Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметi арасындағы Түркия Республикасының Қазақстан Республикасына өтеусiз әскери көмек көрсетуi туралы ШАРТ

Жаңа

Шарт Анкара қаласы 1998 жылғы 29 шілде. 1998 жылғы 29 шілдеде күшіне енді.

(Осы Шарт Қазақстан Республикасы үшiн - қол қойылған күннен бастап,
Түркия Республикасы үшін 1999 жылғы 31 тамызда күшіне енді - СІМ-нің
ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметі, олардың арасында қалыптасқан бұрынғы қарым-қатынастарын қуаттай отырып, 1994 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметi арасындағы Әскери ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм P990065_ және 1996 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түркия Республикасының Қорғаныс министрлiгi арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейту жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандум ережелерiн iске асырудың маңыздылығын мойындай отырып,
      әскери ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан Республикасының Қару Күштерiн реформалауға жәрдем көрсету мақсатында, төмендегiлер жөнінде келiстi:

1-бап

      Түркия Республикасы Қазақстан Республикасына жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) АҚШ доллары көлемiнде өтеусiз әскери көмек көрсетедi. Әскери көмек көрсету 1998 жылдан басталады.

2-бап

      Материалдар мен қызмет көрсетулер түрiнде жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) АҚШ доллары көлемiнде өтеусiз әскери көмек көрсету Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

3-бап

      Жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) АҚШ доллары көлемiнде өтеусiз әскери көмек осы Шартқа сiлтеме жасай отырып Тараптардың өкiлдерi жасайтын атқарушы Хаттамаға сәйкес көрсетiлетiн болады.
      Атқарушы Хаттама Қазақстан Республикасына Түркия Республикасының жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) АҚШ доллары көлемiнде ұсынатын материалдары мен қызметтерiнiң тiзiмiнен тұрады және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi осы Шартқа қол қойылғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде Түркия Республикасының Бас штабына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне қажеттi материалдар мен қызмет көрсетулер жазылған Тапсырысты жiбередi.

4-бап

      Осы Шарт:
      - Қазақстан Республикасы үшiн - қол қойылған күннен бастап, Түркия Республикасы үшiн - оны Түркия Республикасының Министрлер Кеңесi қолдаған сәттен бастап күшiне енедi.
      Осы Шарт атқарушы Хаттамада көрсетiлген Түркия Республикасының Қазақстан Республикасына беретiн материалдары мен қызметтерiнiң аяқталуына дейiн қолданылады.
      Осы Шартты жүзеге асыру барысында туындайтын барлық пiкiр алшақтығы өзара консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешiлетiн болады.
     Өтеусiз жәрдем көрсету туралы Шартты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түркия Республикасының Бас штабы жүзеге асырады.
     Анкара қаласында 1998 жылғы 29 шiлдеде екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, орыс, түрiк және ағылшын тiлдерiнде жасалды.
     Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

(Қолдары)

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады