың пікірі бойынша, қоғамды қорғау, қылмыстың алдын алуы немесе заң мен зардап шегуші құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс қозғаудың қажеттілігі болмаса, құқық бұзушыны жауапкершіліктен босату құқығымен иелендіру керек. Жауапкершіліктен босатудың орынды екені туралы шешімді қабылдау немесе тергеу үдерісін анықтау мақсатында әр құқықтық жүйе шеңберінде белгіленген критерилер жинағы әзірленеді. Кішігірім құқық бұзушылықтар жағдайында прокурор, ол орынды болған кезде, лайықты түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды тағайындауы мүмкін.

6. Алдын ала қамауға алуды болдырмау

      6.1 Алдын ала қамауға алу қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуде болжамды құқық бұзушыны тергеу және қоғам мен зардап шегушіні қорғау мүдделерін тиісті түрде ескеру жағдайларындағы соңғы шара ретінде қолданылады.
      6.2 Алдын ала қамауға алуға баламалар барынша ертерек қолданылады. Алдын ала қамауға алу 5.1. ережеде көрсетілген мақсаттарға жету үшін қажетті мерзімнен аспайды және ізгілікті әрі адамға тән қадір-қасиетті құрметтеумен қолданылады.
      6.3 Алдын ала қамауға алу қолданылған жағдайда құқық бұзушының сот немесе басқа құзіретті тәуелсіз органға аппеляция беру құқығы бар.

III. Сот және үкім шығару кезеңі

7. Әлеуметтік зерттеулер туралы баяндамалар

      7.1 Егер әлеуметтік зерттеулер туралы баяндамаларды жасау мүмкіндігі бар болса, сот органы құзіретті, уәкілетті лауазымды тұлға немесе мекемемемен дайындалған баяндаманы қолдана алады. Баяндамада осы тұлғамен жасалған құқық бұзушылықтардың сипатына және оның қазіргі құқық бұзушылықтарына қатысты құқық бұзушы туралы әлеуметтік ақпарат болу керек. Ол сондай-ақ үкім шығару үдерісіне қатысты ақпарат пен ұсыныстардан тұру керек. Баяндама нақты, объективті және әділ деректер негізінде жасалады, ал пікірлер нақты түрде қалыптастырылады.

8. Үкім шығару туралы ережелер

      8.1 Өз билігінде түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды таңдауды иелене отырып, өз шешімін шығару кезінде оның қоғамдағы қалыпты өмірге оралу тұрғысынан құқық бұзушының қажеттіліктерін, қоғамды қорғау мүдделерін және тиісті жағдайларда онымен кеңесу қажет зардап шегушінің мүдделерін назарға ала отырып қабылдау керек.
      8.2 Үкім шығарушы органдар істер бойынша келесі санкцияларды қарастыра алады:
      a) ескерту, жазғыру мен ескертпе сынды ауызша санкциялар;
      b) жауапкершіліктен шартты түрде босату;
      c) азаматтық құқықтағы ұтылу;
      d) бір ретті айыппұл мен күнделікті айыппұл сынды экономикалық санкциялар және ақшалай жазалаулар;
      e) тәркілеу немесе жеке меншік құқығынан айыру туралы қаулы;
      f) зардап шегушіге мүлкін қайтару немесе өтемақы туралы қаулы;
      g) шартты түрде жазалау немесе кейінге қалдырумен жазалау;
      h) қамаудан шартты түрде босату және сот қадағалауы;
      i) қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау туралы қаулы;
      j) міндетті күн сайынғы болумен түзеу мекемесіне бағыттау;
      к) үйге қамау;
      l) түрмеге қамауға алумен байланыссыз қарым-қатынастың кез келген түрі;
      m) жоғарыда тізімделген қандайда да бір үйлесуі.

IV. Үкім шығарғаннан кейінгі кезең

9. Үкім шығарғаннан кейін әрекет ететін ережелер

      9.1 Түрмеге қамауға алудан бас тарту мен құқық бұзушыларға тезірек қоғамдағы қалыпты өміріне оралуға көмек көрсету мақсатында құзіретті органның үкім шығарғаннан кейін қолданылатын балама шаралардың кең таңдауын иеленеді.
      9.2 Үкім шығарғаннан кейінгі әрекет ететін ержелерге келесі санкциялар кіреді:
      a) жартылай түрмелі типті түзеу мекемелеріне жіберу және орналастыру;
      b) жұмыс немесе оқумен байланысты босату;
      c) уәдесін алып босатудың түрлі формалары;
      d) мерзімді қысқарту;
      e) рақымшылық ету.
      9.3 Рақымшылық жасаудан басқа, үкім шығарғанан кейін қолданылатын шаралар туралы шешім құқық бұзушының өтініші бойынша сот немесе басқа құзіретті тәуелсіз органмен қаралады.
      9.4 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз бағдарламаны жүзеге асыру үшін қамаудан босатудың кез келген түрі барынша ертерек қаралады.

V. Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды жүзеге асыру

10. Қадағалау

      10.1 Қадағалаудың мақсаты құқық бұзушылықтардың рецидивтерін қысқарту мен құқық бұзушының қылмысқа қайта бару мүмкіндігін ең аз шамаға жеткізетіндей қоғам өміріне қосылуына жәрдемдесу.
      10.2 Егер түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың бірі қадағалауды қарастырса, ол заңмен қарастырылған нақты шарттарға сай құзіретті органмен жүзеге асырылады.
      10.3 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз нақты шара аясында әр жеке жағдай үшін оның жасаған құқық бұзушылығының сипатын ескере отырып, құқық бұзушыға өзін түзетуге көмектесуге бағытталған барынша тиімді қадағалау түрі мен қарым-қатынастың түрін анықтау керек. Қадағалау мен қарым-қатынас тәртібін мерзімді түрде қайта қарап, қажет болса, түзетіп отыру керек.
      10.4 Қажет болған жағдайда құқық бұзушыларға психологиялық, әлеуметтік және материалды көмек көрсетіліп, қоғаммен байланысты нығайтуға және олардың қоғамдағы қалыпты өміріне оралуға мүмкіндік жасалу керек.

11. Әрекет ету мерзімі

      11.1 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың мерзімі заңға сәйкес құзіретті органмен орнатылған мерзімнен аспайды.
      11.2 Егер ол құқық бұзушыға жағымды әсер етсе, қолданылған шара әрекетін мерзімінен бұрын тоқтату қарастырылу мүмкін.

12. Шарттар

      12.1 Егер құзіретті орган құқық бұзушымен сақталуы керек шарттарды анықтаса, ол қоғам мүддесін, сондай-ақ құқық бұзушы мен зардап шегушінің мүдделері мен құқықтарын ескеру керек.
      12.2 Орындалуға жататын шарттар қолайлы, нақты және мүмкіндігінше саны аз болып, құқық бұзушының қылмыстық әрекетке оралуы мүмкіндігін азайтып, зардап шегушінің мүдделерін ескере отырып, құқық бұзушының қоғамдағы қалыпты өміріне оралу мүмкіндігін арттыратындай болу керек.
      12.3 Шараны қолднанудың бастапқы кезеңінде құқық бұзушыға ауызша немесе жазбаша түрде құқық бұзушының құқықтары мен міндеттерін қоса, осы шараны қолдануды реттейтін шаралардың түсіндірмесі беріледі.
      12.4 Құқық бұзышының жеткен нәтижелеріне байланысты шарттар ережелер, орнатылған заңнамаға сәйкес құзіретті органдармен өзгертіле алады.

13. Қарым-қатынас режимі

      13.1 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз нақты шаралар аясында құқық бұзушы қажеттіліктерін тиімді қанағаттындыру мақсатында сәйкес жағдайларда жекелеген жұмыс, топтық терапия, тұрғылықты жер бойынша бағдарлама мен құқық бұзушылардың әр түрлі категорияларымен ерекше қарым-қатынас сынды түрлі әдістер әзірлену керек.
      13.2 Қарым-қатынас тиісті дайындығы мен іс-тәжірибесі бар кәсіби қызметкерлермен қамтамасыз етіледі.
      13.3 Сәйкес қарым-қатынас қажеттілігі туралы шешім қабылдаған кезде өмірбаян, жеке тұлға, икемділік, ойлау қабілетінің даму деңгейі, құндылықтар жүйесі және құқық бұзушылыққа әкелген жағдайлармен танысу үшін жұмыстар жасалады.
      13.4 Құзіретті орган жұртшылық пен жұртшылықты қолдау жүйелерін түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдануға жұмылдыра алады.
      13.5 Қараудағы істер саны құқық бұзушылармен қарым-қатынаспен байланысты бағдарламаларды тиімді орындауды қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше бақылауға бағынатын дәрежеде ұстап тұрылады.
      13.6 Құзіретті орган әр құқық бұзушы бойынша іс бастайды және жүргізеді.

14. Тәртіп және шарттарды бұзу

      14.1 Құқық бұзушымен сақтауға жататын шараларды бұзу жағдайында түрмеге қамауға алумен байланыссыз шара өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
      14.2 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараны өзгерту немесе тоқтату туралы шешімді қадағалау жүргізетін қызметкермен, сонымен қатар құқық бұзушымен ұсынылған фактілерді мұқият қарағаннан кейін ғана құзіретті орган қабылдайды.
      14.3 Егер түрмеге қамауға алумен байланыссыз шара тиімсіз болып табылса, бұл автоматты түрде түрмеге қамауға алумен байланысты шараны қолдануға әкелмеу керек.
      14.4 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз осы шараны өзгерту немесе тоқтату жағдайында құзіретті орган түрмеге қамауға алумен байланыссыз балама шараны орнатуға ұмтылады. Лайықты балама шараларының жоқ болған жағдайында ғана түрмеге қамауға алу жазасы салынады.
      14.5 Шарттарды бұзу кезінде құқық бұзушыны қамау мен қадағалауда ұстау санкциясы заңмен алдын ала қарастырылады.
      14.6 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды өзгерту немесе тоқтату жағдайында құқық бұзушынығң сот немесе басқа құзіретті тәуелсіз органға апелляция беру құқығы бар.

VI. Қызметкерлер

15. Қызметкерлерді қабылдау

      15.1 Қызметкерлерді қабылдау кезінде нәсілдік сипаты, терісінің түсі, жынысы, жасы, тілі, діні, саяси немесе басқа сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік қатыстығы, меншігі, туған жері немесе басқа жағдайына қатысты еш бір кемсітушіліктерге жол берілмейді. Қызметкерлерді қабылдау саясаты квоталық қабылдаудың ұлттық саясатын ескеріп, қадағалауға жататын құқық бұзушылардың алуандығын көрсету керек.
      15.2 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдануға тағайындалған тұлғалар сәйкес жеке қасиеттерді иеленіп, мүмкіндігінше тиісті кәсіби даярлық пен іс-тәжірибесі болу керек.
      15.3 Кәсіби білікті қызметкерлерді қабылдау мен тұрақтандыру үшін сәйкес қызметтік жағдайды, жұмыс сипатына қарай лайықты еңбекақы мен жеңілдіктерді қамтамасыз етіп, кәсіби өсу мен қызмет бойынша жылжуға кең мүмкіндіктер беру қажет.

16. Кадрларды даярлау

      16.1 Кәсіби даярлықтың мақсаты қызметкерлерге құқық бұзушының қоғамдағы қалыпты өміріне оралуы, құқық бұзушының құқықтарын қамтамасыз ету мен қоғамды қорғауға қатысты оның міндеттерін түсіндіру болып табылады. Даярлық сондай-ақ қызметкерлердің сәйкес мекемелермен ынтықмақтастықты жүзеге асыру және әрекетті бағдарлау қажеттілігін түсінуге жәрдемдесуі керек.
      16.2 Қызметке түсер алдында қызметкерлер түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың сипаттамасы туралы нұсқаулық, қадағалау мақсаттары мен түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолданудың әр түрлі әдістер кіретін дайындықтан өтеді.
      16.3 Қызметке түскеннен кейін қызметкерлер қызметтен ажырамай дайындықтан өту мен біліктілікті арттыру курстарында өздерінің білімдері мен кәсіби дағдыларын қолдайды және жетілдіріп отырады. Осы мақсатта қажетті жағадайлар жасалады.

VII. Еріктілер мен басқа қоғамдық мүмкіндіктер

17. Қоғамның қатысуы

      17.1 Қоғамның қатысуын көтермелеу керек, себебі онда үлкен мүмкіндіктер бар және ол түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралар қолданылған құқық бұзушылар, олардың отбасы мен қоғам арасындағы байланысты нығайтушы маңызды факторларының бірі болып табылады. Ол қылмыстық сот төрелігі жұмысын толықтыру керек.
      17.2 Қоғамның қатысуын қоғам мүшелеріне қоғам мүддесін қорғау ісіне өз септігін тигізу деп қарастырған жөн.

18. Қоғамдық сана мен ынтымақтастық

      18.1 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың қолданылуына жәрдемдесетін ерікті ұйымдарға қолдау көрсетуге мемлекеттік мекемелерді, жеке меншік секторы мен жұртшылықты көтермелеген жөн.
      18.2 Жұртшылықтың түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдану ісіне қатысу қажеттілігін түсінуіне жәрдемдесу мақсатында үнемі конференциялар, семинарлар, симпозиумдар мен басқа іс-шараларды өткізіп отыру керек.
      18.3 Жұртшылықта құқық бұзушылармен түрмеге қамауға алумен байланыссыз қарым-қатынасты кеңінен қолдану мен олардың қоғамдағы қалыпты өміріне оралуын қамтамасыз етуші шараларды өткізуге жәрдемдесетін сындарлы көзқарастың қалыптасуына жәрдемдесу мақсатында барлық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану керек.
      18.4 Қоғамға олар түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларда маңызды рөл атқаратынын түсіндіру үшін бар күшті жұмылдырған жөн.

19. Еріктілер

      19.1 Еріктілер мұқият таңдалып, осы жұмысқа олардың бейімділігі мен қызығушылығын ескере отырып, жұмысқа қабылданады. Олар өздерінің нақты міндеттерін орындау үшін дайындықтан өтіп, оларға көмек пен ақыл-кеңес алу үшін құзіретті органға жүгініп, одан кеңес алу мүмкіндігі беріледі.
      19.2 Еріктілер өзінің мүмкіндіктері мен құқық бұзушылардың қажеттілігіне сай кеңес пен көмектің қажетті формаларын көрсету арқылы құқық бұзушылар мен олардың отбасын қоғаммен сындарлы және одан да кеңірек байланыс орнатуға ынталандыру керек.
      19.3 Еріктілер өз міндеттерін атқару барысында жазатайым оқиғалардан, дене зақымдар мен қоғамдық жауапкершіліктен сақтандыралады. Оларға өз жұмыстарын орындау барысында ұшыраған рұқсат етілген шығындар қайтарылады. Олар қоғамға оның игілікті мүддесінде көрсететін қызметтері үшін қоғамдық тануға ие болады.

VIII. Саясатты зерттеу, жоспарлау, әзірлеу мен бағалау

20. Зерттеу мен жоспарлау

      20.1 Жоспарлау үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде түрмеге қамауға алумен байланыссыз құқық бұзушылармен қарым-қатынас саласындағы зерттеулерді жүргізу мен ынталандыру үдерісіне мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік ұйымдарды кірістіру үшін жұмыстар жасалу керек.
      20.2 Клиенттер, практиктер, қоғам мен жетекшілер алдында тұрған мәселелер бойынша зерттеулер тұрақты түрде жүргізіліп отыру керек.
      20.3 Зерттеулер жүргізу мен ақпаратты жинау тетіктері құқық бұзушыларға түрмеге қамауға алумен байланыссыз режимді қолдану туралы мәліметтер мен статистикалық көрсеткіштерді жинау мен сараптау үшін қылмыстық сот төрелігі жүйесіне қосылу керек.

21. Саясат пен бағдарламаларды әзірлеу

      21.1 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың бағдарламалары жүйелі түрде жоспарланып, ұлттық даму үдерісі аясында қылмыстық сот төрелігі жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде жүзеге асырылуы керек.
      21.2 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың анағұрлым тиімдірек қолданылуы мақсатында үнемі бағалау жүргізіп отырған жөн.
      21.3 Түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралардың міндеттері, қолдану тәжірибесі мен тиімділігін бағалау үшін мерзімдік шолу жүргізіп отыру керек.

22. Сәйкес мекемелер және іс-шаралармен байланыс

      22.1 Әр түрлі деңгейлерде түрмеге қамауға алумен байланыссыз шараларды қолдану тапсырылған қызметтер, басқа қылмыстық сот төрелігі жүйелері, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, білім беру мен жұмыспен қамту, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары сынды салалардағы үкіметтік, сол сияқты үкіметтік емес әлеуметтік дамыту мен қамтамасыз ету мекемелері арасындағы байланысты орнатуға жәрдемдесуші сәйкес тетіктер құрылу керек.

23. Халықаралық ынтымақтастық

      23.1 Елдер арасындағы пенитенциарлы режимді қолдану саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға күш салынады. Мүше мемлекеттер арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша бөлімшесімен Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық және аймақ аралық институттарымен тығыз байланыс арқылы түрмеге қамауға алумен байланыссыз шаралар туралы зерттеулер, кадрларды даярлау, техникалық көмек пен ақпарат алмасуды жандандыру керек.
      23.2 Мүмкін пенитециарлы емес шаралар аясын кеңейту мен оларды Шартты түрде сотталған немесе шартты түрде босатылған құқық бұзушыларға қадағалауды өткізу туралы типтік келісім шартқа* (9) сәйкес ұлттық шекаралар арқылы қолданылуына жәрдемдесу мақсатында салыстырмалы зерттеулер мен заңнамалық ережелер келісуді жүргізуді жалғастырған жөн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады