(Келісім 1998 жылғы 19 мамырдан қол қойылған күнінен бастап
күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2003 ж., N 11, 87-құжат)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің, бұдан әрі - "Келісуші Тараптар" деп аталатын,
темір жол көлігі желілерінің технологиялық бірлігін сақтауды мақсат тұту деп есептей отырып,
Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының аралығында, сондай-ақ олардың аумағы арқылы транзитпен үшінші мемлекеттерге және олардан, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ерекше маңыздылығын ескере отырып,
екі мемлекеттің де темір жол көлігінің бірлескен қызметі мен үйлестірілуіне мән бере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Келісуші Тараптардың темір жол көлігіндегі функциональды өзара іс-қимылы, онымен байланысты жылжымалы құрамдар мен техникалық құралдарды жасау, күтіп ұстау және жөндеу, қозғалыс қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, тасымал жұмысы мен өзара есеп-айырысулар тәртібін ұйымдастыру, сондай-ақ темір жол көлігінің оның қызметтерін пайдаланушылармен және басқа да көлік түрлерімен өзара іс-қимылы, келісілген нормативтер және өзара шарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Келісуші Тараптар Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы аумақтарынан транзиттік және экспортты-импорттық жүктердің еш кедергісіз өтуіне жәрдемдесуге міндеттеме алады.
3. Латвия Тарабы өздерінің теңіз порттарын екінші Келісуші Тараптың экспортты-импорттық операциялары үшін беретіні жөніндегі келісуін растайды.
2-бап
1. Мыналар осы Келісім шеңберінде құзырлы органдар болып табылады:
Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
Латвия Республикасында - Латвия Республикасының қатынас министрлігі.
2. Келісуші Тараптар өздерінің құзырлы органдарына мәселелерді реттеу тәртібін көрсете отырып, тікелей темір жол қатынастары туралы Келісімді әзірлеуді және бекітуді тапсырады:
а) Келісуші Тараптардың екеуінің де темір жол станцияларының арасында жолаушыларды, жүктер мен багажды тасымалдау;
б) темір жол көлігінің қажеті, жылжымалы құрамды, жабдықтар мен техниканы жөндеу үшін, жылжымалы құрамды, техниканы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды өзара жабдықтау;
в) тасымалдау, жабдықтау мен қызмет көрсету үшін өзара есеп-айырысуды жүзеге асыру;
г) тасымал жұмысының технологиялық параметрлерінің бұзылуы үшін жауапкершілік белгілеу.
3-бап
1. Келісілген нормативтерге сәйкес екі мемлекеттің темір жол станциялары арасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жүзеге асырылады.
2. Келісуші Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру барысында, сондай-ақ транзитпен үшінші елдерге енгізу мен шығаруда Келісуші Тараптар өз іс-қимылын екі мемлекеттің ұлттық заңдарымен, Келісуші Тараптар қатынасуымен өткен халықаралық келісімдермен, шарттар мен конвенциялармен байланыстырып есептейді, ал қажет болған жағдайда бөлек келісімдер жасайды.
4-бап
Екінші елдің аумағына кіргізілетін немесе екінші елдің аумағында сатып алынған материалды-техникалық жабдық пен керек-жарақ бұйымдары, отын, азық-түлік және жылжымалы темір жол құрамын жолда жүру уақытында, аралық аялдама пункттарында қалыпты пайдалану, сондай-ақ апаттарды немесе көлік құралдарының сынуын жою үшін қажетті басқа мүліктер, қосымша құны мен акциздік салықтан басқа, тегін және кедендік бажды, салықтар мен басқа төлемдерді алусыз тасымалданады.
5-бап
1. Келісуші Тараптар әр Келісуші Тараппен жарияланған түсірім деңгейін есепке алумен не болмаса Келісуші Тараптар немесе олардың құзырлы органдары қатысушы болып табылатын басқа тарифтік келісімнің негізінде, жүктерді транзиттік тасымалдау барысында ЕТТ және жолаушыларды тасымалдау барысында МПТ тарифтер деңгейін қолдана отырып, тарифтік саясатты жүзеге асырады.
2. Халықаралық жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, көрсетілген қызметтер үшін есептесулер Келісуші Тараптар немесе олардың құзырлы органдары қатысушы болып табылатын көптарапты немесе екітарапты шарттар мен келісімдердің негізінде жасалады.
6-бап
Бір Келісуші Тараптың темір жол көлігінің кәсіпорындары өздерінің кінәсінен екінші Келісуші Тараптың темір жол көлігі кәсіпорындарына жасаған материалдық шығын үшін екі мемлекеттің қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
7-бап
Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының мемлекеттік шекараларын кесіп өту тәртібі, шекаралық, кедендік, санитарлық және бақылаудың өзге түрлерін жүргізу Келісуші тараптардың заңдарымен реттеледі.
8-бап
1. Келісуші Тараптар мемлекеттері аумағы бойынша халықаралық темір жол қатынасын жүзеге асыру үшін кедергілер пайда болуы туралы, сондай-ақ осы кедергілерді жоюы туралы Келісуші Тараптар бір-біріне кейінге қалдырусыз хабарлауды қамтамасыз етеді.
2. Келісуші Тараптар темір жол көлігі персоналдарына екінші мемлекеттің аумағында болған уақытында қызмет міндеттерін орындауға жәрдемдесуге, кенеттен сырқаттанып немесе жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге міндеттеме алады.
9-бап
Келісуші Тараптар өздерінің құзырлы органдарына өзара мүдделерді экономикалық бағалау мен есепке алу, әзірлік тәртібін анықтау бойынша келіссөздер жүргізуге және тасымалдау жұмыстарының технологиялық параметрлерін бекітуге құқық береді.
10-бап
Келісуші Тараптар қабылданған және әзірленіп жатқан шешімдер туралы бір-біріне хабарлай отырып, темір жол көлігінде ғылыми-техникалық саясатты үйлестіреді.
11-бап
Келісуші Тараптар темір жол көлігі мамандарын әзірлеу саласында ынтымақтасатын болады және сәйкес Келісуші Тарап құзырлы органдарымен мойындалған оқу орындарымен берілген біліктілік құжаттардың екі мемлекет аумағында да тең заңгерлік күші барын және жариялауды талап етпейтінін мойындайды.
12-бап
Осы Келісімді түсіндірген және қолданған кезде пайда болатын барлық даулы мәселелер Келісуші Тараптармен тікелей келіссөздер және кеңесу жолымен шешіледі.
13-бап
Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді, егер Келісуші Тараптардың бірде біреуі жазбаша түрде, дипломатиялық арналар бойынша, екінші Келісуші Тарапқа Осы Келісімді бұзу туралы тілегін келісілген мерзімнің аяқталуынан алты ай бұрын хабарламаса, 5 жыл бойына күшінде қалады және келесі бесжылдық мерзімдерге өзінен-өзі созыла береді.
1998 жылғы 19 мамырда екі түпнұсқа данамен жасалды, әрқайсысы қазақ, латыш және орыс тілдерінде, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңгерлік күші бар. Осы Келісімнің кейбір ережелерін әртүрлі түсіндіру жағдайында орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.
(Қолдары)