Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы халықаралық термоядролық экспериментальдық реактордың техникалық жобасын әзiрлеу шеңберiндегi ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ

Жаңа

КЕЛIСIМ

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы 1993 жылғы 23 қыркүйектегi Атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмiнiң 1 және 2-баптарын басшылыққа ала отырып,
      іс жүзiнде шектеусiз, экологиялық жағынан қолайлы және экономикалық тұрғыдан бәсекелестiк қабiлетi мол қуат көзi ретiнде басқарылатын термоядролық синтездiң ұзақ мерзiмдi әлеуеттiк мүмкiндiгiн тани отырып,
      ғылымды, техника мен өнеркәсiптi дамытудың маңызды бiр элементi, халықаралық ынтымақтастықтың елеулi саяси және экономикалық факторы ретiнде термоядролық тақырып бойынша жүргiзiлетiн жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын пайымдай отырып,
      Тараптардың әрқайсысының ғылыми-техникалық әлеуетiн сақтау мен одан әрi дамытудың қажеттiгiне байланысты ұзақ мерзiмдi мүдделердi негiзге ала отырып,
      қалыптасқан ғылыми-техникалық және өндiрiстiк байланыстардың терең интеграциялануын ескере отырып,
      ғылыми-техникалық саладағы мемлекетаралық кооперацияның орындылығын атап көрсете отырып,
      Атом энергиясы жөнiндегi еуропалық қоғамдастық, Ресей Федерациясының Yкiметi, Америка Құрама Штаттарының Yкiметi және Жапония Yкiметi арасындағы Халықаралық термоядролық экспериментальдық реактордың техникалық жобасын әзiрлеудегi ынтымақтастық туралы 1992 жылғы 21 шiлдеде қол қойылған келiсiмдi (ХТЭР), оған қосымшалар мен хаттамаларды, сондай-ақ оның күшiн 2001 жылға дейiн ұзартатын Келiсiмдi, бұдан былай ХТЭР жөнiндегi келiсiм деп аталатын, түзетудi негiзге ала отырып,
      бұдан былай ХТЭР техникалық жобасы деп аталатын Халықаралық термоядролық экспериментальдық реактордың техникалық жобасы шеңберiндегi бiрлескен жұмыстарды жүргiзу мақсатында,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                1-бап
       Тараптар өздерiнiң халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес және өздерiнiң ұлттық заңдары шеңберiнде ХТЭР техникалық жобасын әзiрлеуге сындарлы үлес қосу мақсатында өз қызметтерiн жүзеге асырады.
 

                                2-бап
       Тараптар ХТЭР техникалық жобасы бойынша өзара келiсiлген ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау жөнiнде өздерiне мiндеттемелер алады.
 

                                3-бап
       1. Тараптар ХТЭР техникалық жобасы бойынша өзара келiсiлген ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу саласында өздерiнiң Өкiлеттi өкiлдерi етiп мыналарды тағайындайды:
      Қазақстан жағынан - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi Ғылым академиясы,
      Ресей жағынан - Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөнiндегi министрлiгi.
      Аталған өкiлеттi өкiлдер ХТЭР техникалық жобасының тиiсiнше Қазақстандық және Ресейлiк дирекцияларын құрады.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы ХТЭР техникалық жобасының Ресей дирекциясы мен Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөнiндегi министрлiгiнiң тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасында ХТЭР техникалық жобасының шеңберiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың орындалуын үйлестiреді.
      3. ХТЭР техникалық жобасының шеңберiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың негiзгi орындаушылары:
      Қазақстан Республикасынан - Атом энергиясы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Қазақ мемлекеттiк университетiнiң Экспериментальдық және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты;
      Ресей Федерациясынан - "Д.В.Ефремов атындағы электрофизикалық аппаратураларды ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк кәсiпорны, "Энерготехника ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты" мемлекеттiк бiрегей кәсiпорны, академик А.А.Бочвар атындағы Ресей Федерациясының мемлекеттiк ғылыми орталығы - Бүкiлресейлік органикалық емес материалдар ғылыми-зерттеу институты, Ресей Федерациясының мемлекеттiк ғылыми орталығы - "Курчатов институты" Ресей ғылыми орталығы болып табылады.
 

                                4-бап
       Осы Келiсiм шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет нәтижесiнде қолданылатын не алынатын ақпаратты тарату, пайдалану және қорғау, сондай-ақ осындай қызмет барысында құрылатын санаткерлiк меншiкке деген құқықтарды бөлу Тараптардың ұлттық заңдарымен, ХТЭР жөнiндегi Келiсiммен реттеледi.
 

                                5-бап
       Тараптардың өкiлеттi өкiлдерi ХТЭР техникалық жобасының Қазақстандық және Ресейлiк дирекцияларының қатысуымен ХТЭР техникалық жобасының шеңберiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың аралық және түпкiлiктi нәтижелерін қарап, бекiтедi.
 

                                6-бап
       Тараптар ХТЭР жөнiндегi Келiсiмдi ескере отырып, осы Келiсiмді жүзеге асыру үшiн өздерiнiң ұлттық заңдары шеңберiнде не қажеттiң бәрiн де жасайды.
 

                                7-бап
       Осы Келiсiмдi орындау барысында немесе нәтижесiнде Тараптардың бiрi шеккен зиян Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес өтеледi.
 

                                8-бап
       1. Тараптар осы Келiсiмдi жүзеге асыру нәтижесiнде немесе Келiсiмдi түсiндiрудегi пiкiр алшақтығы нәтижесiнде туындаған кез келген мәселе бойынша не болмаса ХТЭР техникалық жобасының шеңберiнде өзара келiсiлген ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар тiзбесiнде жазылған мiндеттерге қатысты кез келген техникалық мәселе бойынша өздерiнiң өкiлеттi өкiлдерi арқылы әрекет ете отырып, консультациялар өткiзедi. Тараптар мұндай мәселелердi өкiлеттi өкiлдер арасындағы консультациялар арқылы реттеу үшiн мүмкiн болатын шаралардың бәрiн қолданады.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiмiн таппаған мәселелер бойынша Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа консультациялар өткiзу туралы өтiнiш айта алады. Мұндай қатынас алған Тарап айтылған өтiнiшпен кiдiрiссiз келiседi.
 

                                9-бап
       Тараптар қажет болған жағдайда өзара жазбаша келiсiм арқылы осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзе алады. Өзгертулер мен толықтырулар осындай жазбаша уағдаластықта көрсетiлген күннен бастап күшiне енедi.
 

                                10-бап
       Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және ХТЭР жөнiндегi Келiсiм қолданыста болатын бүкiл мерзiм ішiнде күшiнде болады.
 

                                11-бап
       Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылады деп жорамалданған күнге дейiн кемiнде алты ай бұрын өзiнiң ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiберу арқылы осы Келiсiмнiң күшiн тоқтата алады.
     Алматы қаласында 1998 жылғы 12 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.

                                                       (Қолдары)

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады