Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттiк шекараны делимитациялау жөнiндегi ниетке қатысты ХАТТАМА

Жаңа

ХАТТАМА 1998 жылғы 12 қазан Алматы

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттерi, екi мемлекеттiң егемендiгi мен аумақтық тұтастығын құрмет тұту принциптерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998 жылғы 6 шiлдедегi ХХI ғасырға бағдарланған мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы декларацияға адалдығын сақтай отырып, өздерiнiң мемлекеттiк шекараларын сенiмдi түрде қорғауы үшiн егемендi мемлекеттердiң қажеттi шаралар қабылдайтын ажырамас құқығын тани отырып, тиiстi шекаралық, кедендiк, көшi-қондық, фитосанитариялық және бақылаудың басқа да жалпы жұрт таныған нысандарын қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық-ресейлiк шекарадағы режимдi тәртiпке келтiру қажеттiгiн назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекараның өтуi туралы қазiргi бар заң шығару құжаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттiк шекара белгiленген өткiзу пункттерi арқылы екi мемлекет азаматтарының визасыз жүрiп-тұруы үшiн, көлiк құралдарының, жүктерi мен тауарларының қозғалысы үшiн ашық болатындығын атап көрсете отырып, өз мемлекеттерiнiң Yкiметтерiне тапсырады:
      1. Шекараны делимитациялау және тиiстi мемлекетаралық шартты әзiрлеу жөнiндегi қажеттi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн делегация құрылсын.
      2. Делегациялар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттiк шекараны делимитациялау жөнiндегi келiссөздерге 1999 жылы кiрiссiн.
      Алматы қаласында 1998 жылғы 12 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып қол қойылды.

      (Қолдары)

     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А.
       Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады