Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 P000027_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж, N 1, 10-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының ғарышкерiне
кандидаттарды Ресей тарапымен келiсу бойынша Ю.А. Гагарин атындағы Ресей
ғарышкерлер даярлау мемлекеттiк ғылыми-зерттеу орталығына дайындықтан
өтуге жiберу үшiн оларды iрiктеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.";
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Қазақстан
Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөнiндегi
ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сапаров - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
Мәлiк Мұхамеджанұлы Бас штабының бастығы - Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрiнiң бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Қосынов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Алмас Олжабайұлы және минералдық ресурстар министрлiгi
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы
Сұлтанғазин - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Өмiрзақ Махмұдұлы ғылым министрлiгi Ғарыштық зерттеулер
институтының директоры
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Наталья Артемовна
мына:
"Әубәкiров - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Тоқтар Оңғарбайұлы кеңесшiсi (келiсiм бойынша)
Қожақов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Асан Егiмбайұлы министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы департаментiнiң директоры"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Әубәкiров - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
Тоқтар Оңғарбайұлы ғарышкерi (келiсiм бойынша)
Қожақов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асан Егiнбайұлы министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы iстерi жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы";
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Мейiрбек Молдабекұлы
Молдабеков, Бақытжан Ертайұлы Ертаев, Нағима Әбенқызы Айтқожина, Едiге
Асқарұлы Закарин, Анатолий Шьяпович Васимов, Александр Юрьевич Вершинин.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.