Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Тәжікстан Республикасы Үкіметінің, Тәжікстан Ұлттық Банкінің арасындағы қазақстанның теңгесі мен тәжік рублінің өзара өтімділігі мен бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 қаңтар N 22

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған, Қазақстан Республикасының барлық мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен келісілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Тәжікстан Республикасы Үкіметінің, Тәжікстан Ұлттық Банкінің арасындағы қазақстанның теңгесі мен тәжік рублінің өзара өтімділігі мен бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық

 

Банкінің және Тәжікстан Республикасы Үкіметінің, Тәжікстан Ұлттық Банкінің

арасындағы қазақстанның теңгесі мен тәжік рублінің өзара өтімділігі мен

бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімге

қол қойылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының

   Ұлттық Банкі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Тәжікстан

    Ұлттық банкі арасындағы Қазақстан теңгесі мен тәжік рублінің

             өзара өтімділігін және бағамын тұрақтандыруды

                    қамтамасыз ету шаралары туралы

                             Келісім



 
       Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бір жағынан және Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Ұлттық Банкі екінші жағынан бұдан әрі Тараптар деп аталады,
      екі мемлекеттің аумағында - Қазақстан Республикасында Қазақстан теңгесінің, ал Тәжікстан Республикасында тәжік рублінің заңды төлем құралы ретінде пайдаланылып ұлттық ақша жүйесінің жұмыс істеп жатқанын ескере отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы төлем жасау-есеп айырысу қатынастарының ағымдағы жай-күйін ескере отырып,
      Тараптардың қолданылып жүрген заңдардың одан әрі ырықтандыру негізінде валюталық қатынастарды реттейтін осы заңдарды жақындату жөніндегі жұмысты жүргізу қажеттігін мойындай отырып,
      мына төмендегі жайында келісімге келді:
 
                           1-бап
 
      Қазақстан теңгесі мен тәжік рублінің өзара үздіксіз өтімділігіне қол жеткізудің және оны ұстап тұрудың қажетті шарты Тараптардың ұлттық валюталардың ішкі және сыртқы құнын тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
 
                           2-бап
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Тәжікстанның Ұлттық банкі Қазақстан теңгесі мен тәжік рублінің шетел валютасына қатысты белгіленетін ресми бағамы туралы үнемі ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
      Қазақстан теңгесі мен тәжік рублінің шетел валютасына және бір-біріне қатысты ресми бағамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Тәжікстанның Ұлттық банкі ішкі валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арасалмағы негізінде белгілейді. Тараптардың ұлттық валютасын сатып алуға және сатуға сұраныс пен ұсыныс болмаған жағдайда, олардың ресми бағамы АҚШ долларына қатысты кросс-бағамы негізінде белгіленеді. Ұлттық валюталардың ресми бағамы осы бағам бойынша кедендік төлемдерді шетел валютасын орталық банктердің міндеттемесінсіз сатып алып немесе сатып есепке алу және жүзеге асыру мақсатына қызмет етеді.
 
                           3-бап
 
      Дамыған ішкі валюта рыногын құру және нақты айырбас бағамы негізінде ұлттық валюталардың өзара өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында сауданы дамытуға арналған барынша қолайлы жағдай жасау жөнінде бір жақты әрі келісілген шаралар қолданады.
 
                          4-бап
 
      Есеп айырысуды екі мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында Қазақстан теңгесімен, тәжік рублімен, сондай-ақ басқа елдердің валютасымен жүзеге асыруға болады.
      Екі Тараптың мемлекеттерінің (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) сауда-саттық мәмілелеріне қатысушылар есеп айырысу нысандарын, контракт бағаларын және төлем жасау валютасын әрбір Тараптың аумағында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтін өзара уағдаластық бойынша өздері белгілейді.
                           5-бап
      Тараптар жеке Келісімдер негізінде Қазақстан Республикасының және тиісінше Тәжікстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес бір-біріне Қазақстан теңгесімен, тәжік рублімен кредит бере алады.
 
                           6-бап
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Тәжікстанның Ұлттық банкі ұлттық валюталардың өзара өтімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының заңдарына сәйкес қажетті келісімдер жасай алады.
 
                           7-бап
 
      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының қолма-қол ақша белгілерін екі елдің жеке тұлғалары алып келу және алып кету ережелерін бір ізге түсіру мақсатында өз мемлекеттерінің тиісті нормативтік құқықтық құжаттарына өзгерту енгізу, сондай-ақ нақты сұраныс пен ұсыныс негізінде екі мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының қолма-қол ақша белгілерімен айырбас операциясын өткізуге көмегін тигізу жөнінде шара қолданады.
 
                          8-бап
 
      Осы Келісімнің баптарын түсіндіруге және/немесе қолдануға байланысты кез-келген дау-дамай және келіспеушілік, сондай-ақ Тараптардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты басқа да дау-дамай мүдделі Тараптар арасында тікелей консультация өткізу, келіссөздер жолымен немесе халықаралық құқықта көзделген басқа рәсімдер шеңберінде шешілетін болады.
      Тараптардың кез-келгені осы Келісімнің мақсаттарына жетуге нұқсан келтіретін ережелерін бұзған жағдайда, екінші Тарап Келісімнің немесе оның жекелеген ережелерінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қолдануға құқылы, бұл туралы ол екінші Тарапқа дереу хабарлайды.

 

     Осы Келісімге енгізілетін өзгертулер мен қосымшаларды Тараптар өзара

жазбаша Келісім бойынша енгізе алады.


                          9-бап


     Осы Келісім Тараптар екі Тараптың мемлекеттерінің ұлттық заңдарына

сәйкес осыған қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы

хабарлама алмасқан күннен бастап күшіне енеді.


     _____________қаласында 1999 жылғы ___________әрқайсысы қазақ, тәжік,

орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалған. Барлық данасының заңды күші

бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіргенде келіспеушілік туған

жағдайда, орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.


     Қазақстан Республикасының      Тәжікстан Республикасының

     Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін


     Қазақстан Республикасының Ұлттық   Тәжікстанның Ұлттық банкі үшін

     Банкі үшін




  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.    







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады