Біріккен Ұлттар Ұйымының бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарға қатысты Ережелері

Жаңа

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жыл 14 желтоқсандағы 45/113 Қарары

I. Негізгі міндеттер

      1. Сот төрелігінің жүйесі кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауы тиіс және олардың физикалық және ой-саналық ахуалының қалыпты болуын қамтамасыз етуі керек. Түрмеге қамау тек төтенше шара ретінде қолданылуы керек.
      2. Кәмелетке толмағандардың бас бостандығынан айрылу тәртібі осы Ережелерде бекітілген принциптер мен тәртіптердің аясында және Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін орындаудың Стандартты минималды Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы керек. Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру төтенше ықпалшара ретінде аз мерзім ішінде орындалуы керек. Бұл шара аса ауыр құқық бұзушылық түрі үшін сот органының шығарған үкімін орындау мақсатында ғана сәйкес шарттар мен жағдайларды тиісінше ескеру жолымен орындалуы тиіс. Жазалау мерзімін сот органы кәмелетке толмаған құқық бұзушының алдын ала уақытынан бұрын босатылу мүмкіндігімен шығарады.
      3. Ережелердің міндеті ретінде адам құқықтарын қорғау мен жалпы бостандығын қорғау мақсатында, сондай ақ қамалудың кері ықпалынан қорғау мақсатында және қоғам өміріне қайнасып кетуіне жәрдемдесу мақсатында, Біріккен Ұлттар Ұйымының қандай да бір жолмен бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды қорғау бойынша қабылдаған минималды стандарттарын бекіту болып табылады.
      4. Осы Ережелер бейтараптылық принципінің аясында, ешқандай нәсілдік ерекшелік бойынша, түс ерекшелігі бойынша, жынысы, жасы, тілі, діні, ұлты, саяси немесе өзге де ұстанымдарының, мәдени көзқарастары мен тәжірибелерінің, мүліктік, қауымдық немесе отбасылық, ұлттық немесе әлеуметтік тегінің ерекшеліктері мен жұмысқа жарамсыздығы бойынша алалаушылықсыз қолданылуы керек. Кәмелетке толмаған құқық бұзушының діни және мәдени көзқарастарының, тәжірибелерінің және адамгершілік принциптерінің құрметтелуін қамтамасыз ету керек.
      5. Настоящие Правила предназначены для того, чтобы служить в качестве удобных справочных норм и обеспечивать поддержку и руководство для специалистов, занимающихся управлением исправительными учреждениями для несовершеннолетних. Осы Ережелер
      6. Следует обеспечить свободный доступ персонала исправительных учреждений для несовершеннолетних к настоящим Правилам на их национальных языках. Несовершеннолетние, не владеющие свободно языком, на котором говорит персонал исправительного учреждения, должны, когда это необходимо, в частности во время медицинских осмотров и разбирательств дисциплинарных нарушений, иметь право на бесплатные услуги переводчика.
      7. Государства должны в соответствующих случаях включать настоящие Правила в свое законодательство или вносить в него соответствующие поправки и обеспечивать эффективные средства защиты от их нарушения, включая выплату компенсации в случае нанесения несовершеннолетнему повреждений. Государствам следует также контролировать применение настоящих Правил.
      8. Құзіретті билік органдары қоғамға түзеу мекемелеріне қамалған кәмелетке толмағандардың қорғалуы және олардың қоғамға қайта сіңісіп кетуінің қаншалықты әлеуметтік маңызды жұмыс екендігін түсіндіруге және осы мақсатта кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен жергілікті тұрғындар қауымы арасындағы еркін қарым-қатынастың орын алуын қамтамасыз етуге ылғи ұмтылуы тиіс.
      9. Осы Ережелердегі ешбір қағида кәмелетке толмаған жасөспірімдердің және өзге де барлық жас азаматтардың құқығын қорғауда және оларға қамқорлық жасауда ықпал ететін адам құқықтарына қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық мойындалған құжаттары мен нормаларына қайшы мағынада түсінілмеуі керек.
      10. Егер Ережелердің IIV бөлімдері қамтитын нақты бір қағидаларын іс жүзінде қолдану кезінде, I бөлімде қамтылған қағидалармен қандай да бір қайшылық туса, онда бөлімде қамтылған қағидалардың заңды күші басымырақ болып табылады.

II. Ережелердің әрекет ету аясы мен олардың қолданылуы

      11. Осы Ережелердегі міндеттерді орындау үшін төмендегі анықтамалар қолданылады:
      a) кәмелетке толмаған ретінде 18 жасқа толмаған кез-келген тұлға түсініледі. Жасөспірімнің бас бостандығынан айрылуды тыйым салатын жасының шегі заң бойынша анықталады;
      b) Бас бостандығынан айыру ретінде кәмелетке толмаған қандай да бір тұлғаның өз еркімен тастап кетуіне рұқсат берілмейтін белгілі бір тұтқындалуының немесе түрмеге қамалуының немесе оның мемлекеттік немесе өзге бір жеке түзеу мекемесіне қамалуының сот, әкімшілік немесе өзге де мемлекеттік ұйымның тарапынан шыққан үкімнің негізіндегі қамалудың қандай да бір түрін білдіреді.
      12. Бас бостандығынан айыру тәртібі кәмелетке толмаған құқық бұзушының құқығын қорғауды қамтамасыз ететін шарттар мен жағдайларда жүзеге асырылуы керек. Сонымен қатар, түзеу мекемелерінде отырған кәмелетке толмағандардың мүдделері үшін олардың денсаулығын, өзін өзіне деген құрметін қамтамасыз ететін және олардың жауапкершілік сезімдері мен қауымның бір мүшесі ретінде сезіндіретін көзқарастары мен машықтарын қалыптастыруға ықпал ететін нәтижелі шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалау керек.
      13. Бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарды олардың осы мәртебесіне байланысты мемлекет ішілік немесе халықаралық құқықтарға сәйкес иеленген, және бас бостандығынан айрылу статусымен үйлесетін азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік немесе мәдени құқықтардан айыруыға болмайды. Мсыла ретінде, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтар мен жеңілдіктер, заң бекіткен минималды жасқа жеткенде, некеге отыру құқығын атауға болады.
      14. Қамау кезіндегі шаралардың заңдылығын сақтауға аса үлкен мән бере отырып, кәмелетке толмағандардың жеке құқықтарын қорғау құзіретті сот билігі тарапынан жүзеге асырылуы керек, ал қоғамның әлеуметтік өміріне қайта сіңісуіне жәрдемдесу міндеті ұдайы жүргізілетін тексерістер мен басқа да халықаралық нормаларға, мемлекет ішілік заңдарға және қаулыларға сәйкес орындалатын тиісті түрде жасақталған, қамаудағы кәмелетке толмағандарға кіруге өкілеттенген және түзеу мекемелері әкімшілігінің құрамына кірмейтін органдардың жүргізетін бақылау түрлері арқылы іске асырылуы тиіс.
      15. Осы Ережелер бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандар орналасқан түзеу мекемелерінің барлық түрлеріне және барлық формаларына қатысты қолданылады. Осы Ережелердің IIIIV және V бөлімдерінің қағидалары кәмелетке толмағандар отырған барлық тұтқындалу орындары мен түзеу мекемелеріне ұатысты қолданылады, ал III бөлім қағидалары уақытша қамалып немесе сот үкімін күтіп отырған кәмелетке толмағандардың орналасқан жеріне қатысты қолданылады.
      16. Осы Ережелер әр мүше мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттарының аясында қолданылады.

III. Уақытша қамауға алынған немесе сот үкімін күтіп жатқан кәмелетке толмағандар

      17. Уақытша қамауға алынған немесе сот үкімін күтіп жатқан кәмелетке толмағандар (істері әлі қарастырылмағандар) кінәсіз деп саналады және олармен тиісті қарым қатынас жасалуы керек. Сонымен қатар, бар мүмкін болғанынша, сот үкімі шыққанға дейін уақытша қамауға алудан аулақ болу керек және бұл шараға тек төтенше жағдайда жүгіну керек. Осыған байланысты, балама шараларды қолдануға барынша ұмтылу қажет. Егер сотқа дейінгі уақытша қамауға алу сияқты алдын алу шарасы қолданылған жағдайда, кәмелетке толмаған құқық бұзушының қамауда барынша аз уақыт отыруын қамтамасыз етуі үшін кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын сот органдары мен тексеру органдары істің тез қаралуын жүзеге асыруы керек. Істері сотта әлі қаралып үлгермеген кәмелетке толмағандар үкім жазасы кесілген басқа кәмелетке толмағандардан бөлек отырғызылуы керек.
      18. Уақытша қамауда отырған, істері сотта қаралып үлгермеген кәмелетке толмағандарға жасалатын жағдайлар төменде көрсетілген нормаларға және басқа да нақты қажетті және орынды деп саналатын ережелерге сәйкес кінәсіздік презумпциясы, қамалудың ұзақтығы, кәмелетке толмағаннның құқықтық мәртебесі және істің ерекшеліктері секілді жағдайларды ескере отырып жасалуы керек. Аталмыш ережелерге келесі ережелер жатады (әлбетте, мұнымен ғана шектелмейді):
      a) кәмелетке толмағандар заңгерлік кеңестер алуға құқылы болуы керек және мүмкін болған жағдайларда, ақысыз заңгерлік кеңестер алуға өтініш жасауына мүмкіндігі болуы тиіс, сонымен бірге өзінің қорғаушысымен үнемі көрісіп тұруына мүмкіндік берілуі қажет. Олардың осындай көрісуі кезінде жеке өміріне құл сұқпаушылық және құпиялылық шарттары орындалуы тиіс;
      b) мүмкін болған жағдайда, кәмелетке толмағандарға ақысы төленетін жұмыстармен айналысуын немесе білім алуын немесе кәсіптік дайындығын жалғастыруына мүмкіндік берілуі керек, бірақ мұны талап етуге болмайды. Олардың еңбегі, білім алуы немесе кәсіптік дайындықтан өтуі олардың уақытша қамауда болу мерзімін созбауы тиіс;
      c) Кәмелетке толмағандарға, егер бұл сот төрелігін орындауға қайшы болмаса, дем алуға қажетті нәрселерді ұстауына рұқсат берілуі керек.

IV. Кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемелерін басқару

А. Есептер

      19. Барлық есептер, оның ішінде, істің материалдары, медициналық зерттеулердің қортындылары және тәртіп бұзу ісін қарау хаттамалары, сонымен бірге тәрбиелік шаралардың формалары мен мақмұндарына байланысты өзге де құжаттар ұдайы жаңа материалдармен толығып отыратын, тек қана өкілеттенген тұлғаларға қолжетімді болып табылатын және түсінілуіне оңай болатындай жіктемеленген кәмелетке толмағанның құпия жеке ісінде сақталуы тиіс. Мүмкін болғанынша, кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың әрбірі өзінің ісіндегі нақты емес, негізсіз немесе әділетсіз тұжырымдарды түзету мақсатында, кез-келген деректі немесе пікірді жоққа шығаруына құқылы болуы тиіс. Осы құқықты жүзеге асыру мақсатында, кәмелетке толмаған құқық бұзушының немесе сәйкес тәуелсіз үшінші тараптың өтінішімен материалдармен танысуына жол беретін тәртіптемелер қарастырылады. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы бостандыққа шыққан кезде, оның ісі мөрленіп және белгіленген уақытта жойылып отырады.
      20. Ешбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы заңды күші бар сот билігінің, әкімшілік биліктің үкімінсіз түзеу мекемесіне қабылданбауы керек. Мұндай қаулылардың деректері кідірместен регистрге енгізіліп отыруы тиіс. Ешбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы осындай регистрі жоқ түзеу мекемесінде ұсталмауы керек.

В. Түзеу мекемесіне орналастыру, тіркеу, ауыстыру және аудару

      21. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы орналасқан әрбір мекемеде кәмелетке толмаған әрбір құқық бұзушыға қатысты толыққанды және дәл жазбалар енгізіліп отыруы қажет. Ол жазбалар төмендегілерді қамтуы тиіс:
      a) кәмелетке толмаған құқық бұзушының тұлғасы туралы мәлімет;
      b) қамауға алу дерегі мен себептері және негіздемелер;
      c) орналастырудың, ауыстырудың және босатудың орын алған күні, сағаты;
      d) қамалу кезінде қолында болған ата-анасы немесе қамқоршысына кәмелетке толмаған құқық бұзушының қамауға алыну, ауысу немесе босау жағдайы туралы хабардар болғанын растайтын хабарламалар;
      e) Кәмелетке толмаған құқық бұзушының физикалық және психикалық денсаулығы туралы белгілі болған деректер, атап айтқанда наркотик пен ішімдікке әуестігі.
      22. Кәмелетке толмаған құқық бұзушының қамауға алынуы, орналасу мекен жайы, аударылуы немесе босатылуына қатысты жоғарыда аталған мәліметтер дереу ата-анасына, қамқоршыларына немесе ең жақын туысына хабарланып отыруы керек.
      23. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыны қамауға алғаннан кейін ең қысқа мерзім ішінде олардың қамауға алғаннан кейінгі жағдайы туралы деректер дайындалып, бұл туралы есептер әкімшілікке жеткізіліп отыруы керек.
      24. Түзеу мекемесіне орналастырылғаннан кейін, барлық кәмелетке толмаған құқық бұзушылар сол мекемедегі тәртіп ережелерінің бір данасын және олардың құқықтары мен міндеттері мен шағымдарды қабылдайтын органдардың, сондай ақ заңгерлік көмек көрсететін мемлекеттік және жеке органдардың мекен-жайлары туралы түсінікті тілінде жазылған мәліметтерді алуы тиіс. Ал сауаты ашылмаған немесе оқуды білмейтін кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға мұндай мәліметтер оған түсінуін толық қамтамасыз ететін жолмен берілуі керек.
      25. Барлық кәмелетке толмағандарға түзеу мекемесінің ішкі тәртібін реттейтін ережелер, жасалатын күтімдердің мақсаттары мен әдістері, тәртіптік талаптар және тәртіптемелер, осымен бірге ақпарат алуға және шағымдануға рұқсат алу жолдары, және басқа да олардың түзеу мекемесінде отырған кезіндегі құқықтары мен міндеттерін толық ұғынуына мүмкіндік беретін мәселелер түсіндірілуі қажет.
      26. Кәмелетке толмағандарды тасымалдау – түзеу мекемесінің әкімшілігінің есебінен қажетті желдету және жарық жүйелері қамтамасыз етілген арнайы көліктерде оларға қиындық әкелмейтін және олардың намыстарын қорламайтын жолмен жүзеге асырылуы керек. Кәмелетке толмағандар бір мекемеден екінші мекемеге қалай болса солай аударыла алмайды.

С. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыны бөлу және орналастыру

      27. Түзеу мекемесіне түскеннен бастап ең қысқа мерзім ішінде әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушымен әңгімелесу керек, және нақты сол кәмелетке толмаған құқық бұзушыға байланысты жасалатын күтім мен бағдарламаға қатысы бар кез-келген фактор анықталатын психологиялық және әлеуметтік есеп әзірленуі тиіс. Аталмыш есеп кәмелетке толмаған құқық бұзушының қамауға алынған күні медициалық қызметкер жасаған тексеру нәтижесімен бірге директорға жолданады. Мұның мақсаты директор дәл сол кәмелетке толмағанды мекеменің қай бөліміне орналастыру қажеттілігін анықтауға, сонымен қатар оған қатысты нақты көрсетілу қажет күтім мен ұстанатын бағдарламаны анықтауға керек. Сауықтыру шараларын орындау қажет болған кезде, түзеу мекемелерінде орналасу мерзімі мүмкіндік берсе, мекеменің біліктенген қызметкерлері жазбаша түрде аталмыш шаралардың мақсаттары, мерзімдері мен қажетті қаржылар және аталмыш мақсаттарға жетуге бағытталған шаралардың барысында ескерілуі керек кезеңдер мен кідірістер туралы жеке жоспар дайындауы керек.
      28. Кәмелетке толмағандар олардың ерекше қажеттіліктерін, мәртебесін және олардың жас ерекшеліктеріне байланысты, тұлғалық және жыныстық ерекшеліктеріне байланысты, сондай ақ құқық бұзушылық түріне, олардың психикалық және физикалық ахуалына және оларды барынша теріс ықпалдан және қауіпті жағдайларға ұшырауынан алдын алатын шараларға байланысты талаптарды толық қарастыратын жағдайларда орналасуы керек. Бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарды категория бойынша бөлуге негіз болатын өлшем ретінде нақты бір құқық бұзушының қажеттіліктеріне мүмкіндігінше жауап беретін және оның физикалық, психикалық және ар-намысының бүтіндігін қорғауды қамтамасыз ететін күтім қарастырылуы тиіс.
      29. Барлық түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек орналастырылуы керек. Бұл шарт тек бір отбасының мүшелеріне қолданылмайды. Бақылану жағдайларында, кәмелетке толмағандар тыңғылықты тағайындалған ересектермен бірге жақсы ықпал ететін арнайы бағдарламаға қатыса алады.
      30. Кәмелетке толмағандарға арнап, ашық түзеу мекемелерін ашқан абзал. Ашық түзеу мекемелері дегеніміз қауіпсіздік шаралары жоқ немесе ондай шаралар шектелген мекемелерді білдіреді. Мұндай мекемелерде орналасқан тұлға саны барынша аз болуы керек. Жабық түзеу мекемелерінде орналасқан кәмелетке толмағандар саны оларға қатысты тәрбие жұмыстары жекелеп жүргізілуі үшін, аз болуы керек. Кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемелері орталықсыздандырылуы керек және кәмелетке толмағандар мен олардың отбасылары арасындағы қарым қатынасты жеңілдету үшін аса үлкен болмауы тиіс. Белгілі бір әлеуметтік, экономикалық және мәдени қауымдық ортаның құрамдас бөлігі болып табылатын кішігірім түзеу мекемелерін жасақтау керек.

D. Түзеу мекемелеріне қойылатын шарттар

      31. Бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандар тазалықтың, гигиенаның және адам намысын құрметтеу талаптарына жауап беретін жағдайлар мен қызметтерге иеленуге құқылы.
      32. Кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемелері мен ондағы жағдайлар онда орналасқан кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге бағытталған, атап айтқанда олардың оңаша болуға, эмоциялық ұмтылыстарына, құрдастарымен араласу, спортпен, дене тәрбиесімен, дем алу мұқтаждарына барынша мән беріле отырып, жасалуы керек. Кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемелерінің ғимараттары құрылысының жоспары мен құрылымы өрттің шығуын барынша болдырмайтындай етіп дайындалуы керек және ғимараттың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуі керек. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, тиімді өртке қарсы жабылдар орнатылады және өрт кезіндегі әрекеттерге алдын ала дайындық жүргізіледі. Түзеу мекемелері денсаулыққа қауіпті немесе басқа да қауіптермен байланысты аймақтарда орналаспауы керек.
      33. Жатын орындар заң бойынша кішігірм топтарға арналған бірнеше бөлмеден тұрады немесе бір адамға арналған дербес бөлмелерден тұрады, бұлардың барлығы жергілікті стандарттарға байланысты болады. Ұйықтауға арналған мезгіл ішінде барлық жатын орындар, атап айтқанда жеке бөлмелер мен бірнеше адамға арналған бөлмелер кәмелетке толмағандардың әрбірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, кедергі келтірмейтін жолмен ұдайы бақыланып отырады. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы жергілікті және ұлттық нормаларға сәйкес, таза күйінде берілуі тиіс, тиісінше жиналып тұруы және алмастырылып тұруы тиіс қажетті төсек бұйымдарымен қамтылады.
      34. Дәрет және тазалық орындары бекітілген нормаларға жауап беретіндей және әрбір кәмелетке толмағанның кез-келген уақытта оңашада, тыныштықта, тазалықта және ыңғайлы жағдайларда қажетін өтеуіне мүмкіндік беретіндей орналасуы керек.
      35. Жеке заттарын ұстау кәмелетке толмаған құқық бұзушының жеке өмірінің қажетті бөлшектерінің бірі болып табылады, осы себепті оның психологиялық игілігі үшін аса маңызды мағынаға ие. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушының жеке заттары мен бұйымдарына және оларды сақтайтын орынға ие болу құқығын толықтай мойындау керек және құрметтеу керек. Кәмелетке толмаған өзіне қалдырғысы келмеген немесе тәркіленген жеке заттары сенімді жерге сақтауға берілуі керек. Олардың тізбелемесін кәмелетке толмаған құқық бұзушы өзі толтырады. Сондай ақ сол заттардың жақсы қалыпта сақталуын қадағалау керек. Аталмыш заттар және ақшалар кәмелетке толмаған құқық бұзушы оларды жаратуына рұқсат берілсе немесе сол заттарды түзеу мекемелерінен тыс басқа жаққа жіберуі рұқсат етілген жағдайлардан басқа уақытта, бостандыққа шыққанда қайтарылуы тиіс. Егер кәмелетке толмаған құқық бұзушы қабылдауы керек дәрі-дәрмек қабылдайтын болса, немесе жанында сондай дәрі-дәрмек болса, оны әрі қарай не істеу керектігін медициналық қызметкер шешеді.
      36. Бар мүмкіндігінше кәмелетке толмағандар өзінің жеке киімдерін киюіне құқылы болуы тиіс. Түзеу мекемелері әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушының климаттық, тазалық пен гигиеналық жағдайларға сәйкес келетін және кәмелетке толмағанның ар намысын қорламайтын және таптамайтын өз киімінің болуын қамтамасыз етуі қажет. Түзеу мекемелерінен уақытша шығарылған немесе қандай да бір мақсатпен уақытша босатылған кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға өз киімдерін киюіне рұқсат берілуі керек.
      37. Түзеу мекемесі кәмелетке толмаған әрбір құқық бұзушыны тамақтанудың үйреншікті мезгілінде дұрыстап пісірілген және дұрыстап берілген, сапасы мен мөлшері емдәмдік және тазалық пен гигиеналық нормаларға сай, сондай ақ мүмкіндігінше кәмелетке толмаған құқық бұзушының діни және мәдени ұстанымдарына сай ауқатпен қамтамасыз етуіне міндетті. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы кез-келген уақытта таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Е. Білім алу, кәсіби дайындық және еңбек ету

      38. Кәмелетке толмаған әрбір құқық бұзушы міндетті мектеп білімін алу мерзімінде оның қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес келетін және оның қоғамға сіңісуіне көмек болатын білім алуына құқысы бар. Осылай білім алу бар мүмкіндігінше, түзеу мекемелерінен тыс жерлерде ұйымдардың мектептерінде жүзеге асырылғаны жөн, және қандай жағдайда да, білім беруді тиісті мемлекеттің білім жүйесіне сәйкес бағдарламалар бойынша, білікті оқытушылар жүргізуі керек. Бұл шаралар кәмелетке толмаған құқық бұзушының бостандыққа шыққанан кейін білімін кедергісіз жалғастыруына қажетті шарт. Түзеу мекемелерінің әкімшілігі шетелдік тегі бар, айрықша мәдени немесе ұлттық мұқтаждығы бар кәмелетке толмаған құқық бұзушының білім алуына өте-мөте көңіл бөлуі керек. Сауатсыз немесе білім алу кезінде ерекше қиындықтарға душар болған кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың арнайы білім алуына құқылары бар.
      39. Міндетті мектептік білім алу уақытынан асып кеткен, алайда білімін жалғастыруға ниетті кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға мұндай мүмкіншілікті беру керек және оның осы ниетін ынталандыру керек, сонымен қатар олардың тиісті білім бағдарламаларына қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
      40. Түзеу мекемесіндегі Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға берілетін дипломдар мен білімі туралы куәліктерде оның түзеу мекемесінде болғаны туралы қандай да бір жазба енгізілмеуі тиіс.
      41. Кез-келген түзеу мекемесі қорында кәмелетке толмағандарға арналған, қажетті оқулықтарымен қатар, қызықты кітаптары мен мерзімді басылымдары бар кітапханаға қолжетімділікпен қамтамасыз етуі тиіс; кәмелетке толмағандар сол қордағы кітаптарды пайдалануға мүмкіндігі болуы керек және соған ынталандырылуы қажет.
      42. Кәмелетке толмаған әрбір құқық бұзушы оның келешекте жұмысқа тұруына қажет болатын мамандықтар бойынша кәсіби білім алуына құқығы бар.
      43. Тиісті кәсіпті таңдау мүмкіндігінің шегінде және түзеу мекемесінің әкімшілігінің талаптарын ескере отырып, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға олар қалаған жұмыс түрлерін таңдауға мүмкіндік берілуі керек.
      44. Балалардың және жасөспірім еңбегіне қатысты барлық ұлттық және халықаралық күзет нормалары бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарға да қатысты қолданылуы тиіс.
      45. Әрдайым, қаншалықты мүмкін болғанынша, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар жергілікті қауымға қайта оралған кезде жұмысқа қиындықсыз тұрып кету мақсатымен өткен кәсіби дайындығына қоса, ақысы төленетін жұмыстарды жасауына жергілікті жергілікті қауымның аясында мүмкіндік берілуі керек. Бұл жұмыстардың түрлері кәмелетке толмаған құқық бұзушы бостандыққа шыққан кезде кәсіби қызметке кірісуіне мүмкіндік беретіндей болғаны жөн. Түзеу мекемелерінде берілетін жұмыстардың ұйымдастырылуы мен әдістері, қаншалықты мүмкін болғанынша, кәмелетке толмаған құқық бұзушы бостандыққа шыққан кезде қауым аясында жұмыс жасауына ыңғайлы болу үшін, сол жұмыстардың ұйымдастырылуы мен әдістеріне сай болуы керек.
      46. Жұмыс істеуші әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы әділ жалақыға құқылы болуы тиіс. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың және олардың кәсіби дайындығының мүдделері ол орналасқан түзеу мекемесінің немесе басқа да үшінші тұлғаның тарапынан пайда табу мүдделерінен төмен тұрмауы керек. Кәмелетке толмаған құқық бұзушынығң тапқан табысының белгілі бір бөлігі ол босап шыққан кезде берілу мақсатында жинақ ретінде жиналып тұруы керек. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы жалақысының қалған бөлігін өзі қолданатын тауарларды алуына немесе өзі жасаған құқық бұзушылығынан зардап шеккен жәбірленушіге залалды өтеуге жолдауына немесе өзінің отбасына, түзеу мекемесінің сыртындағы басқа да азаматтарға жолдауына құқылы болуы тиіс.

F. Демалыс

      47. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы күнделікті дене жаттығуларына, әсіресе егер ауа-райы мүмкіндік берсе, таза ауада дене жаттығуларымен айналысуына жеткілікті уақыты болуы керек, және осы уақыт ішінде оның тиісті сауықтырушы немесе дене жаттығуларымен ғана айналысқанын қамтамасыз еткен абзал. Осы шараларды орындау үшін арнайы орындар мен бұйымдар және жабдықтармен қамтыған дұрыс. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы күнделікті демалысы үшін қосымша уақыты болуы керек, олардың белгілі бір бөлігін, кәмелетке толмағанның өзінің қалауынша, көркемөнермен және белгілі бір қолөнермен айналысуына бөлуге болады. Түзеу мекемелері әрбір кәмелетке толмағанның осындай ұсынылған физикалық дайындық бағдарламаларынан өтуі үшін физикалық тұрғыда жарамды болуын қамтамасыз етуі керек. Емдік дене тәрбиесі мен емделуді қажет ететін кәмелетке толмағандар медициналық бақылаудың назарында тиісті курспен қамтамасыз етілуі тиіс.

G. Діни наным

      48. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушыға өзінің діни және рухани өміріне қатысты қажеттерін өтеуіне рұқсат берілген дұрыс, әсіресе атап айтар болсақ, сол түзеу мекемесінде өткізіліп жатқан діни-нанымдық қызметтерге, жиналыстарға қатысуына немесе оның діни-нанымына сай қызметтерге қатысуына, сондай ақ діни-нанымдық кітаптарды оқуына немесе діни культтық бұйымдарын пайдалануына және өзінің діни нанымына қарай білім алуына мүмкіндік берілген жөн. Егер түзеу мекемесінде белгілі бір діни нанымды ұстанатын кәмелетке толмағандардың жеткілікті саны болса, онда сол діннің бір немесе бірнеше қызметкерін ұдайы діни қызметтерді өтеуге түзеу мекемесіне тағайындап немесе жіберіп отыру керек, және егер кәмелетке толмағандардың өтініші бойынша, діни мақсаттар үшін құпия түрде жіберуге болады. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы өзінің ұстанатын дінінің білікті өкілімен өз таңдауы бойынша кездесіп отыруына, сонымен қатар діни қызметтерге қатыспауына және діни оқулардан, насихаттардан, уағыздардан өз еркімен бас тарутына құқылы болуы тиіс.

Н. Медициналық қызмет көрсету

      49. Әрбір кәмелетке толмағанға тиісті емшаралық, сондай ақ емдік медициналық қызметтер көрсетілуі тиіс, оның ішіне стоматологиялық, офтальмалогиялық және психиатриялық медициналық қызметтер ұсынылуы керек, осылармен бірге медициналық тағайындалымдарға сай, фармацевтикалық дәрі-дәрмектер мен арнайы диеталар ұсынылуы қажет. Жоғарыда аталған медициналық қызметтердің барлығы түзеу мекемелерінде орналасқан кәмелетке толмағандарға түзеу мекемелерінің орналасқан ұйымдарындағы бар тиісті мекемелер мен денсаулық сақтау қызметтерінің тарапынан беріледі, және бұл шаралар кәмелетке толмаған құқық бұзушының намысын қорламауы керек, тіпті оның өз-өзіне деген құрмет сезіміне және қоғамға сіңісіп кетуі үшін оң ықпал етуі керек.
      50. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы түзеу мекемесіне түскен бойда, оларға көрсетілген алдыңғы нашар қарым қатынас пен дәрігер анықтайтын кез-келген физикалық немесе психикалық мүкістіктерін белгілеу мақсатында, дәрігердің тарапынан тексерілуге құқылы.
      51. Кәмелетке толмағандарға көрсетілетін медициналық қызметтер олардың қоғам өміріне тартылуына кедергі келтіруі мүмкін кез-келген физикалық немесе психикалық ауруын, наркоманияны немесе өзге де мүкістіктерді анықтауды мақсат тұтуы тиіс. Кәмелетке толмағандарға арналған әрбір түзеу мекемесінің өзіндегі орналасқан құқық бұзушылардың саны мен қажетіне сай медициналық құралдар мен жабдықтарға, осымен бірге емшаралық және шұғыл медициналық көмек көрсете алатын медициналық қызметкерлерге тікелей қолжетімділікке ие болуы керек. Әрбір науқастанған, денсаулығына шағымы бар, ауру нышандары байқалған немесе психикалық ауытқулары бар кәмелетке толмаған құқық бұзушы дереу медициналық қызметкер тарапынан тексерілуі тиіс.
      52. Кәмелетке толмаған құқық бұзушының физикалық немесе психикалық ахуалы қамаудың, ашығудың немесе түзеу мекемесіндегі басқа да шарттардың себебінен нашарлап кетті деп немесе нашарлайды деп санауға негіздемесі бар кез-келген медициналық қызметкер бұл туралы кідіртпестен сол түзеу мекемесінің директорына немесе кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың игілігіне жауапты басқа да тәуелсіз билік орындарына хабарлауға тиісті.
      53. Психикалық аурумен ауыратын кәмелетке толмаған құқық бұзушы тәуелсіз медициналық бақылау астында арнайы мамандандырылған мекемеде ем қабылдауы тиіс. Тиісті органдардың келісімі бойынша бостандыққа шыққаннан кейін де, олардың психиатриялық емдерден өтуін жалғастыруына қамтамасыз ететін шаралар жасаған дұрыс.
      54. Кәмелетке толмаған түзеу мекемелері наркотиктерді асыра қолданудың алдын алу бойынша бағдарламаларды іске асыру керек және білікті мамандардың басқаруымен наркомандарды сауықтыру бағдарламаларын жасау керек. Аталмыш бағдарламалар кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың жас ерекшелігін, жынысын және басқа да ерекшеліктерін ескеруі қажет, ал кәмелетке толмаған наркомандар мен ішкіштер үшін арнайы дайындалған мамандардан құралған айықтыру қызметтері құрылуы тиіс.
      55. Емдік дәрі дәрмектер кәмелетке толмаған құқық бұзушының жағдайларға қаныққаннан кейінгі келісімін алу арқылы тек қана қажетті медициналық ем үшін қолданылуы тиіс. Олар ешбір жағдайда және ешқашан заңсыз жолмен қажетті ақпарат алуға немесе кәмелетке толмаған құқық бұзушының кінәсін мойындату мақсатында, оны жазалау мақсатында немесе оны ұстау мақсатында қолданылмауы тиіс. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыға ешқашан да емдік дәрі-дәрмектер және емдеу тәсілдері сынақ ретінде жасалмауы керек. Кез-келген дәрі дәрмектің қолданылуы бекіту бойынша білікті медициналық қызметкер тарапынан жүзеге асырылуы керек.

I. Кәмелетке толмағанның науқасы, жарақаттануы және өлімі туралы хабарлама

      56. Кәмелетке толмаған құқық бұзушының отбасының, қамқоршысының немесе басқа да кәмелетке толмаған құқық бұзушы нұсқаған тұлғалардың кәмелетке толмағанның денсаулық ахуалы мен қауіпті болуы ықтимал денсаулығының нашарлауы туралы оның өтініші бойынша хабардар болуына құқығы бар. Түзеу мекемесінің директоры отбасын, қамқоршысын немесе кәмелетке толмаған құқық бұзушы нұсқаған басқа да тұлғаларды оның өлімі туралы, оны түзеу мекемесінен тыс медициналық мекемеге ауыстыруды қажет ететін науқасы туралы немесе түзеу мекемесінің аймағындағы медициналық клиникада 48 сағаттан артық жатып емделуді талап ететін науқасы туралы хабардар қылуы тиіс. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы шетелдік азамат болған жағдайда, мұндай хабарлама мемлекеттік елшілік билік органдарына жолдануы тиіс.
      57. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы бас бостандығынан айрылу мерзімі ішінде қайтыс болған жағдайда, оның ең жақын туысы оның өлімі туралы куәлікпен танысуына, оның мәйітін қарауына және оны жерлеу түрін белгілеуіне құқысы болуы тиіс. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы қамалу кезінде қайтыс болған жағдайда, оның өлімі туралы тәуелсіз сараптама жүргізілуі керек және бұл туралы есеп ең жақын туысына танысу үшін ұсынылады. Осымен қоса, егер кәмелетке толмаған құқық бұзушының өлімі қамау кезіне тікелей байланысты деп санауға негіз болса, түзеу мекемесінен шыққаннан кейін алты ай мерзімі ішінде қайтыс болған болса да осындай сараптама жүргізілуі керек.
      58. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы ең жақын туысының бірінің өлімі туралы, ауыр науқасы туралы немесе жарақаты туралы ең қысқа мерзімде хабардар етілуі тиіс және қайтыс болған жақынының жерлеуіне қатысуына және ауыр науқастанған жақынымен көрісуіне құқысы болуы тиіс.

J. Араласатын адамдар қатарының көбеюі

      59. Кәмелетке толмағанның сыртқы әлеммен түзу қарым қатынасын қамтамасыз ету үшін барлық амалды пайдалану керек. Себебі, бұл әділ және адамгершілік қарым қатынасқа құқықтылықтың және бөлінбес бөлігі және кәмелетке толмағандарды қоғамға кері оралуына дайындық болып табылады. Кәмелетке толмағандарға олардың отбасыларымен, достарымен және басқа да тұлғалармен немесе сенімді болып табылатын ұйымдардың өкілдерімен араласуына, үйіне барып келуіне, оқу, кәсіби білім алу және басқа да маңызды мақсаттарға түзеу мекемесінен уақытша шығуына рұқсат берілуі керек. Егер кәмелетке толмағана құқық бұзушы жазасын өтеп жатқан болса, түзеу мекемесінен тыс өткізген уақыты қамалу мезгіліне жатқызылады.
      60. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы өзінің отбасы мүшелерімен және қамқоршысымен ұдайы және жиі көрісіп тұруына, нақты айтсақ, аптасына бір рет және айына бірден кем емес мәрте оңашада көрісіп тұруына құқығы бар, және бұл кездесулер оның жүздесуін шектемеу керек.
      61. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушының өз таңдауы бойынша қандай да бір тұлғамен хат жазысуына немесе құқықтық шектеусіз сымтетік арқылы сөйлесуіне құқығы бар және осы құқықты жүзеге асыру мақсатында өзіне қажетті көмекті қабылдауына құқығы бар. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушының өзіне келген хаттарды алуына құқығы бар.
      62. Кәмелетке толмағандардың әлемде болып жатқан жағдайлар туралы ақпараттар алып отыруына, газет, жорнал және басқа да басылымдар оқуына, радио, теледидар бағдарламаларына, кинофильмдерге қолы жетімді болуы керек, сонымен қатар кез-келген заңдастырылған клубтардың немесе өзі қызығушылық танытқан ұйымдардың өкілдерімен кездесуіне мүмкіндігі болуы керек.

К. Дене зорлығы мен күштеуді тыю

      63. 64 тармағындағы жағдайлардан басқа, дене зорлығы мен қандай да бір мақсаттарда күш қолдануға тыйым салынады.
      64. Дене зорлығы мен күштеу шараларын қолдану тек қана басқа ықпал ету шаралары мен бақылау шаралары қалмаған жағдайда, және ол шаралардан нәтиже шықпаған жағдайда, заң мен қаулылардың рұқсат еткен шегінде ғана рұқсат етіледі. Бұл шаралар кәмелетке толмағанның намысын қорлайтындай немесе жәбірлейтіндей сипатта болмауы керек және бұлардың орындалу реті мен ұзақтығы шектеулі болуы тиіс. Түзеу мекемесі әкімшілік басшысының бұйрығымен мұндай шараларға тек кәмелетке толмаған құқық бұзушы өзіне, басқа тұлғаларға немесе мүлікке зардап беруі ықтимал болған жағдайда жүгінуге болады. Сондай ақ осындай қауіп туған жағдайда, директор уақыт ұзатпастан, медициналық және басқа да сәйкес қызметкерлермен кеңесуі керек және бұл туралы жоғары тұрған әкімшілік органына хабарлауы тиіс.
      65. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған кез-келген түзеу мекемесінде қызметкерлердің қару ұстауына және қолдануына тыйым салынуы керек.

L. Тәртіптік режим

      66. Барлық тәртіптік шаралар мен тәртіптемелер қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуі керек және тәртіптің сақталуына қызмет етуі керек, кәмелетке толмағандарлың ажырағысыз сипаты болып табылатын намысын қорғауды мақсат тұтуы тиіс, нақтырақ айтқанда, әділеттілік сезіміне баулу, өз-өзін құрметтеуді және әр адамның құқығын қорғауды үйретуі керек.
      67. Барлық қатал, адамгершілікке жатпайтын немесе адамдық намысты таптайтын қарым қатынасты танытатын барлық тәртіптік шараларға, дәлірек айтсақ, дене жазалары, карцерге салу, қатал шарттармен абақтыға салу немесе кәмелетке толмағанның физикалық немесе психикалық ахуалына залалын тигізетін кез-келген жазаларға қатаң тыйым салынуы керек. Қандай да бір мақсатта, кәмелетке толмағанның ауқаттануына шек қоюға, отбасымен араласуын шектеуге толықтай тыйым салынуы тиіс. Еңбек – кәмелетке толмаған құқық бұзушыны тәрбиелеу жолы ретінде және оған қоғамға қайта оралуына жәрдем беретін, өз-өзіне деген құрметтің қалыптасуына ықпал ететін амал ретінде қарастырылуы керек және ешбір жағдайда да тәртіптік жаза ретінде қолданылмауы тиіс. Ешбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы өзі жасаған тәртіп бұзушылығы үшін қайталай жазаланбауы тиіс. Топтық жазаларға тыйым салынуы керек.
      68. Құзіретті әкімшілік органдары кәмелетке толмағандардың айрықша ерекшеліктерін, қажеттерін және құқықтарын толықтай ескере отырып қабылдаған ережелерінде және нұсқаулықтарында мына аспектілерді қамтитын нормалар бекітіледі:
      a) тәртіп бұзу ретінде қабылданылатын әрекет;
      b) белгіленетін тәртіптік ықпалшаралардың түрі мен ұзақтығы;
      c) осындай ықпалшараларды белгілеуге өкілеттенген инстанциялар;
      d) шағымдарды қарастыруға өкілеттенген инстанциялар;
      69. Кәмелетке толмағанның нашар тәртібі туралы есептер тез арада шешім қабылдау үшін іле-шала құзіретті билік органдарына жіберілуі керек. Құзіретті билік органдары олардың қарауына жіберілген әрбір жағдайды жете қарастыру керек.
      70. Кәмелетке толмағандарға қатысты тәртіптік ықпалшаралар қолданыстағы заңнамалардың немесе қаулылардың қағидаларына сәйкестігін қатаң сақтай отырып қолданылуы керек. Қандай да бір кәмелетке толмаған құқық бұзушыға қатысты орындалатын ықпалшара тек қана оның жасаған орынсыз қылығы туралы түсінікті тілде хабарлағаннан соң және оның құзіретті бейтарап органға аппеляциялық шағымдануына мүмкіндік берілуі арқылы қолданыла алады. Тәртіп бұзушылықты қарастырудың барлық хаттамалары сақталуы тиіс.
      71. Ешбір құқық бұзушы тәртіпті сақтап тұруға байланысты қызметтерді орындамауы тиіс, алайда осы ережеге белгілі бір әлеуметтік салада, білім және спорт саласында немесе өзін-өзін басқару бағдарламасының шеңберінде тәртіпті сақтау қызметтері есептелмейді.

М. Тексеріс және шағымдарды қарастыру

      72. Білікті инспекторлар немесе оларға балама басқа да жолмен тағайындалған, мекеменің әкімшілігіне жатпайтын лауазымдық тұлғалар ұдайы және жоспарланбаған түрде жүргізілуі тиіс тексерістерді өз қалауымен жүргізіп отыруына құқылы болуы керек және мұндай тексерістерді жүргізу кезінде толықтай тәуелсіз болудың кепілдігімен қамтамасыз етілуі керек. Инспекторлар кәмелетке толмаған, бас бостандығынан айрылған немесе айрылуы мүмкін құқық бұзушылар орналасқан түзеу мекемелерінде қызмет ететін барлық қызметкерлерге, барлық кәмелетке толмағандарға және сол мекемелердің құжаттарының барлық түріне қолжетімділікпен қамтамасыз етілуі керек.
      73. Тексеріс органдарына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау қызметіне бекітілген білікті медициналық қызметкерлер аталмыш тексерістерге қатысып отыруы тиіс. Олар кәмелетке толмағандардың физикалық және психикалық ахуалына ықпал ететін физикалық жағдайларының, гигиенаның, өмір сүру шарттарының, ауқатының, дене тәрбиесінің, медициналық қызмет көрсетілудің және басқа да аспектілердің нормаларға сәйкестігіне баға береді. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушының кез-келген инспектормен оңашада сұхбаттасуына құқығы болуы тиіс.
      74. Тексеріс аяқталғаннан кейін, инспектор шығарған қорытындылары туралы есеп беруі тиіс. Ол есептің ішіне осы ережелердің, ұлттық заңнамалардың және бұлардың орындалуын қамтамасыз етуге қажетті болып саналатын шараларға қатысты кез-келген ұсыныстардың орындалуының бағасы енгізілуі керек. Инспектор анықтаған кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты заңнамалардың бұзылуын немесе кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінің қызметіндегі тәртіптің бұзылуын куәландыратын кез-келген деректі тексеріс жүргізу үшін және сотта қарастыру үшін құзіретті органдарға хабарлап отыруы тиіс.
      75. Әрбір кәмелетке толмағанның түзеу мекемесінің директорына немесе оның өкілеттенген өкіліне өтінішпен немесе шағыммен жүгінуіне мүмкіндігі болуы керек.
      76. Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы мәтінінің мазмұнын цензурамен өзгертуге болмайтын өтінішпен немесе шағыммен орталық әкімшілікке, сот органына немесе басқа да тиісті билік органына бекітілген жол арқылы жүгінуіне құқылы және олардың шешімі туралы хабардар болуына құқылы.
      77. Бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандардың шағымдарын қабылдайтын және қарастыратын және оларға ақтысты әділ шешімін шығаратын арнайы тәуелсіз қызметтер (омбудсмен) жасақтауға шара қолдану керек.
      78. Әрбір кәмелетке толмағанның, мүмкін болса, өз отбасы мүшелерінің, заңгерлік кеңесшілердің, гуманитарлық көмек көрсетуші топтардың және басқа да тұлғалардың тарапынан көмек алу мақсатымен шағымдануына құқығы болуы тиіс. Сауатсыз кәмелетке толмағандарға заңгерлік кеңес беретін немесе шағымдарды қарастыру құқығы бар мемлекеттік немесе жеке мекемелердің және ұйымдардың қызметіне мұқтаж болған кезінде оларға осы мәселеде көмек көрсетілуі тиіс.

N. Қоғамға оралу

      79. Барлық бостандыққа шыққан кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты қоғамға, отбасы өміріне, білім алуына немесе еңбек жолына қайта оралуына көмек беретін шаралар жасалуы керек. Осы мақсатта оның уақытынан бұрын босатылуын қарастыратын жосықтар мен арнайы курстар ұйымдастырылуы тиіс.
      80. Құзіретті билік органдары кәмелетке толмаған құқық бұзушының қоғам өміріне қайта сіңісуіне бағытталған және осындай кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамның теріс түсініктерімен күресетін қызметтерді көрсетуі және қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қызметтер бар мүмкіндігінше, сол кәмелетке толмағандардың қоғамға қайта сіңуіне ықпал ету үшін лайықты тұрғын жаймен, жұмыспен, киіммен және босап шыққаннан кейінгі қажет болатын жеткілікті қаражатпен қамтамасыз етуі керек. Мұндай қызметтерді ұсынушы мекемелердің өкілдерімен кеңес жүргізілуі керек, және оларға түзеу мекемелеріндегі орналасқан қоғамға оралуына қолғабыстық ету үшін кәмелетке толмағандар қолжетімді болуы тиіс.

V. Қызметкерлер

      81. Эти и другие специалисты должны, как правило, наниматься на постоянной основе. Это не должно исключать использование специалистов, занятых неполный рабочий день или работающих на добровольной основе, в тех случаях, когда это целесообразно и полезно с точки зрения объема той помощи и уровня той подготовки, которые они могут обеспечить. Исправительные учреждения должны использовать все исправительные, воспитательные, моральные, духовные и другие возможности и формы помощи, которые представляются целесообразными и имеются в общине, и стремиться применять их с учетом индивидуальных потребностей и проблем несовершеннолетних. Түзеу мекемелерінің қызметкерлері білікті мамандар болуы тиіс және оның құрамына тәрбиешілер, өндірістік білім беру нұсқаушылары, әлеуметтік қызметтер қызметкерлері, психиаторлар мен психологтар тәріздес мамандардың жеткілікті саны кіруі тиіс.
      82. Түзеу мекемесінің әкімшілігі барлық деңгейді қамтитын қызметкерлер мен мамандардың жиынын және жалдауын мұқият жүргізуі керек, себебі түзеу мекемелерін дұрыс басқару олардың адалдығына, адамшылығына, кәмелетке толмағандармен жұмыс жасап білу қабулетіне, кәсіби дағдыларына, сондай ақ осындай жұмыстарға жарамдылығына тікелей байланысты.
      83. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін және жұмыс орнындағы сәйкес ер азаматтар мен әйел адамдарды ұстап қалу мақсатында, қызметкерлер лайықты жалақысы бар кәсіпқой қызметкер ретінде жұмысқа қабылдануы керек. Осы себепті, кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемелеріндегі қызметкерлерді өз міндеттерін адамшылықпен, адалдықпен және нәтижелілікпен орындауына ұдайы ынталандырып отыруы керек. Олардың бұл әрекеттері кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға ғибратты болуы керек және олардың келешегіне оң ықпалын тигізуі керек.
      84. Әкімшілік әрбір түзеу мекемесіндегі қызметкерлердің әртүрлі категориялары арасындағы қарым қатынасты жеңілдедететін ұйымдастыру мен басқару үлгілерін орнату тиіс, мұның мақсаты кәмелетке толмағандарды бақылайтын әртүрлі қызметтердің арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады, осылармен қоса кәмелетке толмағандармен тікелей араласатын қызметкерлердің өз міндеттерін нәтижелі орындауына жағдай жасау үшін қызметкерлер мен әкімшілік арасындағы ынтымақтастықты жақсарту қажет.
      85. Қызметкерлер өзінің міндеттерін жемісті атқаруына қажетті болып табылатын дайындықтан өтулері қажет, атап айтқанда бала психологиясына қатысты, баланың игілікті өміріне бағышталған дайындықтардан өткені абзал және олардың адам құқықтары мен бала құқықтары саласындағы халықаралық нормалармен, оның ішінде осы ережелермен танысуына мүмкіндік жасау керек. Қызметкерлер өзінің білімдері мен кәсіби дағдыларын кәсіби дайындық курстарынан жұмыстан алыстамай өтіп тұру арқылы үнемі жетілдіріп отыруы керек, және мұндай курстар қызметкерлердің қызмет жолында тиісті мерзімдерде өткізіліп отыруы керек.
      86. Түзеу мекемесінің директоры әкімшілік қабілеттілікке, лайықты дайындыққа, тәжірибеге және оған артылған міндеттерге сай тиіселі біліктілікке ие болуы керек және өзінің міндеттерін толыққанды жұмыс күні ішінде орындауы керек.
      87. Өзінің міндеттерін орындау кезінде түзеу мекемелерінің қызметкерлері адамдық намыс пен барлық кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтарын құрметтеуі және қорғауы керек. Атап айтар болсақ:
      а) түзеу мекемесінің ешбір қызметкері қандай да бір сылтаумен және қандай жағдай болмасын, азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін қолдануына, соған итермелеуге немесе жол беруіне болмайды;
      b) барлық қызметкер жемқорлықтың кез-келген әрекетіне табанды түрде қарсы шығуы керек және онымен күресуі керек, және мұндай әрекеттер туралы шұғыл түрде құзіретті билік органдарына хабарлаулары тиіс.
      c) барлық қызметкер осы Ережелерді ұстануы тиіс. Осы Ережелер бұзылды деп немесе бұзылуы ықтимал деп санауына негіздемесі бар кез-келген қызметкер бұл туралы осындай олқылықтарды қарастыруға және реттеуге өкілетті жоғары тұрған инстанцияларға немесе органдарға хабарлауы керек.
      d) барлық қызметкер кәмелетке толмағандардың физикалық және психикалық саулығының толық қорғалуын қамтамасыз етуі керек, бұл айтылғандардың ішіне оларды дене, жыныстық жолмен қиянат ету мен пайдаланудан және адам психикасын қорлаудан қорғау жатады және мұндай жағдай орын алған кезде олардың медициналық қараудан өтуіне жедел түрде шара қолдануы тиіс;
      е) барлық қызметкер кәмелетке толмағанның жеке өмірге деген құқығын құрметтеуі керек, әсіресе оларға және олардың отбасына қатысты өзінің кәсіби қызметтерін орындау кезінде белгілі болған құпия сипатқа ие деректердің құпиялылығын сақтауы тиіс.
      f) барлық қызметкер түзеу мекемесіндегі өмір сүру түрі мен сыртқы өмір арасындағы айырмашылықты барынша білдіртпеуге күш салуы керек. Бұл олардың кәмелетке толмағанның намысына ересек адамның намысымен бірдей деңгейде қарауында көрінеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады