Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен.
Екі қазақстандық ғарышкерді жоспарлы дайындауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды Ресей тарапымен келiсу бойынша Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттiк ғылыми-зерттеу орталығына дайындықтан өтуге жiберу үшiн оларды iрiктеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.07.23. N 816 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ғарышкерлікке кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін 4 000 000 (төрт миллион) теңге бөлсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. N 991 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 7 қаңтардағы
N 27 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан
Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
Құрамы
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.23. N 816
қаулысымен.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.24. N 88 қаулысымен.
Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Қажымұрат Ыбырайұлы коммуникациялар министрi, төраға
Сапаров - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
Мәлiк Мұхамеджанұлы Бас штабының бастығы - Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрiнiң бiрiншi
орынбасары, төрағаның орынбасары
Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Алмас Олжабайұлы коммуникациялар министрлiгi
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы
Комиссия мүшелері:
Әубәкiров - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
Тоқтар Оңғарбайұлы ғарышкерi (келiсiм бойынша)
Мұсабев - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
Талғат Амангелдіұлы ғарышкері (келісім бойынша)
Қожақов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Асан Егімбайұлы министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы істері жөніндегі комитетінің
төрағасы
Нұрмұхамедов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Игорь Хабирович қауіпсіздік комитеті департаментінің
бастығы (келісім бойынша)
Моргун - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей Ғарышкерлер
Валерий Васильевич даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу
сынақ орталығының бас дәрігері
(келісім бойынша)
Воронков - Мемлекеттік ғылыми орталығы Медициналық
Юрий Иванович биологиялық проблемалар институтының бөлім
меңгерушісі (келісім бойынша)
Сұлтанғазин - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Өмiрзақ Махмұдұлы ғылым министрлiгi Ғарыштық зерттеулер
институтының директоры
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна және бюджеттiк жоспарлау бiрiншi вице-
министрi
Циблиев - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей мемлекеттiк
Василий Васильевич ғарышкерлер даярлау ғылыми-зерттеу
орталығы бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)